«БАҒалаудың Өлшемдік технологиялары» пәні бойынша Syllabus


Лекция. Кері байланыс. Модерация



бет23/41
Дата29.12.2021
өлшемі71,63 Kb.
#106173
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41
Байланысты:
bagalaud n olshemdik tehn (6)

9 Лекция. Кері байланыс. Модерация

Модерация – бағалаудың шыншылдығы мне айқындылығын қамтамасыз ету үшін бағалауды стандартқа түсіру мақсатында бір сынып және бір пән мұғалімдері арасында жиынтық жұмысты талқылау жұмысы;

Модерация өткізудің тәртібі. Модерация бір сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдердің бағалауды стандарттау мақсатындағы оқушылардың жиынтық жұмыстарының нәтижелерін талқылауына арналады.

Оқу жылының басында мектеп директорының бұйрығымен модерация өткізудің мерзімі бекітіледі. Модерацияның қорытындысы бойынша жиынтық жұмыстың бағасы өзгеруі мүмкін.

Мектеп әкімшілігі мен әдістемелік бірлестік жетекшілері (пәндік кафдралар) бірлесе отырып модерация өткізудің орны мен уақытын алдын ала жоспарлайды. Жұмысты талқылау кезінде үдерісті реттейтін модерация төрағасы тағайындалады.

Модерация төрағасы болып әдістемелік бірлестіктің немесе кафедраның жетекшілері, сонымен қатар кез келген пән мұғалімі бола алады.

Модерация өткізу үшін мұғалім оқушылардың алған бағаларының (2және 5 деген бағаға сәйкестендірілген жұмыс үлгілері) күтілетін нәтижелермен сәйкестендірілген шешімі мен оқушылардың

жұмысының (оқушының аты-жөнінсіз) сканерден өткізілген көшірмесін дайындайды.

Оқушылардың жиынтық жұмысы алдын-ала мұғалімнің тексеруінен өтілген, өлшемдер бойынша ұпайлары мен бағасы қарындашпен қойылған болуы керек.

Модерацияға қатысушылар:

1) бағалау стандартын белгілеу үшін (өлшемдер бойынша ең жоғарғы және ең төменгі ұпайлар, бағалауы қиындық келтіретін жұмыс) жетістік деңгейлерін анықтайды және соған сәйкес жұмыстарды таңдап алады;

2) баға қоюды талқылайды, стандартты бекітеді және оқушының жұмысына алдын-ала бекітілген өлшемдерге сәйкес соңғы бағаны қояды;

3) модерацияның қорытындысы бойынша жиынтық жұмыстың бағасы қаламмен қойылады;

4) модерацияның қорытындылары бойынша жиынтық баға жоғарыға немес төменге өзгеруге құқылы;

5) жиынтық жұмыстың бағасы модерация есебімен қойылады;

6) әрбір жиынтық жұмыс бойынша кездесуден кейін хаттамаға қол қойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет