Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



бет6/23
Дата23.12.2019
өлшемі0.55 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Таңертең «Шыр-р-р!» деген не?

«Пс-с-с!» – деп селкілдеген не?

«Гу-у-у!» – деп соққан не? Қайсысы қалай дауыстайды? Адасқан қыз қалай дыбыстайды?

Бауырсақты көрген түлкі қалай дыбыстайды? Дыбыс шығармайтын зат қайсы?



Өткен ҰОҚ- дан алған білім

Дыбыстарды ажыратады.

Сөйлем түлерін қолданады. Қолды үзбей жазады. Ертегіні сахналайды.



Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

IV. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0–2мин.

II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
3–5 мин.

(Ұ) Шаттық шеңбері. Оқу іс-əрекетіне балалардың назарын тарту үшін педагог жағымды атмосфера туғызады.

Тəрбиеленушілер өлеңді қимылмен, жақсы көңіл күймен 2-3 рет қайталайды.


Өсті ақыл, ойларың, Өсті, міне, бойларың. Иіліп сəлем береміз, Əдепті боп өсеміз.
(Ұ) Түрлі дыбыстар жазыған үнтаспаны тыңдауға ұсыныс айтады.

  • Жел қалай уілдейді?

  • Жапырақтар қалай сыбдырлайды?

  • Жаңбыр қалай тамшылайды?

  • Қайнап тұрған шəйнек қалай шуылдайды?

  • Не естідіңдер?

  • Тағы қандай заттар дыбыс шығарады?

  • Біз қай дене мүшенің көмегімен естиміз?

  • Сөйлеу дыбыстары болады. Оны адам айтады. Сөйлемейтін дыбыстар болады. Олар жануарлардан жəне қоршаған ортадағы заттардан шығады.

Түрлі дыбыстар жазылған үнтаспа.

ҰОҚ-ның ортасы

III.

Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.



(Ұ, Ө)Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма.Суреттегі сағаттың дыбысы неге

«Шыр-р-р», шəйнектен неге «Пс-с-с», Ағаштан неге «Гу-у-у» деген дыбыс шыққанын педагог балалардан сұрайды. Балалардың жауабын толықтырып, себебін түсіндіреді.



2-тапсырма.Суреттегі затты атату (бақа). Бақа сөзіндегі дыбыстарды айтқызады: б-а-қ-а. Рөлге еніп дауыстап айт.

Əліппе дəптер.






– Бақа қалай дыбыстайды? (Бақа бақылдайды: бақ-бақ). Сондай-ақ өздері жануар, жəндіктердің дыбысын салады.

Бақа сөзінің алғашқы дыбысынан басталатын сөз құрату: бала, бас т.б.

(ПТ) Педагог қорытынды жасайды: Дыбысты естиміз жəне айтамыз.

Дыбыстарды айтылуына қарап дауысты, дауыссыз деп екі түрге бөлінетіні туралы түсіндіреді.

(Ұ) Сергіту сəті: «Кім тапқыр?»

Балалар шеңбер жасап тұрады.

Педагог ортаға бір баланы шақырып құлағына сыбырлайды. Ортадағы бала естіген жануарды немесе құстың дыбысын салады. Қалған балалар қандай жануар немесе кұс екенін тауып, қимылымен жүреді.

Бірінші тапқан бала ойынды жалғастырады.


(Ө) Балалар өздерінің сүйікті ертегілері жəне ондағы кейіпкерлер туралы қысқаша баяндайды.
(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс.

4-тапсырма

1.Балалар сюжетті суретке қарап, қандай ертегі екенін табады.

Ертегіні қысқаша мазмұндап кейіпкерлерін атайды.

Адасқан қыз қалай дыбыстайды? (Ау-у).

Түлкі бауырсақты көргенде қалай қуанды? (О-

о-о!)

Түлкі бауырсаққа не деп айтты?



Балалар түлкінің дауысына салып айтады.
5-тапсырма

Балалар суреттерді атайды.

Педагог балалардан неге дыбыс шығарады, неге дыбыс шығармайтыны сұрап, жауаптарын толықтырады.

6-тапсырма

Берілген гүлдің суретін қолды үзбей бастырып салады.

Педагог балаларға топтағы табиғат бұрышындағы гүлдер туралы, оларды күтіп- баптау туралы айтып береді.

Гүлдің қасына екінші гүлдің суретін балалар өздері салып бояйды.


Ойындар жинағы.

Əліппе-дəптер.


IV. ҰОҚ- ның қорытындысы.

Рефлексия.

Педагог қорытынды жасайды.

Балаларды мадақтап, қай тапсырманы орындау қызықты болғанын сұрайды.


Əліппе-дəптер, смайликтер.


28-30 мин.



Қай тапсырманы орындау қызықты болды? (Ұ,Ө)Рефлексивтік бағалау. Балалар өз жұмыстарын смайликтерар қылы бағалайды.






2-ТАРАУ: Мектепке не үшін барамыз?
ТАҚЫРЫБЫ: Мектеп бізге не үйретеді? А дыбысы жəне əрпі

Мектеп/МҰ:

Саны:

Педагогтің аты-жөні:

СЫНЫП-ТОП:

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.1.1.1. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.2.1.2. Суретті кітаптардан ақпаратты табу (сурет арқылы).

0.3.1.1. Сөз, сөйлем сызбасын құру.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.



Күтілетін нəтиже




  • Барлық тəрбиеленушілер:

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады.

Сөздегі дауысты, дауыссыз, дыбыстарды ажыратады.



А дыбысы – дауысты дыбыс, жуан дауысты. А дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Сөздегі дыбыс санын, ондағы А дыбысының орнын ажыратады. А

дыбысына сөз ойлайды.

А дыбысына (дауысты, жуан дауысты) сөз құрайды.

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.



Кейбір тəрбиеленушілер:

Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

А дыбысының дауысты дыбыс екенін айтады. А дыбысы қолданылған сөз табады.


Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

Сұрақтарға толық жауап береді. Суреттер бойынша сөйлем құрастырады.






Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Саржан, қағаз қыстырғыш
ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын

тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Суретте не болып жатыр деп ойлайсың? А дыбыс қандай дыбыс?

А дыбысын қай сөзден естіп тұрсыңдар?



Өткен ҰОҚ-дан алған білім

Сөйлем дегеніміз не? Сөздер неге бөлінеді? Сөздерді буынға бөл. Сөздер қай дыбыстан басталып тұр? Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай түстермен белгіленеді? Дауысты дыбыстар

нешеге бөлінеді?



Жоспар

Жоспарланғ

ан уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

V. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0–2мин.

II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

3–5 мин.


(Ұ) Оқу қызметіне балалардың назарын тарту үшін педагог жағымды атмосфера құру үшін балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір- бірлеріне жылы сөздер айтқызады.

Педагог қоңырау соғады. Балаларға қоңырау дыбысың сыңғырлап шыққанда қандай əсер алғанын сұрайды.

Мектептегі қызықты сабақтар туралы əңгіме жүргізеді.

– Оқу не үшін ұнайды?






ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.



(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс. 1-тапсырма

Суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар? Балалар өздеріне таныс заттарды атайды.

Суреттегі балалардың іс-əрекетін талқылайды, суреттен А дыбысы бар заттарын аттайды.

2-тапсырма.

А дыбысы жуан дауысты дыбыс екенін түсіндіреді. Балалар А дыбысының жуан айтылатын, сондықтан жуан дауысты дыбыс екенін түсінеді.
Педагог əріп туралы түсінік береді.

– Əріп – дыбыстың таңбасы. Əріпті жазамыз, көреміз.

Дыбысты естиміз, айтамыз.(Құлақ, ауыздың суретін көрсетеді).

А əрпімен таныстыру. Педагог балаларға А дыбысының айтылуын үйретеді. «А» дауысты дыбысын айтқанда ауыз кең ашылып, тіл ауыз


Əліппе-дəптер






қуысында еркін жатады.
3-тапсыма. А əрпі туралы жазылған тақпақты оқу.

Жер өлшейтін саржан Белін буып алған.

(М. Əлімбаев)

Саржанның суретін А əрпіне ұқсата отырып, саржанды қайда қалай пайдаланатыны туралы педагог əңгімелеп береді.

Бірнеше суреттерді көрсете отырып, осы суреттердің қайсысы А əрпіне ұқсас екендігін тапқызу.

(Т) 4-тапсырма. А əрпін бейнелеп көрсетуге тапсырма беріледі.

(Ө) Қағаз қыстырғыштардан А əрпін құрастыруға тапсырма беру.

(Ұ) Сергіту сəті.

Педагог балаларды орындарынан тұрғызып өлең жолдарын қимылмен 2-3 рет айтқызады.

Қолға сөмке аламыз, Біз мектепке барамыз. Педагогтің айтқанын Бірден ұғып аламыз.


Ойын: «А дыбысына сөз құра».

5-тапсырма: А дыбысы жоқ сөздерді тапқызып белгілету.

Суреттердегі заттарды атайды.

Қалам, гүл, тақта, ағаш.

А дыбысы жоқ затты табады.

Педагог А əрпінің жазылуын балаларға ауада жазу арқылы көрсетеді. Балалар А əрпін жазады.


Жер өлшейтін саржанның суреті, А əрпі жазылған плакат.

Суреттер.

Қағаз қыстырғыштар.



IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.
28-30 мин.

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.

Қай тапсырманы орындау қызықты болды?



(Ұ,Ө) Рефлексивтік бағалау. Балалар өз жұмыстарын смайликтер арқылы бағалайды.

Əліппе-дəптер,




ТАҚЫРЫБЫ: Мектеп асханасында. Н дыбысы мен əрпі


Мектеп/МҰ:

Саны:

Педагогтің аты-жөні:

СЫНЫП-ТОП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.1.1.2 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту

        1. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

        2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау

0.1.4.1. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысу.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.



Күтілетін нəтиже




  • Барлық тəрбиеленушілер:

Сұрақтарға толық жауап береді.

Сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі Н дыбысының орнын ажыратады.

Жазуға жаттығады.



Көпшілік тəрбиеленушілер:

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады.



Н дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы Н

дыбысының орнын ажыратады.



Кейбір тəрбиеленушілер:

Тілдің дыбыстарын естіп қабылдайды, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айтады



Н дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

Балар педагогтің көмегімен əр тапсырманы орындау барысында толық жауап беріп, өз ойларын анық жеткізеді.






ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Бұл суретте не болып жатыр деп ойлайсың? Өлең жолдарын қайтала.

Н əрпінің бейнесі неге ұқсайды?

Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз?




Өткен ҰОҚ- дан алған білім

А əрпі дауысты жуан. А дыбысынан басталатын сөздер ойлап табады. Сөздің қай буынында а дыбысы естілетінін ажыратады.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0–2мин.

II.

Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
3–5 мин.

(Т)Педагог балаларды екі топқа бөліп тұрғызып, «Диірменші мен егіндер» ойынын ойнатады.

Ойын шарты: Бір топтың балалар диірменші, екінші топтың балалар егін болады. Педагог

«диірменші» деп айтқанда сол топтың балалары қолдарын, белдерін айналдырады, ал

«егін» деп айтқан кезде сол топтың балалары қолданы жоғары көтеріп жайқалады.

Ойын 2-3 рет қайталанады қателескен балаларды екінші топқа ауыстырады.
Педагог мектеп ішіне сырттай саяхаттайтындарын айтады:

– Дəмді иіс шығады. Ол нан пісіретін орын – наубайхана. Онда мейірімді адамдар жұмыс істейді. Наубайханада тəтті тоқаштар мен дəмді, жұмсақ нан пісіреді.






ҰОҚ-ның ортасы

III.

Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.



(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс. 1-тапсырма

  • Бұл суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар?

Педагог сұрағына балалар толық жауап береді, Балалар өз ойларын айтады.

Педагог қорытындылайды. Үстел басында қандай тəртіп ережелерін сақтау керектігін сұрайды.



  • Ас ішер алдында қол жуу керек.

  • Қасыңдағы адамдарға «Асың дəмді болсын!» деген жақсы тілек айту керек.

Үстел үстіне ыдыстарды қалай қою керектігі туралы түсіндіреді. Тамақ уақытында балалардың қолданатын заттары туралы сұрайды.

Тамақты уақытында ішу керек екенін жəне пайдалы тағамдарды жеудің денсаулыққа



Əліппе-дəптер.

Жайылған дастарқан суреті немесе слайдтар.






пайдасы туралы айтады. Суреттегі таныс заттарды атайды.

Педагог Н дыбысы естілген сөздерді қайталайды. Оларды балалар буынға бөледі.



2-тапсырма. Өлеңін педагог суретті көрсете тұрып оқып береді. Өлеңді балалар мазмұндайды, қайталайды.

Нан қиқымын шашпаңдар Жерде жатса баспаңдар! Теріп алып, қастерлеп, Торғайларға тастаңдар!



3-тапсырма

Н əрпімен танысады.

Н əрпіне ұқсайтын заттарды педагог көрсетеді. Балалар Н дыбысын қайталау арқылы оның айтылуына қарап дауыссыз дыбыс екенін ажыратады. Ол көк түспен берілген. Педагог балаларға Н дыбысының айтылуын үйретеді. ерін сəл ашылып,жіңішкерген тіл ұшы,жоғары көтеріледі де,үстіңгі тістің үстіне тиеді,тілдің алдыңғы екі шеті үстіңгі тістерге қатты жабысады.Тілдің төмен түсуінен «н»дыбысы жасалады.
Екі тіреу, басқышы біреу. (М. Əлімбай)

Суреттегі сатының Н əрпіне ұқсайтыны түсіндіреді. Балалар Н дыбысына ұқсас заттарды атайды.



(Ұ) Сергіту сəті

Педагогтің қалауы бойынша балалардың айтып жүрген тақпақтарының бірін айтқызады.

Балалар орындарынан тұрып өлеңді қимылмен қайталайды.

4-тапсырма

Педагог көк түсті ермексаздан Н əрпінің бейнесін жасап көрсетеді.

Балалар көк түсті ермек сазды таңдап алып, Н əрпінің неге ұқсайтынын еске ала отырып, ермек саздан жасайды.

Н əрпінен басталатын сөз айтады.



5-тапсырма

Суреттегі бейнелерді атайды.

Педагог балаларға тышқанның ініне жетуіне көмектесуін өтінеді.

Балалар тышқанға көмектесіп жолдарды қарындашпен қосады.


Н əрпін ауады жазып естеріне сақтайды. Əліппе-дəптерде берілген екі жолға Н əрпін

Нан түрлерінің суреті.

Н əрпінің баспа түрі жазылған плакат.

Əліппе-дəптер.

Ермексаз.






жазады.




IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.

28-30 мин.



Педагог балалардың оқу қызметіндегі белсенділіктері мен қызығушылықтарын талқылай отырып, мадақтайды.
(Ұ,Ө)Рефлексивтік бағалау: Балалар өз жұмыстарын смайликтер арқылы бағалайды.

Əртүрлі бейнедегі ірімшіктің суреті


ТАҚЫРЫБЫ: Мектепке жол. Л дыбыс мен əрпі.

Мектеп/МҰ:

Саны:

Педагогтің аты-жөні:

СЫНЫП-ТОП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.1.1.1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.

        1. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

        2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау.

0.1.3.1. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысу

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.



Күтілетін нəтиже




  • Барлық тəрбиеленушілер:

Сұрақтарға толық жауап беріп, өз ойларын айтады.

Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.



Л дыбысы – дауыссыз дыбыс, Л дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі Л дыбысының орнын ажыратады.

Жазуға қолдарын жаттықтырады.


Көпшілік тəрбиеленушілер:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет