БАҒдарламасы астана, 2015 Бағдарлама 6М010300 «Педагогика және психология»



Дата29.06.2017
өлшемі258,35 Kb.
#20666
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті

Әлеуметтік ғылымдар факультеті

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасы
«Бекітемін»




Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

оқу ісі жөніндегі проректоры

____________Е.А.Онғарбаев

«__»____________» 2015 ж.











6М010300 – «Педагогика және психология»

мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАУҒА АРНАЛҒАН ЕМТИХАН

БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана, 2015
Бағдарлама 6М010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.08.2012 ж. №1080 қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (магистратура) сәйкес құрастырылған.
Бағдарламаны құрастырушылар: п.ғ.д., профессор Шалғынбаева Қ.Қ., психология ғ.магистрі Қашхынбай Б. Б., PhD докторы Абдыхалықова Ж.Е., п.ғ.д., профессор Калкеева К. Р.

Бағдарлама кафедра мәжілісінде қарастырылған

Хаттама № 13 «27 » сәуір 2015 ж.


Кафедра меңгерушісі_______________Қ.Қ.Шалғынбаева

Факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясында мақұлданған ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

Хаттама № 7 «25» мамыр 2015 ж.



Факультеттің оқу-әдістемелік

комиссиясы төрайымы___________________ Н.П.Албытова


Астана, 2015

МАЗМҰНЫ

1. Мамандық бойынша қабылдау емтиханының мақсаттары мен міндеттері

Түсу емтихандарының мақсаты: бакалавриатта алған білім деңгейін, қабілеті мен біліктілігін анықтау, сонымен қатар білім алудың екінші деңгейінде нақты пәндерді және жалпы магистрлік бағдарламаны меңгеру қабілетін анықтау болып табылады.

Бағдарлама міндеті: оқу жоспары бойынша меңгерген базалық педагогикалық және психологиялық пәндердің негізін, сонымен қатар алған білімдерін теориялық және қолданбалы тапсырмаларды шешуде қолдану қабілетін анықтау.



Магистратураға қабылдау емтиханы - ауызша.
2. Магистратураға қабылданушы тұлғалардың даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар

6М010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратураға түсу ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Конкурстық іріктеу ережесі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің магистратураға қабылдау жөніндегі типтік ережесі және 6М010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім берудің мемлекеттік стандарты негізінде анықталады. Бағдарлама типтік оқу бағдарламалары және МЖМББС негізінде құрастырылған.

6М010300 – «Педагогика және психология» мамандығына тапсыратын бакалавр өзінің кәсіби бағытталуы бойынша білуі тиіс: ҚР білім беру аймағындағы нормативтік құжаттарды; ҚР-ң әлеуметтік саясатының негіздерін; үздіксіз білім беру жүйесінде балалардың, жастар мен жеткіншектердің тұлғалық дамуы мен толыққанды әлеуметтенуін қамтамасыз етуді; түзетушілік-тәрбиелік үдерісті жобалауды, педагогикалық іс-әрекет нәтижелерін жоспарлауды, ұйымдастыруды, диагностикалау мен болжауды; денсаулықты дамыту жағдайын ескере отырып, әрбір индивидтің бейімділігін, қабілеттілігін, дарынын айқындау мен дамытуды; авторлық педагогикалық және түзетушілік технологияларын жасау және ендіру негізінде балаларды, жастар мен жеткіншектерді тәрбиелеу мен әлеуметтендіру үрдістерін түзетуді.
3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері:

Педагогика- 3 кредит. Психология - 3 кредит.


6М 010300 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратураға қабылдауға арналған емтихан

бағдарламасы

Бөлім 1. Педагогика

Бөлім 2. Психология
    1. Бөлім. Педагогика


  • 1.Тақырып. Педагогика ғылым ретінде.

Педагогика ғылымының пәні, міндеттері және функциялары. Педагогиканың категориялары. Педагогика ғылымының құрылымы және оның салалары. Педагогикалық ғылымдар мен практиканың өзара байланысы. Педагогикалық ғылымдардың әдіснамасы. Педагогикадағы жүйелілік, тұлғалық, іс-әрекеттік тұрғылар. Педагогикалық зерттеулердің әдістері және логикасы. Ғылыми-педагогикалық зерттеулер әдістерінің жалпы сипаттамасы: педагогикалық, психологиялық, социологиялық, математикалық әдістер.

  • 2.Тақырып. Баланың жеке тұлғасы тәрбиенің объектісі және субъектісі ретінде.

  • Тұлға түсінігі. Тұлғаның дамуы, қозғаушы күштер және дамудың заңдылықтары. Тұлғаның дамуындағы іс-әрекеттің және қарым-қатынастың ролі. Тұлғаның дамуындағы факторлар. Педагогикалық ой-пікірлер тарихындағы тұлғаны қалдыптастыру және дамыту теориялары. Жеке факторлардың ролі туралы заманауи ғылым. Тәрбие - тұлғаның дамуындағы және қалыптасуындағы жетекші фактор ретінде. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы тұқымқуалаушылықтың және ортаның ролі. Баланың жеке тұлғасы тәрбиенің және оқытудың объектісі және субъектісі ретінде. Қалыптасу мен дамудағы тұлға белсенділігінің ролі. Өзін-өзі тәрбиелеу, өздігінен білім алу, оқу және даму.

  • 3.Тақырып. Педагогикалық үдеріс.

«Педагогикалық үдеріс» түсінігі. Тұтас педагогикалық үдеріс.Оқу және тәрбие үдерісінің бірлігі мәселесі және «тұтас педагогикалық үдеріс» түсінігіне қайтіп оралу. Педагогикалық үдерістің негізгі компоненттері: педагогикалық үдерістің қозғаушы күші. Педагогикалық үдерістің функциялары: білім беру, дамыту, тұлғаны әлеуметтендіру. Оқытудың және тәрбиенің міндеттері, мазмұны, формасы мен әдістерінің өзара байланысы және өзіндік ерекшелігі. Педагогикалық үдерістің ұстанымдары (заңдар) және заңдылықтар түсінігі. Педагогикалық ұстанымдар сипаттамасы: мақсаттыбағдар; тәрбие мен оқытудың өмірмен байланысы; қолжетімділік; оқушылардың жас және жеке дара ерекшеліктерін ескеру; жүйелілік және бірізділік; саналылық, белсенділік, оқушылардың шығармашылығы; көрнекілік; баланың жеке басына саналы талапетушілікпен сәйкес оған деген құрмет; беріктік, дамудың және тәрбиенің, білім нәтижелерінің ұтымдылығы және ұғынықтылығы. Тұтас педагогикалық үдеріс ұстанымдарының бірлігі және өзара байланысы.

4.Тақырып. Тәрбиенің мәні.

Тәрбие қоғамдық құбылыс және педагогикалық үдеріс ретінде. Қазіргі заманғы педагогикалық ғылымдағы «тәрбие» түсінігі. Әртүрлі қоғамдық дамудағы тәрбиенің тарихи шарттары. Тәрбие үдерісінің мәні, оның ерекшеліктері және негізгі сипаттамасы. Тәрбие үдерісінің құрылымы. Тәрбие үдерісінің диалектикасы, оның қарама-қайшылығы және қозғаушы күші.



5. Тақырып. Тәрбиенің заңдылықтары және ұстанымдары.

Тәрбие заңдылықтары түсінігі. Тәрбиенің заңдылықтары: тәрбиенің қоғамдық қажеттілік жағдайы, шарттары; тәрбие, оқыту, білім беру және тұлғаның дамуы үдерістерінің өзара тәуелділігі; тұлға тәрбиесіндегі іс-әрекеттің және қарым-қатынастың анықтаушы ролі; ұйымдастырушылық іс-әрекеттегі тұлға белсенділігін қалыптастыратын тәрбиенің шарттары; оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне тәрбиенің тәуелділігі; тәрбиедегі тұлға мен ұжымның өзара байланысы; тәрбиенің міндеті, мазмұны, әдістері мен формасының өзаратәуелділігі. Тәрбие ұстанымдары ұғымы. Тәрбие ұстанымдарының сипаттамасы: табиғисәйкестілік, мәденисәйкестілік, гуманизациялау, дифференциялау; сана мен мінез-құлық бірлігі, еңбектегі тәрбие, тәрбиеге кешенді тұрғы, оқушылардың ынтасына және көркемөнеріне педагогикалық жетекшіліктің сәйкестігі, оған саналы талапетушілікке сәйкес, тәрбиеленуші тұлғаға құрмет, мектептің, отбасының және қоғамның педагогикалық талаптарының бірлігі. Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбие ұстанымдарының өзара байланысы және бірлігі.



6. Тақырып. Тәрбиенің мақсаты және міндеттері.

Тәрбиелілік жүйедегі тәрбие мақсатының орны. Тәрбие мақсатының объективті және заңдылық сипаты; әртүрлі қоғамдық-экономикалық формациядағы тәрбиенің сипаты мен мақсатының тарихи шарттары. Философиялық және педагогикалық ой-пікірлер тарихындағы тәрбиенің мақсаты туралы ұсынысты дамыту. Қазақстандық қоғамның дамуындағы ең бір жетекші идея ретінде тұлғаның полимәдени дамуы. Қоғакмдық, ұлттық және жеке-тұлғалық құндылықтардың өзарабайланысы. Оқушылар тәрбиесінің мақсаты және міндеттері. Заманауи мектептердегі тәрбие мақсатының және міндетінің нақты шынайылығы.



7.Тақырып. Тәрбиенің мазмұны.

Тәрбие мазмұнына дәстүрлі тұрғы. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың негізі. Ақыл-ой тәрбиесі (ақыл-ой күші мен қабілетін дамыту; білімділік, іскерлік және дағдылар жүйесімен қаруландыру; ақыл-ой еңбегі мәденитіне, біліміне қажеттілікті қалыптастыру). Заманауи мектептегі ақыл-ой тәрбиесінің жүйесі. Адамгершілік тәрбиесі жалпыадамзаттық моральдық құндылықтарға қараым-қатынас тәрбиесі ретінде. Азаматтық тәрбие. «Тұлғаның адамгершілік мәдениеті» түсінігі. Тұлғаның адамгершілігін қалыптастыру кезеңдері. Адамгершілік тәрбиесінің формалары. Заманауи мектептердегі адамгершілік тәрбиесінің жүйесі. Дене тәрбиесінің мәні, оның мақсаты, негізгі міндеттері. Оқушылардың жеке тұлғасын жан-жақты дамытудағы дене тәрбиесінің ролі. Оқушылардың жағымсыз әдеттерімен күресудегі, салауатты өмір салтты насихаттау. Заманауи мектептердегі дене тәрбиесі жүйесі. Эстетикалық тәрбиенің мәні, мақсаты және міндеттері және оның тұлғаның рухани дамуына әсері. Эстетикалық тәрбиенің психологиялық негіздері. Эстетикалық тәрбиенің компоненттері. Заманауи мектептердегі эстетикалық тәрбие жүйесі.



  1. Тақырып. Оқушылардың кәсіби бағдары және еңбек тәрбиесі.

Еңбек тәрбиесі. Еңбектің түрлері. Бала еңбегін ұйымдастыру әдістемесі. Заманауи мектептердегі еңбек тәрбиесінің жүйесі. Кәсіби бағдар жұмысы, кәсіби бағдардың түрлері. Оқушыларды экономикалық оқу-ағарту.

9.Тақырып. Ұжым және жеке тұлға.

Оқушылар ұжымының мәні және түсінігі әлеуметтік-педагогикалық құбылыс ретінде. А.С. Макаренконың ұжым теориясы (балалар ұжымының типтері, тәрбиелілік воспитательные функциялары, даму динамикасы және кезеңдері, перспективалық бағыттар жүйесі, дәстүрлері, ұжымды қалыптастыру және дамыту әдістері). Ұжым теориясын дамыту. Ұжымдық шығармашылық тәрбиесінің әдістері. Тұлғаның және ұжымның өзара іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық негіздері. Тұлға және ұжым мәселелеріне заманауи тұрғылар.



  1. Тақырып. Тәрбие әдістерінің жүйесі.

Тәрбиенің әдістері туралы түсінік. Тәрбие мақсатынан, мазмұнынан, шарттарынан тәрбиенің тәуелділігі. Тәрбие әдістерінің классификациясына әртүрлі тұрғылар. Тұлға санасын қалыптастыру әдістері. Дәрістер, әңгімелер, пікір-сайыстар. Тәрбиедегі үлгі-өнегенің рөлі. Қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері. Дағдылану. Жаттығу. Тапсырма беру. Тәрбиелік жағдаяттар туындату. Ойын. Іс-әрекет пен мінез-құлықты ынталандыру әдістері. Педагогикалық талап. Қоғамдық талап формасы қоғамдық пікір ретінде. Жарыс. Мадақтау. Жазалау. Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері: өзін-өзі байқау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі бақылау. Тәрбие әдістерін тиімді қолданудағы және таңдаудағы оңтайлы жағдайлар. Педагогикалық техника.

  1. Тақырып. Мектептің тәрбиелік жүйесі.

«Мектептің тәрбиелік жүйесі» түсінігі, «тәрбие жүйесі», «тәрбие жұмысының жүйесі». Отандық және шетелдік мектептер мен педагогиканың теориясы мен практикасындағы тұтас әлеуметтік организм тәрбие жүйесі ретінде. Мектептің тәрбиелік жүйесіне тән белгілер мен ұстанымдардың болуы. Мектептің тәрбиелік жүйесі қазіргі заманның педагогикалық құбылысы ретінде. Мұғалімдер-новаторлар тәжірибесі, авторлық тәрбиелік жүйеге сипаттама.

  1. Тақырып. Дидактика. Тұтас педагогикалық үдерістегі оқыту.

Дидактика туралы түсінік. Дидактиканың негізгі категориялары. Оқытудың негізгі дидактикалық тұжырымдамалары және заманауи тұжырымдамалары. Оқыту үдерісі туралы түсінік және оның тұтас педагогикалық үдерістегі орны. Оқыту үдерісінің екі жақты сипаты. Дидактиканың методологиялық негізі. Оқыту үдерісінің қозғаушы күші. Оқытудың негізгі функциялары: білімділік, тәрбиелік және дамытушылық. Оқыту үдерісінің негізгі компоненттері: мақсат, міндеттер, мазмұн, әдістер, құрал, ұйымдастырудың және нәтиженің формасы. Оқытуға әртүрлі тұрғылар: тұлғалық-бағдарланған, іс-әрекеттік, жүйелі.

  1. Тақырып. Оқытудың заңдары, заңдылықтары және ұстанымдары.

Оқытудың заңдары, заңдылықтары түсінігі. Оқытудың заңдары. Оқытудың заңдылықтары: оқытудың қоғамдық қажеттілігін ескеру; оқытудың ағымдағы жағдайға тәуелділігі; оқушылардың шынайы оқу мүмкіндіктері және оқытудың өзара тәуелділігі; оқыту мен оқудың бірлігі; оқытудың тұтас педагогикалық үдерісіндегі оқытудың міндеті, мазмұны, әдістері және формаларының өзара тәуелділігі. Оқытудың ұстанымдары және ережелері түсінігі. Оқытудың негізгі ұстанымдарының сипаттамасы. Оқытудың ғылымилық принципі. Оқытудың өмірмен байланыстылық принципі. Оқытудың тәрбиелік принципі. Оқытудағы оқушылардың саналылық және белсенділік принципі. Оқытудың жүйелілік және бірізділік принциптері. Оқытудың жеткіліктілік принципі. Оқытудың көрнекілік принципі. Аталған принциптер ережесінің сипаттамасы. Оқытудың заңдылықтарының, ұстанымдары мен ережелерінің өзара байланысы.

  1. Тақырып. Білім мазмұны.

Білім мазмұны туралы түсінік. Білім мазмұны тарихи категория «ұғым» ретінде. Білім мазмұнының құрылымы; мазмұнның ақпараттық, операциялық, аксеологиялық компонентері (білім, іскерлік, дағды). Білім мазмұнына әсер ететін факторлар. Білім мазмұны анықтамасының ғылыми негізі; ғылым негізін таңдау критерийлері. Білімнің түрлері: жалпы, политехникалық, кәсіптік, олардың өзара байланысы.

  1. Тақырып. Оқытудың әдістері және құралдары.

Оқытудың әдістері туралы жалпы түсінік. Оқыту әдістерінің функциялары. Әдіс және тәсіл. Оқытудың әдістері және құралдары. Оқыту әдістерінің көптүрлілігі. Заманауи дидактикадағы оқыту әдістерінің классификациясына әртүрлі тұрғылар. Ақпараттарды беру қабілеті бойынша оқыту әдістерінің дәстүрлі классификациясы (білімнің қайнар көзіне, іскерлікке, дағдыларға): сөздік (әңгіме, әңгімелесу, дәріс, түсіндіру, оқу пікір таласы), көрнекілік (демонстрация, байқау), практикалық (басқару, практикум, лабораториялық жұмыс), кітапппен жұмыс. Оқытудың негізгі құралдары. Оқыту үдерісінде компьютерлерді қолдану. Оқытудың оңтайлы әдістерін таңдау.

  1. Тақырып. Оқытуды ұйымдастырудың формалары.

Оқытуды ұйымдастырудың формалары туралы түсінік. Сабақ — оқыту үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы. Оқытудың басқа формаларымен сабақтың байланысы. Мектеп тарихындағы оқытудың сыныптық-сабақ жүйесінің дамуы. Сабақтың типологиясы және құрылымы. Оқыту үдерісіндегі оның мақсатына, мазмұнына және орнына тәуелділіктегі сабақ құрылымының икемділігі. Оқушылардың сабақтағы оқу-іс-әрекетін ұйымдастырудың фронтальды, топтық және жеке формалары. Мұғалімнің сабаққа дайындығы. Тақырыптық және сабақ жоспары, сабаққа талдау жасау. Заманауи мектептердегі сабақтың тиімділігін жетілдірудің жолдары. Оқытуды ұйымдастырудың басқа формалары: факультатив, оқу саяхаты, консультация, әңгімелесу, семинар, оқушылардың үй жұмысы.

  1. Тақырып. Диагностика, оқушылардың оқу іс-әрекетін бақылау

және бағалау.

Педагогикалық әдебиеттердегі «диагностика» және «бақылау» түсініктерінің өзара қатынасы. Бақылау және бағылау функциялары. Бақылауды және бағылауды ұйымдастыруға психологиялық-педагогикалық талап. Бақылаудың түрлері (диагностикалық, ағымдық, тақырыптық, қорытынды). Бақылаудың әдістері. Бақылаудың формалары. Оқыту нәтижелерінің және оларды бағалаудың өзара байланысы. Оқушылардың білімін бағалау жүйесі. Білімді, іскерліктер мен дағдыларды бағалау критерилері. Оқушылардың білімін бағалаудың психологиялық-педагогикалық мәселелері. Мұғалім-новаторлардың тәжірибесіндегі бақылауға және бағалауға шығармашылық тұрғылары.



18.Тақырып. Білім беру жүйелерін басқару.

Мемлекеттік білім беру мекемелерін басқару түсінігі және оның ұстанымдары: педагогикалық жүйелерді басқаруды демократияландыру және гуманитарландыру; басқарудағы жүйелілік және тұтастық; шоғырландыруды және жекелендіруді рационалды үйлестіру; педагогикалық жүйелерді басқарудағы ақпараттардың шынайылығы және толықтығы. Педагогикалық басқарудың негізгі функциялары: педагогикалық талдау, мақсатты тұжырымдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және реттеу.

Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді гуманитарландыру негізі гуманды педагогика ретінде. Гуманитарландыру түсінігі, білім беру-тәрбиелеу үдерісіндегі оның таралуының негізгі бағыттары.

19.Тақырып. Қазақстандағы оқу-ағартушылық және педагогикалық идеялардың шығу көздері.


Қазах халқының этногенезі және қалыптасуы. Қазақ жеріндегі тәрбиенің пайда болуы және даму тарихы. Көне арилер-малшылар племендері. Ертедегі жрецтер және олардың тәрбие дәстүрлері.

Алыс және Жақын Шығыс мемлекеттеріндегі Шумерлер мектебі және тәрбиесі. Сақтар және Хундар тәрбиесі. Қазақ даласы ойшылдарының педагогикалық идеялары: Қорқыт Ата (9ғ). Жазбаша педагогикалық дәстүрлердегі педагогикалық білімнің және тәжірибенің берілуі. ХI-ХII ғасырлардағы ертетүрік жазба ескерткіштеріндегі педагогикалық идеялар: ескерткіштеріндегі жазулар Күлтегінің, Білге-қағанның және Тоныкөктің. Шығыс-түрік қағанаты ескерткіштері (681-744 жж.).

Мұсылмандық мектептер және медресе (Отрар қ., Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан және т.б.). Оқытудың мазмұны және әдістері олардың ерекшеліктері.

XI ғасырдың Ақын-ойшылдары Әль-Фараби, Баласағұни, Қашғари, Ахмед Иүгінеки, Ходжа Ахмед -Яссауи және т.б.

Қазақ халқының және Қазақ Хандығының пайда болуы. Қазақтардың рухани мәдениеті.

Қазақ жырауларының этикалық-педагогикалық идеялары; Асан-Қайғы, Қазтуған, Жиенбет, Шалкиіз, Қадырғали Жалаири, Ақтамберді, Бұхар-жырау Қалқаманұлы және т.б.

( XVIII бірінші жартысы ХІХ в ғғ.). Қазақстандағы педагогикалық ойлар және мектептің дамуы. (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). Қазақстандағы педагогикалық ойлар және мектептің дамуы. Қазақстандағы педагогикалық ғылымдар мен білім беру жүйелерінің қалыптасуы (ХХ ғасырдың басынан 30 жылдарға дейін). Қазақстандағы педагогикалық ғылымдардың және білімнің жетілдірілуі (ХХ ғасырдың 30-40 жылдары). Ұлы отан соғысы кезеңдеріндегі педагогика ғылымы (1941-1945жж). Қазхақстанның педагогика ғылымы және білім беруі (1946-1958жж). Қазақстанның педагогикалық ғылымы және мектептерінің дамуы (1960-1985 жж).

20. Тақырып. Ғасырлар аралығындағы білім беру жүйесі және педагогика ғылымы.


Қазахстан Республикасындағы білімнің дамуының заманауи тенденциялары. Орта білімнің құрылымы. Жалпы орта білімнің сатылары. Орта кәсіби білімнің мазмұны. Жоға кәсіби білімнің құрылымы және мазмұны. Білім беру Стандарты. ҚР «Білім беру» туралы Заңы. Республике Қазақстан Республикасының "2050" бағдарламасындағы білім беру стратегиясы. 2015 жылға дейінгі Білім берудің тұжырымдамасы.

Біліктілікті жетілдіру институттарындағы және жоғары, орта оқу орындарындағы педагогикалық даярлаудың және қайта даярлаудың мазмұны. Білім берудің заманауи жүйесі - «инновациялық оқыту». Білім беруді гуманизациялау және гуманитарландыру. Педагогиканың мәселелері. Заманауи кезеңдегі Қазақстандағы педагогикалық зерттеулердің негізгі бағыттары.

Қазақстанның біліміндегі жаһанданудың жаңа үлгілері.Білім берудің интеграциясы және Болондық үдеріс. Қазақстандағы білім беруді интеграциялаудың мәселелері. Білім берудің заманауи реформалары.


2 - Бөлім. Психология


Тақырып 1. Адамның психикалық даму теориясы.

3.Фрейдтің психоаналитикалық теориясы. Психикалық құбылыстарды зерттеудің психоаналитикалық әдістері: гипноздық сендіру әдісі, түс көруді талдау әдісі, еркін ассоциация әдісі. 3. Фрейд бойынша тұлғаның даму сатылары. Анна Фрейд еңбектеріндегі классикалық психоанализдің дамуы. Э. Эриксон бойынша тұлға дамуының эпигенетикалық теориясы. Э. Эриксон бойынша психоәлеуметтік дамудың негізгі түсінігі мен сатылары. А. Адлердің даралық теориясы; К. Юнгтің аналитикалық теориясы; А. Маслоудың гуманистік теориясы; Ф. Перлздің гештальт-тұғыры, Э. Берннің трансакты талдауы; Э. Фроммның диалектикалық гуманизмі.



Тақырып 2. Сананың құрылымдық бөліктері және генезисі.

Өзіндік сана мәселесінің психологиялық тұғыры (И.М.Сеченов, В.М. Бехтерев, С.Л.Рубинштейн, А Н. Леонтьев). Өзіндік сана өлшемдерін жіктеу тұғыры (В.М.Бехтерев, Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, З.Фрейд, Э. Шпрангер, И.С.Кон, А.Н.Леонтьев, В.П.Зинченко). Басты «Мен-концепциясы»: аспектілері, модальдылығы, бағдар компоненттері. Өзіндік сананың даму сатылары (кіші жас, мектепке дейінгі және мектеп жасы). Өзіндік сана деңгейі (В.В. Столин бойынша): өзіндік сананың органикалық деңгейі, даралық сана деңгейі, тұлғалық өзіндік сана деңгейі.



Тақырып 3. Психикалық дамуды кезеңдерге бөлу мәселесі.

Л.С.Выготский еңбектеріндегі психикалық дамудың кезеңдерге жіктелуі. Л.С.Выготский бойынша жас кезеңдер криттерийлері. Тұрақты және дағдарысты жас кезеңдері. Баланың психикалық дамуындағы дағдарыстың мәні. Д.Б.Эльконин еңбектеріндегі психикалық дамудың кезеңдерге бөлу мәселесі. Бала дамуындағы кезеңдер туралы заңдар. Жас туралы түсінік, оның түрлері. Психологиялық жастың ерекшеліктері. З.Фрейдтің психоаналитикалық жас кезеңі. Э.Эриксон бойынша тұлғаның психоәлеуметтік даму сатылары. Ж. Пиаженің интеллектуалды даму сатысы. Когнитивті даму сатылары.



Тақырып 4. Оқыту концепциясы және оның психологиялық негіздемесі.

Оқу әрекетінің құрылымы. Оқыту концепциясы және оның психологиялық негіздемесі: дамыта отырып оқыту (Л.В.Занков, В.В. Давыдов, Д. Б.Эльконин); мәселелік оқыту (В. Оконь, М. И. Махмутов және т.б.); бағдарламаланған оқыту (Б. Скиннер және т.б.); ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру теориясы (П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина және т.б.). Оқу пәндерін құрудың жалпы қағидалары.



Тақырып 5. Педагогикалық іс-әрекет құрылымы.

Педагогикалық іс-әрекеттің өзіне тән ерекшеліктері мен психологиялық мәні және оның негізгі компоненттері. Педагогикалық іс-әрекеттің формалары, негізгі атқаратын қызметтері және оның тұтастылық сипаты. Педагогикалық іс-әрекеттің стильдері туралы түсінік. Педагогикалық іс-әрекеттің мотивтері. Педагогикалық қарым-қатынас. Мұғалім іс-әрекеті құрылымындағы психологиялық-педагогикалық ептілік. Педагогикалық әдеп.



Тақырып 6. Этнопсихологияның әлеуметтік-психологиялық аспектілері.

Этникалық қауым, топ ұғымы және олардың негізгі ішкі үдерістері. Этникалық қауымның жіктелуі (қарапайым этникалық бірлік, субэтникалық бөлімдер, макроэтникалық бірліктер). Этникалық топтардың түрлері: рулық, тайпалық, халықтар, ұлттар (Л.Морган, Ю.В.Бромлей). Этностың құндылықтары (олардың нормалары) - этностың әлеуметтік нормасы, этностың психологиялық нормасы. Этностартың өмір сүру тәсілдері: пайда болуы, ұлғаюы, белсенділік деңгейінің төмендеуі, гомеостазға өтуі, яғни этностың статистикалық өмір сүруі. Топтағы этностық үдерістер. Этникалық ұйымдар үдерістері (консолидация, ассимиляция және интеграция); этникалық ыдыраудың үдерістері (В. И. Козлов және т.б.).



Тақырып 7. Әлеуметтік-психологиялық диагностика және адамның әлеуметтік мінез-құлқын болжау мәселесі.

Тұлғаны түсіндірудің әлеуметтік-психологиялық тұғырдың өзіне тән ерекшеліктері: биологиялық, әлеуметтік, даралық-психологиялық, әлеуметтік-психологиялық және т.б. «Менталитеттік», «социотип», «архетип», «құндылық», «мағыналық сфера», «мотивация» ұғымдары. М. Рокичтің құндылыққа бағдарлануды зерттеу әдістемесі. Б.М.Басстың бағдарлық сауалнамасы; Д.А.Леонтьевтің өмірлік мағынаға бағдарлану әдістемесі; өмірдің мәніне бағдарлану тесті; «Саналы өмірлік мақсаттар» әдістемесі. Когнитивті «Мен» әлеуметтік-психологиялық диагностикасы және «Мен» - тұлға сипаттамасы: өзіндік баға, сәйкестік және қатынас; тұлғаның әлеуметтік-психологиялық құзіреттілік диагностикасы; тұлғаның статустық-рольдік сипаттамасы; тұлғаның әлеуметтік сезімдері мен эмоциялық сферасы. Адамның әлеуметтік мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау мәселесі.



Тақырып 8. Отбасылық кеңес беру негізі.

Отбасылық кеңес беру тәжірибесінің дамуы. Отбасылық кеңес берудің теориялық негізі. Отбасылық кеңес берудің негізгі қағидалары. Жанұяға психологиялық кеңес берудің кезеңдері.



Тақырып 9. Кәсіби іс-әрекет субъектісі психологиясының негізгі аспектілері.

Кәсіби іс-әрекет құрылымындағы когнитивті, реттеушілік, эмоциялық-еріктік, коммуникативті үдерістері. Кәсіби мәнді қасиеттер. Функционалдық қалып кәсіби іс-әрекетті реттеуші ретінде. Еңбек іс-әрекетінің мотивациясы.



Тақырып 10. Білім беру жүйесіндегі тәжірибелік психологтың іс-әрекет түрлері мен негізгі бағыттары.

Білім беру жүйесіндегі тәжірибелік психологтың әртүрлі іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру. Психологиялық ағарту ісі. Психологиялық профилактика. Психологиялық диагностика. Психологиялық коррекция. Кеңес беру іс-әрекеті. Психологиялық-педагогикалық консилиум. Психологиялық қызметтің негізгі міндеттері, бағыттары.



Тақырып 11. Психологиялық кеңес берудің құрылымдық компоненттері.

Психологиялық кеңес беру туралы жалпы түсінік. Психологиялық кеңес берудің түрлері және оның өзіне тән ерекшеліктері. Психологиялық кеңес берудің методологиялық негізі: клиентке терең бағытталу психологиясы, бихевиористік бағыт, гуманистік бағыт. Психолог пен клиент арасында сенімділік қатынас орнату. Психологиялық кеңес берудің мазмұны мен кезеңдері: кеңес берудің басталуы, клиентке сұрақтар қою, кеңес беру болжамын құру және тексеру, коррекциялық әсер ету, кеңес беруді аяқтау. Кеңес берушінің негізгі ептіліктері.



Тақырып 12. Топ әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде.

Әлеуметтік психологиядағы топ мәселесі. Топ іс-әрекет субьектісі ретінде. Топтың негізгі параметрлері, оның сипаттамалары. Топтың жіктелуі. Кіші топқа әлеуметтік-психологиялық талдау. Кіші топтың топтық үдерістері, топтық қысым феномені, кіші топтардың жіктелуі. Топтағы лидерлік үдеріс, әлеуметтік психологиядағы лидерлік стильдер. Ұжымның қалыптасу үдерісі. А. В.Петровский және Стенфорд бойынша ұжымның дамуы.



Тақырып 13. Негізгі психологиялық-педагогикалық коррекциялық тұғырлар мен технологиялар.

Психологиялық-педагогикалық түзетудің негізгі мақсаттары мен міндеттері. Психологиялық-педагогикалық коррекция мен психотерапияның өзара байланысы. Олардың негізгі өзгешеліктері. Психологиялық-педагогикалық коррекцияның кең тараған бағыттары: психоаналитикалық, гуманистік, бихевиористік, интеграциялық. Психодиагностикалық мәліметтерді талдау және психологиялық-педагогикалық түзету бағдарламасын құру. Психологиялық-педагогикалық коррекцияның негізгі түрлері: танымдық сфераны дамыту және эмоциялық күйзелістерді реттеу. Психологиялық-педагогикалық коррекцияның жалпы әдістері: көз жеткізу, жеке мысалдар, мадақтау, жазалау. Тұлғаның танымдық және эмоциялық сферасын дамыту мен түзетуге бағытталған ойын технологияларын қолдану. Психологиялық-педагогикалық түзетуді жоққа шығаратын кемшіліктер. Психокоррекциялық жұмыстың топтық және даралық формалары. Психопрофилактика және оның негізгі қағидалары.



Тақырып 14. Заманауи отбасы ерекшеліктері, оның құрылымы, динамикасы.

Заманауи отбасының әртүрлі категориялары. Отбасының заманауи моделі, оның ерекшеліктері. Психологиялық толымды және толымсыз отбасылар. Заманауи отбасының психологиялық саулығы. Отбасылық қатынас динамикасы. Отбасылық өмірдің кезеңдері.



Тақырып 15. Психологиялық-педагогикалық тренинг, оның мақсаттары, міндеттері, түрлері.

Қазіргі кездегі психологиялық-педагогикалық ғылымдардағы тренинг ұғымы. Мамандарды даярлау жүйесіндегі психологиялық-педагогикалық тренингтің орны және психологиялық басқа пәндермен байланысы: жалпы психология негізі, әлеуметтік психология, психодиагностика, психологиялық коррекция және психотерапия. Топтық оқытудың, топтық психотерапияның, әлеуметтік-психологиялық тренингтің мақсаттары мен негізгі өзгешелік белгілері. Тұлғаға психологиялық әсер ету әдісі. Белсенді оқыту әдістеріне жалпы сипаттама. Пікірталас және ойын әдістері. Әлеуметтік-психологиялық тренинг әлеуметтік-психологиялық белсенді оқытудың кешенді формасы ретінде. Тренинг түрлері: топты құру тәсіліне байланысты, тренинг мақсатына байланысты. Тренинг бағдарламасын жобалау технологиясы. Тренинг бағдарламасын жобалау қағидасы: мәселелік қағида, модельдеу қағидасы, зерттеу қағидасы, кері байланыс және жаңашыл қағидасы, сатылау қағидасы. Мақсаттың құрылуы. Міндеттердің құрылуы. Топтың мәнді сипаттамасын анықтау. Әсер етудің негізгі аясын таңдау. Топқа ену ұзақтығын және жұмыс режимін анықтау. Тренингтің (тақырыптық жоспар) жалпы жоспарын және әрбір жеке сабақтың жоспар макетін құру.



Тақырып 16. Әртүрлі типтегі білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызмет.

Білім беру жүйесіндегі тәжірибелік психологтың кәсіби ұстанымы. Білім беру жүйесіндегі тәжірибелік психологтың тұлғалық қасиеттері. Әртүрлі типтегі білім беру мекемелеріндегі тәжірибелік психологтың өзіне тән жұмыс ерекшеліктері. (МДМ, мектеп, мектеп-интернат, гимназия, лицей, қосымша білім беру мекемелері).



Тақырып 17. Конфликт ұғымы және мазмұны.

Конфликт ұғымы, оның мәні және құрылымы. Шетелдерде және Ресейде конфликтологияның қалыптасу тарихы. Конфликт пәні, конфликтілі жағдай сипаты, конфликт мотивтері, конфликт жақтардың ұсатанымдары және олардың конфликтіні талдаудағы ролі. Конфликтілердің жіктелуі, конфликтінің негізгі себептері. Конфликт динамикасы. Конфликт кезеңдері мен сатылары. В.П.Шейнов бойынша конфликт типологиясы. К.Томас бойынша конфликт кезіндегі мінез-құлықтың сыртқы стратегиясы. Конфликтінің аяқталу формасы және конфликтіні шешу тәсілдері. Конфликт кезіндегі тұлғаның мінез-құлық моделі.



Тақырып 18. Негізгі психотерапиялық тұғырлар және бағыттар.

Психотерапияның теориялық негізі. Психотерапияның анықтамасы, обьектісі, пәні, мақсат, міндеттері. Психотерапия туралы ой пікірлердің даму тарихы. Психотерапия және оның практикалық психологияның басқа салаларымен байланысы. Психотерапияның медициналық және психологиялық моделі. Психотерапиялық эффектінің психологиялық механизмдері. Психотерапиялық әсер етудің құралдары. Клиент пен психологтың ұстанымы. Қазіргі кездегі психотерапияның негізгі бағыттары. (психоаналитикалық, мінез-құлықтық, гуманистік және интеграциялық). Психотерапияның түрлері (жеке даралық, топтық, отбасылық).



Тақырып 19. Тұлғааралық қатынас психологиясы.

Қоғамдық және тұлға аралық қатынас мәселесі, олардың өзгешеліктері. Тұлға аралық қатынасты зерттеу әдістері. Социометрия әдісінің көрсеткіштері. Қарым-қатынас түсінігі, оның түрлері, құрылымы: қарым-қатынастың коммуникативті, перцептивті және интерактивті жақтары. Қарым-қатынас құралдары: вербальды және вербальды емес. Перцептивті жақтың механизмдері: идентификация, эмпатия, рефлексия, аттракция. Тұлға аралық қарым-қатынастағы өзара әрекеттесу: «ореол» эффектісі, «стереотипизация», «бағдар», «біріншілік». Каузальды атрибуция теориясы және оның қателіктері.



Тақырып 20. Психологияда мәліметтерді өңдеудің математикалық негізі.

Эксперименттік мәліметтерді статистикалық өңдеудің әдістері. Біріншілік әдістер. Екіншілік әдістер. Таңдау дисперсиясы. Орташа шаршы ауытқулар. (ішінара ауытқу). Медиана. Мода. Эксперименттік мәліметтерді бөлудің Гауссовский (қалыпты) заңы. Корреляциялық талдау. Жұптық корреляция. Рангілеу корреляциясы. Факторлы талдау.


Негізгі әдебиеттер тізімі:

  1. Куров И.Е. Высшее педагогическое образование: проблемы и решения. Новгород, 1994.

  2. Кустов Ю.А. Единство и преемственность педагогических действий в высшей школе. Самара, 1994.

  3. Никандров Н.Д. Понятийный аппарат педагогики и образования: перспективы исследований // Педагогика – 1996 - №3.

  4. Полат Е.С. Современные педагогические и информационные технологии в системе образования. М., 2007.

  5. Алексеев Н.А. Личностно ориентированное обучение: вопросы теории и практики. Тюмень, 1997.

  6. Ананьев Б.Г. О проблемах современного человекознания., СПб, 2001.

  7. Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе: контекстный подход. М., 1991.

  8. Педагогические технологии / Под общ.ред. В.С. Кукушкина., Ростов на Дону, 2002.

  9. Гершунский Б.С. Философия образования для XXI века. – М.: Из-во «Совершенство», 1998.

  10. Гусинский Э.Н. Введение в философию образования. – М., 2001. -160 с.

  11. Краевский В. В. Методология педагогики. - Чебоксары: Изд-во Чуваш, ун-та, 2001.

  12. Краевский В. В. Методология педагогики. - Чебоксары: Изд-во Чуваш, ун-та, 2001.

  13. Каланова Ш.М. Тотальный менеджмент качества в высшем образовании: учебное пособие-практикоориентированная монография / Ш.М. Каланова; В.К.Бишимбаев.- Астана: Фолиант, 2006.

  14. Качество образования - фактор цивилизации ХХ1 века. - Кн. 1., - Алматы, 2004.

  15. Управление качеством: Учебник Высшее образование/ Басовский Л.Е., Протасьев В.Б. – М.: ИНФРА-М, 2000.

  16. Мухамедхан, Д. Качество высшего образования и кредитная система обучения/ Д. Мухамедхан.- Алматы, 2005.

  17. Паранюшкин Р.В. Педагогика и психология высшей школы. - Ростов н/Д, 2006.

  18. Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. – М., 2005.

  19. Педагогика и психология высшей школы. - Ростов н/Д, 2006.

  20. Агафонов А.Н.  Основы общей и социальной педагогики. – Караганда, 2007.

  21. Давыдов В.П. Методология и методика психолого-педагогического исследования. – М., 2006.

  22. Загвязинский В.И. Методология и методы психолого-педагогического исследования. – М., 2005.

  23. Кузнецов И.Н. Научное исследование. Методика проведения и оформления. – М., 2007.

  24. Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса. – Алматы, 2002

  25. Нефедова Л.В. Педагогика высшей школы. – Астана, 2004.

Қосымша әдебиеттер тізімі:

  1. Куров И.Е. Высшее педагогическое образование: проблемы и решения. Новгород, 1994.

  2. Кустов Ю.А. Единство и преемственность педагогических действий в высшей школе. Самара, 1994.

  3. Никандров Н.Д. Понятийный аппарат педагогики и образования: перспективы исследований // Педагогика – 1996 - №3.

  4. Полат Е.С. Современные педагогические и информационные технологии в системе образования. М., 2007.

  5. Алексеев Н.А. Личностно ориентированное обучение: вопросы теории и практики. Тюмень, 1997.

  6. Ананьев Б.Г. О проблемах современного человекознания., СПб, 2001.

  7. Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе: контекстный подход. М., 1991.

  8. Педагогические технологии / Под общ.ред. В.С. Кукушкина., Ростов на Дону, 2002.

  9. Гершунский Б.С. Философия образования для XXI века. – М.: Из-во «Совершенство», 1998.

  10. Гусинский Э.Н. Введение в философию образования. – М., 2001. -160 с.

  11. Краевский В. В. Методология педагогики. - Чебоксары: Изд-во Чуваш, ун-та, 2001.

  12. Краевский В. В. Методология педагогики. - Чебоксары: Изд-во Чуваш, ун-та, 2001.

  13. Каланова Ш.М. Тотальный менеджмент качества в высшем образовании: учебное пособие-практикоориентированная монография / Ш.М. Каланова; В.К.Бишимбаев.- Астана: Фолиант, 2006.

  14. Качество образования - фактор цивилизации ХХ1 века. - Кн. 1., - Алматы, 2004.

  15. Управление качеством: Учебник Высшее образование/ Басовский Л.Е., Протасьев В.Б. – М.: ИНФРА-М, 2000.

  16. Мухамедхан, Д. Качество высшего образования и кредитная система обучения/ Д. Мухамедхан.- Алматы, 2005.

  17. Паранюшкин Р.В. Педагогика и психология высшей школы. - Ростов н/Д, 2006.

  18. Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. – М., 2005.

  19. Педагогика и психология высшей школы. - Ростов н/Д, 2006.

  20. Агафонов А.Н.  Основы общей и социальной педагогики. – Караганда, 2007.

  21. Давыдов В.П. Методология и методика психолого-педагогического исследования. – М., 2006.

  22. Загвязинский В.И. Методология и методы психолого-педагогического исследования. – М., 2005.

  23. Мудрик А.В. Социализация человека. М., 2004.

  24. Бим-Бад Б.М. Образование в контексте социализации // Педагогика. -1996.-№1. Гершунский Б.С. Методологическое знание в педагогике. М., 1986.

  25. Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса. – Алматы, 2002.

  26. Кузнецов И.Н. Научное исследование. Методика проведения и оформления. – М., 2007.

  27. Самоукина Н.В. Психология и педагогика профессиональной деятельности. М., 2000.

  28. Коджаспирова Г.М., Коджаспиров А.Ю. Педагогический словарь. М., 2001.

  29. Краевский В.В. Методологические характеристики педагогического исследования и критерии оценок его результатов. Самара, 1992.

  30. Краевский В.В. Методология педагогики: новый этап. М., 2006.

  31. Краевский В.В. Педагогическая теория: Что это такое? Зачем она нужна? Как она делается? Волгоград, 1996.

  32. Кузнецова В.А. Проблема многоуровневой подготовки учителя в университете. Саранск., 1993.

  33. Полонский В.М. Методы анализа и прогноза развития педагогической науки // Педагогика – 1995 - №5.

  34. Реформы образования в современном мире: глобальные и региональные тенденции. М., 1995.

  35. Андреев В.И. Диалектика воспитания и самовоспитания творческой личности. Казань, 1998.

  36. Бухарова Г.Д. К проблеме модернизации профессионально-педагогического образования. М., 2002.

  37. Баймуканова М.Т. Электронный курс лекций «Жалпы және әлеуметтік педагогика». – Караганда, 2006






Каталог: downloads -> magistratura
magistratura -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
magistratura -> 6M011000 «Физика» мамандығы бойынша магистратураға түсуге арналған емтихан сұрақтары
magistratura -> БАҒдарламасы астана 2015 Мазмұны Кіріспе 3
magistratura -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2011 жылғы «17» маусымдағы №261 бұйрығымен бекітілген
magistratura -> Білім беру бағдарламасы Негізгі тақырыптардың қысқаша мазмұны Ботаника
magistratura -> Сәулет құрылыс факультеті 6М042000-«Сәулет»
magistratura -> Сәулет құрылыс факультеті 6М042100-«Дизайн»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет