Бекрос – будан ұрпақты бастапқы ата-аналық формалардың біреуімен қайыра будандастыру.
Бивалент – мейоздың 1-профазасының пахитена кезеңінде бір-бірімен жақындасып, конъюгацияланатын екі гомологты хромосома.
Биогенетикалық заң– онтогенездік даму кезеңдерінің филогенез кезеңдерін қайталайтындығын көрсететін заң.
Биотип – генотиптері біркелкі, барлық белгі-қасиеттері, яғни фенотипі ұқсас популяциялар құрамына енетін организмдер.
Биоценоз – тіршілік жағдайлары азды-көпті біркелкі болып келетін жерлерді мекендейтін жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер бірлестігі.
Бисексуальдық – биологиялық түрде екі, яғни аталық және аналық жыныстың болуы.
Бластула – көп клеткалы жануарлар ұрығының бір қабатты, іші өуыс тәрізді болып даму сатысы.
Вариация – организмдердің белгілі бір жиынтығын құрайтын бірліктердің арасындағы модификациялық немесе фенотиптік айырмашылық.
Вегатативтік көбею – өсімдік организмінің жеке бір мүшесінен жаңа өсімдік түзілуі.
Вирустар – өсімдіктер мен жануарларда жұқпалы ауру тудыратын, тек тірі клеткаларда ғана тіршілік ететін қоздырғыштар.
Гамета – жыныс клеткасы, аталық жыныс клеткасы – сперматозоид, аналық жыныс клеткасы жұмыртқа деп аталады. Кәдімгі сомалық клеткалардан айырмасы хромосомалар жиынтығы – гаплоидты болады. Мысалы, адамның жыныс клеткаларында 23 хромосома бар.
Гаметогенез – жануарлар мен өсімдіктердің жыныс клеткаларының түзілу процесі.
Гаметоцит – гаметогенез процесінде гаметалар түзетін клетка.
Гаплоид – жануар және өсімдік клеткасы ядросындағы сыңар хромосомалар жиынтығы. Оын басқаша геном деп атайды.
Гаплонт – хромосомалар санының жартысы ғана бар спорадан дамитын ұрпақ.
Гемофит – гүлді өсімдіктердің жынысты ұрпағы.
Гексаплоид – клеткасында алты хромосома бар организм.
Гемофилия – қанның ұйымауы. Қанда ерекше белокты зат болмағандықтан ол ұйығыштық қасиетінен айырылады. Бұл – жыныс пен тіркесіп тұқым қуалайтын рецессивті белгі. Сондай-ақ гемофилияның аутосомдық-доминантты және аутосомдық-рецесивті тұқым қуалайтын түрлері де бар. қазіргі кезде медицинада гемофилияның 4 түрі белгілі.