Бағалау қағидалары А. Әлімов Будапеште өткен семинарда ұсынылған бағалаудың 6 қағидасын келтіреді. Бірінші қағида: «Маңыздылық». Бағалау үшін пәннің ең маңызды, бағалауға тұрарлық күтілетін нәтижелерін тандап алу.
Екінші қағида: «Дәлдік» (Адекваттык). Мұнда оқушылардың қажетті білім, білік, дағды, құндылыктарды қандай деңгейде менгергендігін көрсететін бағалаудың дәл құралын таңдап
алу керек.
Үшінші қағида: «Объективтілік» (Далелділік). Объективті бағалау болу ушін бағалаудың
нақты талаптарын таңдап алу керек.
Төртінші қағида: «Оқудың ажырамас белігі». Бағалау оқу процесінін ажырамас бөлігіне айналуы керек, яғни «өзіміз үйретпеген нәрсені бағалау әділдікке жатпайды» (Дайана Хесс).
Бесінші қағида: «Жариялылық». Бағалаудың талаптары мен тәсілдері оқушылара алдын ала хабарлануы керек. Баға жария түрде қойылып, оқушылар кандай жадайда қалай бағаланатындықтарын білулері керек.
Алтыншы қағида: «Қарапайымдылық». Бағалау процесі мен онын формалары қолданыста қарапайым жане ыңғайлы болуы керек.
Оқушылардың білімін бағалаудың негізгі функциялары: Бақылау функциясы-әрқайсысының жетістік деңгейін анықтайды ,мұғалімге мүмкіндік беретін жаңа материалды игеруге дайындық тиісінше оқу материалын жоспарлау және ұсыну;
Оқу функциясы-қайталануға, нақтылауға және тереңдетуге ықпал етеді. Білім, оларды жүйелеу, іскерліктер мен дағдыларды жетілдіру;
Диагностикалық-түзету функциясы-қиындықтардың себептерін анықтайды, оқу процесінде оқушыда пайда болады. Сонымен қатар олқылықтарды анықтайды, оларды жоюға бағытталған түзетулер енгізеді
Ынталандырушы – мотивациялық функция-позитивті қалыптастырады
Білім беру функциясы-дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді , жауапкершілікпен және зейінмен жұмыс істеу, бақылау әдістерін қолдану және өзін-өзі бақылау, оқу іс-әрекетінің рефлексиясы.
Бағалаудың жааңаша түрлері
Өзін-өзі бағалау
Топтық бағалау
Критериалды бағалау
Өзін - өзі бағалау Оқушылар өзінің жеке жұмысына немесе бір-бірінің жұмысына жай ғана баға қойғаннан гөрі, өзара бағалаудың (және өзін - өзі бағалаудың) маңызы зор. Ондағы мақсат - оқушыларға өз жұмысының сапасын көтеруге қызықтыру және оларға оны жақсартудың мүмкіндігін талдауға көмектесу. Нәтижесінде, бұл мұғалімнің жұмысын жеңілдетпек, себебі оқушылар оқыту үдерісі үшін тек мұғалім ғана жауапты емес екендігін түсінеді.
Топтық бағалау Оқушылар топтарда бірлесіп жұмыс атқарған жағдайда әр топтың жекелеген мүшелері өз үлестерін қосуда үлкен жауапкершілік сезініп, сабақ барысындағы білімді игеруде айтарлықтай жетістіктер жасайды. Оқушылардың таразылау, қорытындылау, шешім қабылдау сияқты маңызды дағдыларын қалыптастырудың ең оңтайлы әдісі.