Кең
ауқымды оқу бағдарламасы
319
дар туралы әңгімелер мен түрлі оқиғалар жақсы «контент» бола ала
-
ды. Өз өмір тарихы мен отбасы тарихының маңызы
Who Do You Think
You Are
? (Өзіңді кіммін деп тұрсың?)
телехикаясының ықпалымен тіпті
арта түсті (BBC, since 2004). Шын көңіл қойса, балалар ата-бабаларынан
қалған мұраларды зерттеу мен отбасылық альбомдарда бейнеленген
жақындары туралы сұрақтар қою арқылы айтарлықтай көп нәрсе бі
-
леді. Стажерлар тобына тарих пәні бойынша «Атаулар» тақырыбында
жобалық жұмыс дайындау тапсырылып, жұмыс мына бағыттар бойын
-
ша жүргізілген: адам есімдері, ата-тек атаулары, жер-cу атаулары (-ton,
-wick, -by), көше атаулары, паб атаулары, күлкілі атаулар,
лақап ат
-
тар, титулдар, қабір тастарындағы атаулар, белгісіз сарбаздар, ұлттар
мен ұлыстардың атаулары (мысалы, Saxons, Sussex and Essex), Англия
атауының шығу төркіні, округ атаулары, Еуропадағы атауы бірдей қа
-
лалар, ұмытылған атаулар және ең ұзын топонимдер.
Купер (2000) кіші мектеп жасындағы балаларға үш сұрақ қойып,
жақсы құрылым ұсыну арқылы тарихи деректер туралы ой толғауға
ынталандыруға
болатынын айтады, мысалы:
1) Бұл туралы нақты не білесіз?
2) Қандай болжам жасай аласыз?
3) Нені білгіңіз келеді?
Тарихты оқыту нәтижелі болу үшін, оқушылардың бақылау, сұрақ
қою және негізі бар тұжырым жасау сияқты зерттеу дағдыларын да
-
мытудың маңызы зор. Бұл Наффилдтің 5 қадамнан тұратын бастауыш
мектепке арналған тарих жобасының (Fines and Nichol, 1997: 3) «тарих
-
ты жасау» идеясына негіз болған:
1) зерттеу бағытын таңдау;
2) негізгі сұрақтарды анықтау;
3) сұраққа жауап
беретін дереккөздерді табу;
4) негізгі сұрақпен байланысты жаңа қосымша сұрақтарды анықтау;
5) сұраққа жауап беру үшін ақпаратты табу, жазып алу, талдау, сұрып
-
тау және жалпылау.
Бұл жағынан мұғалімдер
дәлелдер пакетін қолдану – барлық жас
-
тағыларға жақсы әсер ететін бастапқы стратегия екенін айтады
.
Нақты
немесе қиялдағы адамның шабаданына немесе ескі сөмкеге бірқатар
заттар салынады. Шағын топтарға бөлінген балаларға адамға қатысты
дәлелдерді пайдалана отырып, детектив ретінде жұмыс істеу тапсыры
-
лады. Бастапқыда сөмкенің ішіндегі заттарды бақылау, талқылау және
Кең ауқымды оқу бағдарламасы
320
пайымдау, сауалнама жүргізу және негізге сүйеніп қорытынды шығару
дағдыларын дамыту үшін пайдалануға болады. 8.2-кестеде стажер мұ
-
ғаліммен жұмыс істейтін 4-сыныптың жауаптары ұсынылған.
Бұл жаттығудың нұсқалары көп. 8.2-кестеде аталған стажер Екін
-
ші дүниежүзілік соғыс кезінде эвакуацияланғандарға сақталған шаба
-
дандағы дәлелдерді қарастыру үшін
осы бастапқы идеяны жетілдір
-
ді. Ол тамақтану талонын, газет қиындыларын, күнделік үзінділерін,
фотосуреттер мен мерзімі көрсетілмеген карта тапты. 2-сыныпта жұ
-
мыс істейтін тағы бір стажер Джейн Хиссидің «Кәрі аю»
әңгімесімен
байланысты шатырдан тапқан заттарды әкелді (Random House, 1993).
Артефактілерді ата-аналар мен ата-әжелер сияқты әртүрлі буын өкіл
-
дерінен алуға болады, олар өткен заманның белгілі бір кезеңін немесе
оқиғаны бейнелейді. Сондай-ақ белгілі бір нанымдарға, аймақтарға қа
-
тысты артефактілерді қолдану арқылы діни және географиялық білім
алуға ынталандыруға болады.
Мұғалімдер заттай дәлелдерді көрсетіп, балаларды мұражай кура
-
торларының, археологтардың жұмысымен таныстыра алады. Соңғы
онжылдықта археология Индиана Джонс және басқа да ойдан шыға
-
рылған кейіпкерлер мен «
Time Team»
сияқты
телехикаялар арқылы
танымал болды (Channel 4, 1991–2012). Баланың қызығушылығын
Достарыңызбен бөлісу: