Бағдарламасы бойынша білім беру жүйесін цифрландыру мәселелері



Дата24.03.2022
өлшемі15,1 Kb.
#136626
түріБағдарламасы
Байланысты:
доклад 1
«Білімді устаз - білікті маман» «Болашактын мектебі менін козкарасыммен. » «Менін жеке жоспарым», Chapter 1 Clinical Decision Making in Psychiatry.en.ru (1)

Цифрлық Қазақстан бағдарламасы бойынша білім беру жүйесін цифрландыру мәселелері
Цифрлы Қазақстан бағдарламасы дегеніміз өз ойымша Қазақстандағы бүкіл саланың құжаттарын және жалпы жұмыс бағытын цифрлы яғни электронды форматқа ауыстыру деп ойлаймын. Қазіргі заманда интернеттің адам өмірінде алатын орны ерекше. Демек интернет адам өмірін жеңілдетеді. Мысалы, осыдан 10 жыл бұрын автокөлік жүргізу куәлігін және тағы басқа құжаттар алу ушін керекті тұрғылықты мекен-жай анықтамасын «преписной» деген жерге домовая книганы алып барып анықтама алатын едік. Сол кездері бұл күнделікті іс секілді көрінсе де қазір олай ешкім алмайды. Соңғы бес жылда тұрғылықты мекен жай анықтамасын не хқко не еговтан онлайн түрде алуға болатын еді. Міне осылар цифрландыру деп аталады. Адам өмірін жеңілдетеді. Тіпті соңғы 2 жылда мекен жай анықтамасын әр мекеме орталық жүйеден қарап адамдардан сұратпайтын болды. Осындай қарапайым болса да үлкен істер азаматтарға көмектесуде. Бұрынғыдай арнайы жерге барып кезекке тұрып құжат алу деген артта қалуы қуантарлық жайт.
Тақырыбымызға оралатын болсақ, соңғы короновирус індетінен кейін ең басты сала білім саласын цифрландыру мәселесі өзекті мәселе болып таңылып, оның атқарылуы жеделдетілді. Яғни bilimland classroom darynonline және т.б. білім беру жүйелері дамып кетті. Әрине интернеті жақсы аймақтарда zoom арқылы сабақ өтілсе, интернеті нашар жерлерде қарапайым whatsapp құтқарып отырды. Бұлар басқа елдермен салыстырғанда төмен көрсеткіш және төмен білім сапасын туғызды. Әлбетте болашақта одан да жақсы жоспарлар жасалады деген үміттеміз. Өз басым мектепте сабақ бергесін біраз пайдалы жақтарды байқадым. Мысалы белгілі себептермен оқушы ауырып не басқа маңызды себептермен мектепке келе алмаса онда мұғалім оларға zoom не whats app арқылы байланысқа шығып сабақтан қалып қоймауына септігін тигізеді.
Қазіргі кезде тек тақтаға бормен жазу арқылы емес сонымен қатар қызықты интернет ресурстарын пайдалу арқылы оқушыға сабақ түсіндірсе болады. Бұның бәрі білім беруде цифрландырудың маңыздылығын дәлелдейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет