ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 деңгейлі СМК құжаты
ПОӘК
ПОӘК 042-18-36.1.
29 /01-2014
ПОӘК
Оқытушыларға арналған пәннің бағдарламасы
«Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша пәндерді оқытудың әдістемесі»
№ 2 басылым
16.06.2014 жыл
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша пәндерді оқытудың әдістемесі»
5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы үшін
Дене мәдениеті – адамдардың дене қуатын жетілдіруге қолданылатын мемлекеттің, қоғамның материалдық және рухани байлығын құрайтын, халықтың жалпы мәдениетінің бір саласы . Материалдық байлықтар - спорт сарайлары, стадиондар, бассеиндер, спорт залдары, түрлі спорттық ғимараттар, құрал жабдықтар. Рухани байлықтар - дене тәрбиесі мен спорт саласындағы арнаулы білім, ғылыми зерттеулер, озық тәжірибелер, әдістемелер, идеялар.
Дене мәдениетінің бағыттары; негізгі дене мәдениеті, спорт, сауықтыру, қолданбалы дене мәдениеті және жеке басылық дене мәдениеті.