«Бағдарламалау» пәні
Орындаған: Сагынгалиев Ренат
Күні: 06.05.2020
Тапсырма тақырыбы: «Әзірше», «Дейін» және «Үшін» циклдері. Жазылу түрілері.
Паскаль тілінде қайталау процессін жүзеге асыратын циклдік операторлардың 3 түрі бар: арифметикалық цикл – FOR, шартын алдын ала тексеретін цикл – WHILE және шартты соңынан тексеретін цикл – REPEAT.
Егер шартын алдын ала тексеретін циклдегі операторды неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану шарты берілсе, онда WHILE, REPEAT операторлары пайдаланылады. Ал FOR операторы қайталану саны алдын ала белгілі болған кезде қолданылады.
«Әзірше» циклінің жазылу форматы:
While do ;
Цикл денесі логикалық өрнектің мәні true болғанша орындалады. While циклінде бастапқы кезде шарт тексеріледі, егер мән true (шарт сақталса), онда цикл денесі орындалып, басқару қайтадан логикалық өрнек шартының сақталуын тексеруге беріледі. Егер мән false болса (шарт сақталмаса), онда цикл денесі орындалмай басқару While циклінен соң кездесетін бірінші операторға беріледі. While циклдік операторы циклдік қайталау саны белгісіз болып, оның аяқталуының қандай да бір шарты берілген жағдайда қолданылады.
While операторының орындалуының схемалық түрі төмендегідей болады:
Y= X
Program j7;
Var a,x,y: real;
Begin
Write (‘a=?’);
readln(a);
X:= -3
While x<=2 do begin
If x<0 then y:= exp (3*x)+3*a Else y:=exp(sqrt(3*x+3*a));
Writeln (‘y=’, y: 1: 2);
X:=x+1;
End;
End.
«Дейін» циклінің жазылу форматы:
Repeat until ;
Цикл логикалық өрнек false мәнін қабылдаған кезде аяқталады. Мұнда, Repeat (қайталау) – цикл тақырыбы, until (дейін) – циклдің аяқталу шарты. Логикалық өрнек мәні true болған кезде циклді орындау аяқталады. Repeat циклдық операторының жұмысы While циклдық операторымен бірдей. Айырмашылығы шартты тексеру цикл қадамынан кейін орындалады. Сондықтан цикл қадамы кемінде бір рет орындалуы керек.
Y= X
Program j8;
Var a,x,y: real;
Begin
Write (‘a=?’);
readln(a);
X:=2
Repeat If x<0 then y:=exp(3*x)+3*a Else
Y:= exp(sqrt(3*x+3*a));
Writeln (‘y=’, y: 1: 2); x=x+1; until x>2;
End.
FOR операторы қайталану саны алдын ала белгілі болған кезде қолданылады.
FOR операторын параметрлі цикл операторы деп те аталады, өйткені, қайталау саны функция аргументі сияқты циклдің параметрі қызметін атқаратын басқару айнымалысы арқылы беріледі.
FOR операторының екі түрі бар:
FOR <айнымалы>:= to do <оператор>;
FOR <айнымалы>:= downto do <оператор>;
Мұндағы, S1 және S2 – цикл параметрінің алғашқы және соңғы мәндерін анықтайтын өрнектер; for…do – цикл тақырыбын анықтайтын түйінді сөздер; <оператор> – цикл тұлғасы.
Y= X
Program j9;
Var a,x,y: real;
Begin
Write (‘a=?’);
readln(a);
For x=-3 to 2 do If x<0 then y:=exp(3*x)+3*a Else
Y:= exp(sqrt(3*x+3*a));
Writeln (‘y=’, y: 1: 2);
End.0>0>0>
Достарыңызбен бөлісу: |