Статистикалық қабылдау бақылауы стандарттары
Өнім сапасын бақылаудың статистикалық әдістерін табысты қолдану үшін инженерлік-техникалық қызметкерлердің кең шеңберіне қол жетімді болатын тиісті негіздемелер мен стандарттардың болуы маңызды.Статистикалық қабылдау бақылауының стандарттары бір типтес өнім партияларының сапасын уақыт ішінде, сонымен қатар түрлі кәсіпорындар бойынша объективті салыстыруға мүмкіндік береді.
Статистикалық қабылдау бақылауы стандарттарына қойылатын негізгі талаптарға тоқталайық.
Ең алдымен стандартқа түрлі шұғыл сипаттамалары бар көптеген жоспарлар кіруі керек. Бұл бақылау жоспарын өндіріс ерекшеліктерін және тұтынушының өнім сапасына деген талаптарын ескеру арқылы таңдауға мүмкіндік беретіндіктен маңызды.
Стандартта жоспарлардың түрлі типтері: бір сатылы, екі сатылы, көп сатылы, біртіндеп бақылау жоспарлары көрсетілгені дұрыс.
Қабылдау бақылауы стандарттарының негізгі элементтері:
1. Өндірістің қалыпты жұмысы жағдайында қолданылатын ішінара бақылау жоспарларының, сонымен қатар өндіріс ырғағы бұзылғанда күшейтілген бақылау жоспары және жоғары сапаға қол жеткенде бақылауды жеңілдету жоспарының кестелері.
2. Бақылау ерекшеліктерін ескеру арқылы жоспарларды таңдау ережелері.
3. Қалыпты бақылаудан күшейтілген немесе жеңілдетілген бақылауға және өндірістің қалыпты жұмысы жағдайында кері көшу ережелері.
4. Бақыланатын процесс сапасының көрсеткіштерінің келесі бағалауларды есептеп шығару әдістері.
Бақылау карталары
Бастапқыда олар өнімнің қажетті қасиеттерін өлшеу нәижелерін тіркеу үшін пайдаланылды. Параметрдің рұқсат етілген шектен шығуы өндірісті тоқтатудың және өндірісті басқарушы маманның біліміне сәйкес процесстерді түзетудің қажеттігін білдірді.
Бұл бұрын кімнің, қашан, қай жабдықта ақау алғаны туралы ақпарат берді.
Бақылау картасы ( 3.5 сур.) орталық сызықтан, екі бақылау шегінен (орталық сызықтың астынан және үстінен) және процесс жағдайын көрсету үшін картаға жазылған сипатттама мәндерінен (сапа көрсеткіші) тұрады.
Белгілі бір уақыт кезеңдерінде (барлығын бірдей, ішінара, үздіксіз ағыннан ішінара және теб.) дайындалған бұйым n санын алады және бақыланатын параметрді өлшейді.
Өлшеу нәтижелерін бақылау картасына жазады, осы мәнге байланысты процессті түзету немесе процессті түзетпей жалғастыру туралы шешім қабылданады.
Нүктенің бақылау шегінен шығуы ( 6 нүкте ; процесс бақылаудан шықты);
Ретті нүктелер тобының бір бақылау сызығының маңында орналасуы, бірақ одан
аспауы (11, 12, 13, 14), жабдықты баптау деңгейінің бұзылғанын білдіреді;
Нүктелердің орталық сызыққа қарағанда бақылау картасында күшті шашырауы (15, 16, 17, 18, 19, 20) технологиялық процесс дәлдігінің төмендегенін білдіреді;
Бұл жағдайлар технологиялық процесстің бұзылу мүмкіндігі туралы сигнал береді.
11 сур. Бақылау картасы
Өндірістік процесстің бұзылуы туралы сигнал болғанда бұзылу себебі анықталып, жойылуы тиіс.
Сонымен, бақылау карталары кездейсоқ емес белгілі бір себепті анықтауға пайдаланылады.
Белгілі бір себеп дегеніміз зерттелуі мүмкін факторлардың болуы. Әрине, мұндай факторларға жол бермеу керек.
Кездейсоқ себептерден болған вариация қажет, ол тіпті технологиялық операция стандартты әдістер мен шикізатты пайдалану арқылы жүргізілгенде де кез келген процессте міндетті түрде кездеседі. Вариацияның кездейсоқ себептерін жою техникалық тұрғыдан мүмкін емес немесе экономикалық тұрғыдан тиімсіз.
Көбінесе сапаны сипаттайтын нәтижелі көрсеткішке әсер ететін факторларды анықтағанда Исикава схемасы пайдаланылады.
Оны Токио университетінің профессоры Каору Исикава 1953ж. инженерлердің түрлі пікірлерін талдағанда ұсынған. Исикава схемасын басқаша «себептер мен нәтижелер диаграммасы», "балық скелеті", ағаш деп те атайды.
Ол нәтижені сипаттайтын сапа көрсеткішінен және факторлық көрсеткіштерден тұрады. (12 сур).
Себептер мен нәтижелер диаграммасы кең қолданылады. Мысалы, еңбек өнімділігіне әсер ететін маңызды факторларды бөлгенде кең қолданылады.
Айтарлықтай ақаулар санының аздығы және олардың әдетте аздаған себептерден болатыны айтылады. Сонымен, аздаған айтарлықтай маңызды ақаулардың себептерін анықтағаннан кейін барлық шығындарды жоюға болады.
12 сур. Себептер мен нәтижелер диаграммасының құрылымы
Диаграммалардың құрылысы мынадай кезеңдерден тұрады:
Бұйым (процесс т.б.)сапасын сипаттайтын нәтижелі көрсеткішті таңдау;
Сапа көрсеткішіне әсер ететін басты себептерді таңдау, оларды тік төртбұрыштарға («үлкен сүйектер»);
Негізгілерге әсер ететін қосалқы себептерді таңдау("орташа сүйектер");
Қосалқыларға әсер ететін үшінші қатардағы («ұсақ сүйектер»)себептерді таңдау (сипаттау);
Факторларды маңыздылығына қарай рангілеу және аса маңыздыларын бөлу.
Бұл проблеманы Парето диаграммасының көмегімен шешуге болады.
Парето диаграммасының екі түрі бар
1. Қызмет нәтижесіне қарай. Олар басты проблеманы анықтауға қызмет етеді және қызметтің теріс нәтижелерін көрсетеді (ақаулар, істен шығу және т.б.);
2. Себептерге (факторларға) қарай. Олар өндіру барысында туындайтын проблемалардың себептерін көрсетеді.
Нәтижелермен қатар осы нәтижелерге әкелетін себептерді жіктеудің түрлі әдістерін пайдалана отырып, көптеген Парето диаграммаларын жасау керек. Парето талдауының мақсаты болып табылатын саны көп емес, айтарлықтай маңызды факторларды анықтайтын диаграмма озық деп танылуы тиіс.
Парето диаграммасын тұрғызу мынадай кезеңдерден тұрады:
1. Диаграмма түрін таңдау (қызмет нәтижелері бойынша немесе себептер (факторлар) бойынша.
2. Нәтижелерін (себептерін) жіктеу. Кез келген жіктеудің шарттылық элементі болатыны белгілі болғанымен, қандай да бір жиынтықтың бақыланатын бірліктерінің көпшілігі «басқалары» жолына түспеуі керек.
3. Мағлұматтарды жинау әдісін және кезеңін белгілеу.
4. Жиналатын ақпарат түрлерін тізу арқылы мағлұматтарды тіркеу үшін бақылау парағын әзірлеу, Онда мағлұматтарды кесте түрінде тіркеу үшін бос орын қарастыру керек.
5. Тексерілетін әр сипат бойынша алынған мағлұматтарды маңызына қарай рангілеу. «Басқалары» тобын алынған санының үлкендігіне қарамастан соңғы жолға жазу керек.
6. Бағаналы диаграмма тұрғызу( 13 сур).
13 сур. Ақаулардың түрлері мен ақаулы бұйымдардың саны арасындағы байланыс
Парето диаграммасын себептер мен салдарлар диаграммасымен ұштастырып тұрғызу ерекше қызығушылық туғызады.
Өнім сапасына әсер ететін басты факторларды анықтау өндірістік сапа көрсеткіштерін тұтыну сапасын сипаттайтын қандай да бір көрсеткішпен ұштастыруға мүмкіндік береді.
Процесс нәтижесінің сапасын бағалау арқылы зерттелетін сапаның сипаттамасы пратикада көп тараған. Бұл жағдайда қандай да бір операцияда алынған бұйымның, детальдың сапасын бақылау туралы айтылады. Бақылаудың жалпылама емес әдістері кең тарағанымен, олардың ішінде бақылаудың ішінара әдістері теориясына негізделгендері тиімдірек.
Әдетте сапаны сатистикалық бақылау барысында бақылаудан өткен және сапасы минималды қабылданатыннан төмен бұйымдардың санымен анықталатын сапаның шекті деңгейі бұйымдардың 0,5% -нан 1% -не дейін тербеледі.Дегенмен жоғары сапалы өнім ғана шығаруға тырысатын компаниялар үшін мұның жеткіліксіз болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |