Бағдарламасы», «Кешенді тәрбие бағдарламасы»



бет1/2
Дата31.01.2018
өлшемі0,53 Mb.
#37280
түріБағдарламасы
  1   2
2008-2010 ЖЫЛДАРДАҒЫ КОЛЛЕДЖДІ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ САРАПТАМАСЫ
2008-2010 жылдарға арналған колледждің даму бағдарламасы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес «Білім туралы», «Тіл туралы», «Бала құқығы конвенциясы», «Мемлекеттік білім бағдарламасы», «Кешенді тәрбие бағдарламасы», «Колледж жарғысы», жыл сайын Президенттің Қазақстан халқына жолдауының бағыты бойынша жасалған.

Бағдарлама мақсат пен міндетті, жеке тұлғаның қамтамасыз етілуін, ҚР қоғам мен мемлекетке мамандықтар дайындауды, кәсіби, мәдениетті ұстаздарды дамыту, мұғалімдердің шығармашылық өсуі мен мемлекеттік аттестацияның сәтті дайындығын анықтады.

Астана қаласының Гуманитарлық колледжі келесі мамандықтар бойынша дайындық жүргізуді жалғастыруда:


  • Бастауыш білім беру;

  • Мектепке дейінгі білім беру және тәрбие;

  • Технология;

  • Бейнелеу өнері мен сызу;

  • Музыкалық білім беру;

  • Қазақ тілі мен әдебиеті;

  • Дене мәдениеті және спорт.

Мамандарды дайындау бойынша мемлекеттік тапсырыс 2008 жылы - 383, ал 2010 жылы-393-ті құрайды. Контингент 1265-тен 1643-ке, күндізгі және сырттай оқу 329-дан 431-ге дейін көтерілді.

Материалдық-техникалық базаны жетілдіру жұмысы бойынша нақты шаралар атқарылды. Оқу ғимаратының кіре берісі мен жатаханада жөндеу жұмыстары өтті, әкімшілік кабинеттер мен 29 оқу кабинеттеріне кешенді жөндеу жұмыстары жүргізілді. 16 интерактивтік тақталар, 90 компьютерлік құрылғылар, 9 проектор мен 12 кабинетте оқушы үстелі мен орындықтың жиынтығы, 3 теледидар, 9 кеңсе жиһазы, 18 сынып тақтасы, конференция жүйе кешені, 4 үстел микрофоны және музыкалық аппараттар, 2 акустикалық жүйе, 2 радиомикрофон, 1 радио жүйе, ағашты көркемдеу құралдары, электр бұрғы, «Тоты құс бейнесі», қаңқа, бассүйек, Давид мен Гуддонның басы, Давидтің бет бөліктері , оқу корпустары мен жатақханаларда автоматтық дабылқаққыштар , 3 баян, балаларға арналған 3 жиынтық саздық құрал, 12 домбыра, 9 қобыз бен классикалық әуендер жиынтығы, тігін машиналары-10 дана, 1 кестелеу машинасы, 1 үтік, ер және әйел маникены, тәжірибелік сабақтар үшін қажетті маталар мен жіптер алынды. Колледж спорттық залына 2 951 320 тенге көлемінде спорт құралдары сатып алынды.(2008 жылы-1 575 800 тенге, 2009 жылы-1 375 652 тенге) Әдістемелік кабинетте көшірме жасайтын жаңа құрылғы орнатылды. Жиырма бес кабинетте 69 такырыптык стендер орнатылды.

«Өзін-өзі тану» кабинеті мен кәсіби бағдарлық орталық құрылып жабдықталды. Мұғалімдер мен қызметкерлерге арналған денсаулық бөлімі, «Технология» мамандығы бойынша практикалық оқулар жүргізілетін кабинет ашылды. Гимнастикалық зал мен мектепке дейінгі тәрбие бойынша бөлімдерінде 2 301 690 теңгеге көрнекі нұсқаулар мен құрал-жабдықтар алынды. «Технология» мамандығы студенттерінің күшімен көркемдік шараларға байланысты би, вокалдық топ (орыс,қазақ), халық аспаптарының оркестріне 80 костюм тігілді.

Мерекелік шараларға байланысты колледж аумағын көгалдандыру мен гүлдендіру жыл сайын өткізіледі.

Барлығы 600 шаршы метр спорт алаңындағы жүгіру жолдарына және колледж аумағына асфальт төселді.

Жыл сайын кітапхана оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттермен, аралық баспалармен толықтырылады. Кітапхананың жалпы қоры 2008 жылдан бастап 5250 данаға өсті және ол 82279 дананы құрайды, соммасы 10 248 744 теңге.

Жыл сайын баспасөз басылымына жазылу өсіп келеді


Жылдар

Саны

Соммасы

2008-2009

53

263602,43 тг

2009-2010

54

286187,92 тг

2010-2011

58

335420,92тг

25 кабинет 69 тақырыптық стендтермен жабдықталды.

2008

2009

2010

6

10

53

Колледждің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында алдыңғы жылдардағы қажетті қаражаттардың бөлінбегендігінен жоспарланған жұмыстардың барлығы орындалмады.

  • Жатақхананы күрделі жөндеуден өткізу;

  • Басылымдық өнімдерді шығару үшін шағын баспахана;

  • Хор ұжымдарына арналған костюмдер;

  • Декорациялық қоршаулар орнату;

  • Сыртқы жарықты орнату;

  • Аймақты асфальттау;

  • Рояль және фортепиано сатып алу;

  • Тоңазытқыш, электр пеші, шағын толқынды пештер мен «Үй шаруашылығы» сабақтары үшін ыдыстар;

  • Машина құрылысының сызуы бойынша құрылғылар кешені, сызу үстелі, адам сұлбасы, антендік, гипстік фигуралар тағы басқа жоспарланған құрал-жабдықтар алынған жоқ.

Колледждің оқу-әдістемелік жұмысы «Жаңа технологияларды қолдану арқылы өзіндік тұлға дамитын болашақ педагогтарды қалыптастыру» тақырыбы бойынша жалпы колледждік мәселелерді шешуге бағытталған.

Оқытушылардың әдістемелік жұмысын сайыс, онкүндік түрінде өткізу дәстүрге айналды. Онкүндікті өткізу аясында жазушылармен, жаңашыл-мұғалімдермен, әр жылғы түлектермен кездесу, шеберлер-класын өткізу, семинарлар, конференциялар, ПБК және кафедра біріккен түрдегі отырысы, олимпиадалар мен сайыстар, сыныптан тыс іс-шаралар.


2008-2010 оқу жылының онкүндігінің сараптамасы

Іс-шара атуы

Қазақ тілі кафедрасы

Шетел тілі ПБК

Мектепке дейінгі және шығармашылық ПБК

Педагогика, психология және жеке әдістемелер кафедрасы

Қоғамдық пәндер ПБК

Жаратылыстану—политехникалық пәндер ПБК

Физика информатика ПБК

Дене тәрбиесі ПБК

Орыс тілі ПБК

Музыка ПБК

Барлығы

Ашық сабақтар

12

10

12

21

12

10

28

12

11

15

143

Олимпиадалар, шығармашылық сайыстар

10

9

2

28

1

5




15

5

4

79

Кездесулер

8

3

3

3

6

2




4

4

2

35

Дөңгелек үстел, диспут

5




2

2

3










4




16

Ашық отырыстар

2







3










3

2

1

11

Тренингтер







2

7

1
















10

Көрмелер

3




4

4

2

3







3

4

23

Кездесулер

10

4




3




6










2

25

Тәрбие жұмыстары

7

7

8

4

6

4

9

3

5

3

56

Мастер -класс







2

2







5







5

14

Конференциялар

6

1

3

23

2










2




37

Барлығы

51

34

38

100

33

30

42

37

36

36

437

«Жас орындаушылар» байқауынан Жүнісова Д, Шавлакова Ю, Смаханова А - І дәрежелі диплом, Қабылова Д, Аубакирова А - ІІ дәрежелі диплом, (жетекшісі-Развина Т.В); және онкүндік аясында жыл сайын өтетін қалалық көркемөнерпаздар байқауына қатысып, Байтасов Қ, Құдайбергенов Х - ІІІ дәрежелі диплом, (жетекшісі-Жанахметов Б.А); Иманбердиева А - І дәрежелі дипломмен (жетекшісі-Мартыненко Ю.В) марапатталды.

Орыс тілі мен әдебиеті пәндері онкүндігі аясында жыл сайын колледжішілік олимпиадалар өткізу дәстүрге айналды. 2008 жылы өткен колледжішілік олимпиадада Мұсабекова И - 2 орын, ал 1 орынға ие болған Каппасова А (3 бая тобы), қалалық олимпиадан-2 орын, республикалық олимпиададан- 2 жүлделі орын алды. Онкүндік шеңберінде колледждің бітіруші түлектерімен кездесулер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қала колледждерінің арасында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушыларымен тәжірибе алмасу түріндегі ашық отырыстар өткізілді. Сол сияқты оқытушылардың шығармашылықтары бойынша көрме де жүйелі өтіп отырады.

Жаратылыстану және политехникалық пәндер бірлестігі комиссиясының оқытушыларының дайындаған оқушылары жыл сайын өтетін студенттердің ғылыми конференциясына қатысып, Идрисова А -1 орын, Қалиева Ә -3 орын, Байтурова А- 3 орындар алса, Идрисова А- қалалық конференцияда жүлделі - 1 орынды иеленді.

Дене тәрбиесі пәндер бірлестігі онкүндігінде бөлімдер арасында әйел мұғалімдердің волейбол және көңілді старт ойындарынан жарыстар өтіп, 2008 жылы: 1 орын - мектепке дейінгі және шығармашылық бөлімі, 2 орын - филология бөлімі, 3 орын - мектеп бөлімі алса; 2009 жылы: 1 орын - мектеп бөлімі, 2 орын - филология бөлімі, 3 орын- мектепке дейінгі және шығармашылық бөлімі алды. Оқушылар арасындағы үстел теннисі ойынынан 1 орын- Чуланова А (1фвк), 2 орын – Бақытхан А (4 изо), 3 орын – Досмағанбетов С (3фвк), ал баскетбол ойыны бойынша Д.Қонаев атындағы колледжінің оқытушылары арасындағы жолдастық кездесуден біздің колледж І жүлделі орынды иеленді. Сонымен қатар, онкүндік шеңберінде «Қазақша күрестен» колледж біріншілігі өтті. 1 орын- 2фвк тобы, 2 орын- 1фвк, 3 орын - 2фвр топтары алды. «Тоғызқұмалақ» ойынынан колледж біріншілігі өтіп, Қыздарбекова Ж- 1 орынды, Досмағанбетов С - 2 орынды, Райсова Б - 3 орынды иеленді.

Педагогика, психология және жеке әдістемелік пәндер кафедрасының онкүндігінде ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралардан басқа 4- әдістемелік кеңес, 8 – педагогикалық кеңес, 4 – әдістемелік сағат, 3- шеберлік сыныбы, 7- топ жетекшілерінің семинарын өткізді.

Оқу-тәрбие сапасын жоғарылату мақсатында колледждің педагогикалық қызметкерлерінің марапаттау жүйесі енгізілді. Оқытушылардың қызметі номинацияларға сәйкес талданып, марапатталды. Жыл сайын оқытушылар 34 номинация бойынша марапатталады, соның ішінде жыл сайын бірнеше номинациялардан жүлдегер атанатын оқытушылар бар.


Қанша номинация

Оқытушылар

6

Пырлик Л.Я

3

Бургегулова К.К.,Доскенова Р.М.,Есимханова З.О., Жаксылыкова Г.Б., Макаренко Л.М., Мутайхан М.З., Шакирова К.Н.

2

Абдулова А.Г., Абдыкаримова К.Ж., Айранбаева К.К., Алпысбаев А.Б., Амренова И.А., Анетова А.Т., Дядич С.П., Жиенбаева Ш.О., Казыгулова М.Я., Кайсаева Г.А., Калабаева Н.Б., Каликов Р.К., Ким И.Н., Мукатаева С.М..

1

Абсатова М.Б., Аймуханова Г.М., Баисова Б.К., Бокачева Е.М., Есетова Т.К., Жангазакова Ж.М., Жунусова Р.Е., Ильясов Ж.И., Исимбаева Ж.М., Кусаинова А.Т., Минайдарова Г.А., Альденова М.Т., Райымжанова Г.М., Рахимжанова А.К., Салменова Г.И., Сапарова Н.И., Сейдахметова С.Б., Тамабаева А.К., Ташенова Ш.М., Толбай Э., Уразбекова З.К., Хаменова М.О., Шамбеков К.С., Шуршенова Г.Ж..

Жыл сайын оқытушылар мен қызметкерлерге мерекеге байланысты материалдық көмек беріледі.


Оқытушылар мен қызметкерлерге көрсетілген көмек пен марапаттаулар




жылы

Мұғалімдер күніне сыйлықтар

марапаттау

Материалдық көмек







саны

құны

саны

құны

саны

құны

1

2008

149 адам

594 500

4 адам

20 000 теңге


9 адам

90 000 теңге

2

2009

159 адам

632 000

10 адам

1 адам

«Үздік топ жетекшісі»

50 000 теңге

15 000 теңге

4 адам

45 000 теңге

3

2010

172 адам

1 416 000

6 адам

30 000 теңге

3 адам

20 000 теңге

барлығы:

480 адам

2 642 500

21 адам

115 000

16 адам

155 000

көрсетілген көмек пен марапаттаулардың жалпы құны 2 912 500

Үш жылда колледж оқытушылары марапатталды:



  • «Астанаға 10 жыл» медалі – 1

  • ҚР Президентінің алғыс хаты-1

  • ҚР Президенттің ісін басқару басқармасының алғыс хаттары -2

  • «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен-1

  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің мақтау қағаздарымен-2

  • Астана қаласы Білім басқармасының мақтау қағаздарымен-7

  • Білім басқармасының дипломдарымен -13

  • Алматы ауданының әкімшілігінің алғыс хаттарымен - 4

  • Есіл ауданының әкімшілігінің алғыс хаттарымен - 2

  • ҚР Ардагерлер кеңесі-1

  • Профсоюз «Әділет» – 3

  • ҚР қоғамдық келісім және ақпарат министрлігінің тіл дамыту комитетімен-1

  • Тіл дамыту басқармасы-1

  • «Нұр Отан» ХДП - 2

  • «Жас Отан» жастар қанаты-2

  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің МЖМБС Республикалық орталығының и ғылыми-әдістемелің біліктілікті бекіту орталығы -1

  • «Найза» әскери-спорттық ойын-1

  • Астана қаласының Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрының алғыс хаты -1

  • Астан қаласының ІІД НКБ алғыс хаты -1

  • «SOS Детская деревня Астана» алғыс хаты -1

  • Чистый город» алғыс хаты -1

  • «Студенческая весна» алғыс хаты -1

  • «Ізгілік кубогі» алғыс хаты -1

  • «Жасыл ел» алғыс хаты -1

Колледж 2008 жылы Астана қаласы әкімінің «Үздік колледж» грантымен 600 000 теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды.

Мамандарды дайындау құрылымы мен сапалы өзгерістер енгізу мақсатында кәсіптік білім беруге БСТБ (Білім сапасын тәуелсіз бағалау) енгізілді. Кәсіптік дайындау және біліктілікті бекітуде білім сапасын тәуелсіз бағалау қорытындылары мынадай.







Оқушылар саны

60-70 балл

71-80 балл

81-90 балл

91-100 балл

2009 жыл

166

12

93

55

6

2010 жыл

308

89

132

71

16

«Жол картасы – 2009» бағдарламасы бойынша білімі сәйкес емес, бірақ мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс жасайтын 50 балабақша тәрбиешісі қайта даярлаудан өткізілді.

84 іс жүзіндегі психологтар мен 146 гувернерлар даярланды.

Төмендегідей тақырыптарда 10 педагогикалық кеңестер өтті:



  • Болашақ мамандардың базалық құзыреттілігін қалыптастыру.

  • Пәндік-циклдік комиссия жұмысының мониторингі – оқыту сапасы мен тиімділігінің негізі.

  • Болашақ маманның құндылығын бағыттау – білім беру мекемесінің көрсеткіші.

  • Ғылыми зерттеу жұмысында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану.

Оқу-өндірістік практиканың өзекті мәселелері, альтернативтік жолдарды іздестіру, педагогикалық тәжірибені жетілдіру. Педагогикалық кеңесте төмендегідей тақырыптар талқыланды:

  • Үгіт-насихат жұмысының өзекті мәселелері.

  • Кәсіптік білім беру жүйесінде әлеуметтік серіктестіктің жаңашыл аспектілері.

  • Тәрбие жұмысының мәселелері мен сұрақтары педагогикалық кеңестің күн тәртібінде қаралды:

Шығармашылық мамандықтағы оқушылардың этномәдени тәрбиесі

  • Оқу-тәрбие процесінде ата-аналармен педагогикалық ұжымның қарым-қатынасы.

  • Оқушылардың кәсіпке дайындығы процесінде Қазақстандық патриоттық тәрбие.

Директордың қатысуымен өтетін апта сайынғы жиналыста қарастырылатын сұрақтар тақырыбына ерекше мән беріледі.


Қарастырылған сұрақтар

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

Әкімшілік-шаруашылық қызмет

14

12

12

Оқу-әдістемелік және ғылыми қызмет

40

44

40

Кәсіптік практика және әлеуметтік серіктестік

7

6

10

Тәрбие қызметі

20

16.

17

Барлығы

81

78

79

Ғылыми-әдістемелік жұмыс үш жыл ішінде 15 ғылыми-әдістемелік кеңесті төмендегі мәселелер бойынша өткізді: «Оқушылардың өзін-өзі жетілдіруі: тәрбиелік ынта мәселелері», «Педагогтың өзін-өзі дамыту технологиясы», «Ақыл-ой дарындылығы жайында», ал әдістемелік сағаттар: «Кәсіби оқытудың келелі мәселелері», «Дарынды балаларға инновациялық оқытуды пайдалануда педагогикалық бағыт беру», «Жаңа ақпараттық технологиялар», «Зерттеу мәдениетін қалыптастыру жолдары» тақырыптарында өтті. Барлық пән бірлестік комиссиялары мен кафедралар да колледждің міндеттерін шешу жолындағы аталған мәселелерді қарастырды.

Әдістемелік кабинеттің жұмыстары мынадай бөлімдер бойынша жүйеленген: оқытушылар туралы мәлімет, педагогикалық инновация, оқытушылардың педагогикалық әдістемелік нұсқаулықтары, озық педагогикалық іс-тәжірибені тарату, бұқаралық ақпарат құралдарына материалдарды жариялау, ашық сабақтар, семинарлар, конференциялардың, шеберлік мектебінің, кабинет сайысының, жаңа технологиямен өткен сабақтардың талдамаларының бейне материалдары.

Ал «Жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту технологиясы, ол не береді?» тақырыбында өткен педагогикалық жәрмеңкеде, жалпы білім беру стандарты талаптарын орындауға байланысты әр пән бойынша оқу әдістемелік кешенді жетілдіру, студенттердің өз бетінше жұмыс істеуін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру қарастырылды. Оқу әдістемелік кешенді құру сайысына 2008 жылы - 12, 2009 жылы - 9, 2010 жылы - 5 оқытушы қатысты. Оқу-әдістемелік кешенде жинақталған нормативтік құжаттар, дидактикалық, таратпа, электрондық, тесттік материалдарды барлығы 28 оқытушы ұсынды. Осындай педагогикалық ұжымның шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесі әдістемелік кабинетте педагогтың өз білімін жетілдіру бойынша материалдары ретінде қор болып жинақталды. Алайда, оқу-әдістемелік кешен бойынша комиссия мүшелері кейбір оқытушылардың сандық материалдарының, конспект жинақтарының кем екенін, дидактикалық материалдардың ретсіздігін айтып өтті. Болашақта осы кемшіліктерді болдырмау мәселелерін қарастыру қажеттілігі тұр.

Оқу жылының басында жаңадан келген оқытушылардан алынған сауалнама қорытындысы бойынша оқытушылардың қызығушылығы, қиындығы, қажеттілігі анықталып, оларға қолдау көрсету, еңбекке қызығушылығын арттыру жолдары қарастырылады.

«Жас педагог мектебі» жұмысы жас мамандар, жаңадан келген оқытушылар, жетістігі аз оқытушылар үшін ұйымдастырылған. Бұл мектепте оқытушылар жаңашыл лекциялық-практикалық сабақтардың технологиясымен, жаңа инновациялық технологиялармен танысады, әдістемелік семинарлар ұйымдастырылады. Жаңа оқытушылардың ашық сабақ беру, шығармашылық жұмысын қорғау оқу жылы соңында бенефис түрінде өткізу дәстүрге айналған.

Колледжде оқытушылардың біліктілігін көтеру жұмысы жүйелі жолға қойылған. Оқытушылардың кәсіби-педагогикалық деңгейін жетілдірудің формалары төмендегідей:

- Республикалық білім жетілдіру институты, қалалық білім жетілдіру институты, басқа да оқу орталықтарында біліктілігін көтеру курстарынан өту;

- семинарларға қатысу;

- әдістемелік кабинетте педагогикалық шеберлік сыныптарын өткізу;

- жоғары оқу орындарында оқу.





жылы

Біліктілік курсынан өткендер саны



РБЖИ



БЖИ



халықаралық



басқа

Оқыту семинарларына қатысқан оқытушылар саны

2008

21

5

15

1

-

36

2009

107

-

58

-

49

44

2010

75

1

29

6

39

62

барлығы

203

6

102

7

88

142

Педагогтардың ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізуіне көмек көрсету жұмысы бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетімен бірлесе отырып, төмендегідей оқыту семинарлары ұйымдастырылды: «Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану», «Компьютерлік графиканы қолдануды оқыту». Сондай-ақ, «Инновациялық білім білім беру процесін дамытудың факторы»; «Оқытушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда ИНТЕРНЕТТІ қолданудың мүмкіндігі» тақырыбында шеберлік сыныптары; «ACTIVSTUDIO ресурстары»; «Компьютердің көмегімен Finale бағдарламасы бойынша нотаны теру»; «Жеке аспап» тақырыптарында пәндік сабақтар, «Болашақ маманның құзыреттілігі» тақырыбында қала көлемінде оқытушылар үшін шеберлік сыныбы өтті.

Finale бағдарламасы бойынша музыка пән бірлестік комиссиясы оқытушылары электрондық жинақтар құрастырды.



Развина Т.В.

1. Мемлекеттік тілде оқитын оқушылар үшін ән репертуарының хрестоматиялық жинағы

2. Музыкалық білім беру ортасында оқушыларға фортепианолық шығармаларды үздіксіз сабақта өңдеу мен үйрету мәселелері

3. Қазақ халқының әндерін өңдеу


Тамабаева А.К.

Балабақшадағы музыка сабағында әнді тыңдай білу үшін әңгімелесу жинағы

Иванов В.А.

Баян үшін жеңіл пьесалық шығармалар жинағы

Иванов П.М.

«Учитель - учение». Оқытушылар мен студенттердің баян ансамблі үшін жинақ

Мартыненко Ю.В.

Ән айту репертуары үшін хрестоматиялық жинақ (баян аспабы үшін)

Альмагамбетов Т.А.

Қазақ сазгерлері шығармаларының оркестрлік партитуры

Finale бағдарламасы бойынша жасалған оранжировкалық іс-тәжірибелер оқушылардың курстық жұмыстарында да көрініс табады.

Келешекте педагогтардың біліктілігін арттыруда қашықтан оқыту формасын енгізу қажет.

Білім беру сапасын шетелдік оқу орындарының озық оқу-әдістемелік ұстанымдарына сәйкестендіру арқылы арттыру және отандық колледждердің әлемдік білім беру кеңістігіне енуінің тиімді жолын анықтау мақсатында колледж Ұлыбритания колледждері Ассоцияциясының (Кембридж аймақтық колледжі, Лаборроу колледжі) өкілдерімен білім саласындағы өзара ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойды. Колледж базасында «Орта кәсіптік білім беру жүйесіндегі маркетинг және әлеуметтік серіктестік» тақырыбында халықаралық семинар өтті.



Оқытушылардың дәстүрлі ғылыми-практикалық конференциясын (қаңтар айы) өткізу де жүйелі жолға қойылған. Қаңтар конференциясындағы жұмыстар: «Жаңашыл білім беру технологияларын қолдану арқылы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуын қалыптастыру» (2008ж.), «Колледждегі педагогикалық инноватика және инновациялық оқыту» (2009ж.), «Білім беру сапасы: жүйелілігі, технологиясы, жаңашылдығы» (2010ж.) тақырыптарында өткізілді, оған 31 оқытушы қатысты.





Аты-жөні

Баяндама тақырыбы

2008 жыл

1.

Асаинова М.Р.

Кәсіби дайындық үрдісі барысында білім беру маманының қалыптасуы

2.

Айткожинова Л.К.

Жоба әдісі – болашақ педагогтың кәсіби қалыптасуының негізі

3.

Аймұқанова Г.М.

Жаңа технология негізінде жеке тұлғаны дамытуда шығармашылық жұмыстың рөлі

4.

Бургегулова К.Қ.

Внедрение новых педагогических технологий преподавателями дошкольных дисциплин

5.

Баисова Б.К.

Использование новых педагогических технологий для саморазвития будущих педагогов

6.

Есімханова З.О.

Оқытушылардың танымдық белсенділігін арттыруда озық педагогикалық технологияларды қодану

7.

Толбай М. Т.

Шығармашылық іс-әрекет тұлғаның өзін-өзі дамытудың негізі

8.

Сағымбекова Ш.А.

Жобалау технологиясын шетел тілі сабағында қолдану

9.

Шуршенова Г.Ж.

Использование на уроках математики блочно-модульного обучения для формирования саморазвивающейся личности

10.

Бокачева Е.М.

Применение новых технологий на заниятиях музыкально-теоретических дисциплин

11

Шамбеков К.С.

Саморазвитие личности через соревновательную деятельность в спортивных играх

2009 жыл

1.

Джуматаева А.Д.

Инновационое обучение в колледже

2.

Пырлик Л.Я.

Развивающее обучение

3.

Абсатова М.Б.

Критическое мышление

4.

Шуршенова Г.Ж.

Модульная технология

5.

Абдулова А.Г.

Информационно-коммуникативные технологии

6.

Айткожинова Л.К.

Проектные технологии

7.

Асаинова М.Р.

Внедрение новых технологий на практике

8.

Ахметова М.К.

Новые технологии в воспитательной работе

2010 жыл

1.

Махметова Н.У.

Оқушылардың білім сапасын дамытудың бір жолы – проблемалық оқыту технологиясын жүйелі қолдану

2.

Алиева Г.С.

Сабақта интерактивтік жұмыс формасын қолдану (қазақ әдебиеті)

3.

Оразбаева А.Ш.

Интерактивные формы работы на уроке (биология)

4.

Бугибаева М.А.

Интерактивные формы работы на уроке (русский язык)

5.

Абсатова М.Б.

Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы – оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін дамыту құралы

6.

Далабайқызы И.

Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы информатика сабағында

7.

Нургазина М.Т.

Сөйлеу дағдысын дамытудағы компьютердің көмегі

8.

Пырлик Л.Я.

Современный урок с интерактивными формами обучения и использованием информационных технологий

9.

Амренова И.А.

Болашақ музыкант-оқытушы даярлау процесінде жаңа технологияны қолдану маңыздылығы

10.

Елік Төкен

«Mathcad» бағдарламасын математика, жоғарғы математика пәндерінде қолдану

11.

Бургегулова К.К.

Исследовательская деятельность педагога как средство повышения профессионализма.

12.

Шуршенова Г.Ж.

О работе по модульной технологии.

Конференцияларға қатысу оқытушылардың кәсіптік біліктілігін арттырып, педагогикалық шеберлігін шыңдауға, іс-тәжірибесін жинақтап, таратуға, шығармашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Диаграмма педагогтардың пән бірлестік комиссиясы мен кафедра бойынша конференцияларға қатысу деңгейін көрсетеді:

Бұл жұмыс оқытушылардың кәсіптік шеберлігін шыңдауға, шығармашылық белсенділік, ғылыми ізденісін арттыруға әсер ететіндей тиімді және жалпылама сипат алуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет