П і к і р
2018-2019-шы оқу жылында 9-сынып білім алушыларына «Зайырлылық және дінтану негіздері» тақырыбындағы таңдау курсы жүргізіледі.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсының мәні және маңызы оның қазіргі қоғамдағы тарихи,мәдени мен рухани құндылықтарды анықтайтын бастаулары ретінде,тұрақты дамуды қамтамасыз ететін ғылыми-дәйектелген негіздерін қалыптастыруды құраушы элемент ретінде қабылданған болып табылады. Курс орта білім жүйесіндегі қоғамтану және әлеуметтік-гуманитарлық білім алудың құрамдас бөлігі болып табылады.
Курстың құрылымы: аптасына бір сағаттан, жылына отыз төрт сағатқа есептелінген.
Таңдау курсының тақырыптық мазмұнында жалпы жеті тарауды қарастырылған:
-бірінші тарау: «Зайырлылық және зайырлы мемлекет» 4- сағат
-екінші тарау: «Дін-рухани мәдениет феномені»-2- сағат
-үшінші тарау: «Ежелгі діни сенім түрлері және ұлттық діндер»-3- сағат
-төртінші тарау: «Әлемдік діндер»- 9- сағат
-бесінші тарау: «Қазақстандағы діндер»-8- сағат
-алтыншы тарау: «Жаңа діни қозғалыстар». -3- сағат
-жетінші тарау: «Қазақстан-дінаралық келісім елі»-5- сағат
Білім алушылар пән бойынша мектеп бағдарламасынан алған білімдерін қорытындылай отырып,түрлі тақырыптарды қамтып сұрақ-жауап ,деңгейлік тапсырмалар арқылы білімдерін жетілдіреді.
Курс бағдарламасын білім алушылар меңгере отырып Қазақстан Республикасының толыққанды азаматы ретінде рухани толысуға ,өз халқының рухани мәдениетін деструктивтік,радикалды діни бірлестіктердің зиянды әрекетінен сақтау және қорғау мүмкіндіктерін қалыптастыруға мүмкіндік алады,екінші жағынан,адамның қандай дінге жататынын анықтау,діни сана –сезім,басқа діндерге көзқарас және ізгілікті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады
Мектеп директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары: Р.Т.Шайқақов.
Достарыңызбен бөлісу: |