Оқу-тақырыптық жоспар
№
|
Тақырыптың аты
|
Теория
|
Тәжірибе
|
Жалпы
|
1
|
Кіріспе
|
2
|
|
2
|
2
|
Жалпы туристік дайындық
|
|
|
72
|
3
|
Жергілікті жерді бағдарлау
|
|
|
18
|
4
|
Өлкетану
|
|
|
10
|
5
|
Дәрігерлік көмекке дейінгі көрсетілетін алғашқы медициналық көмек
|
|
|
20
|
6
|
Жалпы және арнайы дене шынықтыру дайындығы
|
|
|
20
|
7
|
Қорытынды
|
2
|
|
2
|
Барлық сағат саны:
|
|
|
144
|
Бағдарлама мазмұны
Кіріспе сабақ. Техника қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулар.
Жалпы туристік дайындық (72 сағат)
Туризм туралы жалпы түсінік. Туризмнің түрлері. Туристік серуендер мен жорықтар және экскурсиялар. Белгілі бір бағытта туристік серуенге, жорыққа, экскурсияға шығуды жоспарлау. Туристік серуен, жорық, экскурсия бағытының аумағымен танысу. Жаяу жүру туризміне қажетті керек-жарақтар. Көшеде жүру ережелері және жаттығуларды өткізу кезіндегі қауіпсіздік. Табиғи кедергілерден өту кезіндегі қауіпсіздік ережелері. Жасанды кедергілерден өту кезіндегі қауіпсіздік ережелері. Туристік серуен, жорық және экскурсиялардағы қауіпсіздік ережелері. Жаяу жүру туризмі кезіндегі туристік тұрмысты ұйымдастыру. Бивуак орындарының сызбасын сызу. Жорықтарда туристік тұрмысты ұйымдастыру жолдары. Туристік тұрмысты ұйымдастырудағы қауіпсіздік ережелері. Шатыр түрлері және оларды құру жолдары. Алау. Алауды ұйымдастыру. Алау кезіндегі қауіпсіздік ережелері. Туристік тұрмысқа қажетті құрал-жабдықтарды қолдану және сақтау. Туристік серуендер мен жарыстар және жорықтарда қажетті азық-түлік мөлшері. Жаяу жүру туризмі кезіндегі туристік серуендер мен жорықтар және жарыстарда тамақтануды ұйымдастыру. Азық-түлікті сақтау және қажетті ыдыстарға /қолдорба және т.б. ырыстарға/ орналастыру. Тәулікте ас мәзірен дайындау және оған қойылатын талаптар. Туристік түйіндер туралы жалпы түсінік. Жорық бағытының аумағында кездесетін табиғи кедергіледің сипаттамасы. Жорық бағытының аумағында кездесетін табиғи кедергілерден өту әдістері. Жыл мезгіліне, жорықтың ұзақтығына, күрделілігіне байланысты кездесетін кедергілер. Жыл мезгіліне, жорықтың ұзақтығына, күрделілігіне байланысты кездесетін кедергілерден өту әдістері. Бағыт барысында кездесетін кедергілерден туристік керек-жарақтарды қолдана отырып өту әдістері. Туристік түйіндерді байлау әдістері. Бағыт барысында кездесетін кедергілерден туристік керек-жарақтарды қолдана отырып өту әдістері. Кедергілерден өтудің әдістері бойынша жаттығулар. Туристік серуендер мен жорықтар және экскурсиялар. Жергілікті жер аумағандағы туристік серуен, жорық, экскурсия бағыттары. Белгілі бір бағытқа жорыққа, серуенге, экскурсияға шығу. Жаяу жүру туризмі бойынша туристік слеттер мен жарыстарды ұйымдастыру жолдары Жаяу жүру туризмі бойынша туристік слеттер мен жарыстарды ұйымдастыру жолдары. Жаяу жүру туризмі бойынша өткізілетін туристік слеттер мен жарыстардағы төрешілердің міндеттері. Жаяу жүру туризмі бойынша жарыстар мен слеттерді өткізуге қажетті керек-жарақтар. Қауіпсіздік ережесі. Өткізілетін туристік жорық, серуен, экскурсия кезінде жиналған материалдарды реттеп, жүйелеу. Туристік серуен, жорық экскурсияның қорытынды есебін дайындау.
Жергілікті жерді бағдарлау (18 сағат)
Карта, масштаб туралы түсінік. Карта түрлері. Жарыстар мен жорықтар кезінде түрлі карталарды пайдалана білу. Шартты және топографиялық белгілер туралы жалпы түсінік. Шартта және топографиялық белгілерді еске сақтауға байланысты жаттығулар Шартта және топографиялық белгілерді еске сақтауға байланысты жаттығулар. Компас, азимут, көкжиектің тұстары туралы жалпы түсінік. Компастың түрлері. Компасты пайдалану арқылы азимутты және көкжиекті анықтау. Компасты пайдалануға байланысты жаттығулар. Жергілікті жерді бағдарлау туралы жалпы түсінік және әдістері. Жергілікті жерді бағдарлаудың әдістерін меңгеруге байланысты жаттығулар.
Туған өлкенің табиғаты, тарихы, мәдени мұрасы. Тарихи мәдени ескерткіштер. Белгілі бір экскурсия, саяхат, жорық бағытының аумағын зерттеу. Туристік жорықтарда жүргізілетін өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру. Өлкетану жұмыстарының бағыттары. Жорық кезінде жиналған өлкетану материалдарының қорын жинақтау.
Дәрігерлік көмекке дейінгі көрсетілетін алғашқы медициналық көмек (20 сағат)
Жас туристің жеке гигиенасы. Жас туристің медициналық сөмкесі. Жорық аумағында кездесетін дәрілік және улы өсімдіктер. Жорықта болуы мүмкін жарақаттар мен аурулар туралы жалпы түсінік. Күйік алғанда, күн өткенде, үсік шалғанда, улы жәндіктер шағып алғанда көмек көрсету әдістері. Жгут қою, әр түрлі жарақаттарды байлау әдістері. Туристік-спорттық жарыстарда болуы мүмкін жарақаттар. Алғашқы медициналық көмек көрсетуге байланысты жаттығулар. Туристік серуен, жорық, экскурсия кезінде жарақат алушыны тасымалдау әдістері. Жарақат алушыны тасымалдаауға қажетті керек-жарақтарды дайындау әдістері. Жарақат алушыны тасымалдау әдістерін меңгеруге байланысты жаттығулар Жарақат алушыны тасымалдау әдістерін меңгеруге байланысты жаттығулар Жарақат алушыны тасымалдау әдістерін меңгеруге байланысты жаттығулар.
Жалпы және арнайы дене шынықтыру дайындығы (20 сағат)
Адам ағзасының құрылымы және оған дене шынықтырудың тигізетін әсері туралы жалпы түсінік. Күнделікті спортпен айналысу тәртібі. Жаттығу сабақтарының түрлері. Өзін-өзі бақылау күнделігі. Өзін-өзі бақылау күнделігі нәтижесі арқылы қорытынды жасау. Жалпы дене шынықтыру дайындығы туралы жалпы түсінік. Дене шынықтырудың дайындығына қойылатын талаптар. Дене шынықтырудың әдістері мен тәсілдері. Дене шынықтырудың әдістері мен тәсілдерін меңгеру. Спортшылардың дене қызметін жан-жақты дамыту мүмкіндіктерін қарастырудың әдістері мен тәсілдерін меңгеру. Жеке және топтық дене шынықтыру жаттығулары (Қолға, иыққа мойынға, аяққа, жалпы денені шынықтыруға арналған жаттығулар, адам ағзасына салмақ түсіре жасалатын жаттығулар, спорттық керек-жарақтарды қолдана отырып жасалатын жаттығулар). Арнайы дене шынықтыру дайындығы. Жас туристке қойылатын спорттық талаптар. Белгілі бір туризм бағыты бойынша қажетті арнайы дене шынықтыру жаттығулары. Арнайы туристік керек-жарақтарды қолдана отырып жасалатын дене шынықтыру жаттығулары. Жоғары спорттық жетістікке жеткізетін арнайы жаттығулар жүйесі.
Қорытынды.
Бағдарламаның әдістемелік қамтылуы
1. Оқу-әдістемлік қамтылуы
Аудиовизуалды оқыту құралдары:
музыкалық аппарат;
мультимедиялық жабдығы (интерактивті тақта, проектор)
Дидактикалық материалдар:
дидактикалық материалдар (үлестірме және тексеру материалы);
ойынхана (іріктеу ойыдарының тақырыптары бойынша бағдарламалар);
табиғи объектілер, суреттер;
бақылау күнделіктері;
шығармашылық дәптерлері.
Көрнекі құралдар:
жалпы білім беретін орта мектептердегі тарих, география, өлкетану бойынша карта;
ылғалды препараттар (бақа, кесіртке, атжалман, моллюскалар, жаңбыр құрты, жыландар);
карта, кесте, сурет
Электрондық құралдар:
тарихи-мәдени ескерткіштер туралы бейне роликтер
табиғат туралы таспалар CD, DVD;
«Табиғаттағы құстар мен жануарлардың дауысы» бейнекассеталар;
бейнекассеталар: жануарлар, табиғи аймақтар туралы фильмдер.
2. Оқу-тәрбие үрдісінің негізгі әдістері
көрнекі – әңгіме, демонстрация, бақылау;
диалогтық – танымдық ойындар, шығармашылық тапсырмалар;
эвристикалық өз бетінше жұмыс;
зерттеу – оқу, пікірталас, экскурсия.
3. Оқу-тәрбие үрдісінің негізгі тәсілдері:
әңгімелесу;
кездесу;
ойындар, викториналар;
мерекелер;
4. Қорытындылаудың түрлері:
реферат, презентация;
танымдық ойындар мен шығармашылық тапсырмалар;
конкурстарға, көрмелерге, ашық сабақтарға қатысу.
Пайдаланылған әдебиеттер
Программа туристско-краеведческой деятельности школьников А.А.Остапец-Свешников
Жас туристерге кеңес Т.К.Жездібаев
Турист – із кесушілер жорықта А.А.Остапец
Туристско – краеведческие кружки в школе В.В.Титова
Туризм және өлкетану негіздері О.Б.Мазбаев, Б.К.Асубаев
Достарыңызбен бөлісу: |