Мұғалімге
тән кәсіби құндылықтар
113
зорлық-зомбылықтың ең көне оқиғасы ретінде тіркелгенін хабарла
-
ды. Балаларға көрсетілетін
қатігездік психикалық, эмоциялық, сон
-
дай-ақ физикалық түрде де болады. Кейде мұғалімдер оңаша қалғанда
немесе сабақтан тыс уақытта өз іс-әрекетінің
байыбына бармайтын
жайттар да ұшырасып жатады. Мұндай түсінбеушілік кәсіби қателік
-
тер немесе балаларға зорлық-зомбылық көрсету сияқты айыптауларға
әкеп соғады. Мұндай айыптаулар (орынды немесе орынсыз болса да)
отбасылық қарым-қатынасты бұзады, мансапқа, адамның эмоциялық
және психикалық саулығына зиянын тигізеді.
Балаларға көрсетілген зорлық-зомбылықты көптеген белгілер
арқылы байқауға болады, олар: физикалық белгілер, көзге түсуге ұм
-
тылу, өзін-өзі төмен бағалау және сабаққа келмеу. Мектептерде бала
-
ларды қорғауға қатысты нақты саясат пен тәжірибе болуы қажет. Олар
балаларды қорғау бойынша жергілікті желімен ынтымақтастық орна
-
тып, ақпарат алмасуға міндетті. Сынып
жетекшілері барлық балалар
өзін қауіпсіз сезінуі үшін мектеп ішінде және одан тыс жерлерде бала
-
ны қорғауда маңызды рөл атқарады (Sweeney, 1999), демек, мектептің
ішкі тәртібін анық білу маңызды.
Зорлық-зомбылыққа қатысты күдігінің бар екенін мектепке қа
-
тысы бар кез келген адам, оның ішінде балалар, ата-аналар, бала қам
-
қоршылары (қараушылары) жасырмайды. Күдігі бар болса, мектепте
арнайы тағайындалған қызметкерге, әдетте мектеп директорына, жаз
-
баша түрде айтып, қол қойып, күнін көрсетіп өткізу керек. Әсіресе құ
-
пиялықтың толық сақталатынына көзі жетпесе де, өз көзқарасын ба
-
йыппен қабылдайды деген үмітпен көңіліндегі алаңын жайып салатын
балаларға жауап беру өте маңызды.
Барнардо және балаларға қатысты
қатігездіктің алдын алу жө
-
ніндегі ұлттық қоғам (NSPCC) сияқты ұйымдар ықтимал қараусыздық
пен зорлық-зомбылықтың белгілері туралы, сондай-ақ жиілеп кеткен
«
секстинг
» мәселесі секілді қиын жағдайларда қалай әрекет ету керек
-
тігі туралы пайдалы нұсқаулар береді (NSPCC, 2013). Мектептерде және
жергілікті билік органдарында зорлық-зомбылықты,
сонымен қатар
мұғалімдерге қатысты айыптауларды ашудың нақты процедуралары
болуы керек (сонымен қатар ұлттық мұғалімдер одағы www.teachers.
org.uk/node/18971 сайтындағы нұсқаулықты қараңыз). 3.3-сызбада
Шотланд үкіметі ұсынған ақпараттың растығын анықтау жолдары
көрсетілген.