Нәрестедегі күлдіреу – терінің іріңді зақымдануының ерекше түрі. Бала терісінде шеттері қызыл түспен жиектелген әртүрлі мөлшерде (0,5-2 см) көпіршіктердің болуымен сипатталады. Олар табан мен алқаннан басқа, дененің кез-келген жерінде орналасады. 1- күннен соң көпіршіктің сұйығы серозды- іріңге айналады. Көпіршіктер әртүрлі уақытта шығатын болғандықтан, элементтер полиморфты болады. Біреулері пайда болып жатса, екіншілері жарылып, эпидермис сынынып жатса, кейбіреулері кеуіп қабыршақтанып жатады. Жалпы жағдайы бұзылмайды, 2-3 аптаның ішінде жазылады. Бөрітпелер көп болғанда дене қызуы жоғарлап, мазасыздық, нашар ему, салмақ жоғалу немесе қоспау сияқты белгілер байқалады. Ондай кездерде сепсиске ұласуы мүмкін.
Емдеуі: Кіндік жарасын 3% сутегі асқын тотығының ерітіндісімен жуып, 5% калий перманганат немесе 2% брилиант жасылының спирті ерітіндісімен күйдіру керек.
Кіндік аурулары.
Омфалит- кіндік аймағының терісі мен тері асты май қабатының қабынуы. Қабыну процессінің сипатына байланысты катаральды, флегмонозды, некрозды деп бөледі.
Катаралды омфалит кіндік жарасының инфекциялануы. Клиникалық көрінісі кіндік сақинасында шектелген гиперемия мен ісіну, серозды-іріңді бөлінуімен сипатталады. Баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық болады, қан анализі өзгермейді.
Флегмонозды омфалит- қабыну процессі кіндік сақинасының айналасындағы тіндерге жайылағанда дамиды. Әдетте ауру катаральды омфалитттен басталып, бірнеше күннен соң кіндік сақинасынан іріңді бөліністер болып, гиперемия мен ісік кіндік айналасына жайылады. Бала әлсіз, нашар емеді, құсады, салмағының төмендеуі, дене температурасы жоғарлап, қан анализінде қабыну белгілері пайда болады.
Некрозды омфалит- сирек кездеседі, иммунитеті төмен балаларда флегмонозды омфалиттің асқынуымен болады. Тері түсі күнгірт-цианозды түсті болады. Некроз тіндердің барлық қабатына тез тарап терең жаралар түзіледі. Омфалиттің бұл түрі айқын интоксикациямен өте ауыр түрде өтеді, көбіне сепсиске ұласады.
Достарыңызбен бөлісу: |