Бағдарламалық құжаттың деректемелері



бет3/3
Дата01.06.2018
өлшемі89,52 Kb.
#41083
1   2   3

Орта білім саласында жаңартылған білім мазмұнына көшу жалғасуда. 2017-2018 оқу жылында 1, 2, 5, 7 сыныптар көшірілді (2018-2019 оқу ж. – 3, 6, 8 сыныптар). 5 күндік оқу аптасы енгізілді.

Жаңартылған мазмұнға көшу шеңберінде 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда жаратылыстану циклының 4 пәнін ағылшын тілінде оқытуға даярлық жүргізілуде («Физика», «Химия», «Биология», «Информатика»). 2017-2018 оқу жылында 153 мектепте пилоттық режимде жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту басталды.

70 мыңнан астам мұғалім жаңартылған оқу мазмұны бойынша, 12 мың информатики, физики, химии, биологии пәндерінен ағылшын тілінде біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

73 пилоттық мектепте жан басына қаржыландыруды сынақтан өткізу жалғасуда (2012 жылдан бастап 5 өңірде 63 мектеп, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап жан басына қаржыландыруды сынақтан өткізуге Астана және Алматы қалаларының 10 мектебі қосылды). Мектептерде жан басына қаржыландырудың әдістемесі бекітілді (ҚР БҒМ-нің 2017 жылғы 27 қарашадағы №597 бұйрығы).



ТжКБ жүйесінде оның сапасын, қолжетімділігін және беделін арттырудың жаңа жолдары әзірленді.

2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап 141 біліктілік бойынша жаңа модульдік бағдарламалар енгізу басталды, онда мамандықтың 3 біліктілігін игеру қарастырылған. 10 мамандық бойынша ағылшын тілінде оқыту жүргізілуде.

2017 жылы модульдік бағдарламалар бойынша 5200 педагогикалық кадр, соның ішінде 300 колледж жетекшісі оқытылды. Басқаруда инновациялық тәсілдерді игерген менеджерлердің пулы әзірленді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2017 жылдан бастап 583 колледжде «Баршаға арналған тегін кәсіптік және техникалық білім беру» жобасы іске асырылуда. Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында 100,8 мың адамға мемлекеттік тапсырыс орналастырылған, оның ішінде 21 мыңы Нәтижелі жұмыспен қамту 2017-2021 бағдарламасы шеңберінде.

Дуальды білім беру жүйесінің элементтерін енгізудің оң үрдісі байқалуда. 2017 жылы 460 колледжде (2016 - 421 колледж) 80 мамандық пен 165 біліктілік бойынша 3055 кәсіпорынның қатысуымен дуальды оқыту енгізілді. Білім алушылар саны – 31 607 студентті құрады.

ТжКБ жүйесін жоспарлау және қаржыландыру тиімділігін арттыру үшін кәсіптік оқыту, өндірістік тәжірибе және т.б. шығындарын есепке ала отырып, жан басына қаржыландырудың жаңа әдісі бекітілді (2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 және № 597 ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары).

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға» (бұдан әрі – «Серпін» жобасы) шеңберінде 37 колледжде 2276 студент білім алуда.

Жоғары білім саласында ЖОО-лардың академиялық және басқарушылық дербестілігін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Академиялық және қаржылық дербестігінің кеңейтілуі қарастырылған заң жобасы әзірленді. Қазіргі уақытта тиісті заң жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде қарауында.

65 ЖОО-да Қамқоршылық кеңестер, 28 ЖОО-да Байқау кеңестері жұмыс жасауда. Ректорларды тағайындау ашық конкурс арқылы жүзеге асырылады, бүгінде 14 мемлекеттік ЖОО-ның ректорлары тағайындалды.

2017 жылы бітірген ИИДМБ магистрлерінің 83%-ы өндіріске жұмысқа орналастырылды (барлығы 1900 бітіруші).

Үштілде білім беруді іске асыру барысында оқу бағдарламаларының 50%-ы оқу тілінде беріледі (қазақша немесе орысша), екінші тілде (сәйкесінше орысша немесе қазақша) – 20%, ағылшын тілінде – 30%. 76 ЖОО-да 2,5 мың арнайы топ құрылған, онда 30 мың адам білім беру бағыты бойынша үштілде білім алуда.

Ғылым саласында 2017 жылы Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру және нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптама ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына бизнес-сектордың міндетті ортақ қаржыландыру бөлігіне өзгерістер енгізілді.

Гранттық жобаларды ортақ қаржыландыру үшін бизнес белсенді тартылуда. 2017 жылы жекеменшік сектор тарапынан қаржыландыру көлемі 3 есе артты (2017 ж. – 2,1 млрд. тенге, 2016 ж. – 400 млн. теңге).

Ғылыми гранттар өтініштерінің барлығы, есептерді қабылдау, мақалаларды есепке алу, электрондық мекенжайлар базасы цифрландырылды.

Қазақстандық ғалымдар Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (МНТЦ) гранттық қаржыландыруы шеңберінде іске асырылатын жобаларға қатысуда. 2017 жылы 12 жоба іске асырылды

Жыл сайын халықаралық рейтингтік журналдарда ғалымдардың жарияланымдық белсенділігі артуда. 2017 жылы Webofscience (ClarivateAnalytics) және Scopus (Elsevier) деректері бойынша жарияланымдар саны 200-ге жетті (2017 ж. – 3 200, 2016 ж. – 3 011).

Жалпы, Мемлекеттік бағдарламаның 2017 жылға іске асырылуын қорытындылай келе, нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштердің жалпы санынан:



Қол жеткізілген: 75% (6) индикаторлар және 90,2% (46) көрсеткіштер; оның ішінде 1 индикатор және 25 көрсеткіш асыра орындалған.

Қол жеткізілмеген: 25% (2) индикатор және 9,8% (5) көрсеткіштер.

Осыған орай, қол жеткізілген мағыналар мен асыра орындалуының жоғары деңгейімен индикаторлардың және көрсеткіштердің болжамды мағынасын қайта қарау қажет.

Сонымен қатар, білім және ғылым салаларында жақсы нәтижелерге қарамастан, бірқатар жүйелі проблемалар да бар.

1. Апатты және үш ауысымды мектептердің орнына жыл сайын салынатын жаңа мектептерге қарамастан (2017 жылы 122 мектеп салынды) үш ауысымда сабақ беретін мектептер (2017 ж. – 127, 2016 ж. – 127) және апаттық мектептердің (2017 ж. – 45 мектеп, 2016 ж. – 64 мектеп) саны азаймай отыр.

2. Жеке сектормен серіктестік МЖӘ механизмі бойынша тиісті деңгейде іске асырылмайды. Мысалы, Мемлекеттік бағдарламада авариялық жағдайдағы мектептердің орнына мектеп салу, сондай-ақ үш ауысымды мектептерді жою республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ғана емес, сонымен қатар МЖӘ тетігі арқылы да жүзеге асырылатын болады деп көрсетілген.

Алайда, БҒМ бұл бағытта тиісті іс жүргізіліп жатқан жоқ, авариялық жағдайдағы мектептердің орнына мектеп салу, сондай-ақ үш ауысымды мектептерді жою республикалық бюджеттен немесе Ұлттық қор есебінен ғана жүзеге асырылуда.


3. Ауыл мектептерінде білім сапасы төмен. Қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім беру сапасында айырмашылық бар. Оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалау нәтижесінде (ОЖСБ) 9-сыныптың ауыл оқушылары қаладағы құрдастарынан 7 баллға артта қалады (қала - 42 балл, ауыл - 35 балл).

Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында ОЖСБ көрсеткіші ұлттық көрсеткіштен әлдеқайда төмен.



