4.2.2 Даярлау функциясы
Өңдеу үрдістерін программалағанда келесі функциялар қолданылады:
G01 – сызықты интерполяциялау режім;
G02, G03 – сағаттың жүру бағытымен және оған қарсы бағытта дөңгелек интерполяциялау режімдері;
G04 – өңдеу кезінде уақытша тоқтау (кідіріс);
G17, G18, G19 – XY, XZ, YZ өңдеу жазықтықтарды таңдау;
G40 – коррекцияны тоқтату;
G41 – ұзындыққа түзету оң;
G42 - кесу құралдың радиусына сағат тілі бағытымен оң;
G43 – кесу құралдың радиусына сағат тіліне қарсы оң;
G50 – эквидистанттық қарамнан тыс кеткенде, жонғыш құралдың радиусына түзетуді есептеу функциясы (түзетуді тоқтату);
G51 – ұзындыққа түзету теріс;
G52,G53 – кесу құралдың радиусына сағат тілі бағытымен және оған қарсы бағытта теріс.
Барлық қолданылатын G функциялар үш топқа бөлінеді:
1) бірінші топ: G01, G02, G03;
2) екінші топ: G17, G18, G19;
3) үшінші топ:G40 – G43,G50 – G53.
Осы топтар мөлшерінде G функцияның келесі сол топтан G функция келмейінше әрекеті сақталады. G04 функцияның, басқару бағдарламаның бір кадры жұмысын аяқтағанша, әрекеті сақталады. G17 – G19 функциялар дөңгелек интерполяцияда қолданылады. Басқару бағдарламаның бір кадрында бірғана G функцияның болуы мүмкін.
4.2.3 Көмек функция
Осы құрылғыды келесі функциялар қолданылады:
М00 – шартсыз тоқтау;
М01 – расталатын тоқтау;
М02 – басқару бағдарламаның соңы;
М03 – айналдырықты жұмысқа қосу;
М05 – айналдырықты және суытқышты жұмыстан айыру;
М13 – айналдырық мен суытқышты жұмысқа қосу.
М00, М01 және М02 бұйрықтар жеке кадр ретінде енгізіледі.
4.2.4 Технологиялық мәліметтерді бағдарламалау
Осы құрылғыда бір ғана технологиялық мәлімет бағдарланады, ол беріліс жылдамдығы. Беріліс жылдамдығын бағдарламдау үшін F мекен-жайынан кейін төрт дәрежелі бүтін сан қолданылады. Оның жоғарғы сатысы екі мәнде болады:
«0» - онда басқару бағдарламаның басында автоматтық түрде екпіндік не бағдарламаның соңында тежеу анықталады;
«4» - онда шартсыз бағдарламаның соңында тежеу 240 мм/мин жылдамдыққа дейін және келесі кадрде екпіндік бұрынғы жылдамдыққа дейін өзгереді беріліс коды болмаса.
Үшінші дәреже ондық көбейткішті анықтайды, оның мөлшері үш есе көп берілістің (мм/мин) бүтін сандар санынан. Екінші және бірінші дәрежелер берілістің мантиссасын анықтайды.
Мысалы,
F0310 – беріліс саны 0,10 * 103-3 = 0,0 мм/мин;
F0465 – беріліс саны 0,65 * 104-3 = 6,5 мм/мин,
F0718 – беріліс саны 0,18 * 107-3 = 1800 мм/мин.
Қолданылатын берілістердің мәндері 4.1 кестеде көрсетілген.
4.1 кесте – Беріліс мәндері
Беріліс өзгерісінің ауқымы
|
Дискреттік
|
Көбейткіштің коды
|
Мантисса өзгерісінің шектері
|
0,0 – 0,9
|
0,1 арқылы
|
3
|
10,20,30....90
|
1 – 0,9
|
0,1 арқылы
|
4
|
10,11,12,...98,99
|
10 – 99
|
1 арқылы
|
5
|
10,11,12......98,99
|
100 -999
|
10 арқылы
|
6
|
10,11,12......98,99
|
1000 - 2400
|
100 арқылы
|
7
|
10,11,12......98,99
|
Шектеулер: Бір мезгілде үш координатпен жұмыс жүрсе, онда беріліс 800 мм/мин аспау керек, екі координатпен жұмыс атқарылса онда беріліс 1200 мм/мин аспау керек.
Тез қозғалыстың жылдамдығы 2400 мм/мин.
Қозғалыс 50 мм-ден кем болса, тез қозғалыстың жылдамдығын программалау керек емес.
4.2.5 Геометриялық мәліметтерді программалау
Барлық координаттар мен қозғалыстар дискреттермен (импульстар) беріледі, оның себебі беріліс жетектерде қадамды қозғалтқыштар қолданылады. Барлық координаттарда импульс бағасы 0,01 мм. Сөздердің форматтарымен санасып X6, Y6; Z 6 ең көп қозғалыс мөлшері 9999,99 мм ол білдектің техникалық сипаттамасынан едәуір көп.
Әр жазықтықта шеңберлік интерполяцияны программаласа, мыналар ескерілу керек:
1) басқару бағдарламаның бір кадрында шеңбердің төрттен бір бөлігінен артық программалауға болмайды;
2) тек қана қатыстық координат жүйесі ғана қолданылады.
Шеңберлі интерполяцияда мынадай мәліметтер еңгізіледі:
1) өңдеу жазықтық G17, G18, G19;
2) интерполяцияның түрі G02, G03 (әрбір жазықтықта G – функцияны беру , 4.1 суретте көрсетілген); доғаның ортасына қатысты сол доғаның бастапқы нүктесінің оң бағытттағы I, J, K координаттары (интерполяция параметрлері, 4,2 сурет);
3) координаттардың өсуі X, бағыттарын ескерілуімен (4.2 сурет).
4.1 сурет
Достарыңызбен бөлісу: |