_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Мына сипаттаманы кім жазды? Ол кісі туралы зертте, топта талда.
Алаш қозғалысының белсенді өкілі, заңгер___________________________ «Ол кiсi Петроград университетiнiң орман-ағаш факультетiн тәмамдаған. Заң факультетiне Ленинмен бiрге экстернат болып емтихан тапсырған. Терең дария мұхиттай бiлiмдi ғалым болатын. Тоғыз тiлде еркiн сөйлеп, жаза бiлетiн. Бiздiң ақыл-ойымыз Тоқырауын өзенiндей болса, Әлихан Бөкейханов Балқаш көлiндей дария едi ғой!»- деген сөзінен өз заманының өте қабілетті, асқан білімді, сыйлы, беделді азаматы болғанын аңғарамыз.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына поэмасын жалғастыр, жатта.
Ел үшін құрбандыққа жанын берген,
Бит, бүрге, қандалаға қанын берген,
Ұрадай сасық ауа, темірлі үйде,
Зарығып алашы үшін бейнет көрген...
Заманда басқан аяқ кейін кеткен,
Жасымай алашына қызмет еткен.
Болсада қараңғы түн, қалың тұман,
Туатын бақ жұлдызына көзі жеткен...
Суретке қарап, кім екенін анықта. Қандай ой түйіндеуге болады?
«Егер әйгілі Бөкейхановқа келетін болсақ, ол – қазақ даласының асқан білгірі, қазақ тұрмысының нағыз әмбебап энциклопедиясы, өлке тарихының оқымыстысы. Ешқандай кітап оны ауыстыра алмайды»-деп баға берген Қазақ АССР Халық Комиссарлар кеңесінің төрағасы__________________
«Егер Латын Америкасы үшін Симон Боливар қандай болса, Әлихан Бөкейхан қазақ үшін сондай тұлға. Егер Ататүрік қандай болса, Әлихан қазақ үшін сондай. Егер Махатма Ганди Үндістан үшін қандай болса, Әлихан қазақ үшін сондай тұлға». Мәмбет Қойгелдиев
Бағасы: ____ ____ ____
26 сабақ. Ұлттық тәрбие және жаһандану. 1 сағат. Ұлттың мәңгілік болуы неде ? Өз ойыңды ортаға салып көр.
Мәтінді толықтыр.
Болашақ – білім мен ғылымға тәуелді болатыны айдан анық нәрсе. Қазіргі жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесі қандай дәрежеде болса, еліміздің ертеңі де сондай дәрежеде болмақ. Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады. Ұлт болашағы бүгінгі жастарымыздың білімі мен біліктілігіне, сапасы мен тәрбиелілігіне байланысты. «Адам – тәрбиенің жемісі» - бұл даналардың түйіндеп айтқан сөзі. Әлихан – қазақтың мемлекеттігінің шаңырағын қайта көтеріп, бүгінгі тәуелсіздіктің мызғымас негізін қалап кеткен тарихи тұлға. «Алаш» қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханов ең сауатты, білімді, білікті қайраткерге байсалдылық, саяси тұрақтылық, ізденгіштік, парасаттылық, сабыр мен ақылға, білім мен ғылымға, мәселенің байыбына бойлайтын талдау, бүгінгі пайымдау, болашақты болжау сияқты қасиеттер тән еді. Әлихан Бөкейханов ғылым мен білімге негіздеп, қазақ мемлекетінің түбірлі мәселелерін зерттеді. Өз жұртын танып білуде, жас ұрпаққа тәрбие берудегі ХХ ғасыр басында А. Байтұрсынов мақаласының өзектілігі бүгінде айқын. «Қазақша оқу жайынан» деп аталатын мақаласында «Бала оқыту үшін жақсы бағдарлама болуы шарт, ең алдымен оқытатын кітаптарымызды түзеп, сайлап алып, содан соң неден бастап, неге оқытуды белгілеу керек» - дейді. Оқу ісін жетілдіру жайын талдай келе, ол мына мәселеге көңіл аударуды ұсынады: «.. әуелі біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халыққа оқумен түзеледі. Сондықтан жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуін – бәрінен бұрын ескеріп, бәрінін жоғары қойылатын жұмыс» деген тұжырымдамалық мәні бар қорытынды жасайды.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мәтінді оқып, ой түйіндеп, сипатта.
Өз Отанына деген патриоттық сезім жоғары, санасы азат, ойы озат, барлық жаңалықтарға құштар азамат тәрбиелеу. Баланың қиялдау, есте сақтау, ойлау, жалпы жаратылысының дамуына бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білу, әлеуметтік құзіреттерін дамыту, тәрбиелеу төл технологиямыздың мақсаты екенін Мағжан Жұмабаев өз еңбектерінде тереңнен зерттеген. Төл технологиямыздың басында , ұлт Алаштарының «Мәңгілік ел» идеясы тұрғанда таспен қашалап жазылған қазақтың рухани қазынасы, тәлім – тәрбиесі өлмек емес! Ендеше, «Ұлттың бүгіні де, болашағы да – тәрбиелі ұрпақ » екендігін кейінгі буынға жеткізейік!
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Суреттегі халқының тәуелсіз ел болғанын көруді аңсаған, көрнекті жазушы, ақын, публицист туралы не білесіңдер? Мына өлеңнің тақырыбын жазып, жатта.