Бағдарламасы», «Кешенді тәрбие бағдарламасы»


Оқытушылардың конференция, семинар, педагогикалық оқуларға қатысу деңгейі



бет2/2
Дата31.01.2018
өлшемі0,53 Mb.
#37280
түріБағдарламасы
1   2

Оқытушылардың конференция, семинар, педагогикалық оқуларға қатысу деңгейі


жылы

республикалық,

қалалық

қаңтар конференциясы

2008

7

11

2009

28

8

2010

44

12

барлығы

79

31

Жыл сайын педагог қызметкерлердің қалалық ғылыми-практикалық конференциясы өтіп, материалдары жинақта жарияланады.




Жылы

Білім мекемесі қызметкерлерінің ғылыми-практикалық конференциясының тақырыптары



Қатысушылар саны



Оқу мекемелерінің саны



2008

«Мектепке дейінгі мекемелердегі инновациялық үрдіс мектепке дейінгі білім беруді модернизациялаудың негізі»

28


10



2009

«Мектепке дейінгі мекемелердегі инновациялық үрдіс: мәселелер мен ізденістер»

76

28




2010

«Білім беру саласында «балабақша-мектеп» сабақтастығы үшін оңтайлы жағдай туғызудың тиімді жолдарын құру және 12 жылдық білім беруге көшудің дайындығы»

107


26 МДОМ


17 мектеп

барлығы




211

81

Конференция педагогтың іс-тәжірибе алмасып, оны таратуына, жұмысын жинақтап жариялауына мүмкіндік береді.

Оқытушылар өздерінің басылымдарын қалалық, республикалық баспасөз беттерінде, баяндамаларын конференция жинақтары беттерінде жариялап отырады. Оқытушылардың шығармашылық белсенділігін, білім беру сапасын арттыру негізінде колледжде әдістемелік қызметтің «Педагогикалық жаршы» атты журналы шығады.



Педагогтардың бұқаралық ақпарат құралдары басылымдарының нәтижесі


жылы

Республикалық басылым

«Педагогикалық жаршы»

2008

15

67

2009

31

88

2010

25

42+

жылы

71

197

2008-10 оқу жылдарында 37 оқытушы аттестациядан өтті, оның 27-і жоғары және бірінші,10-ы екінші санаттарын көтерді. Жоғары және бірінші санатты оқытушылар құрамы 76% құрайды. Аттестациядан өтетін оқытушыларға колледжде психологиялық қолдау көрсетіледі. Педагогтың уақытында аттестациядан өтпеу жағдайы бала күтіміне ғана байланысты орын алады.

Аттестацияға байланысты, 29 оқу-әдістемелік құралдары Білім жетілдіру институтының Ғылыми кеңесінде қаралып, қала және колледж ішінде таратылды. Оқу құралдарына пікір жазушылар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің, Еуразия гуманитарлық институтының, Қазақ Ұлттық өнер университетінің оқытушылары болып табылады.


Білім жетілдіру институтының Ғылыми кеңесіне ұсынылған оқу-әдістемелік құралдар:


Жылы

Оқу құралдары саны

Қала көлеміне таратылғаны

Колледж ішінде таратылғаны

2008

15

6

9

2009

2

1

1

2010

12

3

9

барлығы

29

10

19





Аты-жөні

Оқу құралының атауы

2008 жыл



Пивнева И.А.

«Опорные схемы на уроках методики музыкального воспитания в детском саду»



Дядич С.П.

«Методы и приемы активизации творческих проявлений на уроках музыки»



Пырлик Л.Я.

«Творческая личность: как ее формировать в учебной деятельности»



Асаинова М.Р.

«Золотая ветвь воспитания. Личность ребенка в развивающемся этнокультурном пространстве»



Баисова Б.К.

«Особенности изучения литературных произведений в технологии педагогической мастерской»



Ким И.Н.

«Социально-психологический тренинг в учебной и воспитательной работе», «Тренинговые формы обучение как одно из условий формирования социально-адаптированной личности»



Бокачева Е.М.

«Работа над художественной выразительностью»



Ахметова М.К.

«Этнопедагогический аспект развивающего обучения русскому языку в группах с казахским языком обучения»



К.Н.Шәкірова

«Сын тұрғысынан ойлау жобасын химия пәнінде қолдану»



Турлина Г.З.

«Методические рекомендации для развития устной речи»



Алпысбаев А.Б.

«Конькобежный спорт»



Чайковская Т.В.

Сборник песен школьного репертуара, предназначенный для учащихся 1-4 классов с государственном языком обучения.



Сейдахметова С.Б.

«Фразеологизмы на уроках английского языка»



Уразбекова З.К.

«Индивидуальный подход в формировании певченского голоса»



Нарымова Б.А., Доскенова Р.М., Шуршенова Г.Ж.

«Тригонометрия. Теория, практика»

2009 жыл

1.

Жиенбаева Ш.О.

Еңбекке баулу

2.

Шакирова К.Н.

Сын тұрғысынан ойлау жобасын химия пәнінде қолдану

2010 жыл

1.

Бургегулова К.К.

Моделирование дополнительной специальности «Методист дошкольного учреждения»

2.

Бургегулова К.К.

Типовая программа «Методист дошкольного учреждения»

3.

Жангазакова Ж.М.

Педагогика

4.

Кайсаева Г.А.

Тренинг жаттығулары арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру

5.

Казыгулова М.Я.

Экономикалық теория негіздері пәні бойынша тест жинағы

6.

Мушкенова З.И.

Рабочая тетрадь по профессиональному русскому языку

7.

Сагымбекова Ш.А.

Практикум английского языка» на материале лексической темы «Лондон»

8.

Ташенова Ш.М.

Білім берудегі қазіргі педагогикалық және ақпараттық технологиялар

9.

Толбай М.

Оқушыларды қолөнерге баулу

10.

Анетова А.Т.

Физика 10-сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы)

11.

Абдулова А.Г.

Использование информационных технологий для развития учебно познавательной деятельности учащихся

12.

Толбай М.

Мамандандыру пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы

Сонымен бірге, мектепке дейінгі білім мекемелері үшін «Мектепке дейінгі мекеме әдіскері» типтік және «Технология» мамандығына байланысты мамандандыру үшін оқу бағдарламалары құрастырылған. Алайда, 7 оқу-әдістемелік құрал, 1 электрондық құрал, 1 электрондық оқулық, 2 әдістемелік нұсқаулық, 3 көрнекі құрал жарыққа шыққан жоқ. Бұл еңбектер қазақ тілі кафедрасы, шет тілі, музыка ПБК оқытушыларына қатысты.

Педагогика, қазақ тілі кафедрасы, жаратылыстану-политехникалық ПБК оқытушылары «Оқулық» республикалық ғылыми–практикалық орталығында шығатын оқу құралдарына, оқулықтарға пікірлер жазды.

Модулдік, жобалау, дамыта оқыту, ақпараттық-коммуникативтік, сын тұрғысынан ойлау технологиялары бойынша жұмыс істейтін оқытушылар шығармашылық топтарға біріктірілген. Топтардағы оқытушылар саны бүгінгі күні 71-ге артып отыр.

Барлық сабақтар мен сабақтан тыс іс-шараларда ақпараттық және коммуникативтік технология жүйелі пайдаланылады. Осыған дәлел ретінде республика көлемінде онлайн режимінде сабақтар, түрлі іс-шаралар өткізілді, олар: физика пәнінен «Идеал газ күйінің теңдеуі», педагогика пәнінен «Имидж, статус, стиль, құзыреттілік», қазақ тілінен «Халықтар достастығы. Құрмалас сөйлем», «Сан есімнің түрлері. Астана - болашақтың қаласы», тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарларына тренинг «Оқытушылар мен оқушылардың психологиялық қарым-қатынасы», практика жөніндегі директордың орынбасарларына интернет-конференция «Нарық заманындағы болашақ маманның құзіреттілігі», әлеуметтік-психологиялық онлайн-тренинг «Ұстаз - оқушы - ата-ана арасындағы қарым-қатынас», «Математиканың бастауыш курсының теориялық негізі» пәнінен «Математикалық түсініктер, пікірлер». Мұндай сабақтардың өтуі әлеуметтік серіктестермен байланыс орнатуға да септігін тигізеді.

Колледжді ақпараттандыру бағдарламасы да құрастырылған. Ақпараттық технологияны ендіруге қатысты колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Оқытушылардың сабақтағы, сыныптан тыс іс-шараларының көрінісі ретінде ақпараттық ресурстар, медиатека қалыптасты. Бүгінгі күні 13 студентке 1 компьютерден келеді.

Ішкі желілік және интернет сайты құрылған. Оқу процесінде ақпараттық технологияны қолдану жүйелі жолға қойылған. Ақпараттық технологияны қолдану өрісі кеңіп келеді. Қазір оқытушылардың 90% сабақта аталған технологияны толық пайдаланады. Сондай-ақ, оқытушылар сабақтарында дайын электрондық оқулықтарды пайдаланады және өздерінің құрастырған электрондық оқу құралдарын енгізеді. Алайда ақпараттандыру бойынша мәселелер де баршылық: ақпараттық технологияны пайдалану деңгейі, құзыреттілігі, кейбір оқушылардың ақпараттық технологияны толық меңгермеуі сияқты мәселелер де кездеседі. Бұдан шығатын жол ақпараттық технологияны толық меңгеру бойынша жүйелі жұмыс істеу, техникалық құралдар мен компьютерді қолданудың тиімді жолдарын арттыруға бағыттау, мультимедиялық құралдарды құрастырудың сапасын арттыру: презентациялау, бейне-құжаттар, электрондық оқу құралдары.

Оқытушылардың білім сапасын арттыру мақсатында әдіскерлер дер кезінде сабақтарға қатысып, талдау жасап отырады. 2008-2010 жж. аралығында ақпараттық технологияларды пайдаланған 122 ашық сабақтар мен іс-шаралар өтті.



жылы

Ашық сабақтар саны

2008

42

2009

47

2010

33

барлығы

122

Талдама көрсеткендей, сабақта ақпараттық технологияны қолдану оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Оқытушылар қалалық семинарларға белсене қатысады, жоғары деңгейде өтуіне атсалысады: ағылшын тілі пәні мұғалімдері, технология пәні мұғалімдері үшін семинарлар, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша қалалық секция мүшелеріне ашық сабақтар, түрлі іс-шаралар өткізілді; республикалық орыс тілдердің «Тіл - барлық білімнің кілті» атты конкурсы; «Білім беру мекемелері басшыларының кәсіби құзыреттілігін дамытудың инновациялық жолдары» республикалық семинары да өтті.

Қалалық «Колледждің әдістемелік қызметі» атты конкурста колледж I орынды иеленді; тамыз кеңесі көрмесінде - «Колледждің оқу-тәрбие процесіне ақпараттық-коммуникативтік технологияны енгізу» жобасында I орынды иеленді. Педагог қызметкерлердің тамыз конференциясына «АКТ-ны енгізу негізінде оқушының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру», «Он-лайн байланысы – білім берудің инновациялық көрсеткіші», «Педагог кадрларды дайындаудағы кәсіби басқару шеберлігі» тақырыбындағы жобалар ұсынылды және оны құрастырушылар сертификаттарға ие болды.

Колледждегі студенттердің оқу-зерттеу жұмысы бойынша іс-әрекеттері көп жылдардан бергі мақсатты жүргізіп келе жатқан оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Студенттердің интеллектуалдық, ізденушілік қабілетін анықтау үшін жыл сайын ғылым күні, студенттер конференциясы, студенттердің ғылыми қоғамы, секциялар жұмысы жүйелі жүргізіліп келеді.



Жылы

Секциялар саны

Оқушылар саны

2008

8

100

2009

13

139

2010

11

123

барлығы

32

362

Тоғызыншы жыл өткізіліп келе жатқан студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы колледж студенттері мен кәсіптік лицей оқушыларының шығармашылық қабілетін, жобалау және зерттеу жұмысы бойынша тәжірибе жинақтауына, іс-тәжірибе алмасуына, ғылыми деңгейін жоғарылатуға, ғылыми тақырып таңдаудағы маңызына, актуалдылығына, интерактивтік режимде жұмысты көрсете алуына көзделген.

Конференция қорытындысы ретінде оқушылардың материалдары жинақта жарияланып отырады.



Студенттердің ғылыми-практикалық конференцияларына қатысу


Жылы

Конференциялар

Секцияға қатысушылар саны

Оқу мекемелерінің саны

2008

VI конференция «Жастар және ғылым:үшінші мыңжылдық»

103

12

2009

VII конференция «Жастар және ғылым – Диалог. Ой. Ізденіс»

132

14

2010

VIII конференция «Жаңа онжылдық. Жастар және ғылым»

140

19

барлығы



375

45

Конференцияға қатысушылар саны жыл сайын артып келеді. Алайда айта кететін бір жайт, оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысымен қатар, курстық, дипломдық, шығармашылық жұмыстарға, үйірмелерге қатыстыруға белсендіру қажет.

Базалық мектептер мен мектепке дейінгі мекемелер, білім беру мекемелерінен тыс ұйымдарымен келісімшартқа отыру әлеуметтік серіктестіктермен бірлескен жұмыстың маңызды бағыты болып табылады. 17 жалпы білім беретін мектептер, 10 мектепке дейінгі мекемелермен практиканы ұйымдастыру мақсатында бірлесіп жұмыс жасау туралы келісімшартқа, білім беруден тыс 11 әлеуметтік серіктестермен бірлесіп жұмыс жасау туралы келісімшарттарға қол қойылды.

Кәсіби дайындық сұрақтары директормен отырыста, педагогикалық және әдістемелік кеңестерде қарастырылды. Сонымен, байқау практикасын ұйымдастыру жөнінде оқытушы-әдіскерлердің әрекеті, барлық мамандық бойынша студенттерінің мемлекеттік практикаға дайындығы, мемлекеттік практика қорытындысы, жазғы практикаға дайындық секілді сұрақтар талқыланды.

«Кәсіби жұмыстың өзекті мәселелері» педагогикалық кеңесінде 1-4 курс студенттерін кәсіби тәрбиелеу мәселелері, практикада машықкерлердің әлеуметтік-кәсіби бейімделуіндегі әдіскерлер мен оқытушылардың рөлі талқыланды.

Практикада оқытушы, тәрбиеші жұмыстарының кәсіби міндеттерін орындаудағы кәсіби іскерлігі пен педагогикалық дағдылары қалыптасады. Бұған әдіскерлер бақылауы мен өндірістік практика қызметі, студенттердің мінездеме мен есептері, «Машықкер күні», ашық сабақтар мен тәрбие сағаттарын өткізу тәжірибесі куә бола алады.

Дамыта оқыту идеясына, педшеберлік, сын тұрғысынан ойлау стратегиясына жоғары кәсіби деңгейде сабақтар өткізе отырып, жеке тұлғалық, шығармашылық тұрғысынан да «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша студенттер сенімді, құзіретті қатыса білді. №37, 4, 32, 16, 51 мектеп мұғалімдері келешек бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби дайындықтарын ерекше атап өтіп, өздеріне жұмысқа шақыруда.

«Мемлекеттік тілде оқымайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының оқушылары мектептегі сабақтарында кәсіби білімдерін көрсетіп, сын тұрғысынан ойлау стратегиясын, модульдік оқыту элементтерін, жобалау технологиясын, интерактивтік тақтаны қолданады. №22, 37 мектептің қазақ тілі мұғалімдері бұл бағытта үлкен көмек беруде.

Бақылау практикасы барысында болашақ информатика мұғалімдері қазіргі ақпараттық технологияны үлкен жетістікпен қолдана білді: электрондық оқулықтар, презентациялар, желілік жүйе, мультимедиялық проектор, интернет.

«Технология» мамандығының студенттері сәндік-қолданбалы сабақтарында шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға тырысты, қолданбалы білім мен іскерлік: кілемше тоқу, бисермен тоқу, жылтырлау техникасы, балаларды құрақ тігуге үйрету, крестеп кестелеу; кейін оқушылардың бұйымдары қалалық шығармашылық көрмесіне ұсынылды.

«Бастауыш білім берудегі шетел тілі мұғалімі» біліктілігінің студенттері тіл білімін іске асыруға тырысты, практикаға үлкен жауапкершілікпен қарады. Олардың әрекеттерін талдай отырып, ерекше, қайталанбас сабақтарын атап өтуге болады. Студенттер сабақ дайындығына үлкен жауапкершілікпен қарап, интерактивтік тақтаны қолдану арқылы сабақты әдістемелік тұрғыдан дұрыс құруды үйренді.

Сапалы практикадан өту мақсатында «Әлеуметтік педагог» қосымша мамандығы бойынша жұмыс бағдарламасы құрылды (Пырлик Л.Я.).

2008-2009, 2009-2010 оқу жылдарындағы педагогикалық еңбек нарығын игеру негізінде жас мамандар, колледж түлектері үшін бос орындар мәліметі жасалынды, ол түлектерге мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерден орындар таңдауға мүмкіндік берді. 2008 ж. 208 студент жалпы білім беретін мекемелерге және мектепке дейінгі мекемелерге бөлінді; 2009ж. 263 бітіруші топ студенттері барлық мамандық бойынша Астана қаласы Білім басқармасы жалпы білім беретін мекемелерге және мектепке дейінгі мекемелерге бөлінді; тұрғылықты жеріне байланысты аудандық білім беру мекемелерінің сұраныстары негізінде 30 студент бөлінді. 2010 ж. 308 түлектің 195 мамандықтары бойынша орналастырылды, 21 - ЖОО оқиды, 13 - әскерге кетті, 76 адам 36,6% жұмысқа орналасуы қажет. 3 – ҚР мемлекетінен тысқары кетті.

Еңбек нарығында технология мұғалімі кадрларына қажеттілік аздығынан «Технология» мамандығын жұмысқа орналастыру қиынға түседі. Осы мамандық бойынша 19 түлектің 5-еуі ғана жұмысқа орналасты. Сондықтан 2011-2012 оқу жылына бұл мамандық бойынша талапкер қабылдауды тоқтата тұру қажет. Мектептерде информатика аптасына 1 рет берілетіндіктен «Бастауыш білім беру» мамандығының «Бастауыш мектептің информатика мұғалімі» біліктілігін мақсатты түрде бір топтан асырмау қажет. «Бастауыш білім беру» мамандығы «Бастауыш сынып мұғалімі» біліктілігі бойынша орыс тілді топтарын 2 топқа көбейту керек.

«Бастауыш сыныптың информатика мұғалімі» біліктілігі бойынша мектептерде информатика бір сағаттан жүргізілетіндіктен талапкер ретінде 25 адамды дайындыққа қабылдау қажет.

Гуманитарлық колледжде кәсіби бағдар жұмысын тиімді өткізу мақсатында 2008 жылдан кәсіби бағдар орталығы ұйымдастырылды, орталық туралы Ереже құрастырылды, менеджер бекітілді, кәсіби бағдар берушілер таңдалды, «Теория және оқушылардың кәсіби бағдар технологиясы» арнайы курс бағдарламасы құрастырылды (Асаинова М.Р.).

Дәстүр бойынша мектеп түлектері үшін ашық есік күндері өткізіледі, онда 16 мектеп оқушылары қатысты. Колледж бойынша саяхат өткізілді, экскурсоводтар колледждің оқу-әдістемелік және ғылыми базасы, кабинет, кітапхана, спорт залымен таныстырды, кәсіби бағдар орталығы жұмысын көрсетті, сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, болашақ мұғалімдерді дайындайтын мамандықтар бойынша таныстырды.

Кәсіби бағдар берушілер № 7, 5, 10,15, 37, 45, 31, 40, 41, 45, 54 о\м ата-аналар жиналысына қатысып, оқушылар мен ата-аналарға колледж туралы мәлімет берді. Қаланың 17 мектебінде 9-сынып түлектерінің ата-аналарымен кездесу ұйымдастырылды. Қала мектептерінде «9-сыныптың 3500 оқушысы арасында кәсібін өздігінен анықтау» зерттеулері жүргізілді; 2008-2009, 2009-2010 оқу жылдарында колледжге оқуға түскісі келетін 9-сынып бойынша 382 оқушының мәліметтері жинақталды. «Әлеуметтік серіктестік», «Бастауыш сыныпта білім беру», «Мамандыққа кіріспе» кәсіби практикаларының жұмыс бағдарламалары құрастырылды. Оқушы-талапкер тұлғасын игеру бойынша диагностикалық әдістеме дайындалды (2008ж. Ким И.Н.). Практикада студенттер, оқытушыларға көмек ретінде «Оқу-тәрбие үрдісінде жобалық технология» атты әдістемелік құрал құрастырылды (Асаиновой М.Р., 2009ж.). Білім басқармасымен бірге осы жылдың сәуір айында кадрларды дайындау мәселесі бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің қалалық конференциясы өткізілді. «Халық арасында, оқушылардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету» (Ким И.Н. 2009ж.), «Альтернативтік мектепке дейінгі мекеме» (авторлары Бургегулова К.К., Макаренко Л.Я.), «Өнер шығармашылық» (автор Нургазиева Н.М.) әлеуметтік жобалары дайындалды.

Кәсіби практика бойынша БАҚ-та оқытушылардың мақалалары жарияланды:

- Колледждің тәрбие жүйесінің моделі, М. Асаинова, №10 2008ж., «Қазақ мектебі»;


  • Гуманитарлық колледждің кәсіби бағдар орталығы туралы, Асаинова М.Р. №9(64, «Профессионал Казахстана»;

  • Студенттерді кәсіби дайындаудағы оқытудың белсенді әдістері, Бургегулова К.К. №9(64) «Профессионал Казахстана»;

  • Құзіретті мұғалім қалыптастырудың жолдары, Пырлик Л.Я. №9(64) «Профессионал Казахстана»;

  • Мамандар дайындауда еңбек сабақтары арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, Жиенбаева Ш.О. №9(64) «Профессионал Казахстана»;

  • Болашақ маманның инновациялық мәдениетін қалыптастыру, Ташенова Ш.М. «Білімдегі жаңалықтар» №4(28)-2009ж.;

  • Студенттердің педагогикалық практикасына жаңа технологияны енгнізу, Бургеғұлова К.К., Макаренко Л.М. «Начальная школа Казахстана» №9 2009ж.;

  • Мен мамандық әлеміндемін, Кайсаева Г.А. «Мектептегі психология» №3 2009ж.;

  • Жоба педагогикалық технология ретінеде, Асаинова М.Р. «Менеджмент в образовании» №4, 2009ж.

Орындалмағаны:

  1. Шетелдің білім мекемелерінде оқытушы, студенттердің тәжірибе алмасуы, 2009ж.

  2. Қажетсіз болғандықтан «Оқушылардың кәсіби бағдарының теориясы мен технологиясы» атты арнайы курс жүргізілмеді.

2008-2010 оқу жылдарында колледждің тәрбие жүйесі тәрбие беру жұмысының негізгі бағыттары бойынша қалыптасқан дәстүрлерді жалғастырып, іс-шараларды өткізу түрлерін жетілдіре түсті.

Топ жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі өзінің жұмысын жүйелі түрде жалғастырып келеді. Ай сайын бірлестік өзінің отырыстарын өткізіп отырды, , онда сабақтан тыс шаралардың, топтық сағаттардың өткізу түрлері қарастырылып, талқыланып отырды. Сонымен қатар келесі тақырыптар бойынша оқыту семинарлары өтті: «Оқушылардың ақпараттық мәдениетін жетілдіру жолдары», «Жеке тұлғаның дамуы мен жетілуінде отбасылық тәрбиенің ролі», «Денсаулықсақтау іс-әрекеттерді ұйымдастыруға медико-педагогикалық қатынас», «Болашақ ұстаздың дүниетанымының қалыптасуында топ жетекшісінің ролі», «Оқушының жеке тұлғасын қалыптастырудың бірден бір жолы-патриоттық тәрбие беру», «Болашақ ұрпақтарды халықтық педагогика дәстүрінде тәрбиелеуде отбасының маңыздылығы», «Әр күнге арналған этикет ережелері», «Дене мәдениеті оқушыларға тәрбие беру жүйесінде», Дарынды балалармен жұмыстың мазмұны мен түрлері», «Тәрбие жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдану», «Оқушылар ұжымының даму диагностикасы», «Тәрбие жұмысының әдістері мен түрлері». Тәрбие сағаттарының өткізу түрлері жетілдірілді. Тәрбие сағаттары комплекстік бағдарламаның негізгі бағыттары бойынша өткізіледі.

Келесі тақырыптар бойынша жалпыколледждік ата-аналар жиналыстары өткізілді: «Колледждің ересімен және ішкі тәртібімен таныстыру» тақырыбы бойынша 3 жиналыс, «Ата-аналар мен педагогикалық ұжымның өзара қатынасы», «Құс тұмауын алдын – алу», «Кешір бізді, балалық шақ»- кәмелетке толмағандардың әдеттен тыс мінез құылықтарының алдын алуға арналған жиналыс.

Үйірмелердің, клубтардың, көркемөнерпаздар ұжымдарының, студенттердің ғылыми-зерттеу үйірмелерінің, пәндік үйірмелердің саны 47 дейін өсті. Жұмыстың жаңа әдістері мен түрлерін қолдану оның сапасының өсуіне, оларға деген оқушылардың қызығушылығының өсуіне, сонымен қатар сабақтан тыс жұмыстарға едауір көп оқушыларды тартуға мүмкіндік берді. Егер де 2008-2009 оқу жылы 638 оқушыболса, 2009-210 ж. 1158, ал 2010-2011 оқу жылы олардың саны 1685 дейін өсті.

Көркемөнерпаздар ұжымдар жыл сайын «Шаттық» қалалық конкурстарында 1 орынға ие болады. «Софит» Дебат клубының мүшелері Новосибирск, Бишкек, Актюбинск, Павлодар ойындарына, Алматы қаласының Хабар агенттігінің «Начистоту» бағдарламасына қатысушылар. Сонымен қатар колледж базасында «Толеранттық» Кубогына халықаралық дебат турнирін өткіздік, оған Ресей, Қырғызстан, және Қазақстан қалаларының командалары қатысты. ЕҰУ, Каз ГЮУ,Каз.ГАТУ дебат клубтарымен тығыз байланыс жасайды.

Қуыршақ театры өздерінің қойылымдарын базалық балабақшаларда көрсетті. Изостудия және «Шеберлер», «Ата-мұра, ата-кәсіп» өзінің жұмыстарын колледждің шығармашылық залдарында көрсетеді. Ізденіс клубы информатика пән бірлестігімен бірге колледж сайтында электрондық газет ашты. «Наркопост» топтарда, бөлімдерде санпост жұмыстарын ұйымдастырды, нашақорлық, ВИЧ/СПИДтің алдын алу бойынша тренингтер өткізді. Дәстүрлі түрде 1 желтоқсан күні «Жастар салауатты өмір салты үшін» атты акция ұйымдастырылды. Осы бағытта спорт секциялары да жұмыс атқаруда. Олар бүкіл спорт түрлері бойынша қалалық жарыстарға қатысты,1-2 дәрежелі дипломдарға ие болды. Колледж студенттері жеке жарыстарға да қатысуда. Мысалы, 2 курс студенті Артемьева Екатерина жазғы Халықаралық Азия ойындарында академиялық есу бойынша қола жүлдегері болды, 3 курс студенті Джантемиров Абылайхан күрес бойынша әлем Чемпионатында алтын медаль иегері болды.

2010 жылы алғашқы рет 20-30 желтоқсанда сабақтан тыс қызметтің онкүндігі өтті. Соның аясында көркемөнерпаздар ұжымдары «Музыкалық шашу» фестивалін өткізді, СҒЗ калейдоскобын және бұрынғы педагогика СҒЗ мүшелерінің қатысуымен « Кәсіби қалыптасуда СҒЗ –ның ролі» атты дөңгелек үстелін өткізді. Қазақ және орыс тетрларының қойылымдарын көрдік «Құпия ер адам» және екі қойылымдағы А.Табылдиевтің «Армандастар» спектаклі. «Үш сөз, екі жүрек және бір сезім» атты Шекспир кешін ағылшын тілінде «Леди және джентльмендер» клубы көрсетті, «Тілдер достығы» атты фестиваль, «Сұлу да сымбатты» атты жаңа заманғы классикалық және ұлттық киімдерді көрсетумен дөңгелек үстелді «Қызым саған айтам», «Кел, қыздар, сырласайық», «Шеберлер» үйірмелері бірігіп көрсетті. Спорт үйірмелері оқытушылар мен студенттерге арнап «Спорт күнін» өткізді.

Жалпыколледждік іс-шаралар интерактивті технологияларды қолданумен Онлайн барысында өтеді. «Ұстаз, оқушы, ата-ана арасындағы қарым-қатынас» атты Онлайн бағытында ата-ана, оқытушылар мен студенттердің қатысуымен республикалық тренинг өткіздік. Осындай түрде өткізілген Наурыз мерекелікқойылымы қалалық конкурста бірінші орын алды, «Екі жұлдыз» Онлайн-жоба жаңа жыл қарсаңында ұйымдастырылды. Оқушылармен кәсіби бағыт- бағдар беру мақсатында жоғары және бірінші курстар және ардагерлер мен оқушылар арасында ұрпақтар арасындағы ізбасарлыққа көп мән беріледі. Қарттар күніне, сегізінші наурыз мерекесіне, Наурыз мерекесіне, тәрбие сағаттарына еңбек ардагерлері, қалалық мектептерде, балабақшаларда жұмыс істейтін колледж түлектері шақырылды. Еңбек ардагерлері мен ұстаздар болашақ жас мамандармен өз тәжірибелерімен бөлісті, өздерінің жетістіктері мен қиындқтарымен бөлісті. Дәстүрлі түрде 4 курс студенттері 1 курс студенттеріне арнап студент қатарына қабылдау мерекесін дайындады, ал 1 курс студенттері оларға арнап Соңғы қоңырау мерекесін өткізді.

Тәрбие қызметі мен психологиялық қызметтің бірлескен жұмыс бағыттарының бірі оқушылармен түзету жұмыстарын жүргізу, ол жеке және топтық түрде өткізіледі. Жеке түзету жұмыстары әрдайым тәуекел тобына кіретін оқушылармен жүргізілді. Психологиялық қызмет оқушылардың жекелік ерекшеліктерінің диагностикасын өткізді, оның нәтижелері сосын тәрбиелік әсер ету барысында қолданылды. Психологтармен жеке тұлғаны зерттеуге арналған диагностикалық әдістемелік дайындалып, топ жетекшілеріне жеке тұлғаны зерттеугн ұсынылды. Топтық түзету жұмыстары тренинг түрінде жүрді. Тренинг тақырыптары: «Тиімді қарым-қатынастың психологиясы», «Стресстен қалай құтылуға болады», «Ерікті тәрбиелеу және дамыту», «Өз эмоцияларыңа ие болу», «Конфликт. Оларды шешу жолдары»

Стеденттік өзін –өзі басқару өзінің дәстүрлерін айқындады: колледждің студенттік парламентіне сайлау өткізілді, президенттің ресми өз лауазымына ену рәсімі, жыл сайынғы «Студенттік көктем», «Жастар бірлігі апталығына» қатысып, дипломдар мен грамоталарға ие болды, қалалық КВН командалары конкурсына қатысып, бөлімдер арасында КВН конкусын ұйымдастырды. Студенттік көктем фестивалінің қорытындысы бойынша колледжге « Студенттік көктем 2009ж. Үздік колледжі» атағы беріліп, телевизор түрінде сыйлйқ берілді.



Колледжде, әдістемелік кабинеттің базасында «Жас ұрпақ» атты газета шығады, онда біздің студенттердің жұмыстары басылады. Жатақхананың өзін-өзі басқару (Студ. Басқару) бүкіл айтулы мерекелерге арнап іс-шаралар ұйымдастырады, конкурс, дебат, дөңгелек үстелдер өткізеді. Оқушылар өздері қызығушылықтары бойынша клубтар ұйымдастырған. Белсенділермен колледж әнұранының мәтініне конкурс ұйымдастырылып, «Жас қаламгер» клубының мүшелері жеңіп шықты. Студенттік парламент пен Жастар комитеті өз жұмысын Жас Отан жастар қанатымен, АМИДО, «Жасыл ел» штабымен, КВН Республикалық лигасымен, «Альянс» дебат орталығымен бірлесіп жүзеге асырады.

Студенттер ЕҚЫҰ саммитін ұйымдастыруға және өткізуге белсенді түрде қатысты. Ағылшын тілін жетік меңгерген 43 студент әр түрлі бағытта қызмет көрсетуге үйреніп, оқыту нәтижелері бойынша сертификаттарға ие болды. Саммит күні олар әр түрлі жерде делегаттарға қызмет көрсетті. Қорытындылар бойынша 43 қатысушы Қазақстан Республикасы Президентінің Аппаратының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет