Шығармашылық ізденістегі мұғалімдер
139
Дэниэл Големан (1996) сияқты жазушылар адамда екі түрлі зер
-
де болатынын айтады: ойлайтын (рационалды зерде) және сезінетін
(эмоциялық зерде), әдетте оны «жүрек» пен «бас» деп атайды. Адам
-
ның бойын мазасыздық, ашу немесе реніш сияқты жағымсыз эмоция
билегенде, рационалды ойлауы солардың қыспағында қалады. Ал ке
-
рісінше қуаныш, үміт және махаббат сияқты жағымды эмоциялар оқу
әрекетін жақсартады. Әрине, құштарлықтың жағымды да, жағымсыз
да жақтары бар. Эмоция мен ақыл арасындағы тепе-теңдікті табу –
өмірдегі үлкен қиындықтардың бірі.
Оқыту аясындағы құштарлықтың романтикаға, физикалық тар
-
тымдылыққа немесе жыныстық жақындыққа еш қатысы жоқ. Ол мұ
-
ғалімнің идеяларға, тақырыптарға және балаларға деген сүйіспеншілі
-
гіне қатысты ғана қарастырылады. Қажырлы еңбек етіп жүрген мұға
-
лімдер жетерлік, бірақ олардың бәрі өз ісінен ләззат алып жүрген жоқ.
Олар мектепке келіп өзгелерді оқытуға құштар емес. Өз ісін сүйетін ұс
-
таздың өзінің басқа нәрсемен айналысып жүргенін көз алдына елесте
-
туі өте қиын. Олар тәуекелге бара алатындар (жағдайды жақсарту үшін
шеңберден шығу мағынасында) білім мен идеяларға мұқият қарайды,
мектептегі және одан тыс жерлерде болып жатқан жаңалықтардан
хабардар болып отырады және әр баланың әлеуетіне назар аударады
(Fried, 1995). Өз ісіне құштар мұғалім әртүрлі себептермен есте қалады.
Мысалы, кейбірі поэзияға деген сүйіспеншілігімен, ғарыш ғажайыпта
-
рына құштарлығымен, гитарада ойнауы, нәсілшілдікке қарсы күресті
қолдауымен немесе планетаны сақтап қалуға ұмтылуымен. Құштар
-
лық мұғалімдерді оқуға деген сүйіспеншілігін бөлісуге және жас ақыл
иелерін оқу процесіне серіктес ретінде қалай тартуға болатыны жайлы
ойлануға итермелейді. Өз ісіне құштар мұғалім деген бойында күш-
жігері тасыған, өзіне сенімі әрқашан нық жандар дегенді білдірмейді.
Құштарлық әртүрлі жолмен байқалуы мүмкін. Өз ісіне құштар мұғалім
-
дер арасында да ұстамды, кішіпейіл, қарапайым мұғалімдер бар, алай
-
да діттеген жеріне жетуде оларды ешкім тоқтата алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: