Бағдарламасы Бастауыш мектеп (3-4 сынып) Түсіндірме жазба


Оқу үдерісін ұйымдастыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер



бет3/4
Дата14.03.2023
өлшемі57,45 Kb.
#172276
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
Ақпараттық коммуникациялық технология «АКТ» Оқу бағдарламасы Бастауыш мектеп (3-4 сынып) 4

3. Оқу үдерісін ұйымдастыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер





  1. Қазіргі заманда оқушылардың «қалай оқып үйрену қажеттігін білетін» және дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты және зейіні дамыған тұлға болуды талап ететін қағида білім берудің басым бағыттарының бірі болып табылады.

  2. Мұғалімдер оқушылардың бойында аталған қасиеттерді тәрбиелеуде және дамытуда оқытудың төменде көрсетілген түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланады:

  1. оқушының дамуы үшін оның жеке пікірін тыңдау және бұрыннан меңгерген бойындағы білімін, білігін, дағдысын әрі қарай дамыту мақсатында қолданудың маңыздылығын мойындау;

  2. мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыру және дамыта оқыту;

  3. есептерді шешу стратегияларын оқушыға түсінікті тәсілмен модельдеу және мысалдармен сүйемелдеу;

  4. «оқыту үшін бағалау» арқылы оқушыларды оқытуды қолдау;

  5. оқушылардың зерттеу іс-әрекеттері мен есептерді шешу мен талдауға негізделген оқу белсенділігін ынталандыру;

  6. оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту;

  7. оқушылардың жеке, жұптық, топтық іс-әрекетін және бүкіл сыныптың жұмысын ұйымдастыру.

  1. Педагогикалық әдіс-тәсілдер:

  1. Саралау тәсілі – оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін белсенді дамытуға, оқуға ынталандырудың басқа әдіс-тәсілдерін табуға, мүмкіндік береді, тұлғаның шығармашылық тұрғыдан дамуына көмектеседі.

  2. Іс-әрекет тәсілі – оқытуды оқушылардың барынша дербес танымдық іс-әрекеттерінің негізінде ақпараттық және коммуникациялық құзыреттіліктерін қалыптастыратын атқарушы әрекетіне бағыттауға мүмкіндік береді.

  3. Жеке тұлғаға бағдарланған тәсіл – білім беру мақсаттарын іске асыру барысында мұғалім мен оқушының тең дәрежеде ықпалдасуын көздейді. Оқушы мен мұғалім арасындағы кедергіні жою, диалогтік қарым-қатынасты орнату, тұлғалық, шығармашылық қабілеттердің айқындалуына, ынтымақтастық пен әлеуметтік белсенділіккке талпынуға жәрдемдесу, т.б. білім беру мақсаттарын шешеді.

  4. Құзыреттілікті дамыту тәсілі – оқушылардың білім мен біліктерді жеке-жеке емес, кешенді түрде меңгеруін көздейді

  5. Кіріктіру тәсілі – «АКТ» пәнін басқа оқу пәндерімен тығыз байланыстыруға мүмкіндік береді.

  6. Жүйелілік тәсілі – «АКТ» пәні бойынша курс бөлімдерін өзара байланыстыра оқытуды қарастырады.

  1. Осы тәсілдерді жүзеге асыруда келесі жолдар ұсынылады :

  1. оқушылар жалпы жобамен жұмыс істейтін топтық жұмыс барысында (ынтымақтастықтың маңызы зор, себебі бағдарламалық өнімнің барлығын дайындауға топтың барлық мүшелері өздерінің қабілеті мен біліміне сәйкес дайын өнімге өз үлестерін қосады);

  2. ғылыми-зерттеу іс-әрекетін ынталандыру – практикалық міндеттерді шешу үшін теорияларды, әдістер мен қағидаларды пайдалану және аналитикалық, практикалық, коммуникациялық дағдыларды дамытуына ықпал ететін нақты оқыту мысалдарын игеру;

  3. ақпаратты жинауда, өндеуде, сақтауда және жіберуде сын тұрғысынан ойлауды қолдану – тек «жоғары сапалы» ақпаратты пайдалану мүмкіндігі;

  4. жобалық жұмыс – әрі қарай жұмысты жоспарлау, мақсат қою, әртүрлі дерек көздерден қажетті ақпаратты алу, гипотезаны ұсыну және дәлелдеу, эксперимент жүргізу, істелінген жұмыстың нәтижесін беру, оны талдау және бағалау, сонымен қатар өз жұмыстарын қорғау мүмкіндігі;

  5. алған білімдерін әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдана білуге ынталандыру;

  6. шығармашылық көзқарасты және дәйектемені талап ететін ашық сұрақтарды және мәселелерді қоя білу.

  1. Ақпараттық - коммуникациялық технологияларын қолдану құзіреттiлiгі.

  2. АКТ-ны қолдану дағдыларын оқушылар курсты меңгеру барысында көптеген құрылғылар мен қосымшаларды пайдалана отырып, ақпаратты іздеу, құру және өңдеу, ынтымақтастық, ақпарат және идеялармен алмасу, өз жұмысын бағалау және жетілдіру арқылы дамытады.

  3. «АКТ» пәні оқу үрдісін іске асыруда компьютерлерді пайдалану үлгісі ретінде болу қажет.

  4. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту.

  5. «АКТ» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаттарының бірі – тыңдаушылардың түрлі аудиториясымен тиімді қарым-қатынас орнатуға қабілетті азаматтарды дайындау. Осы мақсатқа жету үшін қажетті дағдыларды дамыту оқушылардың өз ойын еркін білдіре алатын ынталандырушы және қолдаушы орта қамтамасыз етумен бірге жүргізілуі қажет.

  6. Оқыту үдерісінде «АКТ» пәнінің ғылыми тілі мен ұғымдар аппаратын, түрлі байланыс құралдарын сауатты пайдалана отырып, сыныптастармен, мұғалімдермен және көпшілікпен ауызша немесе жазбаша түрде сөйлесуді ынталандыру қажет.

  7. «АКТ» пәнің оқыту үдерісінде оқушылардың тыңдалым дағдылары дамиды:

  1. оқушылардың сабақты зейін қойып тыңдап, түсінбеген жағдайда сауатты сұрақтар қоя білуі маңызды;

  2. қойылып отырған міндеттерді дұрыс түсіну, қажетті ақпараттарды ажырата білуі;

  3. құрбыларын зейін қойып тыңдауын өтіну, дұрыстығын тексермей болжам жасамауы.

  4. көпшілік алдында топтық жұмыс қорытындысын қорғай білуі әсер етеді. Көбінесе қорғау қорытындысының сапасы басқа оқушылардың пікірлеріне тәуелді болады.

  1. АКТ оқыту барысында оқушылардың оқылым дағдылары дамиды, мысалы:

  1. мәтінде тірек сөздерді белгілеу;

  2. ғылыми мәтіндермен жұмыс, семантикалық құрамын анықтау.

  1. Оқушыларда жазылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін жұмыс үлгілері:

  1. тапсырмаларды орындау үшін нұсқаулықтарды, алгоритмдерді құру;

  2. есептерді шешу тәсілдерін сипаттау және түсіндіру;

  3. тапсырманы орындау барысына талдау жасау (ауызша және жазбаша).






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет