«БАҒалаудың Өлшемдік технологиялары» пәні бойынша Syllabus


Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы



бет9/41
Дата29.12.2021
өлшемі71,63 Kb.
#106173
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41
Байланысты:
bagalaud n olshemdik tehn (6)

Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы – тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны өткізуге қойылатын талаптар.

Түрлі деңгейдегі тапсырмалар – білім алушының қабілетін есепке ала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар.
2.4.4 Оқу пәнінің тақырыптары бойынша Дәрістердің тезистері
1 лекция: Бағалаудың ғылыми-педагогикалық негіздері. Бағалау латын тілінен аударғанда «жақын отыру» дегенді білдіреді. Бағалау кезінде біз оқушылармен бірге отырамыз. Біз барлығын солармен және солар үшін жасаймыз. Рәсімдерді оқушыларға тек қолданып қана қоймаймыз. Грин, 1999 Бағалау – бұл оқытуды дамыту мақсатында оқушылардың дәлелдерін жинау үшін қолданатын формальды және формальды емес үдерістер Бағалаудың артықшылығы - оқушының ілгерілеуіне қолдау жасау. Оқу мен оқыту үдерісін жетілдіру барысында мұғалімдер мен оқушыларға көмек көрсету. Джеймс және Педдер (2006) оқуды бағалау туралы кең таралған ойлардың жиынтығын үш фактормен сипаттап айтып берді :

Оқудың айқындығы

 Өз бетінше оқудың алға жылжуы

 Нәтижелілікке бағытталу

Бағалау: ➢ икемді ➢ көпқұралды ➢ түсінікті ➢ психологиялық қолайлы ➢

Екі құрамды: жиынтық және формативті бағалау

Бағалаудың мақсаты:

Оқытудың қиындықтарын анықтау;

 Жетістіктер туралы кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін);

 Уәж;


 Болжау және сұрыптау;

 Стандарттарды бақылау және орындау;

 Оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін бақылау.

Критериалды бағалау - берілген жүйе бойынша оқушының оқу жетістігін алдын-ала барлық қатысушыларға белгілі (оқушыларға, мектеп әкімшілігіне, ата - анасына және заң өкілдеріне) нақты анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен салыстыруға негізделген үдеріс.

Бұл бағалау жүйесі ең алдымен оқушыларды жақсы оқуға жетелеп, оның өсу қарқыны мен біліміндегі ақауларды анықтауға бағытталған. Критерийлер - талапқа сай бір нәрсені бағалауда қабылданатын ережелер немесе белгі, негіздеме. Критерийлер оқу тапсырмасының дұрыс орындалу жолдарының айқын, нақты көрсетілген көрсеткіштерінен тұрады, ал осы көрсеткіш бойынша бағалау – оқушының белгіленген мақсатқа қандай деңгейде жеткенін анықтау болып табылады.

Рубрикатор (бағалау бойынша нұсқаулық) – әрбір критерий бойынша оқушының жетістігі жазылған нақты сипаттама және соған сәйкес ұпай саны.

Дескриптор – оқушының ең жақсы нәтижеге жетудегі әрбір қадамын сипаттайтын нақты бір ұпай бойынша жетістік деңгейі, әрбір деңгей белгілі ұпай санымен бағаланады: жетістік жоғары болған сайын – сол критерий бойынша ұпай да көп болады. Критериалды бағалаудың қызметі :

- Білім беру - Бақылау - Дамыту - Қызықтыру - Диагностикалау - Тәрбиелеу Критериалды бағалау міндеттері:

- Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;

- Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;

- Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;

- Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;

- Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;

- Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету. Критериалды бағалаудың артықшылықтары:

-Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;

-Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен (эталон) салыстырылады;

-Үлгі (эталон) оқушыларға алдын-ала белгілі;

-Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі;

-Білім берудің сапасы артады;

Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады:

қалыптастырушы және жиынтық бағалау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет