Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы
Қаракеткен ауылдық округінің
2018-2020 жылдарға арналған
ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Қаракеткен ауылы 2018 жыл
1. Кіріспе
Қаракеткен ауылдық округі бойынша халық саны 1592 адамды құрайды, оның ішінде ерлер – 826, әйелдер – 766, зейнеткерлер – 134, мүгедектер - 36, 18 бен 29 арасындағы жастар –310, оқушылар - 342, экономикалық белсенді халық -733 , өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 182 және жұмыссыздар саны - 24 адам. Ауыл тұрғындарының жеке меншігінде 2017 жылдың шілдесінде мүйізді ірі қара-2803, қой-2157, ешкі-1410, жылқы-821, түйе-7 бас, тауық-285 бас.
2. Талдау
2.1 Ауылдық округтің экономика және ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы жер көлемі 80405 гектарды құрады, оның ішінде егістік жер - 18 гектар, жайлымдық – 8148 гектар, шабындық - 8 гектар.
Ауылдық округ бойынша 291 отбасы бар. Қаракеткен-222, Далдабай елді мекенінде-69. Есепте-1592 жан тұрады. Оның ішінде: Қаракеткен-1158, Далдабай елді мекенінде-434. Осы халықтың 458 тұрақты жұмыспен қамтылғандар..
2 мектеп: №114 орта мектеп және №115 негізгі мектеп,150 орындық 2 клуб үйі, күндізгі бөлімде- 1 фельдшерлік-акушеркілік пункті, 1 аурухана, 1 фельдшерлік пункт, 22 300 дана кітап қоры бар.
190 нүктелік АТС, оның ішінде интернет байланысына қосылғандар-100,
1 почта бөлімшесі, 1 тірек пункті бар..
«Әбілда ата» атындағы мешіті халыққа қызмет көрсетуде.
Қаракеткен ауылдық округінде қазіргі таңда тіркеліп тұрған 60 кәсіпкер бар. Оның ішінде: 24 мал шаруашылығы, 15 шаруақожалығы, 10 сауда, 5– көлік, 1 тігін цехы, 1 нотариус, 2 ветеринарлық қызмет, 1-құс өсіру, 1-музыкалық қызмет, 1 АӨК кооперативі жұмыс жасауда.
Жастар практикасына 4 адам;
Білім жетілдіру курсына 4 адам;
Қоғамдық жұмысқа 21 адам тартылды.
Достарыңызбен бөлісу: |