Бағдарламасы бойынша технологиялық карталар оқу- әдістемелік жинақтың бөлімі және ұйымдастырылған оқу қызметінің басқарушысы болып саналады



бет2/2
Дата27.03.2018
өлшемі470,19 Kb.
#39656
1   2

Қорытынды нәтижесі:

Үйрену: Отбасы мүшелерінің атауларын;

Білу: «Бұл кім?» сұрағына жауап беру, «Ә» дыбысын дұрыс атау.

Қолдан келу: Отбасы мүшелерінің атауларын атауға дағдыландыру.



Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің № 9 технологиялық картасы

2 –ші кіші тобы үшін

Білім саласы: Қарым – қатынас

Бөлімдері: Қазақ тілі

Тақырыбы: Отбасы

Мақсаты: Отбасы және ондағы адамдар атаулары жайы түсінік беру. Тілді жаттықтыру ережелерін ұйымдастыру, дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. «Ұ» дыбысының айтылуын үйрету

Билингвалдық компоненті: Ана –мама, әке – папа, әже – бабушка, ата -дедушка



Қызмет кезеңдері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың әсері

Мотивациялық қозғаушы

Сабаққа Айсұлу келді – деп балалардың назарын аудартады. Ол өз отбасы мүшелерінің атауларын есте сақтауға, балалардан көмек сұрайды- деп балалардың қызығушылығын туғызады..
Отбасы мүшелерін қазақ тілінде айтып беруін сұрайды

- Отбасында кімдер тұрады?



Балалар Айсұлуды қуана қарсы алады.

Балалар Айсұлуға отбасы атауларын үйретуге көмек беретіндерін айтады.


Балалар мұғалімнің


сұрағына жауап береді.


- Ана, әке, ата, әже.

Ізденістің ұйымдастырылуы

Сурет арқылы Айсұлудың отбасын үйретеді, балалар отбасы мүшелерін атайды.

-Мынау кім?


Тақпақты қайталайды.

Өкпелетсе мамасы

Өкпелетсе ағасы.

«Айтам», - дейді әкеме

Әжесінің баласы

Сергіту сәттерін жасауға ұсынады.

Сөздердегі жаңа дыбыстарға жаттығу жүргізеді.

«Бұл кім?» Д/О ұсынады.

Ойынның шартымен таныстырады.

Балаларға мақтау сөздерін айтады.


Айсұлудың отбасын атайды. Балалар мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап береді.
Балалар тақпақты қайталайды.

Сергіту сәттерін жасау.

Бала, бала, балақан,

Кәне, қайсы алақан.

Саусақтарын әйбәт

Былай , былай ойнат.

Балалар фонетикалық жаттығулар жасайды:

- ұл –ұл- ұл бұл ұл

-ыз –ыз- ыз –бұл қыз

Балалар ойынды қызыға ойнайды.

Отбасы мүшелерін дәл дұрыс атап үйренеді.


  • Мынау ана

  • Мынау әке

  • Мынау әже

  • Мынау ата.

Меңгеру рефлекстері

Айсұлу балаларға алғыс сөздерін айтып, компьютерден отбасы суретін көруге шақырады. Сұрақтар қою арқылы жеке балардың білімін бағалайды

Балалар Айсұлумен қоштасады.

Суретті қарастырады.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Балалар өз жетістіктеріне қуанады.


- Сау болыңыз!

Қорытынды нәтижесі:

Үйрену: Отбасы мүшелерінің атауларын;

Білу: «Бұл кім?» сұрағына жауап беру, «Ұ» дыбысын дұрыс атау.
Қолдан келу: Отбасы мүшелерінің атауларын атауға дағдыландыру.

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің №10 технологиялық картасы

2 –ші кіші тобы үшін

Білім саласы: Қарым – қатынас

Бөлімдері: Қазақ тілі

Тақырыбы: Дене мүшелері

Мақсаты: Адамның дене мүшелері туралы, олардың атауларын дұрыс атауға,

Тілді жаттықтыру ережелерін ұйымдастыру, дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. «Мынау не?» деген сұраққа жауап беруге үйрету. «Қ» дыбысының айтылуын үйрету

Билингвалдық компоненті: бас –голова, қол- рука, аяқ –нога, дене -туловище

Қызмет кезеңдері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың әсері

Мотивациялық қозғаушы

-Балалар бізге хат келді. Онда не бар екенін қарайық?

Ол кімнен келді екен ?- деп балалардың назарын аударады.

Хат дәрігер Айболиттен келгенін, онда суреттер бар екенін айтады.
Ол суреттерде не салды екен? - деп балаларды ынталандырады.


Балалар хаттың келгеніне аң- таң болады. Оның ішінде не бар екенін білгілері келеді. Ол кімнен келді екен деп ойлайды.
Балалар бұл хатта қандай суреттер бар екен деп қызығушылық білдіреді.

Ізденістің ұйымдастырылуы

Суреттер бойынша сұрақтар қояды

Суретте не бейнеленген?

- Нені көріп отырсыңдар?

-Мынау не?

Тақпақ жаттауға ұсыну./қимылдар жасауға шақырады/

Поднимаем руку –қол

Поворачиваем - дене.

И качаем головой - бас



Аяқ топает сейчас
«Қ» дыбысын дұрыс айтуға жаттығулар жасайды.

Сергіту сәтін жасауға шақырады.

«Мынау не?» Д/О ұсынады.

Ойынның шартын түсіндіреді.

Балаларға мақтау сөздерін айтады


Балалар суреттегі дене мүшелерін атайды.

Мынау қол –рука

Мынау бас- голова

Мынау –аяқ- нога

Мынау- дене- туловище

Тақпақты бірінен кейін бірі қайталайды. /қимыдар көрсетеді/

Балалар «Қ» дыбысын дұрыс айтады.

Құ-құ-құлақ

Қо- қо-қол

Сергіту сәттерін жасайды

Бір дегенім – бас

Екі дегенім –дене

Үш дегенім- қол

Төрт дегенім – аяқ

Болады ұзын таяқ.

Балалар ойынды қызыға ойнайды.

Балалар адамның дене мүшелерін атайды.


Меңгеру рефлекстері

Сабақта өтілген тақырыптарды қорытындылайды

Балалармен қоштасады.



Балалар сабақта не үйренгегдерін айтады.

Сау болыңыз!



Қорытынды нәтижесі:

Үйрену: Дене мүшелерінің атауларын.

Білу: Дене мүшелері атауларын дұрыс атау, «Қ» дыбысын дұрыс атай білу;

Қолдан келу: сөздерді күнделікті айтуға дағдыландыру


Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің №11 технологиялық картасы

2 –ші кіші тобы үшін

Білім саласы: Қарым – қатынас

Бөлімдері: Қазақ тілі

Тақырыбы: Киімдер

Мақсаты: Киімдердің атауларын білдіретін сөздермен таныстыру. «Ө» , «Ғ» дыбыстарының айтылуын үйрету

Билингвалдық компоненті: көйлек –платье, шалбар – брюки, күрте – кофта, киім – одежда



Қызмет кезеңдері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың әсері

Мотивациялық қозғаушы

Балалар, бізге Сәуле және Қайрат қонаққа келді - деп балалардың назарын аудартады.
- Олар тонып келіпті. Балалар біз оларға киімдер сыйлайық.- деп балалардың қызығушылығын туғызады.


Балалар Сәулені, Қайратты қуана қарсы алады.

Балалар Қайрат пен Сәулеге киімдер сыйлауға ықыластарын білдіреді.



Ізденістің ұйымдастырылуы

Балаларға киімдердің атауларын атап үйретеді.

Сәуле мен Қайратқа көйлек, күрте беруге ұсынады.

Балалардан алдымен киім түрлерін атап, естеріне түсіреді. Бір сөзбен қалай аталатынын үйретеді. (Киім) Жеке жұмыс жүргізеді.

Сергіту сәттерін жасауға ұсынады.


Тақпақ жаттауға ұсынады

Мальчики носят

Брюки – шалбар,

Девочки платья- көйлек,

Ну, а бабушки –қамзол,

Носят много лет.

«Ө» дыбысының

айтылуын үйретеді.




Балалар киімдері дұрыс айтады. (Көйлек, шалбар,

күрте, киім)

Балалар киімдерді қазақ тілінде атап сыйлайды.
Балалар киімдердің атауларын дұрыс атап үйренеді.

Бір сөзбен атайды



  • Киімдер

Сергіту сәттерін жасайды.

Мен тиінмін, тиінмін

Қысқа жылы киіндім

Қоймам толы жаңғаққа

Іші жылы үйімнің


Балалар тақпақты жаттайды.

Балалар қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс атайды.

Өк- өк- өк- бұл әдемі көйлек


Меңгеру рефлекстері

Д/О «Көйлекті боя» Балалар көйлекті бояп, түстерін атайды.

Балалардың жетістіктерін атап өтеді.



Қайрат пен Сәуле балаларға алғыс айтады.

Қайрат пен Сәулемен қоштасады.



Балалар көйлекті бояп атайды. Өз жетістіктеріне қуанады.

Қонақтармен қоштасады.


- Сау болыңыз!

Қорытынды нәтижесі:

Үйрену: Киім атауларын;

Білу: Киім атауларын дұрыс атау; «Ө» дыбысын дұрыс айту.

Қолдан келу: Киімдерін ұқыпты кию.



Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің №12 технологиялық картасы

2 –ші кіші тобы үшін

Білім саласы: Қарым – қатынас

Бөлімдері: Қазақ тілі
Тақырыбы: Киімдер

Мақсаты: Киімдердің атауларын білдіретін сөздермен таныстыру. «Ө», «Ғ» дыбыстарының айтылуын үйрету

Билингвалдық компоненті: көйлек –платье, шалбар – брюки, күрте – кофта, киім – одежда.



Қызмет кезеңдері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың әсері

Мотивациялық қозғаушы


Балалар, бүгін біздің сабаққа қуыршақ Сәуле келіпті -деп балалардың назарын аудартады.


Алдымен онымен танысайық және үстіне қандай киімдер кигенін атап өтейік –деп балалардың қызығушылығын көтереді

  • Сәуле не киген екен?



Балалар қуыршақ Сәуленің келгеніне қуанады.

Балалар Сәулемен танысып, үстіндегі киімдерін қарастырады.

Балалар қуыршақ Сәуленің үстіне киген киімдерінің атауларын атайды.

- Көйлек,

- Күрте.


Ізденістің ұйымдастырылуы

Сұрақтар қою арқылы көйлек, күртенің түстерін сұрайды

- Көйлек қандай?

- Күрте қандай?

Қазақ орыс тіліндегі тақпақты қайталауға ұсыныс жасайды.

Мальчики носят

Брюки – шалбар,

Девочки платья- көйлек,

Ну, а бабушки –қамзол,

Носят много лет.

Сергіту сәттерін орындатады.

«Ғ»дыбысының айтылуын үйретеді.

«Қуыршақты киіндір» Д/О ойынды ұсынады.Ойынның шартымен таныстырады.

Балаларға қуыршақты киіндіріп, киім атауларын естеріне сақтатады.


Балалар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

  • Көйлек қызыл

  • Күрте сары.

Балалар екіге бөлініп қайталайды


Сергіту сәтерін жасайды:

Мен тиінмін, тиінмін

Қысқа жылы киіндім

Қоймам толы жаңғаққа

Іші жылы үйімнің

ға-ға-ға- мынау қара қарға

өк - өк -өк – мынау әдемі көйлек

Балалар ойынды қызыға ойнайды. Қуыршақты киіндіреді. «Ки», «Шеш» деген қимылдарды білдіретін сөздерді естеріне сақтайды.



Меңгеру рефлекстері

Балаларға мақтау сөздерін айтып, бағалайды.


Балалар өз жетістіктеріне қуанып, қоштасады.

- Сау болыңыз!



Қорытынды нәтижесі:

Үйрену: Киім атауларын

Білу:Киімдер атауларын дұрыс атау. «Ғ»дыбысын дұрыс айта білу.

Қолдан келу: Киімдер атауларын айтуға дағдыландыру.



Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің

13 технологиялық картасы



2 –ші кіші тобы үшін

Білім саласы: Қарым – қатынас

Бөлімдері: Қазақ тілі

Тақырыбы: Азық -түлік

Мақсаты: Азық түлікті білдіретін сөздермен таныстыру. Қимыл- әрекеттерді білдіретін сөздермен таныстыру. «Қ», «Ә» дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру

Билингвалдық компоненті: нан- хлеб, май –масло, сүт- молоко, ет- мясо, іш, же.



Қызмет кезеңдері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың әсері

Мотивациялық қозғаушы

Балалар біздер бүгін азық-түлік дүкеніне барамыз - деп балалардың назарын аудартады
Дүкенге бару үшін балаларға бірнеше жұмбақтар шешуге ұсынады.

Балалар қуана азық- түлік дүкеніне барғылары келеді.
Балалар дүкенге бару ниеттерін білдіреді және жұмбақтарды шешеді.

ің ұйымдастырылуы

Балалар жұмбақтарды шешкен соң, азық түлік дүкеніне баруға ұсынады. Дүкеннен балалар азық түлікті қазақ тілінде айтып сатып алады.

Балаларға тақпақты жаттауға ұсынады. Нанды қадірлеу керек екенін айтып өтеді.



Нан.

Ей, балалар, балалар,

Бар қасиет нанда бар.

Нан қиқымын шашпаңдар

«Қ», «Ә» дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру

Сергіту сәттерін жасауға ұсынады.

Ыстық – ыстық сүт ішсең,

Дәмі кетпес таңдайдан.

Бой жадырап кенеттен,

Буы шығар маңдайдан.

Балаларға «Қуыршақты тамақтандыр» Д/О ойынды ұсынады.Балаларға ойынның шартын түсіндіреді.




Балалар азық – түлік дүкеніне қуана келеді.

Тағамдарды қазақша атайды


Тақпақ жаттайды

Нанды жерге тастамауға, оны басуға болмайтыны туралы өз пікірлерін айтады.


Дыбыстарды дұрыс, нақты атайды.

Ан-ан-ан – мынау қара қазан

Біз –біз біз - мынау дәмді сәбіз

Сергіту сәттерін жасайды


Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.Балалар қуыршақты тамақтындырады. «Нан», «Сүт», «Май», «Ет» сөздерін қорытындылайды.

«Іш», «же» деген қимыл -әрекет сөздерін естерінде сақтайды.


Меңгеру рефлекстері

Мұғалім балалардың ұжымдық жұмысын қорытындылайды.

Балаларға алғыс айтып қоштасады.



Балалар өз жетістіктеріне қуанады.

Тәрбиешімен қоштасады.



  • Сау болыңыз!

Қорытынды нәтижесі:

Үйрену: Азық- түлік атауларын дұрыс атау. «Ғ»дыбысының айтылуын;

Білу: «Іш», «Же» деген сөздерін мағынасын түсініп, дұрыс айта білу;

Қолдан келу: Азық –түлік атауларын дұрыс айтуға дағдыландыру.



Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің №14 технологиялық картасы

2 –ші кіші тобы үшін

Білім саласы: Қарым – қатынас

Бөлімдері: Қазақ тілі

Тақырыбы: Азық -түлік

Мақсаты: Азық түлікті білдіретін сөздермен таныстыру. Қимыл- әрекеттерді білдіретін сөздермен таныстыру. «Қ», «Ә» дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру

Билингвалдық компоненті: нан- хлеб, май –масло, сүт- молоко, ет- мясо,іш, же.



Қызмет кезеңдері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың әсері

Мотивациялық қозғаушы

Балалар бүгін бізге Айман мен Шолпан қонаққа келді - деп балалардың назарын аудартады.
Біз оларға дастархан әзірлейік - деп балаларды ынталандырады.

Балалар қуана Айман мен Шолпанды қарсы алады.

Балалар дастархан әзірлеуге қызығушылық танытады.



Ізденістің ұйымдастырылуы

Балаларды дастархан әзірлеуге шақырады.

- Дастарханға не қоямыз? Балаларды дастархан әзірлеуге ұсынады.

Сұрақтар қою арқылы тәрбиеші

азық- түлікі білдіретін сөздерді атайды.

- Дастарханға не қоямыз?

- Мынау не?

Балаларға тақпақ жаттауға ұсынады. Нанды қадірлеу керек екенін айтып өтеді.

Нан.

Ей, балалар, балалар,

Бар қасиет нанда бар.

Нан қиқымын шашпаңдар

«Қ», «Ә» дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру

Сергіту сәттерін жасауға ұсынады.

Ыстық – ыстық сүт ішсең,

Дәмі кетпес таңдайдан.

Бой жадырап кенеттен,

Буы шығар маңдайдан
Д/о «Дастархан мәзірі»

ойын шартымен таныстырады.(іш, же)



Балалар Айман мен Шолпанға дастархан әзірлейді.

Мұғалім айтқан тағамдарды қазақша айтып дастархан жасайды.


Балалар сұрақтарға жауап береді

- Мынау нан

-Мынау май

- Мынау сүт

- Мынау ет

Тақпақ жаттайды

Нанды жерге тастамауға, оны басуға болмайтыны туралы өз пікірлерін айтады.

Дыбыстарды дұрыс, нақты атайды.

Ан- ан-ан – мынау қара қазан

Біз –біз-біз - мынау дәмді сәбіз

Балалар сергіту сәттерін жасайды.

Балалар ойынды қызыға ойнайды. «Іш», «же» сөздерін естерінде сақтайды.



Меңгеру рефлекстері

Балаларға дастархандағы тағамдардан ауыз тиюге шақырады.

Балалардың жетістіктерін атап өтеді.

Айман мен Шолпан алғыс сөзді айтады.

Қоштасады



Балалар дастархан дәмінен қуана ауыз тиеді.

Мұғалімге алғыс сөз айтады, қоштасады.

-Сау болыңыз!


Қорытынды нәтижесі:

Үйрену: Ыдыстардың атауларын;

«Қ», «Ә» дыбыстарын дұрыс айту.

Білу: Сөздерді дұрыс атауға, ыдыстардың пішінің ажырата білу;

Қолдан келу: Ыдыстар атауларын айтуға дағдыландыру.

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің №15 технологиялық картасы

2 –ші кіші тобы үшін

Білім саласы: Қарым – қатынас

Бөлімдері: Қазақ тілі

Тақырыбы: Ыдыстар

Бөлімдері: Қазақ тілі

Мақсаты: Ыдыс-аяқты білдіретін сөздік қорын толықтыру; дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. «Ә», «Қ» дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру

Билингвалдық компоненті: кесе –пиала, қазан –казан, тәрелке – тарелка, қасық -ложечка



Қызмет кезеңдері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың әсері

Мотивациялық қозғаушы

Балалар бүгін біз асхана бөлмесінде жұмыс жасаймыз-деп балалардың назарын аудартады.

Алдымен асханада қандай заттар болады екен?



Балалар асхана бөлмесіне баруға қуана келіседі.
Асханада қандай ыдыстар бар екенін айтуға тырысады.

Ізденістің ұйымдастырылуы

Балаларға асханаға баруды ұсынады. Асханада балаларды аспазшы күтеді.
Аспазшы ыдыстың атауларын қазақша түсіндіреді.

-Мынау не?

-Мынау кесе

-Мынау не?

-Мынау тәрелке.

-Мынау не?

-Мынау қазан

-Мынау не?

-Мынау қасық

Сергіту сәттерін жасауды ұсынады.

Дастарханды жаямыз, Ыдыстарды қоямыз. Тағамдарды әкеліп,

Дастарханға қоямыз.




Балалар асханаға келеді.

Балалар аспазшыдан ыдыс атауларын үйренеді.



  • Мынау кесе

  • Мынау тәрелке

  • Мынау қазан

  • Мынау қасық

ке-ке мынау тәрелке

ан –ан –ан – мынау қазан

ық-ық- мынау қасық


Сергіту сәттерін жасайды


Меңгеру рефлекстері

Балаларға сұрақтар қояды:

-Қандай ыдыстардың аттарын естеріне сақтадыңдар?


Балалардың жетістіктерін атап өтеді.
Асханадан балалар аспазшымен қоштасып қайтады.

Балалар сұрақтарға жауап береді.
Ыдыстарды атап , балалар аспазшымен қоштасады.
Балалар алған білімдеріне қуанады,сабақта не үйренгендерін айтады.
- Сау болыңыз!

Қорытынды нәтижесі:

Үйрену: Ыдыстардың атауларын;

«Қ», «Ә» дыбыстарын дұрыс айту.

Білу: Сөздерді дұрыс атауға, ыдыстардың пішінің ажырата білу;

Қолдан келу: Ыдыстар атауларын айтуға дағдыландыру.

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің №16 технологиялық картасы

2 –ші кіші тобы үшін

Білім саласы: Қарым – қатынас

Бөлімдері: Қазақ тілі

Тақырыбы: Ыдыстар

Бөлімдері: Қазақ тілі

Мақсаты: Ыдыс-аяқты білдіретін сөздік қорын толықтыру; дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. «Ә», «Қ» дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру

Билингвалдық компоненті: кесе –пиала, қазан –казан, тәрелке – тарелка, қасық – ложечка.




Қызмет кезеңдері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың әсері

Мотивациялық қозғаушы

Балалар бізге бүгін Зере әже қонаққа келді - деп балаларыдың назарын аудартады.
-Ол өзінің сүйікті ыдыстарын алып келіпті, қарайықшы, Зере әжеде қандай ыдыстар бар екен?- деп балаларды ынталандырады..

Балаларға Зере әженің ыдыстарын қарауға ұсыныс жасайды



Балалар Зере әженің келгеніне қуанады.

Зере әженің ыдыстарын көргісі келетіндіктерін айтып қызығушылық туғызады.

Балалар Зере әженің ыдыстарын қарастырады.


Ізденістің ұйымдастырылуы

Зере өзінің алып келген ыдыстарын қазақша айтып береді.

  • Мынау кесе

  • Мынау қазан

  • Мынау тәрелке

  • Мынау қасық

- Зере әженің ыдыстарының пішініне назар аудартады.Сұрақтар қойылады.



-Кесе қандай?

-Қасық қандай?

-Қазан қандай?

«Ә», «Қ» дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтырады.

Сергіту сәтін жасауға ұсыныс жасайды.

Дастарханды жаямыз, Ыдыстарды қоямыз Тағамдарды әкеліп

Дастарханға қоямыз.


Балалар Зере әженің ыдыстарын қазақша атайды.

Мынау кесе, мынау – қасық

мынау тәрелке,мынау қазан.

Балалар ыдыстардың үлкен және кіші пішіндерін атап өтеді.



  • Кесе кішкентай,

  • Қасық кішкентай,

  • Қазан үлкен,

Балалар қазақ тіліне тән дыбыстарды айтып жаттығады.

Қа- қа- қазан

Қа –қа- қасық

Тә- тә- тәрелке
Сергіту сәттерін жасайды.



Меңгеру рефлекстері

Зере әжеге сыйлықтар жасауды ұсынады.

Кесе суреттерін түрлі түске бояу.



  • Қандай кесе?

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды атап өтеді.


Зере әже балалармен қоштасады.

Балаларға ыдыс-аяқ суреттерін сыйлайды



Балалар кесені өздері білетін түстерге бояп, қазақ тілінде атайды..

  • Қызыл кесе

  • Көк кесе

  • Жасыл кесе

  • Сары кесе

- Рахмет,сау болыңыз!



Қорытынды нәтижесі:

Үйрену: Ыдыстардың атауларын;

Білу: Сөздерді дұрыс атауға, ыдыстардың пішінің ажырата білу;

Қолдан келу: Ыдыстар атауларын айтуға дағдыландыру.



Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің

17



технологиялық картасы

2 –ші кіші тобы үшін

Білім саласы: Қарым – қатынас

Бөлімдері: Қазақ тілі

Тақырыбы: Жабайы аңдар.

Бөлімдері: Қазақ тілі

Мақсаты: Жабай аңдарды білдіретін сөздермен таныстыру. «Ы», «Қ» дыбыстарының айтылуын қайталау

Билингвалдық компоненті: Қоян –заяц, аю –медведь , қасқыр -волк



Қызмет кезеңдері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың әсері

Мотивациялық қозғаушы

-Балалар бүгін біз орманға саяхатқа барамыз-деп балалардың назарын аудартады.

- Орманға тез жету үшін мына жұмбақтарды шешейік /орыс тілінде/

Қалқиған ұзын құлағы

Елеңдеп тұрады. / қоян –заяц/

Қыс бойы ұйықтайды

Көктемде ұйқысынан оянады. /аю/

Он всю зиму в шубе спал,

Лапу бурую сосал,

А проснувшись, стал реветь.

Это зверь лесной /аю/

Кто зимой холодной

В лесу бродит злой, голодный? /қасқыр/



Балалар қуанады. Орманға жаяу баратынын айтады.

Мұғалімнің қойған жұмбақтарын шешеді.





  • Бұл қоян



  • Бұл аю


  • Бұл аю



  • Бұл қасқыр

Ізденістің ұйымдастырылуы

Балаларға ормандағы жабайы аңдарға қарай жақындауларын сұрайды. Сұрақтар қойып аңдармен таныстырады.

-Мынау не?

  • Неше аю?

  • Неше қоян?

  • Неше қасқыр

Балаларды аю туралы тақпақ жаттауға шақырады.

Тауға шықсаң- қалың қар,

Сайға түссең –қалың қар,

Шырша үсті қалың қар,

Байқаңдар, қар астында

Ұйықтап жатқан аю бар.

Сергіту сәттерін жасауға ұсынады.


«Жабайы аңдар» Д/ О ойнауға ұсынады.Ойынның шарттарымен танысады. Дыбыстық жаттығулар жасауға ұсынады

«Ы», «Қ» дыбыстарының айтылуын қайталау

Ыр –ыр –ыр мынау тұрған қасқыр

Ян-ян-ян мынау тұрған қоян


Балалармен ормандағы аңдарға жақындайды, жауап береді.

Мұғалімнің көмегімен жауап береді

  • Мынау қоян

  • Мынау қасқыр

  • Мынау аю




  • Бір аю

  • Көп қоян

  • Көп қасқыр

Балалар тақпақты қайталайды.
Сергіту сәттері:

Ормандағы аюдың

Бүлдіргені көп екен

Теріп- теріп алайық

Қалтамызға салайық

Балалар ойынды қызыға ойнайды.


«Ы», «Қ» дыбыстарының айтылуын қайталайды

Меңгеру рефлекстері

Ормандағы саяхат қызық болғанын айтып өтеді.

Балалардан әсерлерін сұрайды. Ұжымдағы жеке балалардың жетістіктерін атап өтеді.

Мұғалім балалармен қоштасады.


Балалар сабақта не үйренгегдерін айтады.

Балалар қуанышты әсер алғандарын айтады.




  • Сауболыңыз!

Қорытынды нәтижесі:Үйрену: Жабайы аңдар атауларын;

Білу: Жабайы аңдар атауларын дұрыс, дәл атау. «Қ» дыбысын дұрыс атау.

Қолдан келу: Аңдарды дұрыс атауға дағдылану.

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің №18 технологиялық картасы

2 –ші кіші тобы үшін

Білім саласы: Қарым – қатынас

Бөлімдері: Қазақ тілі

Тақырыбы: Үй жануарлары

Мақсаты: Үй жануарларын білдіретін сөздермен таныстыру. «Ы»,«Қ» дыбыстарының айтылуын қайталау.

Билингвалдық компоненті: Ат – лошадь, сиыр –корова, қой – овечка.



Қызмет кезеңдері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың әсері

Мотивациялық қозғаушы

-Балалар біз бүгін ауылға атаға қонаққа барамыз - деп балалардың назарын аудартады.
Балалар ауылға немен барамыз?

Балаларға өздерін қалай ұстау керек екенін түсіндіріп, автобуста ұқыпты болуларын еске түсіреді.


Жолай мұғалім балалардан ауылдың табиғаты туралы әңгімелеп береді.

Аталарына сәлем беруді ұмытпауларын естеріне салады.



Балалар жолға шығуға қуанады.


  • Автобуспен барамыз.

Балалар жайғасып, жолға шығады.

Балалар жолда кездескен табиғат тамашалайды.
Балалар атамен амандасады.


  • Сәлеметсізбе, ата!

Ізденістің ұйымдастырылуы

Сұрақтар қою арқылы білімдерін ұштастыру.
Балаларға үй жануарларын атауды (ат, сиыр, қой) ұсынады


  • Мынау не?


  • Балалар «Қ», «Ы» дыбысын дұрыс айтайық «Қо-қо-қой», «Ыр-ыр-сиыр»

Балаларға атаға «Қошақаны қойдың» әнін айтуды ұсынады.

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың?

Бұлтиып тұр бүйірін,

Қайда барып тойдың?

Сергіту сәтін жасауды ұсынады.


  • Балалар ауылдан үй жануарларын көрдік, енді үйімізге қайтайық




Балалар қуанып аталарының қораларындағы үй жануарларын атап, қызықтайды, қолдарымен ұстап көреді.


  • Мынау сиыр.

  • Мынау ат

  • Мынау қой




  • Қо-қо-қой», «Ыр-ыр-сиыр»






Балалар өлеңді бар ықылдастарымен айтады.

«Қошақаны қойдың» әнін айтады..


Сергіту сәттерін жасайды.

Аппақ болып таң атты,

Түтін тіке шығады.

Қарлығаштар қанатын,

Самғап, биік ұшады


Балалар ауылдан үйлеріне қуанып қайтады.

Атамен қоштасады:



  • Сау болыңыз!




Меңгеру рефлекстері

Д/о «Фермада»

Балалар үй жануарларының дауысынан танып аттарын атайды, сұрақтарға жауап береді.



  • Ат қандай ?

  • Сиыр қандай?

  • Қой қандай?

Атаның ауылында жақсы қатысқан балаларды атап өтеді.

Ата балалармен қоштасады.


Балалар үй жануарларының дауысынан танып аттарын атайды



  • Ат үлкен

  • Сиыр үлкен

  • Қой кішкентай

Балалар өз жетістіктеріне қуанады.



Қорытынды нәтижесі:

Үйрену: Үй жануарлар атауларын;



Білу: Үй жануарлар атауларын дұрыс, дәл атай, «Қ» , «Ы» дыбысын дұрыс атау.

Қолдан келу: Үй жануарларын атауларын атауға дағдылану.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет