Бағдарламасы 6 Дәрістердің қысқаша мазмұны 8


тақырып. Кәсіпкерлік қызметтің инфрақұрылымы



бет27/52
Дата26.08.2020
өлшемі251,92 Kb.
#77018
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   52
Байланысты:
кәсіпкерлік

9 тақырып. Кәсіпкерлік қызметтің инфрақұрылымы
Мақсат: Кәсіпкерлік қызметтің инфрақұрылымын, оның ерекшеліктерін, айқындау, шағын бизнес орталықтарының кәсіпкерлік инфрақұрылымының институты ретінде қалыптасуы мен құрылуын ашу.
Сұрақтар:

  1. Кәсіпкерлік қызметтің инфрақұрылымы мәні мен ерекшеліктері

  2. Шағын кәсіпкерліктің ақпараттық қамтамасыз етілуі

  3. Кәсіпкерлік субъектілеріне кеңес берушілік, заңды және коммуникативтік қызмет көрсету

Кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдаудың қозғаушы рычагының бірі кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын дамыту болып табылады, мұның астарында шағын кәсіпкерліктің бүтіндей өндіріс процестерінде және қызмет жасауында қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін кәсіпорындар, мекемелер және институттар жиынтығы түсіндіреледі.

Шағын кәсіпорындарың проблемаларын зерттеу және қорыту, шағын кәсіпкерлікке қатысты мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу, билік органдарында шағын бизнестің мүдделерін қолдау және заңды құқықтарын қорғау, шағын кәсіпкерліктің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу, маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге кәсіпкерлерді тарту бойынша жұмыстарды іске асыру – бұл функцияларды кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері жүзеге асырады.

Функционалдық бағыттылығына байланысты инфрақұрылымдық институттардың құрылымын қаржы институттары, қоғамдық ұйымдар, салалық қауымдастықтар, бизнес – инкубаторлар, индустриялық және технологиялық парктер, ақпараттық-талдамалық, маркетингтік, консалтингтік, оқыту орталықтары, халықаралық институттар айқындайды.

Экономикалық тұрақтылық пен экономикалық қызметтің белсенділігі жөнінде банктердің ресурстық базасы мен банктік несиелердің ұлғайғаны куә болады. Макроэкономикалық тұрақтылық пен қаржы жүйесінің дамуы коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын кәсіпорынның техникалық жаңаруына, бәсекелестікке қабілетті жаңа өндірістер құруға бағытталған ұзақ мерзімді инвестицияға қарай ұлғайтық. Олардың ұлғаюының тұрақты динамикасы байқалады. Жалпы несиенің ең көп бөлігі өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруашылығында пайдаланылуда.

Сондай-ақ, негізгі қаржы институттары, микрокредиттік ұйымдар, қоғамдық қорлар («Қазақстандық несиелеу қоры» Шымкент филиалы, «ОҚО Фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау Қоры» қоғамдық қоры, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалы), лизингтік компаниялар болып табылады.

Үшінші деңгейлі кредит беру жүйесінің қызмет етуі тек микрокредит берумен айналысатын мекемелердің қызметіне тікелей байланысты. Тек өз капиталының есебінен, гранттардан және бағдарламаға қатысатын кәсіпкерлердің жарнасынан кредит беретін микрокредиттік ұйымдар мемлекет тарапынан төмен дәрежеде реттелетін кредиттік қарым-қатынас жүйесінің деңгейі болып табылады. Бұл өз кезегінде ұсақ кәсіпкерлердің қызметін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылатын заңсыз қаржы делдалының шығуына ықпал етеді.

ҚР Үкіметі мен АҚШ Үкіметі, сонымен қатар ГФР Үкіметі мен ҚР Үкіметі арасындағы келісімдер аясында Халықаралық Қайырымдылық Корпусы мен Халықаралық ТАСИС ұйымының қаражаты есебінен облысымызда құрылған «Фермерлер және кәсіпкерлерді қолдау қоры» қоғамдық қоры 1997 жылдан бері жұмыс жүргізуде. Қордың негізгі қызметі ауыл шаруашылығы өндірушілеріне, шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарға жанар-жағармай өнімдері, тыңайтқыш, ауыл шаруашылығы құрал-жабдықтарын жеткізіп беруге түзілген шарттар бойынша төлем жасау жолымен материалдық-техникалық қолдау көрсету болып табылады.

Жобаларды қаржыландыру мына бағдарламалар бойынша жүргізілді, атап айтқанда:

1. «Жанармай. Тұқым. Тыңайтқыш»,

2. «Техника. Құрал-жабдық. Мал шаруашылығы»,

3. «Агробизнес. Шағын және орта бизнес».

Қордың мақсаты тек материалдық көмек көрсету ғана емес, сонымен қатар кеңес беру және тәжірибелік көмек көрсету.

Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысында Евразия қорының, «ПРООН-ның», Әлем Корпусының техникалық қолдауымен халықаралық донорлық ұйымдардың (Неміс техникалық ынтымақтастық жөніндегі GTZ қоғамы, Сорос-Қазақстан қоры) қаражатына құрылған «СодБи» бизнес-инкубаторы қазіргі уақытта белсенді жұмыс атқаруда. «СодБи» бизнес-инкубаторы корпоративті қорының негізгі қызметі жаңадан бастап дамып келе жатқан өндірістік және сервистік кәсіпорындарға қызмет көрсету, белсенді адамдар идеяларының жүзеге асуына және дамуына қолдау көрсетуге бағытталған. «СодБи» бизнес-инкубаторы жаңадан бастаған кәсіпкерлерге офистік, қойма және өндірістік орындармен қамтамасыз етуге көмек береді. Сонымен қатар кәсіпкерлер бизнес-инкубатордан бизнес жүргізу, бухгалтерлік, заңдылық, маркетингтік курстар, заңды және жеке тұлғалардың тіркелуі туралы кеңестер алуына болады.

Кәсіпкерлер жұмыс процесінде көптеген проблемаларға кездеседі, әсіресе шағын кәсіпорындардың қалыптасу процесін өткеруі өте қиын, ол өндірістік кәсіпорындарда 3 жылдан 5 жылға дейінгі уақытты алады.

Қазақстанға қатысты жалпы проблемалар да қатысты. Бұл:



  1. кемеліне жетпеген салық саясаты;

  2. кәсіпорындарда жеткілікті айналым қаражатының болмауы;

  3. кәсіпкерлерге қаржылық көмектің шектеулілігі (кредитті сақтандыру және кепілдік жүйесінің дамымауы, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттік-инвестициялық қызмет көрсетуші банктерге, лизингтік және сақтандыру компанияларына жеңілдік беру механизмінің жасалынбағандығы);

  4. мамандар кеңесіне қол жетпеушілік салдарынан шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық хабардар болмауы;

  5. нарықтық экономиканың мәселелері бойынша шағын кәсіпорындарда басшылар мен мамандар білім деңгейінің жеткіліксіз болуы;

  6. заңдық сауатсыздық. Кәсіпкерлер қоғамның нағыз белсенді бөлігі. Қазақстан Республикасында оларға қолайлы жағдайлар жасалып отыр. Шағын бизнес саласында көп бейінді қызметтермен айналысуға қабылданған заңдық база үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Сонда да бизнесмендер заңдылықты білмеуінен жиі келеңсіз жағдайларға тап болып жатады;

  7. кәсіпкерлер дайындығының төмендігі - бизнесті жүргізумен байланысты бизнесті жоспарлауды, басқаруды, маркетингті, бухгалтерлік есепті және басқа да пәндерді білмеуі. Барлық үйретіліп жатқан бағдарламалар мен курстардың көптігіне қарамастан кәсіпкерлердің дайындығы сол төмен деңгейде қалып отыр. Жасыратыны жоқ, көптеген кәсіпкерлер бизнес-жоспарды фирма қызметі шараларының жоспары деп емес, тек несие алуға арналған деп түсінеді. Ең бастысы жаңадан бастаған кәсіпкерде қаншалықты өз мамандығы бойынша жоғары кәсіби шеберлігі, жоғары адамдық, ақыл-ой деңгейі болса да, өзі мен өз бизнесін қорғау әдістерін, өндірістік шығындарды төмендету тәсілдерін, рынокты зерттеу әдістерін біле бермейді, бизнесті ұйымдастыру мен өздігінше жүргізуге тәжірибесі болмайды.

  8. мемлекеттік құрылым мен кәсіпкерлер арасында кедергілердің болуы, ауылдық аудандарда кәсіпкерлердің проблемасы - экономика саласындағы кеңес берушілердің жетіспеушілігінде және өз мүмкіндіктерін біле бермеуінде;

  9. ақпараттық инфрақұрылымның жоқтығы (мамандандырылған веб-сайттар және порталдар) соның ішінде мемлекеттік тілде;

  10. ауылды жерлерде кәсіпкерлік субъектілерінің кәсібилігінің және өнімділігінің төмендігі;

  11. төмен бәсекелік қабілет (импорттық өнімдермен салыстырғанда, соның ішінде Өзбекстаннан келетін заңсыз импорттық өнімдерге байланысты);

  12. аудандардағы кәсіпкерлердің талаптарына бейімдеместен үкіметтік емес ұйымдар арқылы шағын және орта кәсіпкерлікке арналған оқу бағдарламасы;

  13. шағын және орта кәсіпкерлікке арналған оқыту бағдарламасының тұрақты болмауы (күнделікті емес).

Шағын кәсіпкерлік саласындағы жүргізіліп жатқан процестерге әсер ету үшін жергілікті атқарушы билік тарапынан экономиканың дамып келе жатқан шағын секторын қолдау және оң динамикалық даму үрдістерін сақтап қалуды қамтамасыз ету керек.

Жеке кәсіпорын ашық рынокта табысты күресуге дәрменсіз. Бұл мәлімдеме біршама асыра айтылса да, ақиқатқа өте жақын. Кез келген кластер дамуының негізгі механизмі бәсекелестік пен кооперацияны бірлестіру, барлық негізгі қатысушылардың – шағын және орта кәсіпорындардың, билік органдарының, жоғары оқу орындарының бірлесіп даму шарттарын оңтайландыруға бағытталған өзара іс-қимыл жасауы болып табылады.

Бәсекелестікке қабілеттілік жөніндегі кеңестерді құру. Бүгінгі таңда мемлекет пен бизнес әлеуметтік әріптестіктің жұмыс істейтін моделін құруы қажет. Бизнесті еліміздің алдында тұрған стратегиялық міндеттерді шешуге тарту механизмдерін табу, бұл ретте бизнес пен биліктің мүдделеріне қысым жасамау қажет. Осылайша қоғамда қалыптасқан кәсіпкерлікке сенімсіздікті жоюға және ұзақ мерзімді әлеуметтік және саяси тәуекелдерді төмендетуге болады. Сонымен қатар мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерге ықпал ету механизмдері болуы тиіс.

Бизнес пен биліктің өзара іс-қимылы өзара жаупкершілік пен өзара мүдде негізінде бірлескен жобаларды әзірлеген жағдайда мүмкін болады. Осы тектес міндеттерді шешу үшін өңірлік деңгейде бәсекелестікке қабілеттілік жөнінде кеңес құрылатын болады.

Бәсекелестікке қабілеттілік жөніндегі кеңес өңірлік деңгейде еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасау арқылы қоғамдық лидерлерді, бизнес лидерлерін, кәсіби қауымдастықтарды және ғылыми-көпшілік өкілдерін еліміздің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру идеясы маңына біріктіреді. Бұл кәсіби қауымдастықтың белсенді қолдауын және мемлекеттік, өңірлік билік органдары мен бизнес-қауымдастықтардың күш-жігерін топтастыруды талап етеді.

Өңірлік орталықтардың маңызды міндеті жастар және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту болады. Қазіргі уақытта кәсіби біліктілігі, сондай-ақ орта және жоғары білімі бар жастар мен әйелдердің белгілі бір бөлігі мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуда едәуір қыншылықтарға тап болуда. Бұл ретте, олардың ауылда, қалалар мен ірі қалаларда орналасуына қарай әртүрлі проблема спецификасы байқалады.

Орталықтардың негізгі міндеті экономиканың түрлі салаларында кәсіпкерлік қызметті дербес жүзеге асыруға әлеуеті бар жастар мен әйелдердің мақсатты топтарын анықтаудан тұрады. Анықталған контингентке кәсіпкерлік негіздерін оқыту, қаржыландыру, бухгалтерия және салық жөнінен бизнес-кеңестер, инвестор іздестіру, маркетингтік зерттеулер және т.б. ұсынылады.

Дамыған бәсекелік ортаға жарнама өндіру, баспа және полиграфия, құрылыстық, сәулеттік жобалау, жөндеу және делдалдық қызмет көрсету, заң қызметін көрсету, рынокты және қоғамдық пікірді зерттеу жөнінен қызмет көрсету, бухгалтерлік есеп, зерттеулер мен әзірлемелер тұрғысында қызмет көрсету, компьютерлік және онымен байланысты қызмет көрсету, жылжымайтын мүлікпен байланысты қызмет көрсету, көркейту және көгалдандыру, техникалық сынау және талдау жөнінен қызметтер көрсету, коммуналдық қызметтер көрсету, денсаулық сақтау және кәсіби білім беру жөнінен қызмет көрсету сияқты қызмет түрлерін беруге болады.

Мемлекеттік кәсіпорындарды нарықтық ортаға беру кезіңдегі негізгі принцип шаруашылық жүргізуші субъектілердің нарықтық өзара қарым-қатынастарына мемлекеттің қатысуын азайту болып табылады.

Мемлекеттік кәсіпорындарға алдын ала жасалған талдау нарықтық ортаға шаруашылық жүргізу және шұғыл басқару құқығындағы барлық дерлік мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды беруге болатындығын көрсетеді.

Бұл үшін:

1. мемлекеттік кәсіпорындар мен табиғи монополистердің қызмет түрлерін, профильдік емес функцияларды анықтау тұрғысынан, оларды бәсекелік ортаға, ең алдымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне беру үшін құрылтай құжаттарын түгендеуден өткізу;

2. мемлекеттің кейбір акционерлік қоғамдарға және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуының орындылығына талдау жүргізу;

3. бәсекелік ортаға беруге жататын мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекеме болып қайта құрылудағы мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесін анықтау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет