Ең алғаш рет 1908 жылы ғылымға «бағаналы жасуша» терминін Санкт-петербургтегі әскери-медициналық академиясының профессоры, гистолог Александр Максимов (1874—1928) енгізген болатын.
1978жылы ұрықжолдас қанының құрамында гемопоэтикалық бағаналы жасушалардың бар екені анықталды.
Ал 1981 жылы американдық биолог Мартин Эванс ең алғаш болып тышқандардың бластоциттерін, яғни бағаналы жасушалардың дифференцацияланбаған плюрипотентті тармағын алды.
1997 жылы Ресейде қатерлі ісік ауруларымен ауыратын науқасқа ұрық жолдас қанының бағаналы жасушаларын тасымалдаудағы ең алғашқы операция өткізілді.
1998 жылы Батыс ғалымдары Д. Томпсон мен Д. Герхарт ең бірінші болып эмбриондық бағаналы жасушаларды бөліп алды.
1998жылы Вискон университетінің профессоры Джеймс Томсон және оның шәкірттері ең алғашқы болып адамның эмбриондық бағаналы жасушаларын бөлді.
1999 жылы Science журналы эмбриондық бағаналы жасушалардың ашылуын биологиядағы ең ғажайып жаңалықтардың бірі деп жариялаған.
1996 жылдан 2004 жылға дейін аутологиялық бағаналы жасушаларды трансплантациялауда 392 операция жүргізілді.