4. Педагог мамандығының статусының төмендігі білім саласындағы өзекті мәселенің бірі болып қалып отыр. Бұл мәселе үлгерімі нашар түлектерге дің білім саласына келуі, болашақта мұғалімдер құрамының сапасына әсер етеді.

5. Мемлекетте экономика қажеттілігі және жұмыс берушінің болжамы ескерілетін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың біртұтас болжамдау жүйесі тиімсіз жұмыс істейді.

Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс орталық және жергілікті органдардың кадрлық қажеттіліктері бойынша тапсырыстары негізінде әзірленетініне қарамастан, көп жағдайда болжамдық қажеттіліктің орнына ағымдағы бос орын туралы ақпарат ұсынылады. Ұзақ мерзімді болжамдау жүйесінің жоқтығы маман дайындау ісінің тиімділіг төмендетеді және еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс балансын бұзуға әкеп соғады.

Ұқсас жағдай ТжКБ жүйесінде де байқалады.

6. Мүмкіндіктері шектеулі ерекше жағдайларды талап ететін балаларды оқытуды мектеп процесіне қосу маңызды мәселе болып отыр.

Аталған жағдай тек ел мектептерінің 55 % ғана жасалған. Республикада 7047 мектеп қызмет етсе, оның 3873-де (55 %) инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған.



7. Бүгінгі күні, Назарбаев Университетін тәмәмдаған мамандарды Қазақстан Республткасы аумағында алып қалу бойынша тетіктер жоқ.

Соңғы жылдары Қазақстанда білім беру бағдарламалары халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленген жоғары оқу орындары құрылды.

Қазақстан Республикасының Президенті бастамасымен 2010 жылы елдің ұлттық экономикасын дамытуға қабілетті мамандарды даярлау мақсатында Назарбаев Университеті құрылды.

Үміткерлер арасында сұранысқа ие және конкурстық рәсімдердің жоғары талаптарын ескере отырып, осы университетке ең талантты және қабілетті түлектер түседі.

2017 жылы Назарбаев Университетінде мемлекеттік білім беру тапсырысында бір студентті оқытудың құны:

- бакалавр дайындау үшін - 7 150,1 мың теңге;

- магистратураға дайындау үшін - 7 764,1 мың теңге;

- PhD дайындау үшін - 8 543,2 мың теңге.

«Назарбаев Университетінде» бір бакалавр дайындауға аталған шығындар басқа ЖОО жұмсалатын шығыннан (443,3 мың. теңге) 16 есе көп.

Одан бөлек, 2018 жылы мемлекеттік бюжеттен тек БҒМ бюджеттік бағдарламалары шеңберінде «Назарбаев Университетінде» мамандар дайындау мен оның қызметін қамтамасыз ету үішн 38 млрд. тенге шамасында қаражат қарастырылған. Оқу прооцесіне әлемнің жетекші ЖОО мұғалімдер мен менеджерлер тартылаған.

Аталған шаралар елімізде заманауи білім алған ел экономикасын дамыту үшін жоғары білікті манмандар дайындау үшін қабылданып жатыр.

Назарбаев Университетінде мамандар дайындауға мемлекеттік бюджеттен жыл сайын қомақты қаражат бөлініп отырғандығын ескере отырып, Назарбаев Университетін тәмәмдаған мамандарды Қазақстан Республткасы аумағында алып қалу бойынша тетіктер әзірлеуді ұсынамыз.



8. Ғылым саласында ҒЗТКЖ ғылыми зертеулерінің салмағы дамыған елдермен салыстырғанда бірнеше есеге төмен.

ҒЗТКЖ нәтижесі әлі күнге дейін төменгі деңгейде. 2017 жылы ғылыми зерттеулер жобасының саны 677 құраса, оның ішінде коммерциалануға бағытталғаны 140 жоба ғана (барлық санның 20,7%).

ЖОО ғылымының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесі төмен.

Бүгінде гранттар ғылыми ұйымдар мен коллективі өздері дайындаған және іріктеген жобаларға бөлінеді. Осылайша, ғылыми зерттеуге бөлінген мемлекет қаржаты нақты сектор тапсырыс бермеген жұмыстарға жұмсалуда. Нәтижесінде, ғылым саласында тиімдірек сала болып бастапқыдан мақсатында технологияны тәжірибе жүзінде пайдаланбау болған фундаменталды зерттеулер болып отыр.

Ғылыми мекемелердің нақты сектормен серіктесуі әлсіз.

Білім беру және ғылым сапасын арттыру мақсатында БҒМ-ға жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп келесіні бұдан кейін іске асыру ұсынылады:

1) Мектепке дейінгі білім жүйесінде келесі бағыттар бойынша жұмыстар күшейту:

-жекеменшік әріптестіктің артықшылықтары бойынша ақпараттық жұмыстарды белсендендіру;

- мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру;



2) Орта білім беру жүйесінде:

- «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептерді жою үшін салынатын мектептер құрылысының уақытылы басталуы;

- салынып жатқан және бар мектептер санына мониторинг жүйесін енгізу аймақтың әлеуметтік- экономиалық дамуын ескере отырып;

- ЖМӘ есебінен апатты және үш ауысымды мектептерді жою бойынша жұмысты белсенді түрде жүргізу;

- мұғалімдерге нәтижеге байланысты етіп еңбек ақы жүйесін әзірлеу;

- білім саласында басқарушы персоналды қаладан ауыл мектептеріне ротациялау мүмкіндігін қарастыру;

- мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын арттыру бойынша шараларды іске асыруды күшейту;

- психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес, психилогиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің, ресурстық орталықтардың желісін арттыру;

- қосымша білім беру, оның ішінде сыныптан тыс үйірмелер және спорттық секциялар қызметін ұсынатын білім беру ұйымдарының желісін кеңейту;

3) ТжКБ жүйесінде:

- техникалық білім беруді дәріптеу бойынша ақпараттық жұмыс;

- мемлекеттік білім беру тапсырысын кадрларға сұранысты болжауды ескере отырып арттыру ;

- дуальді оқыту жүйесін енгізу шеңберінде потенциалды жұмыс берушілермен өзара іс-әрекетті күшейту;

- жастарды ғылымға тарту бойынша шараларды іске асыру.

4) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде:

- экономиканың сұраныстарын және жұмыс берушілердің болжалын есепке ала отырып мемлекеттік тапсырысты және мамандықтардың бірыңғай қорын қалыптастыру;

- Назарбаев Университетін тәмәмдаған мамандарды Қазақстан Республткасы аумағында алып қалу бойынша тетіктер әзірлеуді ұсынамыз;

- ЖОО академиялық және басқару дербестігін кеңейту және Назарбаев Университеті тәжірибесін барлық қазақстандық жоо-на өткізу;

- студенттер мен мұғалімдердің тілдік сауатын арттыру;

- жұмыс берушілерді оқу процесіне тарту бойынша жұмысты күшейту;

- өңірлерді дамытудың бағдарламасын іске асыруға бағытттау бөлігінде ЖОО-лар мен ЖАО-лардың өзара қарым-қатынасын күшейту қажет.

5) Ғылым саласында:

- ЖОО коммерцияландыру офистерін, технопрактерді, бизнес-инкубаторларды және басқа да инновацияларды құру бойынша жұмысты күшейту;

- жастарды ғылымға тарту бойынша шараларды іске асыру

- нақты сектордың мүддесін ескере отырып, гранттық қаржыландырудың жүйесін жетілдіру.



Жалпы, Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруды жоғарыда аталған ұсыныстарды ескере отырып жалғастыруды орынды деп санаймыз. Сонымен қатар, жоғарыда аталған білім және ғылым саласындаға мәселелерді шешу бойынша тиісті шаралар қабылдау қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет