Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС



Pdf көрінісі
бет145/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
125
Сөйтіп, мұндағы өндіріс көлемі тіпті құлдырады. Осы өзгерістердің 
кесірінен бұл қауым өздерін асырап, бір-біріне тәуелді болудың ор- 
нына түгелімен үкіметтен келетін көмекке қарап қалды.
Соның салдарынан шаруашылықты үйымдастырудың бүкіл 
тәртібі, әлеуметтік рөлдер, мәртебелер, институттар бұзылды. Ерлі- 
зайыптылар арасындағы қарым-қатынас бүрынғыдай айқын бол- 
май қалды. Екеуара бірлескен экономикалық өнім өндіру жойылған 
соң олардың ендігі құқықтары мен міндеттері не болмақ? Ешкім 
ертеңін ойламайтын күн туды, енді олардың балалар алдындағы 
құқықтары мен жауапкершіліктері қандай болуы керек?
Оджибуейдің болашағы
1985 жылы үкіметтің саясаты мен қағаз фабрикасының кесірінен 
өмір салты өзгеруінің өтемі ретінде оджибуей қауымдастығы 16,7 
миллион доллар өтемақы алу жөнінде соттан тыс келісімге келген. 
Алайда арада 20 жыл өтсе де әлі күнге табиғаттың ластануы - денсау- 
лық сақтау мен экономика салаларының басты проблемасы болып 
отыр (Envirowatch, 2006). Оның үстіне, сырттағы корпорациялардың 
кен өндіру, ағаш кесу әрекеттері тайпа өміріне және қоршаған ор- 
таға жаңа қауіп-қатер төндірді. Соған қарамастан оджибуей қауым- 
дастығы бас көтеріп, жарақаттарын жаза бастады. Олар балаларға 
оджибуей тілін үйрететін мектеп бағдарламаларын әзірледі, резер- 
вацияның ақшасын пайдаланып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік 
беретін жаңа өнеркәсіп орындарын ашты, оған қоса олар табиғатқа 
төнген жаңа қатерлерге төтеп беру үшін саяси тұрғыда жұмылып 
келеді (Envirowatch, 2006). Олар ескі қоғамдық институттарды қал- 
пына келтіріп, жаңаларын қалыптастырып жатыр.
Әлеуметтану ғылымының жауабы
Өкінішке қарай, Оджибуей қасіреті - сирек кездесетін жағдай емес. 
Солтүстік Америкадағы тайпалардың барлығы осы тағдырды бас- 
тан кешірді. Байырғы америкалықтар арасында алкоголь не есірт- 
кіге тәуелділік әдеттен тыс көп кездеседі. Соның кесірінен, олардың 
арасында бауыр ауруынан, бүйрек циррозынан, төтенше оқиғалар- 
дан, кісі қолынан, суицидтен қаза табатындар саны әлдеқайда көп. 
(Денсаулық сақтау статистикасының 2011 жылғы Ұлттық орталығы, 
Wagner, 2006).
Байырғы америкалықтардың алкоголь мен есірткіге тәуелділі- 
гін азайтуға әлеуметтанулық тұрғыдан үлес қосу ісі «алкогольді ша- 
мадан тыс ішуге қандай қоғамдық құрылымдар итермелейді? Қо- 
ғамдық қүрылымдар салынып ішпейтіндерді неге ішімдікті қоюға 
ынталандырмайды?» деген сұрақтардан басталады.
Мүның жауабы теориялық жұмыс ауқымына байланысты. Қү- 
рылымдық функцияшылдар үндістердің институттарының жо- 
йылуына, олардың қалған институттары мен ақ нәсілді қоғамның 
арасындағы үйлесімсіздіктерге назар аударуы мүмкін. Конфликт 
теориясының өкілдері ақ нәсілділердің үндістерді зорлықтың кү- 
шімен, жүйелі түрде мәдениеттерінен, тіршілік етіп, нәпақа табу 
мумкіндіктерінен айырып, олардың қоғамын қалай күл-талқан ет- 
кеніне баса көңіл бөледі. Дегенмен екі тарап та үндістердің кедейлік 
салдарынан қырылғанын мойындайды. Нәтижесінде, екі жақ өкіл- 
дері үндістерді жұмыспен толық қамту үшін олардың экономика- 
лык; және қоғамдық институттарына өзгеріс енгізіп, екінші жағы- 
нан, олардың мәдениетін дамытып, қадір-қасиетін арттыру керек 
деген тоқтамға келген.


126


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет