ІІІ. «Ежелгі және хандық дәуір әдебиетінің тарихы»
1.Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі.
Біздің заманымыздан бұрынғы жазу-сызулар. Сақ дәуіріндегі аңыз-әңгімелердің идеясы. Ғұндардың қаһармандық жырларының ой-мұраты. Деректі жазу бар жерде әдебиеттің болатындығы.
2.Ислам дәуіріндегі қазақ әдебиеті.
Х-ХІІ ғасырларда Қазақстан мен Орта Азия жерлерінде бірте-бірте ислам діні мен мәдениетінің қалыптаса бастауы. Ислам мәдениетін жасауда қазақ жерінен шыққан ғұлама ғалымдар мен ақын-жазушылардың орны.
3.Алтын Орда дәуіріндегі қазақ әдебиеті.
Алтын Орда мемлекетінің құрылуы, саяси-әлеуметтік жағдайы. Мемлекеттің мәдениеті мен әдебиеті. Жібек жолының маңызы. Алтын ордаға байланысты тарихшылардың қалдырған дереккөздері. Осы кезде өмір сүрген дарын иелері. Бұл кезеңдегі көркем әдебиеттің екі бағытта болғандығы, яғни аударма-нәзира және тыңтума әдебиеттің қалыптасуы.
4.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.
Қазақ хандығының құрылу тарихы. Мәдениеті мен әдебиеті. Жыраулар поэзиясының қалыптасуы. Жыраулық өнердің өзіндік ерекшеліктері. Жыраудың әлеуметтік тұлғасы. Жырау-ақын. Жырау-сазгер.
Достарыңызбен бөлісу: |