БАҒдарламасы бойынша шығарылды шолпанға көшкен ауыл Жетінші роман



бет6/17
Дата20.06.2018
өлшемі1,36 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

МҰХИТТАҒЫ ҚОРҚЫНЫШ

Мұхит бетінде, ғажайып кемеде келе жатқан Шолпан өзінін достары бастан кешкен жұмбақ оқиғадан бейхабар еді. Мұхит кәдімгі мұхит еді. Кеменің арнайы жерінен жас қыз суды да қолымен ұстап көрді. Екі алақанын біріктіріп, су толтырып алып, оны қайта төкті. Өзі мінген кеменің теңселісі алғашында бесіктей көрінгенімен ақ көбіктеніп, асаудай аспанға шапшыған толқындар денесін еріксіз түршіктірді. Бұл көріністің жасалуы Шолпанның өз өтініші еді. Шолпан туғалы я теңіз, я мұхит дегенді көрмеген. Оларды тек ғарыштан ғана бақылайтын. Ал геологтың негізгі міндеті тау мен тастан кен іздеу болғандықтан теңіз бен мұхитқа барудың реті келмейтін. Табиғатты қалай өзгертемін десе де қолынан келетін Абзалдан ол Кең тегіс деп өздері ат қойған аймақты мұхитқа айналдыруды сұраған. Шолпан ол ойпатты бір замандағы мұхиттың орны шығар деп ойлайтын. Енді сол қиялындағы мұхитқа шынымен-ақ келгендей.

Ақ желкенді алып кеме мұхит бетінде жүзіп келеді. Мұхиттың кеңдігімен, көз жетпейтін киыр шеттерімен салыстырғанда мына алапат деген кеменің өзі де жас? баланың қолдан жасаған ойыншық кемесіндей ғана болатын. Шолпан бүгінде Шолпан ғаламшарының қай тұстарында жүргенін ажырата алатын болды. Өйткені, қасындағы Абзалдың ғаламшардың кез келген жеріне “тіршілік орната” салатынына көзі жетті. Бірте-бірте өз өзіне келіп, қай ендік пен бойлықта жүргенін де түсінді. Абзалды Кең тегіске алып келгендігі мақсаты да сол түсінгендіктің белгісі еді. Бірақ Шолпан бір нәрседен ұтылды. Достарын көре алмады. Мынандай шалқып жаткан мұхитта ол өзін қайдан тапсын. Шолпан ол жағын да ойлап қойды.

Кеме ішінде адамдар көп. Олардың біразы кемені жүргізетін жүйелер орнатылған төменгі бөлімде. Біразы осы өздері тұрған аланды күзетуде. Ал желкен орнатылған биік бағаналардың бастарында белгі беретін шамдар да бар. Бұл баяғы заманның кемесі емес, сол баяғы заманның кемесінің жобасымен жасалған, бірақ бүгінгі күннің жаңартылған, жақсартылған кемесі еді. Шолпан оның бәрін түсінді. Ара-тұра осы көріністің бәрі келіп тұрған аспандағы домалақ денеге де қарап қояды. Бірақ оның жөнін әлі толық сұраған жоқ. Абзал да түсіндіріп айтқан емес. Ең бастысы, бәрі де шын, бәрі де табиғи болғандықтан сұрап жатудың да жөні жоқ сияқты көрінген.

— Қандай тамаша! Қандай ғажап! — деп тебіренді бір кезде Шолпан қарсы тұстан соққан самалса карап, еркін тыныс алып. - Осы кезге дейін мен мұхит бетінде кемемен жүзіп көрмеген едім!

— Енді міне, оны да көрдің! — деді Абзал оның қолынан қыса ұстап, — қалай жүзиміз десек те еркімізде! Тек сіз жалықпасаңыз болды.

— Неге жалығайын, — деп жымиды Шолпан, мен жалықпаймын!

— Жалықкан ештеме емес, қорықпау керек.

— Неден қорқамын? — деп Шолпан Абзалдың жүзіне қарап қойды.

Бірақ осы кезде гуілдеген дыбыс шықты. Артынша өздері мінген кеме тербеле берді. Ол тербеліс енді біраздан сон күшейіп, дүние астаң-кестең болғандай күй орнады. Шолпан Абзалдың қолтығынан мықтап ұстап алған. Кеме үстіндеп анау-мынау бос тұрған заттар, бөшкелер домалап жөнелді. Шолпан енді бір қарағанда өздеріне қарай шапшып, төніп келе жатқан ақ бурыл асау су толқынын көрді. Шолпан дауыс шығарып үлгергенше, су екеуінің де үстерін малмандай етіп қайта жоғалды. Кеме шайқалғанда дүние өзгеріп кеткендей сезілді. Кеме аспанға шығып, мұхит төменге түсіп, кеткен тәрізді. Абзал екеуі біресе олай, біресе бұлай құлады. Енді тұра берейін десе, кеме қайта төңкерілгендей болып, домалап жөнелгендерін де байқамай қалады. Бір кезде Шолпанның жүрегі айныды. Лоқсып-лоқсып жіберді. Бірақ Абзалдан басқа оған көмекке келіп жатқан ешкім жоқ. Кемеде адамдар көп болса да, өмірмен арпалысып жатқан екеуі ғана тәрізді. Шолпан осы кезде барып мұхитта дауылдың көтерілгенін түсінді. Енді біраздан соң адам түгілі, алып кеменің өзі де арпалысқа түскендей көрінді. Айналадағы күзетіп тұрған адамдар да зым-зия. Шолпан олардың не қашып кеткенін, не суға батып кеткенін түсіне алмады. Дауыл онан сайын күшейіп, кеме қатты шайқалуда. Cap ете қалған суық су қыз бойын түршіктірді. Абзалдың үсті де малмандай. Бірақ ол жігіт болғандықтан ештемені сездіргісі келмейді. Уақыт өткен сайын кеменің шайқалысы да күшейе берді. Енді болмаса, аунап кететін де түрі бар. Шолпан Абзалдан мықтап ұстаған күйі тұр. Салқын судан денесі дір- дір етеді. Оның үстіне дуылдата соққан суық жел де өңменінен өтіп барады.

— Кеме аунап кетпей ме? Кетейікші бұл жерден! — деді бір кезде Шолпан дірілдей сөйлеп.

— Қорқынышты ма? — деді Абзал.

— Өте қорқынышты...

— Бұрын мұхитта кемемен жүзіп көрмегендікі. Бәріне де үйренесің.

— Шынымды айтсам, басым айналып қалды.

— Бас айналатын не бар? Бәрі шындық.

— Шындығы қалай?

— Мына мұхитты айтамын.

— Көріп тұрмын ғой, Абзал. Қайтайықшы.

— Қайда қайтпақсыз?

— Киіз үйге.

— Сонда мына мұхит әлемі ұнамай ма?

— Жоқ- Керегі жоқ мұндай мұхиттың. Қорқынышты...

— Үйренесіз, Шолпан.

Абзал жымиып койды. Сол кезде катты шапшыған су оның бетіне шалп етіп, шашырандысы Шолпанның бетіне тиді. Жас кыз енді корықканын бір сәтке ұмытып, сықылықтап кеп күлді. Бірақ ол күлкісі көпке созылмады. Бойын суық алғандықтан қайтадан Абзалға тығылды. Алапат кеменің үстінде екеуі ғана одырайып қалғандай. Қалған адамдардың бәрі каюта-каютаға тығылып үлгерген. Абзал өзінің жаурағанын жасырып, тығыла түскен Шолпанды жауратпауға тырысады. Ол іштей мына дауылдың бәсендейтінін, су шашырандысының жоғалатынын біліп тұр. Бірақ ол тез арада қоймады. Кеменің асаудай ырғығаны бағаннан мықтап ұстап тұрған екеуін де жалықтырды. Шолпанның бес жүз градустық ыстығын еске алғанда жас қымына суды аңсап та кетеді. Жаурағысы да келеді. Бірақ сол сумен қатар соққан суық жел тұла бойын тітіркентеді. Тісі тісіне тимей ыңылдайды. Абзал болса Прометейше жаңбырды да, суық желді де арқа жанымен қапқалап, Шолпанды құшағына қыса түседі.

Осылайша біршама уақыт өтті. Сырттан қараған адамға расында да аңыздағы екі ғажайып кейіпкерді көзге елестетуге болар еді. Буырқанған мұхит үстінде, аспанға шапшыған ақ көбік су арасында үлкен кеменің орталық бағанының түбінде жігіт пен қыз ғана түр. Олар ештемеден де қорықпайды. Дауылға да, шашыраған суық суға да кеменің асау шайқалысына да төтеп береді. Адам баласын екеуі соларымен тандандырар еді. Бірақ дәл қазір екеуін бақылап тұрған ешкім жоқ. Бакылауға мүмкіндік те тумас еді. Мынандай буырқанған мұхитта кім қызық іздесін. Тек екеуі. Абзалдың арманы да осы болатын. Ол Шолпанға жолыққалы бері тек оңаша болуды арман ететін. Сол оңашалықтың бірі осы еді. Бірақ кыз үшін қиын еді. Ол дірілдеп тұр. Құлағындағы қыз дірілдеп тоңып тұрғанда қандай рахат, қандай ләззат болуы мүмкін. Абзал оны да түсінді. Өзі қанша төздім десе де, құрғақ даланың адамы болғандықтан мұхит дауылы жалықтыра бастады. Қыз да бұдан әрі төзбеуге айналған. Ол тіпті сөйлей де алмай барады. Абзал мән-жайды түсінді.

Шолпан, далаға кетеміз бе? — деді ол.

— Ке-те-йік-ші, — деді Шолпан әзер сөйлеп.

— Мұхит деген осындай болады. Сізге оны да көрсеттім. Енді мұхитты да білетін боласыз. Қазір қайта ораламыз.

— Абзал, тезірек оралайықшы, кең даламызға. Үйімізге...

Абзал қыз өтінішін орындауға кірісті. Әдеттегісінше аспанға қарап тұрып, өзі білетін аспан денесіне қарай құралымен толқын жіберді. Соның артынша бар дүние тағы да ай- налып-төңкерілгендей болды. Бұл жолы Шолпанның ол көріністі қарауға да мұршасы келмеді. Әлсіреп, дірілдеп-қалтырап, Абзалға сүйеніп, әзер тұрған. Бар дүние айналып- төңкерілгендей болып жөнелгенде, ол тіпті есінен де танды. Бір кезде көзін ашып алса, ешқандай мұхит да жок, дауыл да тынған, өздері кең-жазира далада, жалпақ бір тастың үстінде отыр. Шолпан дереу басын көтеріп алып, айналаны көзімен шолып өтті. Ауылды жер. Бәрі де баяғыша. Мал жайылып жүр. Өзен ағып жатыр. Құстар ұшып-қонып жатыр. Ауылдың киіз үйлерінен аздап түтін де шығады. Күн болса жарқырап, қызуын аямай беріп, денесін жылыта түседі. Шолпан енді өзінің көйлегін, қамзолын ұстап көрді. Рас су екен. Абзалдың үсті-басы да малмандай. Ол өзін жылы тас үстіне шалқалай жатқызып қойып, қасында тізесіне екі қолын артып, күн көзіне қарап отыр.

Шолпан енді жайымен түрегелді. Абзалмен қатарласа отырды. Бірақ тіл қатқан жоқ. Мына дүние өзгерістерінен әбден басы айналып біткендей. “Шолпан ғаламшарына келіп нем бар еді, Жерде тыныш жүре бермей. Ғарышкерлердің құрамына неге қосылдым. Жер қазба байлығын зерттей бермей деп ішінен бір өкініп алды. Абзал Шолпанның бұл ойын сезе қалғандай сол кезде жалт бұрылды. Шолпан өз ойынан өзі ыңғайсызданғандай Абзалдан көзін тайдырып әкетті. Тағы тыныштық басты айналаны. Мұхит қандай қор- қынышты еді. Шолпан өмірінде ондайды көрмеген. Енді бармақ түгілі, ойына түссе қорқатын болды. Біраздан соң жас қыз өз-өзіне келіп, тіл қата бастады.

Сонда біз бүгінде Кең тегіс деп ат қойған ойпатта бұрын мұхит болған ба?

— Өзіңіз көргендей, — деп Абзал жанама жауап берді.

— Түкте түсінсем бүйырмасын. Соншама мұхитты қалай пайда етіп, қалай жоқ етіп жіберуге болады?

— Өзіңіз көргендей, — деп Абзал жымиып қойды.

— Маған құпияңызды ашқыңыз келмейді. Ендеше, неге менімен бірге жүресіз? — деді енді Шолпан бұртиып.

— Қандай құпия? — деді жігіт.

— Осының бәрі құпия емес пе?

— Қалайша құпия болады? Бәрі көз алдыңызда емес пе? Мына дала, ана тау, өзен, мал, адамдар, киіз үйлер, ұшып- қонған құстар және тағы басқалар...

— Мұның шындық екеніне шүбә келтірмеймін. Маған жұмбақ болып отырған нәрсе, солардың пайда болуы мен жоғалуы.

— Оның да ешқандай құпиясы жоқ, Шолпан. Мұның бәрі жарық кой, жарық. Бұл жөнінде біз талай әңгімелестік емес пе?

— Сонда да ештемені түсіне алмаймын, Абзал. Біз қалай жарық боламыз. Бір-бірімізбен сөйлесеміз, бір-бірімізді ұстаймыз, жүреміз, күлеміз, тіршілік етеміз.

— Ал жарық болмаса, мұның бірін де жасай алмайсыз.

— Ол түсінікті. Жарықсыз өмір жоқ.

— Ио, жарықсыз өмір жоқ. Өзіңіз де айтып отырсыз. Енді маған не дейсіз?

Шолпан тағы бұртиды. Абзалдың нақтылап түсіндірмегеніне іштей разы емес те сияқты. Озінің онымен бірге жүргендегі бар мақсаты да осы құпияны ашу еді ғой. Сол мақсагына жетсе, достарына қашпақ. Бірақ қалай қарай қаша- тынын да, достарының қай түста екенін де білмейді. Абзалдың құдіреті сол, тып-тыныш тұрған дүниені кинолента- дағы көріністей шыр айналдырып жібереді. Ал сонан соң тауып көр. Бұлар үшін табиғатты өзгертуде, жоғалту да түк емес. Шолпан адам баласы табиғатты осылайша билейді деп ешқашан да ойламапты. Бірақ енді бәрін де өз көзімен көріп отыр. Тек түс сияқты.

Біраздан соң Шолпан орнынан түрегеліп, ауылға қарай жүрді. Манагы мүхиттагы арпалыстан кейін шаршаған да еді. Үлкен киіз үйдегі өзінің кең бөлмесіне барып демалуды жөн санады. Абзал кыздың бүл ойын бірден түсінген. Ол да еріп келеді. Екеуі коп кешікпей ауылға жетті. Жыпырла- ган ақ үйлер ак жүмыртқадай болып көз тартады. Олардың ара-арасы кәдімгі көшедей болып тапталған. Бұл мандағы тіршілікті аңғартқандай. Тек Шолпанға қай ауыл екені белгісіз. Бұл жолы жас қызға демалыс орны қажет болды. Өзінің үлкен ақ киіз үйінің алдына келген соң ол Абзалға бұрылып:

- Мұхитты көрсеткеніңізге көп рақмет! Енді мен демаламын. Содан соң тағы да кезігерміз. Кездескенше! - деді.

Абзал қызға сүзіле карады. Шолпанның талдырмаш денесі, бота көздері, үзын бүрымы, бұйраланған кекілі Абзалға ерекше әсер беретін. Сондықтан да ол күніне бір рет болса да Шолпанды көруді, онымен тілдесуді қалайтын. Сол мақсаты бүгін де жүзеге асты. Ол сол үшін де Шолпанға қалай да бір қызықты серуен ойластырып қоятын. Бүгін Шолпанды аздап шаршатып, қорқытып алғаны болмаса, серуен oтe әсерлі болған сияқты. Оны қыздың өзі де мойындап тұрған жоқ па. Абзал енді үзілістің де керек екенін сезіп, Шолпанға қолын ұсынды. Бірі ірі, бірі нәзік екі қол бір сәтке айқасты. Содан соң қыз бұрылып, ақ киіз үйге еніп кетті. Абзал өз үйіне қарай жүрді.



ЕМШЕКТАУҒА ҚОНҒАН АУЫЛ

Шадыман бүгін де түс көріп оянды. Көзі ілінсе болды, өңіндегідей бір көріністер өзін баурап алады. Көп жағдайда кіретін Шолпан. Оны қаншама ойламайын десе де, болмай- ды. Ол осы Емшектаудың маңына келеді. Айтқан сөздері де анық. Түнде көрген түсінде ол өзімен тіпті іштегі бассейіннің жанында кезікті. Таң мезгілі болса керек. Шолпан су перілері сияқты су ішінен шыққандай сезілген. Шадыман оны көтеріп алды. Қыздың үсті-басы су еді. Дір-дір етеді. Шадыман оны дереу арнайы жылытқыш шам астына отырғызған. Содан қыз жылына бастады. Алғашында сөйлеуге де мұршасы кел- мей, тісі тісіне тимей сақылдап, бота көздерін өзіне қадап отырып қалған. Енді бойы жылыған соң басын мұның иығына сүйеді.

— Сен қайда болдың, Шолпан? — деді бұл сол кезде.

Мен алыстамын, Шадыман. Сіз мені іздемедіңіз.

— Неге іздемейін. Мен сізді күнде іздеймін.

— Іздесеңіз неге таппайсыз?

— Міне, таптым емес пе?

Жоқ, сіз әлі тапқан жоқсыз. Мен де сіздерді таба алмай жүрмін.

Қалай таппайсыз, Шолпан? Бірге отырған жоқпыз ба?

Жоқ, біз бір-бірімізден алыспыз. Бірақ мен қанша жер алыс екенімізді де, қай бағытта екенімді де біле алар емеспін. Дүние құбылмалы.

— Оны біз де көріп жүрміз, - деді Шадыман Шолпанның бота көздеріне қадалып, — бірақ сіз жоқсыз, Шолпан.

Иә, мені жоғалтып алдыңыздар. Бірақ мен ораламын.

— Қалай ораласыз? Бірге отырған жоқпыз ба?

Жоқ, Шадыман. Біз әлі бірге емеспіз.

— Үстің неге су? Суға қалай түсіп кеттің?

— Мен суға түскен жоқпын. Мұхитта жүздім. Үлкен, әдемі желкенді кемемен жүздім.

— Жалғыз өзің бе?

— Жоқ. Қасымда Абзал есімді замандасым бар.

— Абзал?

— Иә. Мен сондай жігітті кезіктірдім. Әзірге доспыз.

Шадыманның бойын қызғаныш билеген. Ол Шолпанды оң қолымен құшақтап өзіне қарай тарта түсті. Сол кезде аң бозарып қалды. Қолдан жасалған Жер жағдайындағы табиғаттың тіршілік иелері қозғала бастаған. Енді біраздан соң бұлбұлдар да сайрай бастайды-ай. Шадыман айналасына жлтақ-жалтақ қарады. Шолпанның үстінің кепкенін де анық көрген сияқты. Содан Шолпаннан тағы да айрылып қалмау ушін оның қолынан мықтап ұстап, орнынан тұрды. Сөйтті де.

— Шолпан, жүріңізші, ғарышкерлер үйіне баралық. Сіздің бөлмеңіз де қашаннан бос тұр. Сонда барып демалыңыз. Тамақтаныңыз. Бәрі бар. Жүріңізші. Әйтпесе, тағы адасып қаламыз, — деп өзіне қарай тарта берді.

— Мен де сіздерді сағындым, — деп Шолпан да ерігендей болып еді.

Кенет ол оянып кетті. Ештеме де жоқ. Өзінің бөлмесінде, ештеме болмағандай жалғыз жатыр. Электронды сағаттың дабыл беруіне де бірнеше минут қалған екен. Шадыманның көніл-күйі күрт түсіп кетті. Мұндай көңілсіздік әдетте кешкі кездері, геологиялық барлаудан қайтқан кездері болатын. Ал бұл жолғы көңілсіздік өзінің бой жазуына да мүмкіндік бермейтіндей. Орнынан әзер тұрды. Терезенің пердесін сырып ашатын жүйені іске қосатын кішкене түймені сипады. Таң атып келеді екен. Көз алдында шағын табиғаттың барлық көрінісі. Аллея, бассейн, ағаштар, орындықтар және тағы басқалар. Осы жаңа ғана түсінде Шолпан екеуі ана бір орындықта қатар отырған еді. Тіпті, оның ыстық алақанын да ұстады-ау. Егер өңінде болса онан бір сәтке де айрылмас еді. Өкінішке орай түс болып шықты.

Егер бүгін жұмыс күні болғанда Шадыманның оған да ықыласы болмас еді. Демалыс күннің сай келгені қандай жақсы. Қазір достары шыр ұйқыда. Шаршап-шалдығып әзер жеткен демалыстарында ұйқыларын бір қандырып тұрмақшы. Ал басшыда қайдан ұйқы болсын. Тек жұмыс па еді мұның мәселесі. Шолпанның зым-зия жоғалуы тағы бар. Шолпандағы су тапшылығы өз алдына бір көкейкесті мәселе. Соңғы екі ретте де Кең тегісте су бұрғылаудың сәті түспеді. Бірде қалаға жолықты, бірде шалқыған мұхитқа жолықты. Бірақ бірінен де пайда болмады. Қаладан су ала алмады. Мұхит суы ішуге жарамсыз болып шықты. Ендігі мақсат, басқа аймаққа аттану еді. Шадыман сол су іздейтін аймақты тандаған кезде де ойынан Шолпанды шығармайды. Бір жағынан қарағанда Шадыман су емес, Шолпанды іздеп жүрген сияқтанатын. Қай аймаққа бара қалса да, әуелі сол қыздың ізін, я болмаса сүйегін тауып алуды көздейтін. Ол енді оны тіріге де санаған емес. Бірақ түсіне жиі кіруі өз алдына бір жұмбақ болып қала берген.

Шадыман іштей толқып, көңілсізденіп, жер-дүниеге сыймады. Тез жуынып-шайынды да, сыртқа шығып, аллеяға түсті. Осыдан сол-ақ бұрын, ұйқтап жатқанда көрген Шолпанды қайта көз алдына елестеткісі келді. Екеуі отырған орындыққа келді. Өзі тартып шығарып алған бассейнге жақындады. Ешкім жоқ. Бар табиғат бұрынғысынша мүлгіп тұр. Тек бұлбұлдардың және басқа құстардың сайраған әсем үндері ғана көңілді бөледі. Шадыман осы жерде бір нәрсені жақсы түсінді. Ол адам көңіл-күйінің тамаша табиғат, әсем әуенге байланысты еместігі. Егер соған байланысты болса, Шадыманның да көңілі көтерілмес пе еді. Енді оған бұлбұл екеш бұлбұлдың да жақсы сайрай алмайтындай көрінген. Көз алдындағы бар табиғат та бейне бір сүреңсізденіп кеткендей. Мына тұрған орындық та біртүрлі суық.

Шадыманның ойына бір нәрсе түскендей ғарышкерлер үйіне қарады. Содан соң тездетіп басып, өз бөлмесіне келді. Кофе қайнатқышын қосып, аздап тамақтанды. Асханаға зауқы соқпады. Сөйтіп, жеңіл скафандрын киді де, жеке адам шығатын жолға түсті. Бұл Емшектаудың астынан сыртқа шығатын арнайы құбыр. Одан шығу да бұрғы-кемелермен шыққан сияқты жасалады. Шадыман есікті ашпас бұрын екі есіктің арасындағы ортадағы суықты жылытатын жүйені қосты. Ысылдаған дыбыс естілді. Артынша қабырғалардан бу шықты. Ол бу құбыр ішін жайлап алды. Ештеме көрінбей де кеткен. Егер Шадыман оның ішінде тұрса, қолайсыз жағдайда болар еді. Ол қазір арнайы орында, пулот алдында отыр. Алдындағы кішкене телеэкранға, онан жанындағы жүйелерге қарап қояды. Бәрі қалыпты жұмыс істеуде. Шадыманның ендігі андығаны — екі аралықтағы температураның бес жүзге жетуі. Содан соң арғысы ашылмақ.

Ысылдаған дыбыс көпке созылмады. Бұл бұрғы-кемелер шығатын үлкен аралық емес. Қарсы алдындағы өлшеуіштер бірқалыпты оңға қарай жылжып, қажетті деңгейге жетті. Атмосфералық қысым Шолпан атмосферасы Қысымымен теңелді. Ылғал азайды. Енді сәлден соң термометрдің қызыл сұйығы жылжып көтеріліп, бес жүз деген цифрға тоқтады. Шадыман сол заман орнынан ширақ түрегеп, шлемін киді. Арқасындағы отгегі камераларын, олардан келетін түтік жолдарын тексерді. Сонан соң сыртқы есікті ашатын түймені басты. Есік ашыла берді. Қанша ыстық болса да, есіктің қуыс-қуысында қалып қойған ылғал сырттан лап қойған ыстықтан буланып, бұрқырап жатты. Бірақ оның бәрі де үйреншікті көрініс болғандықтан Шадыман оған назар аударған жоқ. Өзінің жеке мақсаты Емшектаудың айналасын оңаша аралау еді. Сол үшін де ешкімге ескертпей, білдірмей жалғыз шығып кеткен.

Емшектау деген есімді өзі қойған соң оның қыз емшегіне қаншалықты ұқсас келетіндігін жиі әңгімелейтін. Достарына әрқашан сол ойын дәлелдеуге тырысатын. Бүгінде ондай дәлелдің қажеті аз. Тау ешбір күмәнсіз қыз емшегіне ұқсайды. Оның қарайған ұшы да тап сондай. Тек ғаламат. Емшектауды түгелдей көру үшін біраз жоғары көтерілу керек. Онда да рентгендік жүйелері бар кемемен. Әйтпесе, Шолпан ғаламшалары бетін жұқа ақ пердемен жапқан қыздай бет-бедерін жасырып-жабады. Сол үшін мұнда келген кез келген кемеде рентгендік жүйелер орнатылған. Олардың экрандары арқылы Шолпанның бедерінің кез келген жерін алақандағыдай көруге болады. Осы Емшектаудың суреті де сонау бір ғасырда тап осындай әдіспен суретке түсірілген-ді. Бүгіндегі техника сол атаумен рентгендік деп аталғаны болмаса, табиғатында көп айырмашылық бар. Бүгіндегі ондай құрал арқылы егер болса, Шолпан бетіндегі құмырсқаны да анық көрсетіп бере алады. Бірақ мәселе онда емес. Мәселе, Шолпан деген есіммен, қыз есімімен аталған ғаламшардан шырт ұйқыда жатқан ару қыздың тас мүсінінің табылмағындығында. Бұл қазақ халқының ғажап бір даналығын дәлелдейді. “Сонда олар осы ғаламшарда бір кезде тіршілік болды, онда негізінен әйелдер өмір сүрді” деген ғылыми болжам да жасай білгені ме. Шадыманды осы жағы да толғантқан.

Ол осы Емшектаудың айналасынан қалпақтың қайырымындай болып қайқая көтерілген жал-жалға бір шығуды да арман санайтын. Осы Емшектаудың ішіндегі Жердегіге ұқсас- тандырылған табиғатта демалады. Мұнда киносалон да, видеосалон да, цирк те, театр да, шағын қол де, тау да, онан басқаның бәрі де бар. Сондықтан ешкім жалыға қоймайды. Шадыман да бұған дейін ешқайда шықпайтын. Бар андығаны Шолпан болатын. Онымен мандыртып тілдеспесе де, сырласпаса да, бірге қыдырмаса да, әйтеуір соның осы манда жүргенін көрсе, я көріп амандасса болтаны, соның өзіне көңілі орнығып, кәдімгідей көңілденіп қалатын. Енді сол қылықтарының бәрінің ынжық жігітке тәр әрекет екенін сезіп, іштей өкініп те қояды. Ал Шолпан жоғалғалы бері Шадыманға бұл ғаламшарда ештеме де қорқынышты болмай қалды. Өйткені, өзі іштей ұнататын бір қыз із-түзсіз жоғалғанда өзінің бұл жалғанда тірі жүруінің өзі де қызықсыз сияқтанып кеткен. Бірақ басшы болған соң онысын ешкімге сездірген емес. Өйткені қарамағындағылардың бәрі де іс-әрекеттерін өзіне қарап жасайды. Қиналғанда, ренжігенде де өзімен ақылдасады. Ондайда бұл басшы ретінде ақыл-кеңес айтуы тиіс. Оларды блашақ жақсы өмірден үміттендіруі тиіс. Ал ондай жағдайлар аз болды ма. Жер тәулігімен есептегенде, екі күннің бірінде болып жатады. Бірі Шолпанның қатерлі, бес жүз градус ыстық даласында су іздеуден бас тартса, екіншісі өзін үрей билейтінін айтады, үшіншісі Жерге қайтуды сұранады. Ал Шолпан жоғалғалы бері ондай толқушылық мүлдем жиілеп кеткен. Демалыс күндерінің жариялануының басты себебі де сонан-ды.Әйтпесе, Жерден алғаш келген кездері демалыс дегенді білмегн бұлар. Шолпанның қызықты жаңалағын ашамыз деп күні-түні демалмайтын.Жерден алғаш келгенде Шолпанның табиғаты да, сарғыш тартқан жапан даласы мен бұлттары да біртүрлі қызық көрінетін. Ол кезде ешкім де қиындыққа жолығамыз деп ойламаған. Енді бәрі де тез есейгендей. Әрбір қадамдарына сақ, байқап басады.

Шадыман осындай қилы-қилы ойларды бастан кешіріп, Емшектаудың қайырмасына қарай өрледі. Бұл жерге де өзінен бұрын келген құрылысшылар тепкешек орнатқан. Сол тепкеншекпен шыға беруге болады. Егер осы текпешектер Жерде болса, ешқандай скафандрсыз емін-еркін көтерілуге мүмкіндік туар еді. Шадыман тап осы жерде өзінің туған ауылындағы биік тауға жасалған осыған ұқсас тепкешектерді де еске алды. Бірақ олардың бәрі техниканың жоқтығынан емес, адам баласының серуен құрып, тауға шығып, демалуы үшін жасалған болатын. Ал мынау тепкешектер ғылыми мақсат үшін қашалған-ды.

Шадыман мыңға жуық тепкешекті басып көтерілгеннен кейін кәдімгідей алқынып қалды. Шыны шлемнің маңдай тұсындағы жасыл таблодағы температура да жиырма бестен көтеріліп қалыпты. Бұл қалыпты жағдайдан жоғарылағаны.Бойынан шып-шып тер де шыға бастады. Өкпесіне келіп, қайта шығып жатқан оттегі де ыс-ыс етіп естіледі. Көтерілген сайын айнала біртүрлі қызғылттанып, біресе сарғылттанып кеткендей құбылады. Шадыман қаншалықты ер болса да, батыр болса да, үрейленбей қалмайды. Бес жүз градустық ыстықтан қатерсіз қорғайтын скафандрдың өзі де мүлт кетсе, төмен қарай домалатып ала жөнелмек. Сондықтан да тепкешектің бір жанына ұстайтын ұзына темір орнатқан. Шадыман содан ұстап, өзін-өзі жігерлендіріп, алға қарай басады. Биіктеген сайын денесі сол скафандрдың ішінде болса да ыстықты сезе түскендей болады.

Бірақ кейін қайтар ол жоқ. Қайта тау басына жақындаған сайын бір үміт оны ілгері қарай тарта түсетіндей. Темірден қалың қолғабымен мықтап ұстап сырғытып-сырғытып жылжиды. Тау құдіретінің осылайша алдамсыратып ұзап кете беретінін өзі де әуелден біледі. Жастайынан-ақ тау құмартын. Содан геолог болуды арман етігі қойған ол алдына. Оған жетті. Онан кейін ғарышкерлер құрамына енді. Ол арманы да орындалды. Содан кейінгі ойлаған Күн жүйесіндегі ғаламшарларды зерттеу еді. Ол армандары да біршама жүзеге асты. Тек Шолпанда жүріп Шолпанын жоғалтқаны кешірілмес күнә еді. Сол үшін Шадыман өзін азапқа салып келеді. Іштейгі бір үміті — осы маңнан болсын, басқа ай- мақтан болсын, Шолпанның бір бейнесін көрсе, Жерге армансыз оралмақ. Бірақ ол арманы әзірге орындалмады. Тек елес қана көрінеді, тек түсте ғана жолығады. Ал өңінде зым- зия жоғалады.

Енді соны табуға деген үлкен үміт өзіне де үлкен жігер қосты. Таудан да, тастан да, мына ыстықтан да қорқар жайы жоқ. Тек ілгері, ілгері басып келеді. Сөйтіп, жал басына да шықты-ау. Көз алдында қыз анарындай болып Емшектау жатыр. Оның қолман жасағандай құйылғаны сондай, Емшектау емес деп тіпті де айта алмайтындай. Шадыман осынысына да ішінен бір ризашылық білдірген. Содан сол айналаға көз жібере бастады. Алғашында ештеме жоқ, ештеме болмағандай бір көрініс еді, кенет Емшектаудың дәл маңына үлкен ауыл қонды. Қонды дегенде де бұл соз дол мағынасында еді. Үлкен ауыл бейне бір аспаннан келіп қонғандай. Басқа қайдан келсін. Емшектауды қоршап алған. “Бұл бір кезде болған ауыл емес пе?” деп Шадыман қолына қуатты дүрбісін алды. Көзбояушылық дейтін ештеме жоқ тәрізді. Ауыл кәдімгі ауыл. Жыпырлаған киіз үйлер. Сонысына қарағанда тап осы жерге қазақ ауылы қоныс тепкендей. Шадыман әлі де болса, өз көзіне өзі сенбеді. Бірде дүрбіні алып, бірде сол арқылы алысқа көз жіберді. Бәрі де бір түпсіз жұмбақ тәрізді. Дәл Шадыманның келуін күткендей бір құбылыс. “Осындай көріністі жасап жүрген адамдар міне білмес пе екен? Мен қайда жүрсем, көрініс те сондай жерде пайда болады. Бұл әлде мені адастыру ма? Әлде, әлдекім мені мазақ еткісі келе ме? Түкте түсінсем бұйырмасын” деп Шадыман іштей ренжіп те алды. Бірақ оның бұл ренжігенін, ішкі көңіл-күйін, күйінішін біліп жатқан адам жоқ. Өзінің геолог достары да қазір демалыста. Өзінің мұнда шығып кеткенін де білмейді. Сондықтан да Шадыман қазір тек өзінің ойымен ғана сырласады.

Сырласудың да шегі бар. Әсіресе, дәл мынандай жағдайда. Емшектауды айнала қонған ауылдың ішінде кәдімгі тіршілік жүріп жатыр. Киіз үйлерден түтін де шығады. Қазақ ауылында түтінді тіршіліктің бірінші белгісі деп санаған. Ежелгі қазақтардың келіндері таңалакеуімнен тұрып, түтін тұтататын болған. Сол түтінді көрген көрші-қоландар ол үйдің ішінің аман-есен екенін, ұйқыдан оянғанын білген. Мына ауылдағы әсем, ою-өрнекті ақ киіз үйлерден түтін шығып жатқаны Шадыманға қуаныш ұялатты. Енді ол өзін ерекше жеңіл сезінді. Жаңағы алқынғаны басылып, енді Шолпан ғаламшары емес, Жер ғаламшарындағы ғажайып таулардың бірінің басында, қазақ аулынын маңында тұрған- дай сезінді. Сезінбеске де амал жоқ еді. Бәрі де табиғи, жасанды ештеме жоқ. Шадыман тағы да сол көріністің шындығына көз жеткізуді мақсат тұтты. Қолындағы электронды сағатына қарағанда Жер есебімен Күн көтерілер сәт те болған екен. Расында да көз алдындағы ауылдың күншығыс жағынан Күн көтеріліп барады. Егер бұл көрініс болмаса, Шолпанның бұлтты күндеріндегі сияқтанып түнеріп тұратын табиғаты көңілді көтере қоймас та еді. Шадыман сиқыршының сиқырлы көрінісіне берілгендей бәрін ұмытып, жалдан әрі асып, тегістегі ауылға қарай жүрді.

Жүрген сайын бойы жеңілдеп кеткендей. Тек аздап терлейді. Скфандрдың ішіндегі температура плюс он сегіз болып тұрса да, ыстық леп денесін қысып, терлетіп барады. Егер ауыл көрінбесе, Шадыман мұндағы табиғаттын қаншалықты қатерлі екенін бірден сезер еді. Сақтанып, абайлап баспақ. Мына көрініс Шолпан табиғатын әп-сәтте өзгертіп жіберген. Адам баласының қолында мұндай кұдіретті күш шынымен-ақ болса, онда табиғатқа қол сұғып неге керек. Осылайша әп-сәтте қалаған ортаны әкеле салуға болмас па еді. Шадыман мұны да ойлады. Бірақ енді қанша ойға шомса да жүрісін бәсеңдетпеді. Өйткені, уақыттан ұтылмауы тиіс. Уақыттан ұтылудың өмірдегі мақсаттан ұтылумен бірдей екенін Шадыман жастайынан білетін. Өйткені, оның өскен ортасы, заманның талабы солай еді. Әкесі де, анасы да уақыт жайлы көп әңгімелейтін. Зерделі болғандықтан сол айтылған ақылдың бәрі де Шадыманның көкейінде сақталып қалған. Енді соны есіне түсіріп, ілгері жылдам жүре түседі. Оның үстіне Шадыманның бұл ісін әзірі геологтар білмейді. Бұл да басшылықтың арқасы. Әйтпесе, өзі бүйтіп кете алмас еді, басшыдан сұранар еді. Ал сонан соң іс-әрекеті баршама аян болып кетпек. Басшы болғанының бір пайдасы осытын. Ал оның зиянды жағы — өзі бірдемеге ұшыраса, кім жауап бермек? Шадыман ол жағын да ойламай қалған жоқ. Негізгі нәрсе де өзінің көргендеріне көз жеткізіп, аман-есен Емшектауға оралу-тын.

Шадыман ауыл ішіне келіп кіргенде ешкім ес бөлген жоқ. Онда тіршілік те өткенде өздері көрген қаладағыдай жүріп жатты. Ит үреді, сиыр мөңірейді, мал маңырайды, жылқы пысқырады. Бірақ бірі де мұны көрмейді, өзіне қарап ит те үрмейді. Өзінше бір өтіп жатқан өмір. Шадыман бір жағынан бұл құбылысқа іштей қуанды да. Егер жаңағы ит- тер көріп, арпылдап жөнелсе, жылқы өзіне қарап пысқырынса, не болмақ. Әп-сәтте қолға түспек. Бұл көріністің қатар әлемге ұқсайтынын баяғыда болжалдаған. Бірақ онан не пайда. Бұл жайлы баяғы заманнан айтылып келеді. Бірақ ешкім де онымен дәл өзі сияқты кезіккен емес. Ал мына Шолпан ғаламшарындағы корініс күннен күнге үдеп бара- ды. Шадыман осы бір сәтте өзін ең бақытты адамға санады. Өйткені, өзі туып-өскелі тап осындай ауылды аралап көрмеген. Көргендерінің бәрі де осы заманғы ауылдың келбеті еді. Кеңістіктен қайта оралған жарық дейін десе, оған да келмейді. Оны Шадыман өткен жолды да ойлаған. Бірақ мұнда бір жұмбақтың жатқанын іштей білігі жүрді. Тек шеше алмады. Сондықтан да жалғыз келеді. Жалғыз шешкісі келеді. Қандай да бір қатерге өзінен басқаны тап еткісі келмейді. Айтпауының себебі де сол болатын. Осыған дейін Шолпан қыздың жоғалғаны да аз өкініш әкелген жоқ. “Ендігі кезек өзімдікі болуы керек. Өзгенікі емес” деп топшылайтын ол әркез ішінен. Сол үшін де осылай қарай шығар алдында бөлмесіндегі дыбыс жазу жүйесіне өзі жоғалған жағдайда осылай қарай кеткенін, Шолпанды табудан үміт күткенін ескертіп жазып та кеткен. Сонымен қатар көкірегі тұсындағы байланыс құралы да көңіліне демеу. Батыл басып келе жатқаны сонан.

Ауыл үйлері қатар-қатар қонған. Арасында көше іспетті ашық жер бар. Шадыман сонымен келеді. Ақ киіз үйлерге кіріп-шығып жүрген қыз-келіншектер көп. Ат ер адамдар аз. “Мұнысы қалай” деп бір ойлап қойды Шадыман. Содан сәл сескеніп, қолына тапаншасын мықтап ұстап, жүре берді. Енді солден соң қыз-келіншектер кіріп жатқан үлкен ақ киіз үйдің есігіне жақындай беріп еді, қандай да бір шыны сияқты кедергіге соқтығысып қалды. Егер ол соншалықты мөлдір болмаса, алыстан-ақ көрер еді. Өзі Жерде жүргенде музейлерде, тағам дүкендерінде шыныға соқтығысып, құлап қалған кәрі кісілерді талай көрген. Сонда рахаттанып күлгені де бар еді. Енді қазір өзі сол кәрі шалдардан да жаман. Оларға кешірімді екен. Көздерінің көру қабілеттері нашарлаған, оның үстіне таза шыны жарықпен астасып, көрінбей де қалады. Шал түгілі, кейде жастың өзі де соқтығысып қала жаздайтын. Ал мына құбылыс олардың біріне де ұқсамайды. Шынының мөлдірлігін айтып жеткізу мүмкін емес. Бұдан кейін Шадыманның басына “Осы күллі әлем де шыныдан тұрмас па екен” деген балалық пікір де келген. Бірақ олай ойлаудың балаға ғана тән екенін есіне алып, тағы да өз-өзінен ұялатын.

Енді қандай да бір шыны кедергісі бар көрініске осымен үшінші рет соқтығысты. Көз алдында тұрып, қолыңды созғанда саусағыңның ұшы тимегені қандай өкінішті. Шадыман бар көріністі теледидардың калың шанысынын арғы жағынан көріп тұрғандай күй кешті. Өйтпеуге де шарасы жоқ еді. Өзінің жақын адамынан айрылған ердің, немесе әйелдің бір кездері түсірілген телебейнесін теледидар экранынан көріп, созған қолын жеткізе алмай, ұстай алмай, жауап ала алмай, көз жасымен ғана әлсіздігін жуып отырғанын талай көрген. Енді өзі жоққа санайтын Шолпанның да бейнесі бұдан бұрын солайша бір жылт еткен еді. Шадыманның қазіргі ойы да қол тигізбесе де, Шолпанның тірі жүзін бір көру-тін.

Сол мақсатта ол ілгері асыға жүрді. Кей-кейде артына бұрылып қарап қояды. Емшектау алыстамапты. Сол орнында. Ештеме болмағандай мүлгіп тұр. “Достарым да мына көріністен бейхабар-ау. Бір-екеуі сыртқа шықса нетті” деп бір ойлады Шадыман. Хабар беруге бата алмады. Хабар берсе, күллі геологтар көтерілмек. Содан соң оның соңы үлкен әбігермен аяқталады. Онан да не көрсе де өзінің көргені жөн сияқты. Шадыман осы ойдан кейін аяғын батыл басты. Ауылдың біраз жерін аралап та тастады. Ара-тұра шыныға соқтығысып алады. Содан әрі қарай жүреді. Ауыл адамдары өз тіршілігімен әлек. Жердегі, бірақ ежелгі ауылға тән көрініс. Мал жайып жүрген малшы, сиыр сауып жатқан келіншектер, ойнап жүрген балалар. Бір-бір дүлдүл атқа мініп алып қиқулатып кең даланы дүбірлетіп шауып жүрген жігіттер. Бәрі де таңсық, бәрі де қызық. “Өткен заман өмірі қандай тамаша болған. Ауа таза, жер кең, су мөлдір. Тамақ таза, норлі, дэмді. Нағыз өмір солардікі екен ғой” деп Шадыман жеңіл күрсініп алды. Аттың дүбірі, адамдардың дауыстары, құстардың сайрағаны, сиырдың мөңірегені, қойдың маңырағаны, тағы басқадай таңсық дыбыстар Шадыманды ерекше әсерге бөлеп, өзіне қарай тарта түсті. Ол енді Емшектауға оралу керектігін де ұмытқандай. Қолындағы сағатына да қарамады. Жүре берді, жүре берді.




Казахстан республикасы мәдениет, ақпарат және спорт министрлігін
Елеске ілескен қыз
Емшектаудағы әбіржу
Аңғардағы арпалыс
Тұтқынға түскен кеме
Жерден келген көмек
Арғы ауылдан оралғандар
Той алдындағы кездесу
Күн тұтылған соң
Көрші ауылдағы той

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет