Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



бет1/23
Дата23.12.2019
өлшемі0,55 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Белгібаева Г.А., Бозжігітова Ү.



САУАТ АШУ НЕГІЗДЕРІ

Əдістемелік нұсқау

Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік

оқу бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған

Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі ұсынған

Алматыкітап баспасы
2017

ƏОЖ 373.2


КБЖ 74.102

Б 58

Г.А. Белгібаева

Б 58 Сауат ашу негіздері. Əдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған. Белгібаева Г.А., Бозжігітова Ү. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2017. – 200 б.


ISBN 978-601-01-3072-2
ƏОЖ 373.2

КБЖ 74.102


ISBN 978-601-01-3072-2


© Г.А. Белгібаева, Ү. Бозжігітова, 2017

© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2017

Алғы сөз

«Сауат ашу негіздері» оқу-əдістемелік кешені жаңа буынның төмендегі нормативтік құжаттарға сəйкес дайындалған:



  1. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен бекіген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі жəне мектепалды даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізін анықтайды;

  2. 1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігінің 2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекіген);

  3. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекіген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.

ОƏК дайындаудың негізгі мақсаты – аталған нормативтік құжаттарда көрсетілген мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы оқытудың бірізділігін сақтау.

«Сауат ашу негіздері» оқу-əдістемелік кешені Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша «Коммуникация» білім беру саласына негізделіп жазылған.

«Сауат ашу негіздері» ОƏК-нің құрамы:


  1. № 1, 2 əліппе-дəптерлері

  2. Педагогтерге арналған əдістемелік нұсқау

1. Əдістемелік нұсқау: мазмұны мен құрылымы


Аталған əдістемелік нұсқау төмендегідей жоспарлаудан тұрады:

  • ұзақмерзімді жоспар;

  • қысқамерзімдіжоспар.

Аталған бағдарламада көрсетілгендей «Сауат ашу негіздері» ұзақ жəне қысқамерзімді

48 сағатқаҰОҚ жоспары ұсынылды.

«Сауат ашу негіздері» сабағының мақсаты: тілдің фонетикалық жəне графикалық жүйесін игеру барысында балаларды оқылым мен жазылым дағдыларын меңгеруге даярлау.

Міндеттері:


Фонематикалық есту мен қабылдауды дамыту;

Сөздің дыбыстық құрылымы мен таныстыру, алдағы сауат ашу негіздеріне үйрету үшін жəне дыбыстық талдау əрекеттерін қалыптастыру;

Қолдың ұсақ моторикасын дамыту;

Дыбыстық талдау мен жинақтау іс-əрекетін қалыптастыру;

Тіл, сөйлем, сөз, буын, екпін, дыбыс жəне əріп туралы түсінікті қалыптастыру;

Балаларды талдау, салыстыру, жалпылау, ақпаратты жүйелеудің қарапайым тəсілдерімен таныстыру.

«Сауат ашу негіздері» сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нəтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Əрбір бөлімше ішінде жүйелілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогке жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға жəне оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.

Бөлім

Бөлімше

Тыңдалым жəне айтылым



1.1 Сөздің дыбысталу формасын ажырату

1.2 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну

1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау

1.4 Тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі қарым-қатынас жағдаяттарына қатысу

1.5 Тыңдаушының назарын аудару

Оқылым

2.1 Оқу түрлерін қолдану

2.2 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу

Жазылым


3.1 Сөйлем құрастыру

3.2 Пунктуациялық нормаларды сақтау

3.3 Графикалық жəне каллиграфикалық нормаларды сақтау

«Сауат ашу негіздері» бойынша қойылған мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру үшін əліппе-дəптердің мазмұны 8 тарауға бөлініп, осы тарауларға сəйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің (ҰОҚ)) тақырыптары таңдалды:



  1. Мен кіммін жəне қандаймын?

  2. Мектепке не үшін барамыз?

  3. Менің айналамда кімдер бар? (Отбасым жəне достарым)

  4. Менің айналамда не қоршап тұр? (Өсімдіктер, жануарлар)

  5. Жолдар бізді қайда бастайды?

  6. Салт-дəстүрді білу не үшін керек?

  7. Мен үшін не дəмді жəне пайдалы?

  8. Денсаулықты қалай күту керек?

Əрбір ортақ тақырып бірнеше тақырыпшалардан тұрады. Сонымен қатар əдістемелік нұсқауда берілген ҰОҚ үлгілері осы тақырыптардың берілген оқу мақсатына сəйкес мазмұнын ашу негізінде құрылған.

Сауат ашу бойыншаҰОҚ-да оқу жəне жазу жұмыстары өзара тығыз байланыста қатар жүреді. ҰОҚ жоспарында оқу-тəрбие үдерісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін белсенді оқыту мен оқу тəжірибесіндегі əртүрлі стратегиялар мен технологиялар қолданылады. Мектепке дейінгі даярлық топтарында, отбасында жəне қоршаған ортаны баланың өз бетімен зерттеуі арқасында алған мəліметтері мен əліпби тану кезеңінен бастап, алғашқы əдеби-теориялық ұғымдарының пəлсапасын оқушыға түсінікті бере отырып, дайындық кезеңдері де сатылы кешенді түрде жүргізіледі.

Жоспарды құрастыру барысында оқу іс-əрекетіне деген қызығушылығын, фонематикалық есту-тыңдауын, дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы алғашқы ұғымдары мен түсініктерін, сызба-модельдерді қолдана отырып, сөзге дыбыстық талдау жасау, дауысты жəне дауыссыз дыбыстарды ажырату, сөздерді буынға бөлу дағдыларын, қабылдау қабілеттерін жəне тұрақты зейінін, ауызша, жазбаша тілін дамыту əрі қалыптастыру мақсаттары ескерілді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет