1 тақырып. Экононикалық категория ретіндегі өнімдердің сапасы мен басқару нысандары Сапа туралы ұғым Экономикалық нарықтағы сапа мәселесі экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қауіпсіздікті, тұрмыс деңгейін жоғарлатудың маңызды факторы болып табылады. Сапа- стратегиялар құру, өндірісті ұйымдастыру, маркетинг және т.б. қызметтердің барлық жақтарының тиімділігін сипаттайтын, комплексті ұғым. Сапаның барлық жүйесінің маңызды бөлігі өнімнің сапасы болып табылады. Қазіргі әдебиеттер мен практикаларда сапа ұғымына әртүрлі түсініктер бар.
Стандарттау бойынша халықаралық ұйымдар сапаны ( стандарт ИСО-8402) қасиеттер жиынтығы мен өнімнің немесе қызмет көрсетудің сипаттамасы ретінде анықтайды, себебі оларға шартты немесе болжалды қажеттілікті қанағаттандыру қабілеттілігін береді. Бұл стандарт «сапаны қамтамасыз ету», «сапаны басқару», «сапа бұралымы» сияқты түсініктерді енгізді. Халықаралық деңгейдегі сапаның талаптары ИСО 9000 серияның стандарттарымен анықталған. ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттардың алғашқы редакциясы 80 жылдардың аяғында шықты және сапалы жаңа деңгейдегі халықаралық стандарттаудың шығуымен белгіленді.
ИСО 9000 сериядағы стандарттар сапа жүйесін бағалау бойынша келісім шартқа жақындауда әлемде мойындалған, бірегейлікті құрды және өнімді тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы қатынасты біруақытта регламенттерді. Басқаша айтқанда, ИСО стандарттары- тұтынушыларға қатал бағаланады. Сапаны пирамида түрінде келістіруге болады.
Жоғарыдағы пирамидалар орналасқан TQM - өнімнің қажетті сапасына жету үшін барлық жұмыстың жоғары сапасымен ұйғарылатын, сапаның жан-жақты, барлығын қамтитын менеджменті. Ең алдымен, бұл жұмыс өндірістің жоғары организациялы- техникалық деңгейді қамтамасыз етумен байланысқан, еңбек шарттарына тиісті. Жұмыстың сапасы басқарылатын шешімдерді, жоспарлау жүйесін қабылдауға негізделген. Ерекше мәнге ие болатын жұмыстың сапасы өнімді шығарумен тікелей байланысты. Мұнда жарамды өнімнің сапасы, тұтынушының пікірі бағаланады, наразылықтар аназилделеді.
Кез-келген өнімді өндіру үшін жұмысты орындау, қызмет көрсету, операциялардың барлық қатарын жүзеге асыру, дайындық жұмыстар қажет. Әрине сапа әрбір сатыдағы жұмыстың сапасына байланысты.
Өнім сапасын қалыптастыру оның жобалау сатысында басталады. Зерттеу фазасында техникалық және экономикалық принциптер жасалып, функционалды үлгілер құрылады. Содан кейін негізгі өндірістік құжаттар мен тәжірибелі үлгілер құрылады. Конструктивті- технологиялық жұмыс сатысында өндіріске бұйымдарды енгізуді дайындайды.
Жұмыстың сапасы фирмалардың қызметін қамтамасыз етумен тікелей байланысты. Бұл- жетекші мен басқарушы ( жоспарлау, анализ, бақылау) сапасы. Жоспарлау сапасынан ( стратегиялар құру, жоспарлар жүйесі және .т.б.) фирманың сапасы мен қойған мақсаттарының жетістігі байланысты болады.
Сапа түсінігі тарихи-өндірістік жағдайлардың әсерінен қалыптасты. Бұл әрбір қоғамдық өндірісте өнімнің сапасына өзінің объективті талаптарының болуына негізделеді. Ірі өнеркәсіптік өндірістің алғашқы кезеңінде сапаны тексеру туралық пен мықтылықты ( өлшемнің дәлдігі, маталардың мықтылығы және т.б.) анықтаумен шамаланды.
Бұйымдардың күрделігін жоғарлату бағаланатын қасиеттердің санын ұлғайтуға әкелді. Ауырлықтың орталығы бұйымның функционалдық қабілеттерін комплексті тексеруге өзгеріп кетті. Сапаның массалы өндіріс жағдайында жеке экземпляр позициясында емес, бұйымдардың массалы өндірісіндегі барлық өндірілетіндердің сапасының стандарты позициясында қарастырылатын болды.
Ғылыми-техникалық прогрестің дамуымен, нәтижесінде автоматтандырылған өндіріс болғаннан, күрделі кондырғыларды басқару мен басқа да жүйелер үшін автоматты құралдар пайда болды. «Сенімділік» түсінігі шықты. Соның нәтижесінде сапа түсінігі ұдайы дамыды және нақтыланды. Сапаны бақылау қажеттілігіне байланысты жинау, өңдеу және сапа туралы ақпаратты анализдеу әдістері құрылды. Нарықтық экономика жағдайында функционирленген фирмалар, тұтыну мен өндіріс процесінде сапаға қарауды ұйымдастыруға ұмтылды. Тірек кемшіліктерді ескертумен жасалды.
Тұтынушы мен өндірістегі сапа- өзарабайланысты түсінік. Өндіруші өнімді қолданудың барлық кезеңінде сапа туралы қамқорлық көрсету керек. Сонымен қатар, ол қажетті сатылымнан кейінгі қызмет көрсетуді қамтамасыз ету керек. Әсіресе, бұл бағдарламалы өнімді эксплуатациялаудың күрделігімен ажыратылатын өнімдер үшін маңызы.
Сапа түсінігінің нақтылығына қайта келсек. Әдебиеттерде сапа түсінігі әртүрлі айтылады. Бірақта сапа түсінігіндегі негізгі айырмашылық оның командалы- административті және нарықтық экономика жағдайындағы түсініктердің арасында жатыр.
Командалы-административті экономикада сапа өндіруші позициясымен айтылады. Нарықтық экономикада сапа тұтынушы позииясымен қарастырылады.
Бұйымның сапасы тұтыну процесінде көріну мүмкін.
Тұтынушы талаптарымен қатысты оның позициясымен өнімнің сапа түсінігі дәл нарықтық экономик жағдайында туды.
Өнімнің сапасын анықтау идеясын голландық ғалымдар Дж. Ван Этингер мен Дж. Ситтиг ұсынды. Олармен арнайы ғылымның саласы квалиметрияны ойлап табылды. Квалиметрия- сапа көрсеткішінің квантификациясы мен өлшеу тәсілінің ғылымы. Квалиметрия тауардың сапалық сипаттарына сандық бағалауға мүмкіндік береді. Квалиметрия сапаның қарастырылатын өнім қасиетінің жоғары санымен байланыстылығынан шығады. Өнімнің сапасын сынау үшін, тек қана оның қасиеті туралы мәліметтер жеткіліксіз. Өнім қолданылатын жағдайларды да ескеру қажет. Дж. Ван Этингер мен Дж. Ситтиг ойынша, егер тұтынушы олардың маңыздылығы бойынша топтастыра алатын жағдайда болса, сапа сандық мәнде берілу мүмкін. Олардың ойынша, сапа- өлшенетін өлшем және қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін өнім қандай да бір күнделікті шара арқылы білдіру мүмкін, әдетте ақша болып табылады.
Сонымен қатар сапаны тұтынушы мен өндіруші позициясынан бөліп қарауға болмайды. Технико-эксплуатациондық, эксплуатациондық және басқа да параметрлерді қамтамасыз етпей, техникалық жағдайларға (ТУ) жазылған сапа өнімді сертификациялау жүзеге аспауы мүмкін.
Сапаны бағалау үшін қажетті, әртүрлі физикалық қасиеттер тұтынылатын бағада концентрленген. Сапаны бағалау үшін маңызды қасиеттер болып:
Ғылыми- техникалық жетістіктің өнімінде материализацияны білдіретін, техникалық деңгей;
Эстетикалық сезім мен көзқарасқа байланысты комплексті қасиеттермен сипатталатын, эстетикалық деңгей;
Жобаланатынның гормоникалық үйлесімділігі және бұйымды эксплуатациялауда фактілік тұтынылатын қасиеті (функционалды дәлдігі, беріктігі, қызметтің мерзім ұзақтығы) жобаланатын, техникалық сапа.
Қазіргі әлемдік өндірістің басым бөлігі тауарларды өндірумен көрініс табады. Сондықтан кез-келген дайындалатын бұйым тұтынылатын бағамен қатар, баға ретінде іске асып отыр.
Сапа фирманың қызметтерінің барлық жағынан тиімділігін көрсететін, комплексті түсінік болып табылады.