БАҒдарламасы бойынша шығарылды шолпанға көшкен ауыл Жетінші роман



бет1/17
Дата20.06.2018
өлшемі3,73 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
КАЗАХСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ, АҚПАРАТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ

Шолпанға көшкен ауыл

Жетінші роман.

Сахиев Ж.

Шолпанға көшкен ауыл. Жетінші роман.

С 26 “Кеңістік көшпенділер” ғьшыми-фантастикалық романдар сериясы.

Астана: Елорда, 2004. — 256 бет.

ISBN 9965-06-380-Х

Белгілі жазушы-фантаст Жүніс Сахиевтің “Кеңістік көшпенділері” ғылыми-фантастикалық романдар сериясының жалғасы болып табылатын “Шолпанға көшкен ауыл” атты романында дүние нұрының көзі — жарық сәулесінің терең сырын игерген қазақ кейіпкерлерінің Жердің ең көрікті, ең табиғи ортасы — ауылды ғаламат жарық жұтқыш құрылғы арқылы Шолпан ғаламшарына көшіріп апарып, табиғаттың ең тамаша ортасын құрағаны жайында тартымды да қызықты, шым-шытырық, ғылыми негізге толы оқиғалар баяндалады.

Тілі көркем әрі жеңіл. Ой-идеясы адамзат болашағына ортақ.



ҒЫЛЫМИ- ФАНТАСТИКА - КЕНЖЕ ЖАНР ЕМЕС

Өткен ғасырдың 60 жылдары қазақ фантастикасы туралы “Балауса жанр” деп ашық та жиі айтылатып, мүсіркеу басым болатын. Арнайы сауалнама жүргізілмесе де бүгінде осындай пиғылдағы әріптестерімнің сапы басым түседі-ау деймін.

Шынтуайтына барсақ, бастауын қиял-ғажайып, ертгі-аңыздардан алаты и қазақтың бүгінгі фантастикасы, тек-тегімен ғана емес, кемелді шығармаларымен де проза тәрізді жанрлардан қалысып көрген жоқ. Бүған соңғы 3-4 жыл ауқымында шыққан шығармалар долел. Басқасын айтпағанның өзінде, Қазақстанда сериялы ғылыми-фантастикалық романдар жазуды бастаушы — белгілі жазушы-фантаст, Қазақстан Жазушылар одағы “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты, Астрономия-геодезия қоғамының толық мүшесі Жүніс Сахиевтің өзінің “Кеністік көшпенділері" сериясымен “Жазушы” баспасынан 1999 жылы жарық көрген “Көктен келген көшпенділер” ғылыми-фантастикалық роман- кітабы. чех, орыс, т.б. тілдерінде журналдық нұсқасы жарияланған “Қимайтын әлем”, “Ғарыштан келген гүл”, »Космотарих куәсі» ғылыми-фантастикалық романдары оқырмап қауымнын ынта-ықыласына ие болған. Сол серияның жалғасы, 2002 жылы жарық көрген Ж. Сахиевтің “Марстан шыққан жаңғырық”, 2003 жылы “Ғылым” ғылыми баспа орталығынап жарыкка шыққап “Қимайтын әпелі ғылыми-фантастикалық романдары жанр туын көтерді.

Ш. ӘБДРАМАНОВ.



ЖҰЛДЫЗДЫ ЖОЛ

САХИЕВ Жүніс (1950 ж.т.) — жазушы-фантаст. Қазақстанда сериялы ғылыми-фантастикалық романдар жазуды бастаушы. Астрономия-геодезия қоғамының толық мүшесі (1990). Еңбек жолын байланысшы болып бастағап. 1966—1972 ж. телеграфшы, Алматы қаласыпда Автоматты телефон станциясының жөндеушісі, қысқа толқында жұмыс жасайтып радиостансаларда радист, ҚР-нын Гидроқызметінде ауа райын бақылаушы бол- ды. Эл-Фараби атындагы Казак мсмлекетгік үлттык университетіп бггіргсн (1977). 1977—1980 ж. мерзімді баспасөзде аудармашылық қызмет жасады. 1980—1986 ж. республикалық “Рауан” баспасының редакторы. 1986—1988 ж. ҚР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніңдегі комитетте аға редактор. 1988—2002 ж. Қазақ Энциклопедиясы бас редакциясында редактор, аға редактор, жетекші ғылыми редакторы, бөлім меңгерушісі. 2002 жылдан астанадағы “Фолиант” баспасының бас редакторы. “Кеңістік көшпенділері” сериясымен жазған ғылыми-фантастикалық “Тіршілік ұясы” атты жинағы 1983 ж. жарық көрді. Онан кейін “Борыш” (1987), “Шеңбердің түйісуі” (1991), “Көктен келген көшпенділер” (1998), “Марстан шыққан жаңғырық” (2002), “Қимайтын әкелі” (2003) атты жарыққа шықты. Сахиевтің жекелеген ғылыми-фантастикалық шығармалары “Жібек жел” (1977), “Оттас” (1981), “Жерұйыққа саяхат” (1984), “Қызыл сәуле” (1986) ұжымдық жинақтарына енген. С.М. Дагаев пен В.М. Чаругиннің 9-11 сыныптарға арналған “Астрофизика” (1994, 2- бас. 1996, 3-бас. 1999), Е.П. Левитанның “Астрономия” (1998) кітаптарын қазақ тіліне аударды. “Шеңбердің түйісуі” ғылыми- фантастикалық кітабы мен “Жұлдыздар соқтығысы” ғылыми- танымдық мақаласы үшін Қазақстан Жазушылар одағы Жандос атындағы әдеби сыйлығының лауреаты (1994). Сахиевтің негізгі шығармалары орыс тіліне аударылған. 1996 ж. Прагада “Немезида” журналында оның “Қимайтын әлем” ғылыми-фантастикалық романы жарияланды. Сахиев көптеген ғылыми-танымдық мақалалардың авторы. Шығармашылық биографиясы “Қазақстан элигасы” (1997), “Қазақ әдебиеті” (2000), “Белоруссия эн-циклопедиясы” (2002), “Жазушылар әлемі” (2003), “Ұлы дала” энциклопедия, паринос енген.

Қ. НАУРЫЗБАЕВ.

ҚАЗАҚ ИЕЛІГІНДЕГІ ҒАРЫШ

Бұл ғылыми-фантастикалық роман туралы пікір айтпастан бұрынғы көңілге жылы ұялайтын нәрсе — оның бүгінгі күні көтеріліп жатқан ауыл тақырыбында екені. Расында да, әдебиеттің қай жанрында да ауыл тақырыбының шеттеу қалып келгені белгілі. Ал, ғылыми-фантастикалық романнан орын алуы

— еліміздің алыс болашағының да Жер шарындағы күллі адам баласына үлгі боларлық дәрежеден титтей де төмендемейтінінің айқын белгісі.

Озінің Кеңістік көшпенділері” сериясымен жазған “Шолпанға көшкен ауыл” ғылыми-фантастикалык романында жазушы-фантастың еліміздің сонау алыс болашағына көз жіберетіні айқын байқалады. Әлбетте, Ғалам шетсіз, шексіз сол Ғалам кеңістігінде саналы, білімді адам баласы не жасаймын десе де өзі біледі. Бір заманда жарқ ете қалған найзағай мен гуілдеген дауыл дыбысы шошытқан адам баласы бүгінде Күн жүйесіндегі біршама ғаламшарларды барлап үлгерді. Ай топырағына, тіпті, адам аяғы да тиіп үлгерді. Ал, дана халқымыз о бастан-ақ ерекше назар аударып, “Таң жұлдызы” атаған Шолпан ғаламшарына ұшып барып, оны терең зерттеп, панорамалық суретін түсірген автоматты ғаламшараралық кемелердің әрекеттері кім-кімге де мерзімді баспасөзден айқын белгілі.

Бұл шығармада жазушы-фантаст көп уақытқа ой-арманмен ілгері жылжып барып, Күн жүйесі кеңістігін жақсы игерген казақ халқының ерекше даналық әрекетін паш етеді. Ғылыми-фантастикалық романда әуелі Шолпан ғаламшарының күллі табиғаты жан-жақты сөз болады. Ол үлкен-үлкен төрт бөлімге таратылып берілген. Жазушы-фантаст алғашқы бөлімді “Аптапты аймақта» деп атайды. Бұл — бекер емес. Шолпан ғаламшарының қазіргі уақытта өте ыстық ғаламша екені белгілі. Оның бетіндегі температура 700 градус ыстыққа дейін жетеді. Ал шығармада оның бұдан көп уақыт кейінгі, яғни болашақтағы бет-бейнесі көзге елестетіледі. Күн энергиясы да мәңгілік емес. Шолпан, жазушы-фантастың болжауынша келешекте тап өзіміздің Жер сияқты болмақ. Ат ондағы табиғи ерекшеліктер - емшекке ұқсаған таулар мен жазық келген ойпаттар, құпия құбылыстар адам арманына жан бітіре түседі. Шолпанды зерттеуші ғарышкер-ғалымдардың іс-әрекеттері мен Жерге, елге деген сағыныштары адам баласының қайда жүрсе де түп-қазығы — туған жерін ойған алып отыратынып айқын көрсетеді. Өзін сол Шолпан ғаламшарында жүргендей сезінген оқушы шынымен-ақ сол сағыныш сезіміне баулынады.

Бұдан әрі Шолпанды зерттеуші ғалымдардың Жердегі ауылды сонда көшіріп апару жөніндегі ой-толғамдары суреттеледі.

“Іздеу сапарында” деп аталынған екіпші бөлімде жазушы-фантаст табиғаты бейтаныс ғаламшардағы ғарышкерлердің ізденістеріне ерекше тоқталады. Қанша дегенмен де, бөтен ғаламшар өз қатаңдығын айқын байқатады. Бірақ, олар алған беттерінен қайтқан емес. Шолпан ғаламшарына тән құпиясырларды бастарынан кешірсе де, ойларындағы жоспарларын жүзеге асыруға тырысады. Оқиға тек Шолпанда емес, Жердегі қарапайым ауылдағы саналы да білімді іс-әрекеттермен жалғасып жатады.

“Дүниенің көзі” деп аталған үшінші бөлімде табиғи серігі жоқ Шолпанды серікті ету жолындағы адам әрекеті қызықты суреттеледі. Әлбетте, ол Жердегілердің көмегінсіз жүзеге аспайды. Бұл оқиғалар Абзал мен Шолпан есімді жігіт пен қыздың бір-біріне деген таза махаббат сезім мен батыл әрекеттері арқылы көрініс табады. Окиғаға Шадыман, Елназар сияқты кейіпкерлер араласады. Олардың қай-қайсысының арманы да Шолпан ғаламшарын адам өміріне колайландыра түсу. Бұл, әлбетте, Жердегі ауылды Шолпанға әп-сәтте көшірудің алдындағы мұқият дайындықпен сабақтасып жатыр.

“Шолпанға көшкей ауыл” атты төртінші бөлім осы оқиғаларды өрбіте түсетін кейіпкерлермен толықтырылады. Олардың Жер мен Шолпан арасындағы ғарыштық іс-әрекеттері мейлінше ширақ, сенімді. Бұл игілікті де ұлы істегі ол әрекеттер Абзал мен Шолпан қыздың арасындағы шынайы махаббат сезімін күшейте түседі. Шолпан қыз, енді Жердегі емес, Шолпан ғаламшарындағы ауылға келін болып түспек. Бұл окиға адам қиялын өрбітіп, ғажайып бір болашақ әлеміне қарай жетелейді. Ғылыми-фантастикалық шығарманы окыған кез келген оқушы ондай замаңда ғұмыр кешуге ойша болса да құмарлана түседі, құмарлана оқиды.

Жердегі ауылдың тұрғындары ұлы оқиғаны үлкен толқу үстінде күтеді. Ғарыш кеңістігіне шығарылған қара оқық іспетті жасанды аспан денесі ауыл үстіне Күн тұтыла қалғандай бір көрініс тудырады. Тұрғындар өздерінің де, күллі ауыл табиғатының да әп-сәтте Шолпан ғаламшары бетіне көшірілетінін саналы түрде сезінеді. Ол сезім мен толқу шығармада мейлінше әсерлі суреттелген. Алпат жарық жұтқыш, жарық бөлшектегіш дене арқылы Шолпан беті азғана уақыттын ішінде елді болады. Абзал мен Шолпан армандарына жетеді. Ол екеуі тұтастай бір ауылды ғаламат күшпен көшірген жасанды аспан денесін залалсыздандырып, Шолпан ғаламшарындағы ауылды той-думанға бөлейді.

Ғылыми-фантастикалық романның өнe бойында Шолпан ғаламшарының табиғи ерекшеліктері, физикалық қасиеттері, оларды Жер адамдарының өмір-тіршілігіне қолайлаңдыру жолындағы ғылыми ізденістері жоғары біліктілік дәрежесінде көркем тілмен өрбиді. Оқырманның келешек жөніндегі ой-толғамына тигізер әсері мол.

С. Қисымов.



БІРІНШІ БӨЛІМ

АПТАПТЫ АЙІМАҚТА

ЕМШЕКТАУ

Жер ғаламшарынан таң алдында да, кеш батарда да жарқырап көрініп тұратын ғажайып жарық жұлдыз — Шолпанды білмейтін адам баласы жоқ. Ол туралы талай аңыз да тараған. Оның бәрі де бір ғажабы арумен байланыстырылады. Қазақ халқы мұны Шолпан есімді қызға балайды. Осылайша кете береді. Жұлдыз жұлдызымен, аңыз аңызымен, ал сол ғаламшардың өзінде болып, бар ғажайыпты өз көзіңмен кергенге не жетсін. Шадыман Жасамысұлының о бастағы арманы да осы-тын. Ол мектеп қабырғасынан-ақ ғарышкер болуды алдына мықтап мақсат етіп қойған. Адам шындап ниет етсе, тағдыр да оны солай қарай жетелейді. Мектеп бітірген соң ол ғарышкерлер мектебіне түсті. Жер төңірегіндегі ғарыш қалаларында кызметін өтеді. Енді міне, бір заманда аңыз бен арман болып қана көрінетің ғажайып ғаламшар Шолпанның топырағын өз аяғымен басып, небір жұмбақ сырларын ашуда.

Шолпанның өз осінен үш жүзге жуық тәулікте бір айналып шығатын, бұлттарының қалыңдығын, мұндағы ортаның мейлінше ыстықтығын Жер тұрғындары о бастан білетін. Мұнда қаншама автоматты ғаламшаралық кемелер келді. Қаншама рет адам мінген кемелер келіп, ғаламшардың төңірегін ұзақ мерзім бойы айналып жүріп, күллі табиғатын суретке түсірді. Барлық бет-бедерінің анық карталарын жасады. Онан кейін мұнда келіп қону, түрлі жұмыстар атқару басталды. Оған да талай мерзім. Бүгінде Шолпандағы таулар мен ойпаттар, қыраттар мен төбелер, әйгілі алып жыра, тағы басқадай орындар ешкімге де таңсық емес. Тіпті Жердегілердің өздері де стереотеледидардан мұндағы небір ғажайып нәрселерді көрігі отырса да таң болмайды. Өйткені, “Шолпанға кеме аттанды”, “Шолпаннан кеме қайта оралды” деген қыска хабарларды олар жиі естиді, жиі көреді.

Ал бұл жолғы келген бір топ қазақ геологтарының басты мақсаттары ғаламшар қыртысының жасырып жатқан қазба байлықтарын анықтау болатын. Бас геолог Шадыман Жаса-мысұлының мамандығы да сол ғарышкер-геолог еді. Геологтардың өмірі де қызық. Олар үнемі далада, қай аймақта қазба байлықтың белгісі бар болса, сонда жүреді. Айлап, жылдап кетеді. Ал бұл ғаламшардағы бір ұтымды нәрсе — күннің ұзақтығы. Ол Жер есебімен тоғыз айға жақындап жығылады. Ал осынша уақыт бойы түн көрмеу де адам ба- ласын шаршататын сияқты. Ол ол ма, адам баласы түн болмаса да уақыт есебімен ұйықтап қайта тұрып жүре берер. Ал мұндағы аптап пен тымырсық орта геологтарды болдыртып та жығады. Ыстықтың саддарынан қыртыс қазатын бұрғылар да жиі қызады. Істен шығып жатады. Бірақ бұлар соған да қарамастан істерін жалғастырады. Сөйтіп, уақыт өте береді.

Бір ерекшелігі, ғаламшар өз осінен кері қарай әрі мейлінше баяу айналғанымен, оның қоршаған бұлттары жылдам жылжиды. Сол арқылы-ақ уақыттың кей мезгілін бағ- дарлауға да болады. Сол бұлттарында кейде болатын жарқылдары адам денесі түршігетін түрлі бейнелерді де көзге елестетеді. Ал жанартау жарылыстары адам өміріне қатер төндіреді. Бұл екі құбылыс та Жерден белгілі болғандықтан таңғаларлық емес-ті. Жанартау атқылаулары да, найзағай жарқылдары да Жерде болып тұрады. Сондықтан геологтар өздерін батыл ұстайды. Шадыман үшін Шолпанның Иштар Жері, Афродита Жері делінетін таулы аймақтары жақсы белгілі. Ең биік деген Максвелл тау сілемдері де көз алдында. Оның шыңы сегіз шақырымға дейін жетеді. Ал Иштар Жерін геологтар Жердегі Австралиядай, Афродита Жерін Африкадай деп санайтын. Бұл пікір тек бұларда емес, о бастан бар-ды. Дегенмен, сол болжамдардың бекер айтылмағаны да ғарышкер-геологтарды ойлантпай коймаған.

Экватор маңындағы әйгілі алып жыра да мұнда келушілердің назарларын бірден аударады. Оның ұзындығы 1400, ені 150, ал терендігі 2 шақырымға жетеді делінген ескі астрономия жайлы кітаптарда. Сол болжамдар да бүгінгі шындыққа жақын келеді. Бұл адам баласының алыста отырып-ақ автоматты ғаламшараралық кемелермен ғаламшар бетіндегі осындай әйгілі аймақтарды өлшей алуының өзі де кезінде бір керемет еді. Бүгінде оның бәрі де баланың ісіндей ғана болып қалған. Архимедтің арифметикасы кейінгі жоғары математикамен салыстырғанда қандай дәрежеде қарапайым болса, Шолпан жайлы кезінде айтылған көптеген болжамдардың да соншалықты қарапайым екендігі енді қызық сияқтанып отыр. Шолпан топырағын басып жүрген кез-келген ғарышкер немесе тұрғын жаңағы айтылған “ғажайыптарды” әркез өз көзімен көріп жүр.

Шадыман бастаған топ Жерден ұшып шығарда бұл ғаламшардың қыр-сырын әбден зерттеген. Оның толық және анық картасымен танысқан. Содан кейін өздерінің өмір кешетін жерін де тандаған-ды. Сонда Шадыманның назарын мұндағы бір аймақ ерекше аударған еді. Ол өзі ат қойғандай “Ару жатқан аймақ” болатын. Бұлай деп ат қоюына себеп болған алапат таулардың ғажайып құрылыстары себеп болған. Қиялмен көз жіберген адам расында да алапат екі қыз емшегін бірден көрер еді. Онан кейін басы, жұмулы көзі, денесі, аяғы. Мұндай алып мүсіндерді Шадыман Жерде жүргенде де ойша елестететін. Сондайлардың біріне өзі “Ұйқыдағы ару” деп те ат қойған. Алыстан қарағанда, расында да тәтті ұйқыда жатқан аруды көзге елестетін таулар бар еді. Оның аруға ұқсайтынын сол кездегі достары да мойындайтын. Кейбір қабілеттілері оның суретін де салып-алғаны бар. Бірақ ол алыс балалық шақ еді. Онан бері қаншама уақыт өтті.

Бірақ Шадыман өзінің геологтық, аңыздық қиялынан арылған емес. Ол қайбір тасқа да әуелі аңыздық қиялмен қарайтын. Содан соң барып оның геологиялық ерекшеліктеріне назар аударады. Сондай әдетімен ол жерден ұшпай тұрғанда-ақ осындағы емшектен аумайтын екі тауды көріп, Емшектау деп ат та қойды. Соның бірінің астын үңгіп үлкен мекенге айналдырды. Бірақ ол жұмыс геологтардікі емес, басқалардікі еді. Ал батыл ұсыныс осы —Шадымандікі болатын. Енді міне, сол Емшектаудың астында өмір кешіп жатыр. “Ару жатқан аймақ” мұнда тек жоғарыдан ғана байқалады. Ондада арнайы құралмен. Өйткені, Шолпанның ақ көрпедей сусып жүретін бұлттары оны оңайлықпен көрсетпейді. Ал Шолпан бетінде жүрген адам бұл кереметті ешқашан да көз алдына елестете алмайды. Таудың алапаттығы сондай, оның жанында адам кішкене ғана тіршілік иесі тәрізді. Ал күнде көріп жүрген адам үшін тіпті, ұмытылып та кетеді. Өйткені, әрбір адамның алдына қойған жоспары, мақсаты бар. Кейде тіршіліктің қатерлі кезендерінде аңыз түгілі бас қайғы болып кетеді. Бірақ сонда да Емшектау есімі ғарышкер-геологтардың санасынан мықтап орын алған. Биіктен ұйқыда жатқан арудай болып көрінген екі анардың екі арасы аз жер емес. Сондықтан да олардың әр- қайсысын өзінше жеке Емшектау деп атауға негіз бар-ды.

Шолпандағы өмір осындай ортада өтіп жатты. Адам баласы жердің құрты сияқты әрекет етеді. Қанша саналы, қанша айлалы, қанша ақылды болса да табиғаттың бар жерін тінтіп, үңгіп жатқаны. Мына өздері тіршілік етіп жүрген Емшектаудың асты да өзінше бір қала. Мұның астына арнайы темір жолмен құбыр арқылы түседі. Ал онан кейін кең дала тәрізді көрініс басталады. Шолпан ғажайып ғаламшар. Адамдар о бастан-ақ Жердің сіңілісі деп бекер айтпаса керек-ті. Айтса, айтқандай. Ғаламшарды қоршаған әдемі бұлттар өзінің қозғалғыштығы, тарам-тарам болып бөлінгіштігімен ерекшеленеді. Бірақ соған қарамастан, оның шағылыстырғыш қабілеті Жер атмосферасына қарағанда әлдеқайда күшті. Күн сәулесінің жетпіс бес проценті кері шағылысады. Қалған жиырма бес проценті ғана бұлт жарып өтіп, Шолпанның бетіне жетеді. Ғаламшардың бетінен жоғары қарай санағандағы ең төменгі бұлт қабаты ерекше қызады. Оның температурасы бес жүз градус ыстыққа дейін жетеді. Сыртқа шыққан адам өзін бейне бір монша буында тұрғандай сезінер еді. Онда да арнайы скафандр кигенде. Ал былайша шыдау мүмкін емес. Моншадағы жүз елу градус ыстыққа өзі де адамды кәдімгідей шаршатып тастамай ма. “Жерде жүргенде терлейтін бу іздеп әуре болушы едік. Мұнда ешқандай от жақпай-ақ пора-пора терге түсесің” деп бір-біріне әзілдейді геологтар. Осындай ерекшеліктің салдарынан мына емшектаудың астына паналауға тура келген.

Емшектаудың тағы бір ерекшелігі бар. Ол ыстықты да, ара-тұра түсетін Күн сәулесін де шағылыстырады. Кәдімгі күмбез тәрізденіп келген. Ортасында шошаймасы бар. Ол да алапат тау. Шадыман Жерде жүргенде Шолпан жайлы талай аңызды еститін. Талайын кітаптан оқыған. Енді өзінің сол Шолпан бетінде тіршілік етіп жүргеніне қиындықпен сенеді. Ол қазір кең аллеяның бойымен келеді. Бұл Шадыманның күнделікті әдеті-тін. Мұндағы уақыт Жер ғаламшарымен бірдей. Он да да Алматының уақыты. Әйтпесе, мұнда таң атып, күн батпайды. Екі жүз қырық тәулікте алмасатын тәулік кімді жалықтырмасын. Бұл мезгілде Жерде табиғаттың екі мезгілі өтеді. Күз болса қыс келеді, қыс болса көктем, жаз болса, қайтадан күз келіп жатады. Сондай мезгіл мұнда да көлмен жасалған. Аллея, құмды дала, батпақты дала, орманды дала, субтропикті аймақ дейсің бе, бәрі бар.Тек шектеулі ортада. Ал далаға шықсаң болды, жаңағы тамаша табигаттан әп-сәтте айрыласың да қаласың.

Шадыман бүгін өзінше бір демалып, өткен-кеткенін есіне алды. Жас кезінен-ақ өзі ұшқыш болуды, ғарышкер болуды аңсайтын. Бірақ кейін келе ол арманы әлсіреп, басқа ойға келді. Ондағысы геолог болу-тын. Сол бағытта жүрді. Жоғары оқу орнына түсті. Геолог деген мамандық алды. Оқып жүрген кездің өзінде-ақ ол талай-талай табиғатты шарлады. Жердің қазба байлықтарын іздеуге қатысты. Содан көп тәжірибе жинақтады. Университетті бітірген соң Геология институтында ғылыми істермен айналысты. Сол күндердің бірінде әзін осы сапарға шақырған қағазды алды. Шадыманның денсаулығы ғарыш кемесімен ұшуға толық жарамды еді. Жер ғаламшарында алғашқы ғарышкерлерді ұзақ даярлайтын. Оған тек денсаулығы мықты деген адам ғана алынатын. Бүгінде ғарышкер болу аса қиын емес. Сонау бір заманда Жер ғаламшарында алғаш ұшатын көліктер жасалғанда да тек денсаулығы мықты адамдар мінетін. Содан келе-келе он бір шақырым биіктікпен ұшатын алапат лайнерлердің өзімен кез келген адам ұшатын болды. Оның ішінде жүрек ауруы бары да, басқа ауруы бары да отыратын. Бірақ солар ештемені сезген емес. Тіпті жер бетіндегі көлікте келе жатқандай салон ішін емін-еркін аралап, түрлі ойын ойнап, не болмаса газет оқып, видеофильм көріп келе беретін. Енді міне, соның жалғасы — ғарыш кемелері болып отыр. Бүгінде Айға кез келген адам барып келе алады. Жайлы алапат ғарыш кемесі Жерден баяу көтеріліп, ғарышқа шығып, Ай жолына түседі. Сонан кейінгі уақыт аралығында жолаушылар не қалағанымен айналысады. Кино көреді, шахмат ойнайды, жұлдыздарды, Жердің өзін тамашалайды, спорттың түрлерімен айналысады. Қысқасы, ол кемеде жолаушыны жалықтырмауға барлық жағдай жасалады. Шадыман олармен де талай ұшқан еді-ау. Айға барып келу бүгінде ешкімге де таңсық емес. Ендігі адамдардың армандайтындары Қызыл ғаламшар мен осы Шолпан. Мұны да біраз жерге жеткізіп тастады адам баласы. Шадыманнын адам баласын құртқа теңеп келетіні де содан-ды. Өздері де бүгінде талай аймақты зерттеп тастады. Талай тастарды қопарды. Шолпанның бетінен де, қыртысының астынан да кен іздеді.

Уақыт сол қызықты зерттеудің арқасында білінбей өтіп жатты. Әйтпесе, мынандай оңашалықта адам баласы жалығып та кетер еді. Емшектаудың астындағы қалашық өзінше ерекше. Мұнда жалықпауға барлық жағдай жасалған. Емшектаудың тасты ұшы бүгінде аса қуатты антенна қызметін де атқарады. Сол арқылы жерден қажетті бағдарламаларды алып отырады. Тек Шолпандағы бір жалықтыратын нәрсе, ала бұлттардың үнемі орап тұратыны. Соның салдарынан мұндағы жарық та Жердегі бұлтты күндер сияқтанып көрінеді. Оның өзі адамның көңіл-күйіне де көп әсер береді. Көп жағдайда ұйқыны кетіреді. Шадыман Жерде жүргенде бұлтты күндерге аса мән бермейтін. Енді мұндағы бұлт адам денесін маужыратып-ақ жібереді. Комбинезон ішіндегі температура плюс он сегізді көрсетіп тұрса да, сырттағы атмосфералық қысым кәдімгідей әсер береді. Өйткені ол 95 атмға жетеді. Сыртта осындай қатерлерге төзуге тура келеді.

Шадыман аллея бойымен тағы жүре түсті. Қарсы алдындағы шағын көлдің суы төбедегі жасанды Айдың күміс сәулесінен шамалы шағылысып тұрды. Шадыман аспанға қарады. Аспан болғанда, ол Емшектаудың биік күмбез қабырғалары еді. Жерді сағынбас үшін сол күмбез қабырғалар жұлдызды әлемге айналдырылған. Мұны алапат планетари десе де болады. Күмбезде Ай да бар, Күн де бар. Олар кәдімгі табиғидай қозғалады. Күн бар кезде Емшектаудың іші ғажайып тіршілікке көшеді. Көлде көл бақалар бақылдап, көгалда неше түрлі көбелектер ұшып-қонып жатады. Тау етектеріндегі ормандарда түрлі құстар сайрайды, арқарлар сайран құрады. Қалашық ішіндегі тұрғындар өз тірліктерін жасайды. Күн кәдімгідей етіп жасалған. Соның орнын басқандай болады. Жұлдыздар да солай. Шолпаннан қарағанда Күннің айналысы мейлінше баяулайды. Жұлдыздардың орын алмасулары да мардымсыз. Ол Жер жағдайына үйреніп қалған адамға біртүрлі көрінеді. Оның өзі де бұлттар қозғалысы кезіндегі ашылып қалатын қысқа-қысқа мезгілдерде ғана байқалады. Түн мезгілінің өзінде де Шолпан беті қапырық. Әрі қараңғы. Бұлтты күні қараңғылық қалай қоюлана түссе, мұнда да тап сондай. Сондықтан да мына Емшектаудың ішін Жер әлеміне айналдырған. Жердегі алты құрылықтың көрінісі де осында. Емшектаудың ішінде келе жатқан адам өзін Шолпанда емес, Жер шарында тұрғандай сезінеді. Шадыманның да манадан бері өткенін есіне алып, емін-еркін келе жатқаны сонан. Оның көз алдында қазір Жеті қарақшы да, Темірқазық та және басқа шоқжұлдыздар да жылжып өтіп жатыр. Бұл аспан кұмбезінің тәуліктік айналасынан екенін білмейтін адам кемде кем. Шадыман да өзін ойша Жер бетіне апарған. Мұнда жетіспейтін нәрсе, ана көше, мына көшеден ағып өтіп жатқан мың-сан көліктердің жоқтығы. Бірақ оның жоқтығы да керек сияқты. Оның есесіне мұнда мейлінше тыныштық. Газ, түтін жоқ. Ауа арнайы күрделі жүйелер арқылы тазартылып отырылады.

Күн Жердегіше батысқа таяп, қызарып батқаннан кейін көше шамдары жанған-ды. Содан соң-ақ Шадыман сыртқа шыққан. Енді біраз уақыт өткенде сол көше шамдарының жарықтары сәл де болса әлсіреп, күмбездегі жұлдыздар айқындала түскен. Аспан күмбезі сияқты бұл жасанды кұмбез де баяу жылжып барады. Жаңа ғана көкжиектен көтерілген шоқжұлдыздар шарықтап, меридианды қиып өтіп, батысқа қарай ойысты. Бұл біршама уақыттың болғанының белгісі еді. Шадыман адам баласы жасаған мұндай ғажайыпқа шексіз қайран болады. Сөйте тұра өздері жасайтын ғажайып істерді елемейді. Ал басқа мамандар үшін геологтардың қабілеттері де ерекше-тін. Шолпанның көрінбей жатқан құпиясын бетінде жүріп-ақ түрлі құралдармен анықтаудың өзі де өзінше бір тәуіпшілік еді.

Шадыман осындай ойларға батып, аспандағы жасанды жұлдыздарды тамашалап, өзінше бір Жер ғаламшарында болып қайтқандай әсерге бөленді. Бұл кезде қалашықтағы үйлердің жыпырлаған терезелерінен көрінген жарықтар да сөнген-ді. Айналада тыныштық орнады. Енді бақылдап жататын бақалар да ұйқыға әзірленгендей. Шадыман қарсы алдындағы жасанды көлдің жанында ұзақ тұрды. Біраз айналыста жүрді. Содан соң күндізгі шаршауынан сергіп, жеңілденіп, қайта пәтеріне оралды.

АТЛАНТИДА ОЙПАТЫҢДА

Шолпан табиғатының өзіндік ерекшеліктері тұрғындарды таңдандырмай қалған емес. Мұнда тек Шадыман Жасамысұлы бастаған геолог емес, басқа да мамандар бар. Соңғы кездері Шолпанға келушілер де көбейген. Бәрінде де бір үміт. Ғаламшардан қандай да бір пайдалы қазба байлық табу. Оны күнделікті тұрмыс кәдесіне жарату Ең әуелгісі сол. Онан артылса, Жерге, Айға қарай әкету. Олардағы тұрғындарға жеткізу. Халықтың тұрмысын жақсарту. Бұл түсінікті нәрсе еді. Жер ғаламшарындағы қажетті қазба байлықтардың азая бастағаны қашан. Ғалымдар Қызыл ғаламшардан да біраз қазба байлықтар тапты. Енді осылай қарай ойысқан.

Шолпанның жиырма жеті процентінің ойпаттан тұратыны әуелден белгілі. Оның бет-бедері Жерге қарағанда аз ойқыштанған. Ал таулы аймағы он процентін алып жатыр. Ай мен Олпандағы сияқты шеңбер-шеңбер қазан шұңқырлар қаншама. Ал геологтарды тартатын орындар негізінен ойпатты жерлер. Сол тегістерден су, мұнай және басқа аса қажетті нәрселерді іздейді. Шадыман Жасамысұлы бастаған геологтар тобы бұл жолы Атлантида ойпатын бетке алды. Ол ойпаттың диаметрі үш мың шақырымға жуық. Терендігі екі шақырым. Үстінен қарағанда ол кәдімгі Айдыңтеңізін көзге елестеді. Бірақ мұндағы көрініс өзгешелеу. Айда бір шөкім бұлт жоқ болса, мұнда ғаламшарды тұтасымен қоршаған ақ көрпе ойпатты онан сайын қарайта түседі. Егер осында шал- қыған су болса, ылғал көбейіп, ауа айналымы жүріп, тамаша бір тіршілік басталар еді. Ғалымдар ол жағын да қиялдамай қойған жоқ. Өздері мініп келе жатқан үлкен кеме, соңдарынан ұшып келе жатқан күрделі бұрғылау қондырғылары тыстан қараған адамға ерекше бір құбылыс сияқтанатын.

Шолпан әрбір тұрғынға қаншалықты ыстық болса да, өзінің бейтаныс ерекшеліктерімен әрбір сәтте тандандырып, сезіктендіріп отырады. Бөтен жердің аты бөтен жер. Бұлт пен бедер арасындағы аптап, анда-санда жылт етіп көрінетін Күн көзі кей-кейде ғажайып бір көріністі алдарына жая салатындай болады. Шолпан жайлы аңыз да аз емес. Соның бәрі де әйел дүниесімен байланыстырылады. Шолпан есімді қазақ қыздары қаншама. Геологиялық топқа тап сондай есімді қыздың қосылуы да занды сияқты. Үшып келе жатқан кеме ғаламшардың сондай бейтаныс құбылыстарына қосылған тағы бір жаңалықтай. Геологтар Шолпанның әрбір қыры мен төбесін, тауы мен тасын жатқа біледі. Олардың мамандығы солай. Кеме ішіндегі үлкен шамды карта да көрінбегенін менен ізде дегендей жыпылық қағады. Бірақ үйреншікті болғандықтан оған назар аударып жатқан геологтар жоқ. Олар картадан гөрі табиғаттың таза өзін әбден көріп алғылары келеді.

Арада шамалы уақыт өткенде қарайған ойпаттың кейбір жерлері айқындала түсті. Бұл алапат кеменің төмендей бастағанының белгісі еді. Енді бір кезде кеменің басқару пультіндегі стрелкамен белгіленген шамы жыпылық қақты.

Ол қонар аумақты көрсеткені. Сол жақ қабырғадағы жаңағы үлкен картадан да стрелка шамы жанып өше бастады. Геологтар кішкене қозғалактап, терезеге үңіле түсті. Бұл ай- маққа олар Кең тегіс деп ат қойып алған Адам баласы ат қоюға шебер. Осы Шолпанның көп жеріне адам аяқ баспай тұрып-ақ ат берілген. Мына Атлантида ойпаты да сол кезде есімге ие болған-ды. Енді мұнда көптеген қазақ жерлері де бар. Оның басы Емшектау. Әрбір ұлт мұндағы өзіне ұнаған жерді өзінше атайды. Бір кездері осы Атлантида ойпаты сияқты үлкен-үлкен жерлерге ат қойылса, енді оның санында шек жоқ. Есте сақтаудың өзі де қиын.

Кеме тап Кең тегіске қарай шүйілді. Сырттан қараған адам мұны ертегідегі бір алып самұрық қонып бара ма деп те ойлар еді. Ап іштегілер үшін ештеме де білінбейді. Кеме қаншама төмендесе де Кең тегіске кемелердің көлеңкелері түсіп жатқан жоқ. Мұның бәрі де бұлттан. Бұлт кезінде жарықтың шашырап, барлық затқа бірдей түсетін әдеті бар емес пе. Мұнда да сол. Тек кей-кейде Күн көзі бұлт тарамыстарының арасынан көрініп қалған кезде тау мен тас көлеңкелері қараң ете қалады. Мұндай көрініс бұрын-сонды мұнда болмаған адамға қорқыныш та тудырады. Өйткені, ол көлеңкелер емес сол тау мен тастың жанынан шыға келген қосымша бірдемедей елестейді. Адам табиғатты қалай қабылдаса, солай көрінеді. Тау арасын аралап келе жатқан кез келген адам тастардан неше түрлі мүсіндерді көзге елестете алады. Бірақ олар тұрақты көріністер. Жерде Күн сәулесі күні бойы жарқырап тұрады. Бұлтты болатын күндер сирек. Оның есесіне ондағы көлеңкелердің бұрыштары аз ғана уақыттың өзінде-ақ өзгереді. Ал мұндағы басты ерекшелік Күн бір орнында қозғалмайтындай көрінеді. Үш жүзге жуық тәуліктік уақыт аз ба. Жер ғаламшарында бұл уақыт аралығында қаншама оқиғалар өтеді. Мына Шолпанда тек қана бір күн өткен- дей сезіледі. Өзі де солай. Оның үстіне Шолпан Жерге қарама-қарсы бағытта айналады. Күн батыстан шығып, шығысқа барып батады. Бұл әрине, Жермен салыстырғанда ғана. Ал Шолпанда тұрған адам үшін Күннің шығуы да, батуы да дұрыс сияқтанып көрінеді. Өйткені, мұндағы тұрғын үшін батыс — шығыс, ал шығыс — батыс болып қалыптасады. Соған үйренеді.

Зерттеуге келе жатқан геологтар да соған үйренген. Шолпандагы жыл алмасуының болмайтыны да өзінше бір ерекшелік. Бұлт астында тымырсық өзгерместей тұрып алады. Тұрып алмай қайтсін, Шолпан өз осінен өте баяу айналса, сол осі өзінің айналым жолына перпендикуляр болса. Шолпан осі айналым жолынан екі градусқа ғана қисайған. Сондықтан да жыл мезгілінің алмаспайтыны. Емшектау ішіндегі Жерге тән тәуліктік айналым, Күн мен Ай, жұлдыздар жасалуы да келушілер мен тұрғындарды осындай үйреншікті емес құбылыстардан жалықтырмау үшін жасалған. Емшектауға кірген адам өзін Шолпанда емес, Жерде жүргендей сезінеді. Соның өзі де алданыш. Бұлт астындағы тымырсықтан жалыққанда геологтар сол әрі үй әрі Жеріне асығады.

Кең тегіс те өзінің табиғатымен адамды ойландырады. Жайымен келіп қонған бірнеше кеме биіктен қараған адамға алапат табақ бетіне қонып-қонып тұрған үлкен шыбындар- дай болып көрінеді. Бірақ, бір ғажабы, Шолпан өзінің бар құпиясын ішінде сақтайды. Бұл жағынан келгенде, бір ғажабы, жүзін пәренжемен бүркеген жас келіншекті ойға түсіреді. Атына заты сай деген осы болса керекті. Геологтар қолы босап, әңгімеге отырған кезде осыны да айтып рахаттана күлетін. Шолпан десе, Шолпан. Қай жағынан болмасын, қыз табиғатына келіп-ақ тұр. Емшектаудың өзін жараткан кім еді? Соның өзі де бір жұмбақ.

Геологтар тымырсықтан қызып тұрған жалаңаш қыртысқа табан тіреген бұрғылау қондырғыларын жұмысқа дайындады. Олар енді адам танымастай пішінге ауысқан. Жиналған кезде бір басқа, жұмысқа дайындалған кезде бір басқа. Бірнеше қондырғы өз денелерін өздері қозғап, жұмысқа ыңғайлана берген. Бұлардың бәрі де бір замандағы бұрғылар емес. Ұшар кезде ғарыш кемесіне айналса, бұрғылау кезінде келі түйген алып адамдай көрініске көшеді. Оларды басқарушы жігіттердің жұмыстары да панельдердегі түймелерді басумен шектеледі. Кейбір жүйелері ми биотоғымен де басқарылады. Жапа-тармағай тұра қалған бұрғылар төбе тұстарындағы бұрғыларын Шолпан қыртысына инеше қадап, әрі қарай ендіре түседі. Бұрғының бір кесігі енген кезде төбесіндегі лықа толып жатқан кесіктердің келесісін алады. Бұрғы терендей түседі. Егер осы іс-әрекетті алыстан дүрбімен бақыласа, алып бірдеме келі түйгендей бірдеме істеп жатқан болар еді. Ал бұдан мүлдем бейхабар адам оны Шолпан бетіне келген алып бір құбыжық деп сескенбек.

Ал Жерден келген геологтар үшін мұның бәрі үйреншікті көрініс. Күнде осылай. Кеңтегіске келеді. Содан соң бұрғылау жұмыстарын жалғастырады. Тек аймақ ауыстырған кезде ғана жиналып, ғарыш кемесіне айналып, Шолпан бетінен торғайларша топтанып ұша жөнеледі. Бүгін де бұлар жаңа орынға келді. Сондықтан да бұрғылауды бастап кету біршама уақытқа созылған. Техникалар қаншама автомат болса да су немесе басқа қазба байлық шығады-ау деген жерді тауып, орныққанша біраз уақыт сырғып өтеді. Бірақ енді бәрі де артта қалды. Бұрғылар іске кірісіп кетті. Шолпан бетінің қызған қыртысы дірілдеп жөнелді. Бір емес, бірнеше бұрғылар шыр айналғанда қыртыс екеш қыртыстың өзі де солқылдап жөнеледі екен. Геологтар мұндай үмітті де қызықты іске кіріскен кезде айнала төңіректе не болып жатқанын ұмытып та кетеді. Бар назарлары бұрғының түбіне ауады. Қанша дегенмен бұл Жер ғаламшары емес. Қадағалап тұрмаса болмайды. Күтпеген жерден бірдеменің атқылап жөнелмеуіне кім кепіл? Шадыман осы жағын да ойлайды. Бұдан бұрынғы бұрғылаған бірнеше жерден ештеме шықпады. Біраз еңбек бекер кеткен де сияқты. Ал ең негізгісі — көп жерден су табылады. Ендігі үміт осы өздері атаған Кең тегіске ауған еді.

Бұрғылар автоматты түрде жұмыс істейтін болғандықтан геологтар қазу процесін олардың жанындағы кішкене үйшіктің ішіндегі пульттен басқарады. Ол пульт-көлік көшетін кезде сол алып бұрғының арқа тұсына бекітіледі. Бұл процесс тез орындалады. Тез жиналады. Шолпан табиғатының бір ерекшелігі — онда қатты дауыл тұрмайды. Ара- тұра желдің болып тұратыны анық. Күшті жел Шолпан атмосферасының жоғарғы қабаттарында болады. Ал оның жылдамдығы қайран қаларлық. Геологтар бұл ғаламшардың тыныш та, тымырсық жағдайына үйреніп те алған. Тек Күн көзін көлегейлеп, жарықты шектейтін бұлттары ғана жалықтырады. Ара-тұра жарқ етіп түскен Күн сәулесі қай- қайсысын да қаншалықты үйрендік десе де елең еткізбей қоймайды. Елең ететіндері — мұндағы Күннің сәулесі Жердегіден әлдеқайда жарық әрі өткір. Егер сәуле түскен жерде адам комбинезонсыз тұрып қалса, ол әп-сәтте қарайып күйіп кетер еді. Ақыр заманның көрінісі деген осы болса керек. Геологтар оны да біледі. Күннің сол өткір сәулесінен көз қарашығын қорғау үшін бұлттылығына қарамастан арнайы көзілдірік те таққан. Өйтпеске тағы шара жоқ. Шолпанның мейлінше баяу айналуы оның бар табиғатын онан сайын құлазыта түседі. Тек аспандағы жылдам жылжыған бұлттар ғана мұнда да бір әрекеттің барын айғақтайды.

Шадыман қарсы алдындағы экрандарға қарап отыр. Жанында өзінің орынбасары Керімбай Мұсатайұлы, онан кейін Берназар Есмұратұлы отыр. Үшеуі осы басты бұрғы- ны қарайды. Қалған бұрғыларда да үш-үш адамнан бар. Шадыман басшы болғанмен қарап отырған адам емес. Өзі де іске араласып жүргені. Мұнда қарамағандағыларын жұмсау деген әдет те жоқ. Көп нәрселерді биороботтар мен биоманипуляторлар атқарады. Бұрғының тағы бір ерекшелігі ойтеуір терендеп кете бермейді, алдарындағы экрандар арқылы қыртыстың бар жағдайын көрсетіп, хабарлап тұрады. Бұргы тісі , тиетін жағдай болса, алдын ала дабыл береді. Геологгар тез әрекет жасайды. Шолпан қыртысынан су алу да оңай емес. Ғаламшар Күнге жақын болғандықтан қатты қызады. Онда да оның “жанын” ақ бұлттары сақтайды. Егер Шолпан Олпан сияқты жалаңаш болса, мұнан да өткен аптап болар еді. Қалың бұлт Күннің сәулесін кері шағылыстырады. Соған қарамастан сәуле Шолпан бетіне жетеді. Бұлт пен бетінің екі арасында тымырсық күй орнайды. Оны геологтар әзілдеп “Моншадағы бу” деп жиі қайталайды. Десе, дегендей, манадан бері зырылдап айналып жатқан бұрғылардың білектерінің түптерінен бұрқырап бу да шыға бастаған. Мұндайда бұрғы бір сәтке тоқтатылады. Содан соң басқару пультіндегі экран арқылы бұрғы тісінің айналасы мұқият зерттеледі. Хабарлау құралдарының тағы бір артықшылығы оған бу да, басқа да кедергі емес. Бейне бір аса қуатты рентген сәулесі сияқты бар кедергіні жарып өтіп, көз алдыңа әкеледі. Қыртысты бұрғылау кезінде бу жиі шығады. Өйткені, қыртыстың өзі ыстық, оған шыр айналған бұрғының өз қызуы қосылады. Содан бу шықпай қайтсын. Егер қазып жатқан жерде мұнай болса, оп-оңай от тұтанып кетер еді. Бұрғылаушылар солжағынан да сақтық жасайды. Әрине, қазып жатқан қыртыстың астында не барын алдын ала анықтап беретін күрделі жүйелер де бар. Бірақ қапай болғанда да, бөтен ғаламшарда сақтық әрқашан қажет.

Шадыман экранға қадала қараған күйі отыр. Бу бір ғана өздерінің бұрғыларынан емес, айнала тұрған бұрғылардың бәрінен де бұрқырап жатыр. Егер осы ертегідегі оқиға болса, сол бұлардың арасынан қандай да бір кейіпкер шыға келер ме еді. Бірақ бұл шын оқиға, шын іс әрекет еді. Жалпы, Шадыманның өзі де Күн жүйесіндегі қай ғаламшар болмасын пәлендей бір жұмбақ бірдеме көріне кетеді деп ойламайтын. Онысына бірнеше дәлелдер де бар еді. Бір заманда ғалымдар Айда тіршілік бар, қарайғандарының бәрі мұхиттар мен теңіздер деп санаған-ды. Ал қуатты бақылау құралдары жасалып, ғарыш кемелері барып, алғашқы адам Ай топырағын басқан кезде не көрді? Қандай құбыжықтар қарсы алды оларды? Ешқандай да. Ай табиғаты сол өзінің бұрынғы қалпынша мүлгіп тұрды. “Келдің-ау, кеттің-ау” деген Айдың байырғы қиялдағы тұрғыны да көрінген жоқ. Онан кейін Айға қаншама ғарыш кемелері барды. Ғарыш кемелерінің базалары салынды. Ал онан кейін адам баласы Қызыл ғаламшарды мықтап қолға алды. Ол жөнінде де талай қызықты болжамдар айтылған-ды. Бірақ соның бірі де болжамнан шындыққа айналған жоқ. Шындықка айналған бір ғана нәрсе

— Қызыл ғаламшардың табиғатын адам баласы өз қолымен тіршілік жағдайына көшірді. Ал мына Шолпанның жөні басқа еді. Сырты әсем ақ бұлт қоршаған Жерден кейінгі ақ бұлты бар жалғыз ғаламшар бұл. Ғалымдардың да, халықтың да Жердің сіңілісі деп жүргендері де сонан.

Міне, енді мұның бетінде де адам дейтін ақыл иелерінің қам-қарекеті басталып та кеткен. Бүгінде Шолпанның бірнеше жерінде ел бар. Бірақ бәрі де Шадыман бастаған топ орналасқандай тау-таудың астында. Ал бұлардікі өзінше ерекше. Емшектаудың ішіндегі Жердің табиғатын көзге елестететін көріністерінің өзі неге тұрады. Онда ғажайып құрылыс Шолпанда әзірше біреу ғана. Геологтар ондай ортадан сыртқа шыққылары да келмейді. Өйткені, Емшектаудан шыққанда бейне бір басқа әлемге тап болғандай сезінеді. Сыртта көп жүре алмайды. Үстерінде қаншалықты жақсы комбинезон болса да, арқаларындағы камералардан ауа жақсы жетіп тұрса да, сырттағы бес жүз градусқа жақын тымырсық ыстық шаршатып жібереді.

Қазіргі кідіріс те сол ыстық пен тымырсықтың нәтижесі еді. Техникаға да ауа қажет, су қажет. Онсыз олар да тұншығады. Шолпанда су аз. Ол өте тереңнен алынады. Сондық- тан мұнда су қадірі де ерекше. Әрбір бұрғылау техникасына су өлшеммен беріледі. Қатты қызған бұрғыларға арнайы түтіктер арқылы салқын су жіберіледі. Бірақ мұздатқыштан шығатын сол суық судың өзі де бұрғы тістеріне жеткенше ысып үлгереді. Тез буланады. Мұндай сәтте тап осы Кең тегістен гейзерлер атқылағандай көрініс орнайды.

Шолпанның қазіргі табиғатында өмір кешкен адам тек бұл қиындықпен шектелмейді. Аспанда жөңкіген бұлттар, ара-тұра жарқ етіп көз шағылыстыратын найзағайлар тағы бар. Сол найзағайлар қазір де мына қапылыспен қабаттасқандай жарқ-жүрқ ете түсті. Найзағай атаулының қаншама мол энергия бөлетінін білмейтін адам жоқ. Ал Шолпан жағ- дайындағы найзағай оты мүлдем басқаша. Текжарқыл емес, онымен қабаттаса гүрілдердің естілетінін қайтерсің. Егер Шолпанда теңіз бен мұхит болса, ылғал болса, сол ылғал айналымы жүріп жатса, жаңағы найзағай мен гүрілден кейін нөсер басталар еді. Мына дала басқаша көрініске көшіп, қыртыс астынан қылтиып осы табиғатқа тән өсімдік әлемі тық- пақ. Бірақ бұл жай ғана қиял Геологтар оның әзірге болмайтын нәрсе екенін біле тұрса да ойламай қалмайды. Найзағайды да, гүрілді де Жердікіне ұқсатқылары келеді.

Бұрғылардан шыққан бу тез аспанға көтеріліп кетіп жатты. Жоғалып жатты. Егер Шолпан бетінде су буы тұратын болса, жағдай мүлдем басқаша болмақ. Ал рэлеев сирендісі атмосферасынан орын алса, тап Жердікі сияқты көгілдірленіп шыға келмей ме? Өкінішке орай бұлт әлемі сарғыштанып көрінеді. Соның өзі-ақ мұнда тіршіліктің жоқтығын және бола алмайтынын айқындай түскендей. Бірақ оған мұңайып жатқан ешкім жоқ. Геологтар бұл жағдайды алдын ала біліп, Жерден дайындалып келген. Жерде жасалған тап осы ортадай лабораториялық орында жатыққан. Сонда да табиғаттың өзінде болу басқаша екен. Мұнда кез келген уақытта күтпеген құбылыстардың болуы да ғажап емес. Геологтар сол жағын да ойлайды. Бірақ ойлап отырып қалмайды, өздерінің істерін әрі қарай жалғастыра түседі. Көздеген жоспарларын тездетіп орындауға асығады. Егер Емшектау және оның астындағы Жер жағдайы болмаса, бұл ғаламшарда мандыртып жұмыс істеу де екі талай еді. Осы Шолпанды зерттеуге алғаш жіберілген автоматты ғаламшараралық кемелердің қаншасы мына атмосфераның қысымына төзе алмай быт-шыт болып кетті. Тоқсан бес атмосфераға жететін қысым кімге жайлы болсын. Қаншама комбинезон кидік десе де, геологтар сол қысымды сезеді. Қозғалыстары ауырлайды.

Шадыман осыны түсініп, жаңағы будың адам адасарлықтай болып атқылауын ескеріп, пульттегі бір түймені басты да:

— Жарты сағатқа демалыс жариялаймын! Бұрғыларды аса ыстықтан, найзағайдан қорғайтын қосымша қалқаларды жабындар! Қосымша мұздатқыштарды қосыңдар! Үзіліс жариялаймын! — деді.

— Түсінікті! — деген бірнеше дауыс естілді артынша.

Экранда түрлі қимыл-қозғалыстар көрініп тұрды. Шадыман қасындағылармен бірге ол әрекеттерді қарап отырды. Өздері де бұрғы-кеменің қосымша қалқаларын жапты. Бірақ ыстықтың аты ыстық-ау. Бой берер емес. Қайта мұнда Күн мейлінше баяу жылжитындықтан ол ыстықтың температурасы аса өзгермейді. Ал кейде шамалы жел соқса, ол күшейе түскендей болады. Сондықтан геологтар желді қаламайды. Шолпан бұлттары тіпті түн жағында да суып үлгермейді. Ол небәрі жиырма градусқа ғана төмендейді. Геологтар оны да жақсы біледі. Шадыман алдындағы экрандарды бірінен бірін қосып, әрбір бұрғы-кемедегі замандастарын қарауға көшті. Осы кезде оң тұсындағы дабыл шамы жыпылық қақты. Шадыман сол шамға сәйкес түймені нұқып жіберді. Экранда — Шолпан. Арамыздағы жалғыз қыз!

— Айрылғаны қалай? Ол кім? — деді Шадыман. Орнынан мұртын қияқтай етіп қойған жас жігіт көрінді. Оның өншейінде бозарып тұратын түсі онан сайын сұрланып кетіпті. Шадыман Жасамысұлы да оған қадала қалған. Жігіт:

— Шадыман Жасамысұлы! — деді толқып, — жаңағы қатты найзағай мен гүріл кезінде бір адамымыздан айрылдық!

— Не дейді?! Қалайша айрылдындар?

— Шамалы жел тұрып, шаң-тозаң көтерілді.

өган мына бу қосылды. Бәріміз асығып, басқару үйшігіне кірген едік. Кенет Шолпанның дыбысы жетті. Содан қайта сыртқа атылдық. Жоқ. Ештеме жоқ. Түк болмағандай. Манағы найзағай да қойған Гүріл де жоғалған. Енді не істейміз?

— Іздеу керек! Табу керек! — деді Шадыман көңілсіз.

— Қайдан? — деді Есмұхан есімді жаңағы мұртты жігіт.

— Оның комбинезонында байланыс құралы бар емес пе?

— Бар. Бірак ол жүз шақырымнан артық қашықтықтан ала алмайды.

— Оны өзім де білемін. Егер қашық кетпесе, дегенім ғой.

— Дауыл дейтін дауыл жоқ. Тұман дейтін тұман жоқ. Мына жарық дүниеде. Оның үстіне жалғыз қызымыздың жоғалғаны бізге ұят та болды-ау. Жердегілерге не бетімізді айтамыз.

— Шолпан ғаламшарынан мұндай құпияны күтпеп едім,

— деді Шадыман тағы да күрсініп.

— Бөтен ортаның аты бөтен орта! — деп орынбасары Керімбай Мұсатайұлы да терезе жаққа қарап қойды.

Расында да дала тып-тыныш. Ештеме болмағандай. Кең тегістің аумағы көп қашықтыққа дейін ап-анық көрінеді. Ал бақылау құралы болса, онан да әріге көз тігуге болады. Шадыман қабырғада ілулі тұрған күрделі дүрбіні алды да, терезеден сыртқа қарады. Ойпаттың сонау көз жетпейтін қыртыс-қыртыс жерлері де алдына жылжып келді. Жоқ, ештеме де, ешкім де көрінбейді. Содан соң Шадыман ыммен сыртқа шығуға белгі берді. Оқыс хабарды естіген басқа бұрғы- кемелердегілер де бұл кезде далада еді. Әркім өзінің пікірін білдіріп жатыр. Бірақ қолдан келетін ешқандай әрекет жоқ. Қайдан, қалай іздеудің де жолы белгісіз. Шадыман бойын жаза алмай қалды. Шолпан оның осы сапардағы бар арманы, үміті еді. Басында, жерден ұшпай тұрғанда сол жас қызды құрамға өзі тандап алған-ды. Тек құрам емес, өмірлік серік етсем бе деген ойы да бар-ды. Бірақ сол сезімін ол қызға әзірі айта қойған жоқ-ты. Қанша дегенмен басшы болған соң өзін салқындау ұстаған. Енді аяғы мынау болды. Ең болмағанда оны өзінің бұрғы-кемесіне алуы керек еді. Оны да жасамады. Шадыманның әйел дүниесіне деген селқостығы бұл. Соның салдарынан бір қыздан күтпеген жерден айрылды. Онда да арадағы жалғыз қыз. Енді Жерге не деп мәлімет бермек. Қыздың туған-туыстарына не демек. Емшектаудағы басқа қызмет атқаратын қыз-келіншектер естігенде қандай қорқыныш тумақ?

Осындай көңілсіз ойдың бәрі Шадыманды әп-сәтте талай жасқа қартайтып жібергендей болды. Ол үмітін үзбеді. Қолындағы қуатты да күрделі дүрбісімен айналаны қарай берді, қарай берді. Төңірегінде тұрғандар да өз дүрбілерімен қарауда. Өздеріндегі телерадио жүйелермен Шолпанды шақыруда. Бірақ жауап жоқ. Тіпті орталарында енді Шолпан есімді кыз мүлдем болмағандай. “Бұл не, ертегі ме, әлде елес пе? Өңім бе, әлде түсім бе?” деп те толқыды Шадыман. Енді ешкім де мына аптапқа назар аудармағандай. Басқа іс түскенде бар қиындықтың ұмытылып кететін әдеті бар емес пе еді. Шадыман да енді ешқандай ыстықты, терлегендікті сезбегендей тұр. Басқалар да солай. “Жаңа үзіліс жасап нем бар еді” — деп те өкінді енді ол. Бірақ өкінгенде, ашынғанда не, бәрі де кеш еді. Жоғалар қыз жоғалды. Мына шетсіз, шексіз көрінген табиғаттың қай жерінен табады ол. Ал қазір оның өзі қандай күйде? Мәселе сонда. Бәлкім ол қыз бір кұпия адамдардың қолына түскен болар. Өзі де солай болуы тиіс. Ал кімдердің қолына. Оны біліп-айыру қиын.

— Достар, — деді ұзақ үнсіздіктен соң Шадыман, — біз күтпеген оқиғаға тап болдық. Шолпанда Шолпанды жоғалтып алғанымыз әрі күлкі әрі қайғы. Енді қолымыздан келгенінше ол қызды іздейміз. Шарлаймыз ғаламшарды. Біраз уақытқа бұрғылау жұмысымыз тоқтатылады. Жерге барлық жағдайды баяндаймыз. Менің айтарым осы.

— Мен Шолпаннан күдерімді үзбеймін! Ол қыз оралады! — деді Есмұхан Алдабергенұлы, — достар, сіздер де күдерлеріңізді үзбеңіздер. Шолпанның алысқа ұзауы мүмкін емес еді. Егер біреулер қиянат етсе, жөн басқа. Бірақ кімдер келеді мұнда? Шолпандағы елдің бәрі де Жерден келгендер. Олар неге қиянат жасасын?

— Бәлкім, Шолпанның өзі адасып кеткен шығар? — деді Алдияр есімді геолог.

— Өзі адасып не көрініпті?! — деп мырс етті Мархабат деген инженер-геолог.

— Достар, — деді сол кезде Шадыман, — қазір пікір таластыратын шақ емес. Уақыт өткізбейік. Алдиярдың сөзін де жоққа шығаруға болмайды. Біз көкжиек қуалап кеттік. Мына бу толық тарап жоғалысымен бұрғы қондырғыларының маңдарын да қарандар. Бәрің асығып ішке қарай жүгіргенде ол шынымен-ақ адасып, басқа жаққа кетіп калған болар. Онда ол көп ұзаган жоқ. Мына төбешік-төбешіктердің ара-араларын да қарауымыз керек? Жолға шығалық?

Ешкім сөзге келген жоқ. Бәрі де комбинезондарының арқасы тұсындағы ауа камераларын, комбинезон тысындағы салқындатқыш жүйелерді сыртқа шықпай тұрып тағы бір мұқият тексеріп алды. Сонан соң бұрғы қондырғыларының жан-жағын қарауға кірісіп кетті. Алғашында ештеме болмағандай еді, кенет Алдиярдың:

— Miнe, айттым ғой? Былай кетіпті? Келіндер мұнда? — деген хабары әрбір геологтың құлағына қабылдағыш күшейткіші арқылы сарнап жетті.

— Солай қарай жүрелік? — деді Шадыман кетіп бара жатқан бағытынан кілт бұрылып.

Басшының дауысы Жердегі сияқты сыртта саңқылдап тұрмаса да әрбір құлаққа ап-анық жеткен соң бәрі де Алдияр жаққа қарай тартты. Бұл кезде бұрғы қондырғыларынан шыққан бу да сиреп қалған-ды. Ол әп-сәтте ғарышқа қарай ұшып кетіп үлгерді. Мұздатқыштардың дауысы бұрынғысынан да күшейе түскен. Оны күшейту жөнінде осыдан сол ғана бұрын Шадыман тапсырма берген еді. Сол мұздатқыштар жұмысы күшейісімен бу азайып, сиреп барып жоқ болды. Айнала тазарып шыға келді. Геологтар Алдияр көрген ізге түсті. Шынымен-ақ Шолпан есімді әдемі қыздың нәзік аяғына шақ аяқкиімнің табанының ізі. Геологтар бар қиындықты ұмытып қызды табу мақсатында ілгері қарай асыға жүрді.




Елеске ілескен қыз
Мұхиттағы қорқыныш
Емшектаудағы әбіржу
Аңғардағы арпалыс
Тұтқынға түскен кеме
Жерден келген көмек
Арғы ауылдан оралғандар
Той алдындағы кездесу
Күн тұтылған соң
Көрші ауылдағы той

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет