«Найманбай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Оқушы және жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсаудың
алдын-алуға 2022-2023 оқу жылдарына арналған
бағдарламасы
Дайындаған: Қалиев Ерден Құсманияұлы
Түсінік хат
Өзін-өзі өлтіру — өзін өмірден қасақана айыру (суицид). Өзін-өзі өлтірудің себептері әр түрлі. Көп жағдайда өзін-өзі өлтіруге себеп болатын нәрсе өмір жағдайының шынайы қиындылығы және өмір оңалмайды деп есептеу. Депрессивті жағдайлар «жиналып» соның салдарынан өзін-өзі өлтіру болуы мүмкін. Өзін-өзі өлтіру қарттарға,нашақорларға, жазылмайтын аурумен ауыратындарға, қылмыскерлерге тән әрекет. Балалардың өзін-өзі өлтіруі ашық қарсылық білдіру түрінде, көбінесе ата-аналарына қатысты жасалады. Криминалистикада өзін-өзі өлтіру әр түрлі негіздер бойынша сараналады. Мысалы:
Қорытынды өзін-өзі өлтіру (өзін-өзі өлтірер алдында өз әрекетеріне есеп беретін, бірақ кінәсыз қиын жағдайдаға түскен, ойлану нәтижесінде болашақтың жоқтығына көзі жеткен адамдардың өзін-өзі өлтіруі, қаржының жоқтығы, жазылмайтын ауру және т.б.);
Ашық қарсыласу түріндегі өзін-өзі өлтіру (бақытсыз махаббат, ажырасу т.б. себеп болатын жан күйзеліс әрекет);
Аяқ астынан өзін-өзі өлтіру (жаман хабар алғаннан кейін, отбасындағы не жұмыстағы ойда жоқта пайда болған қиыншылықтан кейін өзін-өзі өлтіруге аяқ астынан бел буу);
Психикалықауырған кезде өзін-өзі өлтіру.[1]
БӘДСҰ (Бүкіл әлемдік денсаулықты сақтау ұйымы) берген мәлімет бойынша дүние жүзінде жыл бойы 500 мың адамдар өз өмірлерін қияды. Ең жоғарғы суицид көрсеткіші олФРГ, ГДР, Австралия, Швецария, Венгрия, Чехославакияда болса, ең төменгі көрсеткіш олБолгарияда,ИрландиядажәнеҮндістанда.АҚШ-таөзін-өзі өлтіру деңгейі 100 мың адамға орташа алғанда 25-29 адамнан келсе, КСРО-дешамамен 23-24 адамнан келеді.
ХХ ғасырда дүние жүзінің ғалымдарын толғандыратын мәселе ол қазіргі кезде жасөспірімде арасында жиі кездесетін-суицид. БӘДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша 15-24 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында өзін-өзі өлтіру екі есе артып кетті. Ол мемлекеттегі экономикалық жағдайларға байланысты. Мәселем Францияда соңғы 10 жылда суицидттен өлген балалар саны үш есе артқан. Енді бұл өлімдер жол апатынан қайтыс болған адамдар санымен теңеліп отыр. АҚШ-та 15-19 жас аралығындағы өзін- өзі өлтіру саны 1 жылда 5000-ға дейін көтерілді. Қазіргі кезде АҚШ-та ең маңызды өлімдердің арасында суицид 10-шы орында тұр. Онда 1978 жылда 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 29000 суицид тіркелген. Бұнда соңғы 30 жылда суицид 15-19 жас аралығындағы қыздар арасында 200%, ал бозбалалар арасында 300%-ға дейін көтерілген.
Суицид термині итальян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны “өзін-өзі өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді.
Қазіргі кезде Суицидалогия деп аталатын үлкен бір ғылыми бағытты бар, ол социология, психология, медицина, демография, психиатрия тоғысында пайда болып осындай әрекетке баратын тұлғалардың ерекшелігін, әрекетін, себептерін зерттеуге тырысты.
Суицидалды мінез-құлық – адамның саналы түрде өзін-өзі өлтіргісі келетін тұлғаның мінез-құлқының бір түрі деп есептеді.
Адамзат тарихында өзін-өзі өлтіру әрекеті әртүрлі бағаланады. Европа халқында өзін-өзі өлтіретін адамдар - вампирға айналады деген. Ал көне Грекия, Спарта, Афинада өзін-өзі өлтірген адамдардың мәйітін өртеп жіберген.
Орта ғасырда Австрия, Пруссия, Францияда өзін- өзі өлтіруші адамдарды діни көзқарас бойынша – қылмыскерлер деп санаған.
Суицидальді мінез құлықтың белгілі бір формасы, тәсілі, даму стадиясы, тәуекел факторлары болады. Суицидальді мінез-құлыққа адамның жас ерекшелігі, жынысы, кәсіби ерекшелігі, өмірлік жолының ерекшелігі де әсер етеді.
Әр бір жас кезеңдеріне сай суицидальді белсенділік тән болады.
- Балалық шақ – 12 жасқа дейін;
- Жеткіншектік кезең – 12-17 жас;
- Жастар арасы - 17-29 жас;
- Ересектер арасы – 30-35 жас;
- Қарттық кезең – 55-70 жас.
5 жасқа дейінгі балаларда өзін-өзі өлтіру әрекетіне бару өте сирек кездеседі. Жанұялық қақтығыстарға байланысты 9 жасқа дейін 2,5%, ал 9 жастан кейін 80% өзін-өзі өлтіру әрекетіне барады екен. Жеткіншек кезеңінде суицидалды әрекеттің себебі болып ата-анасымен мұғалімдерімен қақтығысқа бару салдары болып табылады. Жастар арасында әсіресе қыздар арасында әсіресе қыздарда өздерінің жігітеріне байланысты суицидальді әрекеттерге баратыны анықталды.
Суицидтың ең жиі кездесетін кезі 15-24 жас аралығы. Өзін-өзі өлтіруге бармас бұрын, суициденттердің көбі дайындық кезеңі – суицидалды кезеңінен өтеді, ол адамның бейімделу қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Ол қызығушылық деңгейінің төмендеуі, қарым-қатынастың шектелуі, мазасызданғыш, эмоционалды тұрақсыз болуы т.б.
Суицидальді мінез- құлықтың 5 типі бар:
1) Протест.
2) Жанашырлыққа шақыру.
3) Қайғыдан қашу.
4) Өзін-өзі жазалау.
5) Өмірден бас тарту.
Суицидалды мінез-құлық соматикалық, психикалық ауытқуы бар, тіпті сау адамдарда да кездеседі. Сондықтан өзін- өзі өлтіретін адамдардың барлығының психикасында ауытқуы бар деуге болмайды. Медициналық статистикаға байланысты адамдардың бір жартысын ақыл- ойы кеміс адамдар, бірін жүйке-жүйесі тозған адамдар, бірін мазасыз адамдар десе, енді бірін өз эмоцияларын басқара алмайтын адамдар құраса, қалған бөлігін ешқандай психикалық ауытқуы жоқ адамдар құрайды екен.
Суицидальді мінез-құлық тағыда балалар үйінде және толыққанды емес отбасында өскен балалар арасында жиі кездеседі. Сонымен қатар отбасы аралық қақтығыс, әке-шешесінің айырылысуына да байланысты болады.
Көктем, жаз жыл мезгілдерінде сейсенбі күні суицид жасалу күні жоғары болады. Күз, қыс мезгілдерінде сәрсенбі, бейсенбі күндері суицидтің жасалуы төмен болады деп қарастырады.
Суицидальді мінез-құлық көбінесе депрессия кезінде, алкогольдік токсикомания, психопатия және аффект кезінде жиі кездеседі. Өзін-өзі өлтіруге көбінесе индивидуалды проблемалар итермелейді. Қазіргі кезде жастар өздерінің өмірлерін бағалай алмайды. Егер бір проблеманы шеше алмай жатса, олар өз өмірлерін қиюға даяр болады, өйткені олардың ойларынша олар тек осылай ғана тыныштық, уайым-қайғысыз өмір және махаббат табатын сияқты. Көбінесе жасөспірімдер мен балалар жерлеу рәсімін көз алдарына елестетіп, ата- аналарының жылағандарын елестетіп, олардан өш алмақ болады.
Адам өліміне әлеуметтік жағдайлар, жалғыздық та үлкен әсерін тигізеді. Бірақ кей біреулер ұрсысып өзін- өзі өлтіретін болса, енді біреулері түрмеде отырып бостандықты аңсайды. Сондықтан қоғамда өмір нашарлаған сайын суицидте көбейе түседі.
Қазіргі кездегі жастардың суицидке бару себебі, олардың өмір тәжірибелерінің болмауына, олардың алдарына қойған мақсаттарына жете алмау себептеріне байланысты және өмір қиындықтарына шыдамауына байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |