Ойынның барысы: Балалардың жартысын жүргіншілер, қалғандары жүргізушілер (қолдарында рульі, эмблема машинаның) бір бала инспектор, қолында ала таяқ. Жолды реттеуші жүргіншілерге қырын тұрады, жүргіншілер жүреді, ал көліктер тоқтап тұрады. Жол реттеуші көліктерге бұрылып қырын тұрады, машиналар жүреді, жүргіншілер тоқтап тұрады. Жол реттеуші қолын жоғары көтереді машиналар жүреді, жүргіншілер дайындалады.
Серуен: «Жүргіншілер ережесі»
Мақсаты: Балалардың көшедегі жүру ережесі туралы білімдерін кеңейту. Қиын жолда дұрыс шешім қабылдауға, көше мәдениетін сақтауға тәрбиелеу.
Серуеннің барысы: Көшедегі адамдарды қалай атайды?Біз көшемен жүріп келеміз, біз де жүргіншіміз. Көліктерге кедергі жасамау үшін, жүргіншілер жолда жүру ережесін қатаң сақтау керек. Біз үйрендік, көшеде қалай жүру керек екендігін есімізге түсірейік. Көшеден жай жүріп өту керек. Жолдың оң жақ жиегімен жүру керек. Бағдаршамның жасыл көзі жанғанда жолдан өтеміз. Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы жүргіншілер келесі көшеге қай жолмен өтеді. Жүргіншілерге арналған ақ жолақ үстімен өтеді.
Тәрбиеші: Қайдан білдіңдер дәл осы жерден өту керектігін? –Өткелдің екі жағында реттеп тұратын бағдаршам бар.
Ойын: «Бағдаршам»
Ойынның мақсаты: Балалардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін тиянақтау, бағдаршамның қызметін толық меңгерту, көше мәдениетін сақтауға тәрбиелеу.
Ойынның барысы: Балалар екі топқа бөлінеді, бірінші жартысы қолдарында картонан жасалған рульдер, олар көліктер. Екінші жартысы жаяу жүргіншілер. Тәрбиеші бағдаршам болады. Қызыл жанғанда көліктер ерсілі-қарсылы жүреді. Сары жанғанда көліктер тоқтап, жаяу жүргіншілер дайындалады. Ал жасыл жанғанда жаяу жүргіншілер музыкамен жүреді. Ойын осылай жалғаса береді.
Достарыңызбен бөлісу: |