Мамандық бойынша оқуға түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
«6М050300-Психология» мамандығы бойынша магистратураға оқуға түсушілердің оқуға түсу сұрақтары олардың жалпы білім деңгейі мен осы саладағы ғылыми білімдерінің дайындық деңгейін анықтауға әзірленген.
Міндеттері:
психология ғылымының теориялық негіздері мен психологиялық зерттеу ерекшеліктерінің білім деңгейін анықтау;
кешенді талдау тәсілдері мен ғылыми әдебиеттерді пайдалануды меңгеру деңгейлері;
қолда бар материалды талқылау үшін алған теориялық білімдерін пайдалану іскерліктері;
психология ғылымының әртүрлі бағыттарындағы мәселелерді салыстырмалы зерттеуде шығармашылық-аналитикалық қабілетін жүзеге асыру іскерліктері;
зерттеу тақырыбы бойынша жиналған материалды талдау және жүйелеу іскерлігі;
психология ғылымының бағыттары мен принциптері туралы түсініктер;
зерттеудің психологиялық әдістері саласындағы білімдерді игеру;
отандық және шет елдік психология ғылымы саласындағы білімдерді еркін игеру.