Бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі ересек жастағы топ педагогтеріне арналған



бет14/59
Дата08.02.2022
өлшемі294,87 Kb.
#117196
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   59
Байланысты:
қоршаған орта 2020-2021
603048, 499361, Өзен, 8 cынып БЖБ, 8 cынып БЖБ, Документ (4), Документ (4), Әлемдегі саяси қақтығыстар, Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану., 208802, үйірме 9 сынып, Хаттама жас маман тест 2018, Абайлаңыз балалар жоспары 22, Бала құқығы -адам құқығы ақпарлама (Автосохраненный)

ҰОҚ барысы:


    1. Ұйымдастыру кезеңі

Тақтаға ребус ілінеді. Әр суреттің бірінші әріптерін атау арқылы сөзді құрастырады.
О әрпі, терезе суреті, алма суреті, нан суреті. Балалардың біреуі шығып, ребусты шешеді. Сөзжұмбақтың шешуі: «Отан» сөзі.


    1. Негізгі кезең.


Полилингвалды компонент: елтаңба – герб – сoat of аrms, гимн – гимн – аnthem, ту – флаг

  • flag.

Педагог әңгімесі:
Тарихта таңбаны пайдалану дәстүрі ежелгі көне түркі заманында пайда болған.
Көшпенділер ортасында бір тайпадан екінші тайпа бөлініп шықққанда, киелі төрт қанатты туын көтере, дүниені дүбірлетіп ұранын шақырып, алты алашқа паш етіп, таңбасын белгілеу дәстүр болған. Сол таңбаға қарап елін айыру мүмкін болған. Бұл дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып отырған. «Герб» деген термин немістің «ербо» деген сөзінен шыққан. Бұл ұғым өз тілімізде «таңба» деген мағынаны білдіреді.
Қазақ даласындағы таңбалар жиынтығы – Таңбалы таста. Ол жерде ескі уақыттан сақталып келе жатқан көп елдердің таңбалары бар. Сол себептен қазақ халқының бас қосып ұран шақырған жері – Таңбалы тас деп келеміз. Таңбалы тас Бетпақдала сахарасы, Ұлытау тауында орналасқан.

    • «Герб» деген сөздің мағынасы нені білдіреді?

    • «Герб» деген сөздің мағынасы – «таңба» деген сөзді білдіреді.

    • Таңбалы тас қай жерде орналасқан?

    • Таңбалы тас Бетпақдала сахарасы, Ұлытау тауында орналасқан.

Демонстрациялық материалдармен жұмыс:

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көгiлдiр түсті. Мемлекеттік Тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жеке мемлекет болуға ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi.

Қанатын жайған қыран құс – билiк, айбындылық бейнесi.
Балалар Елтаңба суретінен не көріп тұрғандарын айтады.

  • Елтаңба – Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi.

Елтаңбаның негiзгi бөлігі – шаңырақ. Шаңырақ – мемлекеттiң түп-негiзi – отбасының
бейнесi. Қанатты тұлпар – ұшқыр арманның, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың көрінісі. Қанатты тұлпар уақыт пен кеңiстiктi бiрiктiредi. Бiр шаңырақ астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын паш
етедi. Бесбұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамға жол нұсқайтын жарық
жұлдызы бар. Еліміздің гимні – «Менің Қазақстаным » әні. Рәміздер – әр елдің дербестігін, тәуелсіздігін айқындайтын белгілер.

  • Рәміздерді қандай жерлерге іледі?

Балалар қай жерлерде Қазақстан Туының ілініп тұрғанын көргендерін айтады.

  • Рәміздерді барлық жерге ілуге болмайды. Мемлекеттік маңызы бар жерлерде ғана ілінеді.

  • Қазақстан Елтаңбасының авторлары кімдер?

  • Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов.

  • Қазақстан Гимнінің авторлары кім?

  • Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов.

  • Қазақстан Туының авторы кім? – Шәкен Ниязбеков.

  • Мемлекеттік рәміздерді тағы қай жерлерден көруге болады?

  • Мысалы, үлкен теңіз, мұхиттарда көп кемелер жүзіп барады. Олар өздерінің қай елден екенін білдіру үшін мемлекеттік Туын іледі.

  • Әртүрлі спорттық жарыстарда, олимпиадаларда спортшылар өз елінің туымен шығады.

Спортшылар жеңіске жеткенде сол елдің туы желбіреп, әнұраны орындалады.

  • Барлық елдерде біздің елшілігіміз бар. Сол елшіліктердің төбесіне ҚР Туы ілінеді.

Спортшылар жеңіске жеткенде сол елдің туы желбіреп, әнұраны орындалады.

  • Қазақстан азаматтары шетелге сапарға аттанғанда, өзінің төлқұжаты – паспорты болады. Паспортта Қазақстан елінің азаматы екендігін айқындайтын Елтаңбаның суреті бар.

Сергіту сәтін өлеңнің мазмұнына сәйкес қимылдармен жасайды.
Біз Отанды сүйеміз (қолдарын жоғары көтеріп, екі жағына жаяды).
Біз Отанға адалмыз (қолдарын кеуделеріне қояды).
Көгілдір ту тігеміз (сол қолмен туды көрсетеді).
Қалай жасық боламыз (жұдырықтарын түйіп, иықтарына қояды). Дәптермен жұмыс. Тапсырмаларды қалай орындау керектігін түсіндіреді. Жеке жұмыс жүргізу. Балалар дәптердегі тапсырмаларды орындайды.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет