Бағдарламасы 18. 09. 2013 Баспа №1 «Жүктану» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен



бет2/5
Дата25.08.2017
өлшемі0,57 Mb.
#27041
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

4, 5, 6-дәріс

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ


Дәріс жоспары:
  1. Мұнай мен мұнай өнімдері туралы жалпы деректер

  2. Мұнай өнімдерінің негізгі түрлері


  3. Карбюраторлы отын

  4. Жарық беретін мұнай өнімдері

  5. Еріткіштер

  6. Майлауға арналған майлар мен консистетті майлаулар



2.1 Мұнай мен мұнай өнімдері туралы жалпы деректер


Мұнай әртүрлі химиялық қоспаларды алуға таптырмайтын бағалы шикізат, мысалы, синтеикалық шайырлар, каучуктер, бояуыштар, жуатын құралдар, медициналық препараттар, т.б. алуға болады. Сондықтан қазіргі уақытта мұнайды тек қана отын ретінде ғана қолдану тиімді емес екендігі айқындалып отыр. Әйткенмен де мұнай өнімдерінің қолдануға, тасымалдауға және сақтауға ыңғайлы жоғары калориялы сұйық отын ретінде де мәні зор (9300—11000 ккал/кг).

Мұнай өнімдерін мұнайды термикалық және термохимиялық өңдеуден өткізу арқылы алады. Олардың халық шаруашылығындағы мәні қол жетерлікпен және көптеген тауарлардың өндірісінде қолдану облыстарының әр алуандығымен анықталады.

Мұнай сұйық , қатты және газ тәрізді көмірсутектердің қоспасынан түзеледі(парафинділердің-қанықтырылған; нафтендердің-циклдік қанықтырыған және ароматты). Оның құрамында сонымен қатар нафтен қышқылдардың қоспасы, оттек, азот, күкірті бар күкіртті және басқа қоспалар бар. Бірақ әр жерден алынған мұнайлардың айырмашылығы бар, десек те олардағы негізгі компонент болып парафинді көмірсутектер табылады.

Шикі мұнайды қайта өңдеуде оны ластайтын қоспалардан тазартып (әсіресе су мен тұздардан) сусыздандыру мен тұзссыздандыру әдісі арқылы өңдейді.

Бұдан соң мұнайдан отынның әр түрін, еріткіштерді, майлау майларын алады.

Қоспалардан тазартылған мұнайды толассыз жұмыс істейтін түтікше тәрізді жылытқышта ауа жібермей 250 тан 400°С-ға дейін қыздырып, ректификационды колоннаға енгізеді. Осылайша мұнайдан бензин, керосин, реактивті және дизельді отынды бөліп алады .

Мұнайдың көмірсутектер фракциялары қайнау температурасының 50—205°С -дағысы бензинге жатады (C5С10), ал 200—320°С — керосинге10C17) жатады. Ал мұнайдан қалған қалдық мазут деп аталады, ол қазандық отын ретінде пайдаланылады. Кейде ары қарай акүрделі майлау майларын алу үшін вакуумды құрылғыларда өңдейді.

Мазутты өңдеудің соңғы сатысы ол жабысқақ, қара түсті гудрон (битум, пек).

Мұнайдың ең бағалы бөлігі ол мұнайдың 20—25% құрайтын бензин екенін айтып өтейік.

2.2. Мұнай өнімдерінің негізгі түрлері

Мұнай өнімдері бірнеше топқа бөлінеді, мысалы сұйық мұнай отыны, жарық беретін мұнай өнімдері (керосин), сұйылтқыштар, майлау майлары. Сонымен қатар қайта өңдеу арқылы қатты көмірсутектер алынады (көбіне парафин мен церезин), битумдер мен қосымша мұнай өнімдерін де (сабыннафт, асидол, т.б.) алуға болады. Бензин, керосин және майлау майлары дайын өнім болып табылады. Басқа мұнай өнімдері (парафин, церезин, сабыннафт) майлаулар, мастик конситенциясын, аяқ киім кремдерін, майшамдар, жууға арналған құралдарды жасап шығаруда қолданылатын шикізат ретінде пайдаланылады.

Сұйық мұнай отыны карбюраторлы отын, дизельді отын және қазаңдық отын (мазут) болып бөлінеді. Карбюратырлы отын негізінде сатылуға түседі ; дизельді отын карбюраторы жоқ дизель двигательдеріне арналған. Жоғары температурада дизельдерде отын өздігінен жанады. Дизельдерге арналған отын ретінде көбінесе керосин мен солярка пайдаланылады..

Мазутті бағалы өнімдерді жасауда пайдаланады.

2. 3. Карбюраторлы отын

Мұнайдың карбюраторлы отыны болып негізінде әуе мен автокөлік бензиндері, тракторға арналған керосиндер табылады, олар карбюраторы бар ішкі тұтануы бар двигательдерге арналған. Сұйық отын онда газтәрізді қоспаға арналып, одан двигательдің цилиндріне түседі. Газтәрізді қоспаны жағу цилиндрде электр шамының ұшқынынан болады.

Карбюрнаторлы отыннның сапасының өте маңызды көрсеткіштері болып оның фракциялық құрамы және детонационды беріктігі табылады. Бұл отынның сапасы оның детонациясыз ақырындап тұтануы мен үнемделген жұмыс қоспасының құрылу қабілетімен анықталады. Детонация двигатель цилиндріндегі отын өте жылдам жанған және толықтай жанбаған кезде көрінеді, оның жұымыс тұрақсыз болады және метал тарсылдары болады. Бұл двигатель қуатын азайтып, оның тозуына және отын шығынының көбейуіне әкеліп соқтырады.

Фракционды құрамның көрсеткіштері қажетті булануды көрсетеді. Двигатель цилиндрінде отын дұрыс әрі біркелкі тарауы үшін сұйық отында фракцияның белгілі бір бөлігі болу керек, жәненеде ол төмен температурада да, жоғары температурада да булануы керек.

Сұйық отынның булануы отын көлемінің 10, 50, 90 және 98% қайнау температурасының басы мен булану температурасын сипаттайды. Бұл көрсеткіштер сұйық отынның стандартына кіргізілген.

Карбюраторлық отынның детонациялық беріктігі (антидетонациондылық қабілеті) октанды санмен сипатталады, ол отынды оның эталонды түрлерімен детонацияны пайда болдыратын қабілеттерін салыстыру арқылы анықталады. Октанды сан өт маңызды, жәнеде ол с сол отынның маркасында беріледі. Мысалы. А-76 маркісіндегі бензиннің октандық саны-76 тең.

Автокөліктердің детонационды беріктігін ұлғайту үшін оларға парафинді және иісі бар көмірсутектерді қосады. Октанды санды көтеру үшін оларға арнайы антидетонаторлар, оның ішінде тетраэтилсвинец Pb (C2H5)4 қосады.

Айтып кеткен көрсеткіштерден басқа сапасын бағалауда тығыздығы, созылмалығы, тұтану мен қайнауы, қанықтырылған булардың қысымы, күкірттің болуы, қышқылдығы және т.б. ескеріледі. Бензинде су, қышқылдар, механикалық қоспалар болмау керек. Оларда коррозия болм ау керек, сондықтан күкірттің, шайырдың болуы қатаң бақыланады.

Октандық санының артуы экономикалық түрден алғанда тиімді, өйткені двигатель қуаты артып, отын шығыны азаяды.

2.4. Жарық беретін мұнай өнімдері

Жарық беретін мұнай өнімдеріне керосиндер жатады: Жарық беретін (кәдімгі) және ауыр жарық беретін (пиронафт). Олар тракторда пайдаланылатын керосинннен өте тар құраммен ерекшеленеді. Түссіз мөлдір немесе сарғыш түс (көкшіл түс аралас) түрінде болады.

Жарық беретін керосин сапасы ( кәдімгіні ) фракциялық құрам негізінде қамтамасыз етіледі ( %, кемірек емес ): 270° температураға дейін 70 келтірілуі керек, ал 315° температураға дейін - керосиннің көлем-98 болу керек. Онда қаунауы төмен көмірсутектер болуы шарт. Сапасы жақсы керосин шамда тегіс жалынмен жанады, иісі жоқ және ыссыз. Жарық бер ­ жарық тегіс жалынмен жақсы сапа етжеңді керосині шамда жанады , иіс және ыссыз . сапасы жақсы керосиндерге механикалық қоспалар, су, қышқыл ерітінділері қосылмайды.

Жарық беретін керосин жарық беруге қолданудан басқа басқа мақсаттарда да қолданылады, мысалы, жылыту приборларында, еріткіштер ретінде де пайдаланылады

Жарық беретін ауыр керосиннің ( пиронафті ) кәдімгі керосиннен айырмашылығы тығыздығы мен тұтану температурасында.


2.5. Еріткіштер

Мұнайдан өз бетімен қоданылатын, басқа органикалық еріткіштермен бірігіп қолданылатын еріткіштердің әр түрі жасалады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы және көп тарағаны бензиннің арнайы түрі және жарық беретін керосин. Кең тарағаны лак-бояуларға қосылатын және техникалық-өнеркәсіптік мақсатта қолданылатын бензин-еріткіштер. Олардың әуе мен автокөлік бензиндерінен айырмашылығы фракционды құрамында.

Бензин-еріткіштердің улылығы аз болады, сол себепті оның құрамындағы иісті көмірсутектер шектеледі. Сонымен бірге су, механикалық қоспалар, қышқыл ерітінділері болмау керек. Жақсы тазартылған бензин буланудан кейін қағазда дақ қалдырмау керек.

Бензин-еріткіштер лак-бояу өнеркәсібіне бояуларды еріту, олиф, лактарды еріту үшін қолданылады. Олардыуайт-спирит деп атайды. Оның қайна шегі 165—200°С.

Бензинді маталар мен киім тазалау үшін де қолданады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет