2. Отбасы түрлері
Тарихқа көз жүгіртсек, қай елде болмасын, қай жерде болмасын адамдар әдеттегідей туыстарымен, айталық, күйеуі, бір немесе бірнеше әйелі, олардың балалары, ата-әжелері, аға-әпкелері, іні-қарындастары, бөлелері, жиендері т.б. бәрі бірге тұрған. Отбасының мұндай түрін кеңейтілген отбасы деп атайды. Әулеттің ұтымды тұстары көп:әңгімелесетін, жаныңды ұғып, құшағын жаятын адам әрдайым жаныңнан табылады,кішкентай балаң қараусыз қалмайды,үйдегі қарт немесе мүгедек адамдар жалғызсырамайды,шығындарды бөлісіп төлеуге болады.
АҚШ-та кеңейтілген отбасы көлемі шамамен 12 пайыз және бұл көрсеткіш жыл санап өсуде. Мұның екі себебі бар (Du Toit, Bachtell,& Haggerty 2011). Біріншіден, экономикалық мәселелердің салдарынан адамдар ақша үнемдеу үшін туыстармен бірге тұруга мәжбүр бола бастады.
Екіншіден, соңғы жылдары АҚШ-қа кеңейтілген отбасы құндылықтарын ұстанатын елдердің иммигранттардың келуі көбейген. Олар жаңа қоныстарында да осы тенденцияны жалғастырып жатыр.
Дегенмен америкалықтардың басым бөлігі нуклеар отбасында тұруды қалайды. Нуклеар отбасының құрамында ата-анасы мен олардың кәмелетке толмаған балалары ғана болады. Нуклеар отбасын- тәуелсіз өмір сүргісі келетіндер және ата-анасын немесе туысқандарын асырағысы келмейтіндер таңдайды. Сонымен бірге көптеген адамдар жұмыс орнының не мектебінің қашық болуына байланысты нуклеар отбасында тұрады.
Дәстүрлі нуклеар отбасы АҚШ-та қазір бұрынғымен салыстырғанда сирек кездеседі. Отбасылардың 30 пайызы және үй шаруашылығының 21 пайызы ғана осы үлгіні ұсынады (U.S. Bureau of the Census 2011d). Оның орнына ересектердің өмірлік серігі болмаса, туыстарымен емес, не жалғыз,не достарымен,не сүйгендерімен, не балаларыменбірге тұруы көбейген.
АҚШ-та кең таралып келе жатқан отбасы үлгісі-аралас отбасы. Аралас отбасында ерлі-зайыптылардың біреуінен ғана туған, яғни артынан еріп келген балалары болады. Мысалы, Джим мен Мисаконың отбасын алайық. Джимнің бұдан бұрынғы отбасынан екі баласы, Мисаконың бірінші некесінен бір баласы, екінші некесінен тағы бір баласы бар делік және Джим мен Мисаконың ортақ бір баласы болсын. Осы адамдардың барлығын бірге алғанда аралас отбасы шығады. Қазіргі таңда АҚШ-тағы балалардың өмір сүру жағдайының әртүрлілігін көрсетеді.
Ажырасу тым көбейгендіктен, балалардың басым бөлігі қазір толыққанды емес отбасыларда өмір сүріп жатыр. Осылайша, балалар бірнеше үйдің арасында сенделуге мәжбүр. Олар аптаның бір бөлігін анасымен, ал келесі бөлігін әкесімен бірге өткізуі мүмкін. Жазғы демалыстары да солай:ата-әжесінің немесе әкесінің не шешесінің бұрынғы жұбайының үйінде өтеді. Мұндай отбасында балалар ата-аналарының жаңа жұбайымен, олардың балаларымен ,өгей балаларымен араласып,олардың кейбірін немесе барлығын да отбасының отбасының бір мүшесі деп тани алады. Соңғы уақытта бір жынысты некелердің көбеюі отбасы табиғаты мен оның мағынасы жайлы қосалқы мәселелер туындатты. Бұл тақырып «Американың әртүрлілігі:бір жыныстылар отбасы » бөлімінде толық қаралады.
Неке түрлері
АҚШ-та және батыс елдерінде моногамиялық неке деп аталатын үлгі қалыптасқан. Бір уақытта әр еркек тек бір ғана әйел ала алады. Алайда кейбір елдерде бір жұптан артық алуға мүмкіндік беретін полигамия үлгісі де кездеседі. Көбіне ер адамға бір уақытта бірнеше әйел алуға рұқсат беріледі, ал әйелдің бірнеше күйеуі болуын қарастыратын қоғам жоқтың қасы.
Полигамияға рұқсат ететін, тіпті бұл тенденцияны үдетуді көздейтін қоғамдардың өзінде шектеулер бар. Бұған елдегі әйел мен ер санының шамалас болуы себеп. Егер бір азамат әйелді қос-қостан алса, енді бірі жалғыз қалуы ықтимал. Сондықтан полигамия қабылданған қоғамдардың өзінде моногамия басым және жас жігіттердің жарды мүлдем басқа жақтан іздеуіне тура келуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |