Бағдарламасы Баспа №1 «Қалааралық жүк тасымалдары» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен



бет1/4
Дата14.04.2017
өлшемі0,88 Mb.
#13880
түріБағдарламасы
  1   2   3   4

ОӘК 042-18-12.1.41/03-2013

18.09.2013 Баспа №1

беттің




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМК құжаты

ОӘК

ОӘК 042-18-12.1.41/03-2013

«Қалааралық жүк тасымалдары»

пәнінен студенттерге

арналған жұмыс

бағдарламасы



Баспа №1

«Қалааралық жүк тасымалдары»
ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану»

мамандығына арналған


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей

2013
Алғы сөз

1. Құрастырған

Құрастырған: ____________________ «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы Сарсембеков Е.А., Бакиева А.Б., оқытушы Сагатбекова А.Б.
2. Талқыланды

2.1. «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы отырысында қарастырылды.

Хаттама № 1 « 09 » 09 2013 ж.

Кафедра меңгерушісі __________ С.Смағұлов

2.2. Факультеттің оқу-әдістемелік бюросы отырысында қарастырылды.

Хаттама № 1 « 11 » 09 2013 ж.

Төрағасы __________ Бекбаева .С.
3. бекітілді

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі отырысында баспаға жіберуге ұсынылды және мақұлданды.

Хаттама № 1 « 18 » 09 2013 ж.

ОӘК төрағасы, бірінші проректор _______________ Искакова Г.К.


4. ЕКІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛІП ОТЫР


МАЗМҰНЫ
1. Дәрістер

2. Практикалық сабақтар

3. Курстық жоба

4. Студенттердің өздік жұмыстарының жоспары



1. Дәрістер

Дәріс сабақтарының құрылымы:

1-дәріс. Халықаралық автомобильді тасымалы ұғымы(1).

Дәріс жоспары:

1. Халықаралық тасымалдауда қолданатын негізгі терминдер.

2. Қалааралық және халықаралық жүк тасымалдауды ұйымдастыру.



Халықаралық тасымалы бұл көліктер арқылы жүктердің және жолаушыларды Қ.Р –сы территориясы шекарасынан немесе Қ.Р-сы территориясына тасымалдау, сонымен қатар көліктер арқылы жүктерді немесе жолаушыларды Қ.Р территориясында транзитті тасымалдау. Мұндай тасымалға жататындар:

  • Қазақстандық тасымалдаушыға тиесілі жүк тиелген немесе жүк тиелмеген көлікпен Қ.Р-ң территориясына шетел мемлекеттің территориясы арқылы жүру;

  • Қазақстандық тасымалдаушыға тиесілі жүк тиелген немесе тиелмеген көлікпен бір шетел мемлекеттің территориясынан басқа мемлекет территориясына Қ.Р территориясы арқылы транзитті жүру;

  • Шетел тасымалдаушысына тиесілі жүк тиелген немесе тиелмеген көлік құралымен Қ.Р территориясынан немесе керісінше Қ.Р территориясы арқылы жүру.

Қазақстандық тасымалдаушы – бұл жүк немесе жолаушыларды тасымалдау үшін өзіне тиесілі жүк көлігін немесе автобусты пайдаланатын Қазақстандық заңды немесе жеке тұлға.

Шетел тасымалдаушысы – бұл жүкті немесе жолаушыларды тасымалдау үшін қолданатын көліктерді пайдаланатын шетелдік заңды немесе жеке тұлға.

Халықаралық тасымалдауда қолданатын негізгі терминдер

Жүк көлік құралдары – жүктерді тасымалдауға арналған жүретін көліктер немесе прицепі мен жартылай прицепі бар жүретін көлік құралы.

Рұқсат етілім (мүмкіндік) – шетел мемлекеттердің территориясы бойынша көлік құралының жүруін растайтын құжат. Рұқсат ету қағазы бір рет пайдаланатын, көп рет пайдаланатын, арнайы және көп жақты болуы мүмкін.

Шетелдік рұқсат етілім – Қазақстандық тасымалдаушыға тиесілі нақты көлік құралын шетел территориясында анықталған белгілі бір уақытта, бір рет немесе көп рет пайдалануға рұқсат етілген құжат.

Арнайы рұқсат етілм - мемлекет территориясы бойынша үлкен көлемді, ауыр немесе қауіпті жүкпен болатын көлік құралына арналған бір рет пайдалануға қосымша рұқсат етілім. Сонымен қатар, алдын-ала келісілген мемлекет тасымалдаушысына тиесілі нақты көлік құралының сол мемлекеттен үшінші мемлекетке немесе үшінші мемлекеттен жүкті тасымалдаушыға бір рет жүруге рұқсат етілген қағаз.

Көп жақты рұқсат етілім – белгілі бір анықталған уақытта кез-келген мемлекет территориясында бірнеше рет жүруге рұқсат етілген құжат.

Халықаралық тасымалдауда жүктердің бөлінуі

Үлкен көлемді жүк – автомобиль жолдары бойынша Қ.Р-сы территориясында көліктердің қозғалыс көлемінің нормасынан асып кететін көліктің көлемі мен қоса алғандағы жүк.

Ауыр салмақты жүк – Қ.Р территориясында арнап көрсетілген көлік салмағынан немесе көліктегі салмақ нормасынан асып кететін көліктің салмағымен қоса алғандағы жүк.

Қауіпті жүк – тасымал кезіндегі адамдардың өміріне және денсаулықтарына қауіп келтіретін, қоршаған ортаға зиян келтіретін, бағалы материалдарды жоятын, қандай-да бір өндіріс немесе шаруашылық қызметтегі заттар, қалдықтар, бұйымдар.

Жылдам бұзылатын жүктер – тасымал кезінде сапасын сақтап қалу үшін температуралық режимді, арнайы ылғалдылықты және қатаң санитарлық гигиенаны талап ететін жүк.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Тасымалдаушы деген кім?

  2. Халықаралық тасымалдарда жүктерде қалайша бөлінеді?

Ұсынылатын әдебиеттер :

1. В. А. Гудков, Л. Б. Миротин, А. В. Вельможин, С. А. Ширяев Грузовые автомобильные перевозки: Учебник для вузов

2. Гудков В. А., Миротин Л. Б. Технология, организация и управление грузовыми автомобильными перевозками: Учебник. - М.: Транспорт, 1997.

3. А.Э.Горев. Грузовые автомобильные перевозки. –М: Академия. 2006.


2- дәріс. Қалааралық және халықаралық жүк тасымалдауды ұйымдастыру(1).

Дәріс жоспары:



  1. Біріңғай жүйедегі заңды құжаттар.

  2. Көліктік бақылау

Халықаралық тасымалдауды мемлекет арқылы реттеу екі жақты және көп жақты келісім шарттар көмегімен іске асады. Халықаралық сауданың кеңеюіне байланысты көп жақты келісім шарттарға ерекше көңіл бөлінеді. Оларды іске асыру үшін арнайы халықаралық ұйымдар құрылды. Халықаралық автомобильді тасмалдауды реттеу облысындағы негізгі нормативті құжаттар БҰҰ шеңберінде дайындалады. Ол Женевада орналасқан. Біріңғай жүйедегі заңды құжаттар келесі топтарға бөлінеді:

  • Конвенциялар (келісім шарттар) – екі жақты қол қойғандардың талаптарын орындауға арналған міндеттемелерді анықтайтын құжат;

  • Ереже – біріңғай ережеге енетін барлық елдерде орындалу үшін міндетті құжаттар. Бұлар ішкі заңдылықтар нормаларына тәуелсіз. Алайда ереже бұзған үшін қойылатын айыппұл әр бір мемлекетте әр түрлі заңдылықпен анықталады;

  • Директивалар – талаптардың қажетті деңгейлерін анықтайды және олардың орындалуы үшін әдіс-тәсілдерді шектемейді;

  • Анықтама – бұл жергілікті сипаттама шеңберінде нақты проблемалар бойынша енгізіледі. Мысал үшін кеден жұмыстарында. Анықтама адрестелген барлық мемлекеттерге міндетті болып табылады;

  • Ұсынымдар мен пікірлер – БҰҰ біріңғай жүйе кеңесімен дайындалады және міндетті күші болмайды.

Көліктік бақылау

Көліктік бақылаудың негізгісіне келесілер жатады:



  • Халықаралық тасымалдауды іске асыратын автокөлік құралын есептеуді және бақылауды қамтамасыз ету;

  • Экспортты-импотты жүктерді тасымалдаудағы автокөлік көлемі жайлы нақты деректерді алу;

  • Шетел тасымалдаушылардың мемлекетке ену квотасын пайдалануын еске алу;

  • Қ.Р территориясындағы автокөлік құралдары көлемін және салмақ параметрлерін бақылау, қауіпті жүкті тасымалдау ережелерін бақылау;

  • Жүргізушінің еңбек және демалыс режимдерін сақтау, тасымалдау ережелері мен шарттарын орындалуын бақылау.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Біріңғай жүйедегі заңды құжаттар қалайша бөлінеді?

  2. Көліктік бақылаудың негізгісіне нелер жатады?

Ұсынылатын әдебиеттер :

1. В. А. Гудков, Л. Б. Миротин, А. В. Вельможин, С. А. Ширяев Грузовые автомобильные перевозки: Учебник для вузов

2. Гудков В. А., Миротин Л. Б. Технология, организация и управление грузовыми автомобильными перевозками: Учебник. - М.: Транспорт, 1997.

3. А.Э.Горев. Грузовые автомобильные перевозки. –М: Академия. 2006.


3-дәріс. Автомобиль жұмысының режимдерін тіркеу (1).

Дәріс жоспары:



  1. Тахограф. Тахограммалар.

  2. Көлік жүргізушісінің және көлік иесінің міндеттері.

Массасы 3,5 т. Артық болатын жүкті халықаралық тасымалдау барысында қозғалмалы состав режимі туралы объективті ақпарат алу үшін автомобильдерді бақылау құрылғыларымен жабдықталуы қажет.

Тахограф – бұл жүрілген жолды және қозғалыс жылдамдығын, жүргізушінің жұмысы мен демалысын үздіксіз тіркеп отыруға арналған құрылғы.

Тахограмммалар – (тіркеп парақтар) автокөлік құралының қозғалыс режимін құжат түрінде тіркеу үшін арналған картон дискілер. Олар тахографтарда орналасқан. Қазіргі уақытта бұл дискілер электронды түрге ауысып жатыр.

Тахограмма дискілерін жүргізушінің фотосуреті бар идентификациялық пластикалық карточкасы алмасады. Онда ұзақ уақыт аралығындағы қозғалмалы составтың қозғалыс режимі жайлы ақпарат жазылады. Электронды тахографтар автомобиль магнитоласына ұқсас болады. Ондағы жады көлемі 1 жылға жететіндей жабдықталады. Тахографқа бір мезгілде екі карточканы салуға болады. Электронды тахограф автомобильдің басқа жүйелерімен де қосылып тұруы мүмкін, сондықтан да бақылаушы және техникалық қызмет жұмысшылары да қажетті қосымша ақпарат жазып алуы мүмкін. Жаңа тахограф аялдамасыз немесе тәулік бойы жүретін жүргізуші жыламдығы асып кеткен кезде, оған ескертеді. Жаңа тахографтарда қосымша қызмет ету жүйелері бар. Мысалы, ақпаратты принтерге шығару, спутниктік байланысқа қосу, автокөлік ұйымына автоматты түрде ақпарат жіберу.

Көлікті жүргізішінің міндеті:



  1. Тахографтың дұрыс қолданысын қамтамасыз етеді, яғни сәйкес жұмыс режиміне тахоргафтың қосқышын қосып және ажыратып отырады.

  2. Тіркеу қағаздарын орнына орнатып және ауыстырып отырады, олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

  3. Өзі көлікті басқарған уақыттан бастап жүргізуші тіркеу қағазын күн сайын қолданады.

  4. Тахограф істен шыққан жағдайда жүргізуші тіркеу парағының сыртқы жағына қолымен жазбалар жүргізеді және олар туралы көлік иесіне хабарлайды.

  5. Ағымдағы осы аптаның және өткен аптаның соңғы күніндегі толтырылған тіркеу қағазын өзімен бірге алып жүреді және сәйкес бақылаушы органдардың қызметкерлеріне көрсетеді.

Көлік иесінің міндеттері:

  1. Көліктегі орнатылған тахографқа қалдануға келетін тіркеу қағаздарының жеткілікті санын жүргізушіге береді.

  2. Әр бір жүргізушінің толтырылған тіркеу қағазын соңғы жазбадан бастап 12 ай сақтайды. Ал тахографтың тексерістен өткені туралы куәлік 3 жыл сақтайды.

  3. Тіркеу қағаздарындағы мәліметке талдау жасайды және қателіктер болса, оны түзету үшін амалдар қолданады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Тахографтың негізгі қызметі не?

  2. Тахограммалар не үшін қолданылады?

  3. Көлік иесінің негізгі міндеттері қандай?

  4. Көлік жүргізушісінің негізгі міндеттері қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер :

1. В. А. Гудков, Л. Б. Миротин, А. В. Вельможин, С. А. Ширяев Грузовые автомобильные перевозки: Учебник для вузов

2. Гудков В. А., Миротин Л. Б. Технология, организация и управление грузовыми автомобильными перевозками: Учебник. - М.: Транспорт, 1997.

3. А.Э.Горев. Грузовые автомобильные перевозки. –М: Академия. 2006.


4-дәріс. Қозғалмалы составтың жүрісін ұйымдастыру(1).

Дәріс жоспары:



  1. Қалааралық және халықаралық тасымалдардың ерекшеліктері.

  2. Қозғалысты ұйымдастыру әдістері.

Қалааралық және халықаралық тасымалдаулар келесі ерекшеліктерімен болады: тасымалдаудың үлкен қашықтығы, өндірістік базадан алыста ұзақ уақыт жұмыс істеу, тасымалданатын жүктің жоғары құндылығы, жол құжаттарды дайындаудың әлдеқайда күрделілігі. Мысалы, кеденмен байланыс. Осы себептерге сәйкес және қозғалмалы составқа қойылатын талаптарды ескере отырып тасымалдаудың іске асуы үшін олар ереже бойынша арнайы автокөліктік ұйымда орындалады. Жүктерді автомобильмен халықаралық және қалааралық тасымалдаудағы қозғалыстың маршрутын автокөлік жолдары деп атайды.

Жолдың ұзақтығына байланысты қозғалмалы состав айналымы бірнеше тәулік болуы мүмкін. Осындай ерекшелік жүргізушінің жұмысын күрделендіреді. Себебі, олар кәсіпорыннан және өзі тұратын мекен-жайдан алыс қашықтықта, қозғалмалы составтың техникалық қараудан өтуі де қиынға түседі және диспетчерлік басқарудың жұмысы күрделенеді.



Қозғалысты және жүргізушілер жұмысын ұйымдастыру әдісін таңдау кезінде айналым уақытын анықтау қажет:



 – қозғалыстың уақыты;

 – түсіру-тиеу жұмыстарының уақыты;

 – жүргізушілердің демалыс уақыты;

 – техникалық қараудан өту уақыты;

 – кедендерде және карантиндік пунктерде тұрып қалу уақыты;

– басқа жағдайларға сәйкес қозғалмалы составтың тұрып қалу уақыттары.

1-сурет. Қалааралық және халықаралық тасымалдар кезіндегі жүргізушілердің жұмысы мен қозғалысын ұйымдастыру.


Тұтас әдістер әр бір автомат бастапқы пункттен соңғы пунктке дейін және керісінше, жолды толық жүреді сәйкесінше жүргізуші де рейсте толық автомобильмен бірге болады. Бұл жағдай жүргізушінің жұмысын ұйымдастыру ерекше талаптар қойылады. Ол талаптар қозғалысың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Жұптық жүру жүйесінде автомобильді бүкіл айналым да екі жүргізуші жүргізеді. Жұптың жүру бір кісілікке қарағанда уақытты үнемді.

Жүргізушінің ауысуымен қозғалысын ұйымдастыру экипаждардың тұрып қалуларды жояды, бірақ та маршрут трассаларына жүргізеді жолдау және орналастыруға қосымша шығын кетеді.

Қозғалыстың учаскелік әдістерінде автоматтардың жолын жекелеме учаскелерге бөледі. Учаскелердің қосылған жерлерде жүктер келесіне өткізіледі. Ал қозғалмалы состав өз учаскесінің бастапқы пунктіне қайтып оралады. Участоктың ұзындығы келесі шартпен таңдалады: автомобильдің айналым уақыты жүргізуші ауысымы ұзақтығының 1-1,5 құрауы керек. Себебі жүргізушіге сол күні тұрақты жұмыс орынына келуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайдың участок ұзындығы келесі формуламен анықталады:





 – маршруттағы жүргізушінің жұмыс уақыты;

 – эксплуатациялық жылдамдық;

Әр бір участектегі автомобильдер саны келесі формуламен анықталады:





 - тасымалдаудың тәуліктік көлемі;

 - автопоездың номеналды жүк көтерісі;

 - жүк көтеруді қолданудағы коэффициент;

 - автопоездың ауысымда орындаған ацналым саны.

Жартылай прицептерді тіркеп алу жолымен артық салмақты болдырмауын қамтамасыз ететін, тасымалдауды участкелік әдіспен ұйымдастыру тартылыс иығы жүйесі бойынша тасымалдау деп аталады. Бұл әдіс тасымалдаудың тиімділігін арттырады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет