БАҒдарламасы кәсіби қазақ тілі 5В090500 Әлеуметтік жұмыс



Дата12.03.2018
өлшемі177,06 Kb.
#39094
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Республикалық оқу-әдістемелік кеңес


ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ

5В090500 - Әлеуметтік жұмыс

2 кредит (90 сағат)

Қарағанды 2016



АЛҒЫ СӨЗ


  1. 5В090500 – Әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламасы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың оқу-әдістемелік бірлестігімен әзірленді.

  2. Типтік оқу бағдарламасы Мемлекеттік жалпы міндетті жоғарғы білім беру стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23 тамыз 2012ж. №1080 қаулысымен қарастырған және толықтырулар мен өзгертулер енгізіліп, бекітілгенен 13 мамыр 2016ж. №292.

  3. Типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 30 маусым 2016ж. № 2 хаттамасымен Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілген.



ТҮСІНІК ХАТ
Жоғары мектепте мамандарды кәсіби негізде даярлаудың мазмұнын қайта құрумен байланысты қоғамның қазіргі дамуының өзекті қажеттіліктері Қазақстанда кәсіптік білім беру саласының алдына күрделі міндеттер қойып отыр. Жоғары кәсіптік білім беруді жаңартудың басты құжаттарында ең негізгі мақсат білікті маман даярлау деп көрсетілген. Ол жауапкершілігі мол, өз мамандығы бойынша халықаралық стандарт деңгейінде тиімді іс-әрекетке қабілетті болуы, кәсіби деңгейінің өсуіне ынталы болуы, әлеуметтік және кәсіби бейімділігі жоғары, қазақ тілін кәсіби деңгейде, еркін меңгерген тұлға болуы тиіс.

Әлеуметтік жұмыс мамандығында оқитын студенттерге кәсіби қазақ тілін оқыту жүйесінің мақсаты – өз мамандығы бойынша қазақ тілінде еркін сөйлей алатын тілдік тұлға қалыптастыру. Кәсіби қазақ тілін оқыту танымдық қызметін ынталандыратын, өзектендіретін ұстанымдарға негізделіп, жеңілден күрделіге қарай бағытталып, кәсіби қазақ тілін коммуникативтік-прагматикалық дәрежеде меңгерген тілдік тұлға қалыптастыруды көздейді. Жоғары оқу орнында оқытылатын кәсіби қазақ тілі белгілі мамандықтар бойынша даярланатын маман кадрларының коммуникативтік және танымдық қажеттіліктерімен анықталады.



  1. Кәсіби қазақ тілінің мазмұнын құрайтын құрамдас бөліктерге жататындар:

  • коммуникативтік іс-әрекет салалары, бастапқы әскери дайындық мамандығына байланысты тақырыптар және әр түрлі жағдаяттар;

  • тілдесім құралдары (лексикалық бірліктер, грамматикалық тұлғалар және құрылымдар, тілдесім орамдары);

  • жанр, стиль, мазмұны жағынан әртүрлі сипаттағы мәтіндер және кәсіби білімнің элементтері;

  • сөйлеу әрекетінің кәсіби ауызекі және жазба түрлеріндегі тіл материалдарын тыңдап түсіну және қолдану;

  • болашақ маманның қызмет саласы бойынша қазақ тілінде ауызша және жазбаша тілдесе білуі;

  1. Әдістемелік тұрғыдан сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін өзара тығыз байланыста дамыту, спиралдық ілгерілеу қағидаты негізінде тұлға, мән-мағына және функционалдық маңыздылық бірлігін сақтай отырып, лингвистикалық құбылыстарды оқыту, аутенттік негізде қамтамасыз ету өте тиімді.

  2. Тіл материалы белгілі іс-әрекетті жүзеге асыру құралы ретінде қарастырылып, оны сұрыптауда функционалдық-коммуникативтік әдіс қолданылады.

  3. Оқытушы мен студенттер оқу үрдісінің белсенді субьектілері ретінде қарастырылады.

  4. Оқу үрдісіне тіл иелерін тарту және мультимедиалық оқыту құралдарын қалыптастыру қажет.



ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР




Тақырып атаулары

1.

Әлеуметтік саладағы тілдік стильдердің қолданылу аясы мен ерекшеліктері.

1.1

Ауызекі сөйлеу тілінің стилі.

1.2

Ғылыми стиль. Әлеуметтік педагог қызметі.

1.3

Публицистикалық стиль. Тәрбие және әлеуметтік жұмыс.

1.4

Көркем әдебиет стилі. Ұлылардан ұлағат.

1.5

Ресми іс қағаздар стилі. ҚР нормативтік құқықтар.

1.6.

«Жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңы.

2.

Әлеуметтік жүйедегі іс-қағаздар үлгілері. Түйіндеме. Өмірбаян. Сауалнама..Мінездеме.

2.1

Өтініш. Анықтама.

2.2

Келісімшарт. Жеке іс парағы.

3.

Әлеуметтік жұмыс мамандығы әлемінде.

3.1

ҚР Президенті Н:Ә.Назарбаевтың «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам » атты бағдарламалық мақаласы.

3.2

Салалық терминдер. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру.

4.

Мен және мені қоршаған әлеуметтік орта.

4.1.

Әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас.

4.2.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері.

4.3.

Жастар тәжірибесін ұйымдастыру.

5.

Салауатты өмір сүрудің негізгі элементтері.

5.1.

Адамгершілік – асыл қасиет.

5..2.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру.

6.

Әлеуметтік саясат.

6.1.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек.

6.2.

Мүгедектерді қорғау туралы ҚР Заңы.

6.3.

Әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдар.

6.4.

Қайырымдылық.


ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ

Студенттерді күнделікті қарым-қатынас түрлеріне еркін араласып, әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша сұхбаттар жүргізе алуға үйрету. Мамандық саласына қарай жиі кездесетін лексиканы, ғылыми терминдерді, күрделі синтаксистік құрылымдарды қолдануға үйрету. Өз мамандығы бойынша хаттар, баяндамалар, пікірлер, эссе жазуға үйрету, радио, теледидардан ақпараттар тыңдап, түсінуге машықтандыру.

Күнделікті әлеуметтік тұрмыста және кәсіби сөйлеу жағдаяттарында сұхбат түрлеріне еркін араласып, сөйлесу, әңгімені қолдау дағдыларын қалыптастыру.

Әр түрлі стильде жазылған мәтін, өз мамандықтарына сәйкес еңбектер мен ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білу дағдысын қалыптастыру;

Өзі туралы ақпаратты, түйіндеме, рецензияларды, құттықтау хаттарын жаза білуге дағдыландыру.

Теледидар, радио арқылы берілген ақпараттарды, тіл иесінің табиғи айтылған сөзін, өз мамандығы бойынша сұхбаттарды түсіне білуін қалыптастыру;

Монолог түрінде берілген мәтіннің жеке мағыналық бөліктері бойынша негізгі ойды, ақпаратты есту тыңдау арқылы түсіне білу дағдысын дамыту.

Қазақ тіліндегі кәсіби бағдарлы жарнамаларды, ісқағаздарды, нұсқауларды оқып, түсіну және жаза білу.

Аударма, кәсіби бағыттағы сөздіктерді пайдалана білуге үйрету.

Қазақша дұрыс, мәнерлеп сөйлеу машығын қалыптастыру.

Ауызекі сөйлеу стилі, көркем әдеби стиль, публицистикалық, ғылыми стильдердің, сондай-ақ кәсіби тілдің қолдану жағдайларын айыра білуге үйрету.

Белгілі бір кәсіби қатынас саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге керекті ақпарат тыңдау арқылы түсіне білуге дағдыландыру;

Өз мамандығы бойынша ғылыми мәтіндерге пікір беруге, ғылыми мақала, баяндама жазуға машықтандыру.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ



КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУ

Кәсіби қазақ тілін әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша оқыту барысында мынандай міндеттерді шешу көзделеді.

1) Қазақ тіліндегі төл дыбыстарды дұрыс айтуға, олардың жазылуына ерекше мән беру, мәнерлеп сөйлеу дағдысын қалыптастыру;

2) Әлеуметтік саладағы жұмыстары туралы хабарлама жасай білуге, сонымен қатар, түйіндеме, рецензияларды, құттықтау хаттарын, құттықтауларды жаза білуге, есеп беруге дағдыландыру;

3) Әлеуметтік сала бойынша сөйлеу деңгейлерін кеңейтуге, терминдерді еркін пайдалана білуге, кез келген жағдаятта еркін сұрап, жауап беруге, әңгімеге араласуға қалыптастыру;

4) Қазақ тіліндегі кәсіби бағдарлы жарнамаларды, іс-қағаздарды, хабарламаларды, жаңалықтарды, нұсқауларды оқып, түсіну, ол туралы айта және жаза білу дағдыларын қалыптастыру;



  1. Монолог түрінде берілген мәтіннің жеке мағыналық бөліктері бойынша негізгі ойды, ақпаратты есту, тыңдау арқылы түсіне білу және ол туралы сөйлесу дағдысын дамыту;

  2. Кәсіби бағыттағы сөздіктерді еркін пайдалана білуге және сауатты түрде аударма жасауға үйрету;

  3. Әлеуметтік ортада кәсіби қатынас саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге керекті ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуге дағдыландыру, ол туралы пікірін айта білуге қалыптастыру;

  4. Өз мамандығы бойынша ғылыми мәтіндерге пікір беруге, ғылыми мақала, баяндама жазуға машықтандыру, еркін тақырыптарда шығарма жаза білуге үйрету;

  5. Ауызекі сөйлеу стилі, көркем әдеби стиль, публицистикалық, ғылыми стильдердің, сондай-ақ кәсіби тілдің қолдану жағдайларын айыра білуге үйрету;

10) Теледидар, радио, интернет, компьютерлік жүйе арқылы берілген ақпараттарды, тіл иесінің табиғи айтылған сөзін, өз мамандығы бойынша сұхбаттарды түсініп, өз сөзімен айта білуін қалыптастыру;

11) Әр түрлі стильде жазылған мәтіндер, өз мамандықтарына сәйкес еңбектер мен ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білу және оны түсініп, айтып беру дағдысын қалыптастыру;

Типтік бағдарлама кәсіби қазақ тілін меңгеретін тілдік тұлғаға қойылатын талаптарын, білім мазмұны, сағат көлемі, сөйлеу іс-әрекеті түрлері бойынша әр деңгейдің дидактикалық міндеттеріне сай таңдалып, іріктелген тапсырмалар мен коммуникативтік жағдаяттарды қамтиды.

Студенттерге кәсіби қазақ тілін меңгеруде қойылатын қорытынды талаптар - студенттердің коммуникативтік, кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру.

Коммуникативтік құзіреттілік - білім алушылардың кәсіби қазақ тілінде еркін сөйлесіп, түрлі жағдаяттарда қарым-қатынас орнатып, қолдай алу мүмкіндігі.

Коммуникативтік құзіреттілік – тілдік (лингвистикалық), әлеуметтік-лингвистикалық, дискурстық, мәдени-лингвистикалық, кәсіби білік-дағдылардың жиынтығы.



Лингвистикалық құзіреттілік мазмұнына коммуникативтік, кәсіптік қарым-қатынаста тіл жүйесінің дыбыстау, лексикалық-фразеологиялық, грамматикалық ерекшеліктерін білуі, қолдана алуы жатады.

Дискурстық құзіреттілік - білім алушылардың белгілі бір әлеуметтік (тұрмыстық, бейресми) қарым-қатынасты белгілі бір коммуникантпен оның ниетіне сай орнатып, жалғастыра алуы.

Мәдени-лингвистикалық құзіреттілік – тіл үйренушілердің қарым-қатынасты қазақ халқының ұлттық-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, белгілі бір жағдаятта тиімді құруы.

Кәсіби құзіреттілік сабақ үдерісінде түрлі кәсіби-әлеуметтік білік-дағдылардың жиынтығын іске асыру арқылы қалыптастырылады, яғни оқу үдерісіндегі жағдаяттық тапсырма үлгілері ақиқат қарым-қатынас үлгісіне мейлінше ұқсас, жақын болуы шарт. Осы мақсатта берілген жағдаяттық тақырыптар мен тапсырмалар студенттің өзіндік ой-пікірін, пайымдауын білдіруін көздейді.

Оқу үдерісінде пайдаланылатын мамандыққа байланысты мәтіндер түрлі функционалды стильдердің әр алуан жанрынан (жарнама, хабарландыру, бағдарлама, анықтағыш материалдар т.б.) таңдалып алынғандықтан, прагматикалық міндеттерді шешуге жәрдемдеседі. Білім алушының сөздік қоры, сөйлеу тақырыптары мен жағдаяттық тапсырмалар оның болашақ мамандығымен тығыз байланыста іріктеледі.

Тілдік материалдар тақырыптық топтарға біріктірілген лексиканы, сөйлеу әдебінің стандартты сөз орамдарын, бағалауыш мәнді бірліктерді қамтуы тиіс. Аталған тілдік материалдың меңгертілуі жаттанды түрде емес, студенттің сөйлеу жағдаятына сәйкес шығармашылықпен қолдана алуын қамтамасыз етуі қажет. Сондықтан кәсіби қазақ тілін оқу үдерісінің нәтижесі коммуникативтік-танымдық, мәдени-әлеуметтік, тұлғалық-бағдарлы тәсілдер негізінде жаңа технологиялар арқылы білім алушы мен оқытушының өзара біріге жұмыс істеуіне байланысты болмақ. Бұл орайда студенттің тұлғалық, психологиялық, интеллектуалдық ерекшеліктерін ескеру, жетілдіру, әлеуметтік қарым-қатынасқа қабілеттілігін дамыту көзделеді.

Кәсіби қазақ тілін оқытудың алғашқы кезеңінде сөйлеу әрекетінің төрт түрін еркін игеріп, оларды сауатты қолдана алуға қол жеткізілуі тиіс, өйткені кәсіби білік-дағдыларды қалыптастыру бұларсыз мүмкін емес. Одан кейін кәсіби саладағы қарым-қатынасты орнатып, жалғастыра білуді игерту үшін түрлі нұсқадағы жағдаяттық тақырыптар, тапсырмалар қамтылады.

Сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша студенттерге қойылатын талаптар:

Сөйлесім (айтылым): кәсіби тілде монолог; диалог түрлерін (хабар алмасу, пікір алысу, сұрақ-жауап, пікірталасқа араласу) меңгеру.

Тыңдалым: студенттер өзара бір-бірін, үнтаспаға жазылған қажетті кәсіби саладағы мәтіндерді тыңдап, түсінуі қажет; тыңдалған мәтіннен тұлғалық, кәсіби бағалы ақпаратты бөліп ала білуі тиіс; тыңдалған мәтін бойынша кәсіби міндеттерді құрастыра білуге дағдылануы керек.

Оқылым: түрлі функционалды стильдердің әр алуан жанрындағы прагматикалық сипаттағы мәтіндерді оқу, яғни студент мәтіннің негізгі мазмұнын түсінуі тиіс; мәтінді мейлінше толық, дәл түсінуі қажет; автордың көзқарасын анықтай білуі керек; өзіне қажетті ақпаратты тез таба білуі тиіс.

Жазылым: қазақ тілінің емле және тыныс белгілерін сақтай отырып, жеке және ресми сипаттағы хаттарды, жеделхаттарды, құттықтауларды, аннотация-пікірлерді т.б. жаза білуі тиіс; өз ойын қажеттілігіне қарай қысқаша немесе толық баяндап, реферат жаза білуі керек; хаттама жаза білуі қажет; берілген тақырып, мәселе бойынша өз пікірін, әсерін, бағалауын, дәлелін толық, әсерлі, бейнелі жеткізе алуы тиіс.

Әлеуметтік қоғамдық пәндердің ішінде жалпы білім беру пәндерінің бірі болып саналатын кәсіби қазақ тілін оқытудың мақсаты: студенттердің кәсіби және қарам-қатынас компетенциясын қалыптастыру. Интегративтік негізде, лингвистикалық, дискурстық және әлеуметтік – мәдени компетенциясы қалыптасады.

Белгілі бағдарламаның көлемінде оқытылатын тілдің әдеби стилін, фонетикалық, грамматикалық, лексикалық құбылыстарын білу және оларды қарым-қатынас және кәсіби әрекеттерінде пайдалануы лингвистикалық компетенцияның мазмұнына кіреді.

Дискурстық компонентке студенттердің тіл нормалары мен сөйлеу түрлеріне (баяндау, сипаттау, монолог және диалог) сәйкес етіп, қарам-қатынас және кәсіби әрекеттеріне мәтіндер мен ой-пікірлерді құрастыруға тіл құралдарын білу және дағдылану керек.

Студенттердің мәдени аралық байланысының ұлттық мәдени тіл құбылысының ерекшелігі және өзін-өзі ұстау, тіл иеленушінің, сол елдерге тән құбылыс жағдайларын салыстырумен қамтамасыз етуі әлеуметтік – мәдени компонентке жатады.

Курс міндеттері қазақ тілінің стильдері мен сөйлеу әрекетінің барлық түрлері: сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу дискурсты қабылдау мен тудыруға (диалогтық қарым-қатынас) және медиацияға (арнайы мәтіндерді аудару) байланысты талаптарымен анықталады.

Пән бойынша шет тіліндегі тәжірибелік курс бағдарламасы төмендегідей тапсырмаларды қамтиды, яғни болашақ студенттердің білім алуы мен іскерлік талабын қамтамасыз етеді:

- оқу ролінің негізінде сөйлеу әрекеттерінің барлық түрлерін қазақ тілінде іске асыру;

- келешектегі кәсіптік қызметті жетілдіру үшін жоғарғы оқу орнында алған білімін және іскерлігін өз бетінше арттыру;

- тұрмыстық, кәсіптік, іскерлік байланыс мақсатында пәндерге берілген сағат бойынша лексико-грамматикалық, фонетикалық минимум (ең аз шама мөлшерінде) негізінде меңгеру, және тұрмыстық, кәсіби және іскер қарым-қатынаста пайдалану.

Студент курс соңында қазақ тілінің сөйлеу стилі бойынша өзін таныстыруды, тұрғылықты орнын, айналасындағы адамдарды суреттеуде қолданатын белгілі фразалар мен ілеспе сөздерді күнделікті қарым-қатынас ситуацияларында кәсіби деңгейде пайдалана білуі керек және оқулықпен, анықтама материалымен, құжаттармен мерзімді баспа әдебиеттерімен жұмыс істеуге дағдылану керек.

Оқу:

1. Оқу тәсілдерін меңгеру;

2. Оқулық мәтіндерді, жарнамаларды, маңдайша жазуларды, нұсқауларды оқудың дыбыс графемалық және дауыс ырғағы нормаларын ескеріп, дауыстап және ішінен оқу. Мәтіннің түп-нұсқасын түсінуге тырысу;

3. Таныса және зерттеп оқуларының элементтерін меңгеру;

4. Анықтама әдебиетпен өз бетімен жұмыс істеу.

Жазу:

1. Орфографияны меңгеру;

2. Ресми ісқағаздарды толтыра білу керек.

Тыңдау:

1. Оқытушы мен студенттің арасында қарым-қатынастың қарапайым деңгейін қамтамасыз ету үшін оқытушының нұсқауларын дұрыс түсіну;

2. Оқылған тақырып көлемінде қазақ тілде айталған сөйлемдерді түсіну.

Сөйлеу:

1. Диалог-сұраудың, ақпаратты алуға арналған диалогтың әр түрлі функцияларын меңгеру;

2. Ілікпе фразарды пайдаланып, әңгімені жалғастыруды білу, ақпарат алудың, өзін-өзі таныстыруды, дәлелдеуді, бастартуды, алғыс айтуды, кешірім сұраудың, ақпаратты анықтауды, қарсы қойған сұрауды, байланыс аяқталғанын білдіретін іскерліктерді меңгеру;

3. Монологтық сөйлеуді меңгеру (сипаттау, хабарлау);

4. Басты және жанама ақпаратты белгілеуді немесе мәтінді қысқартуды (компрестеу) білу керек.

Курстық сабақтар сіздің алдыңызға қойған мақсаттарға жету көмегі ретінде жоспарланған:

- қысқаша жазба жұмысы, яғни үй тапсырманы орындау, құжаттарды толтыруда, талдау дағдысын, критикалық оқу және жазу дағдыларын жетілдіруге көмектеседі.

Дәрісханадағы ситуацияларды дамытудағы қойылған және алынған жауаптар, талдау дағдысына, оқу критикалық дағдысына, ауызекі тілдің дағдысына және құжаттарды толтыруға көмектеседі.

- талдау кейсі қазақ тілінде сөйлеу, ойлау әрекетін шынықтыруға, лексико-грамматикалық сөйлеу, талдау, сөйлеу үрдісінде өзінің пікірін серіктесімен өз ара талдауға, шынықтыруға;

- жеке және топтық жобаға қатысу зерттеу жұмысын және презентацияны жүргізу, сол сияқты талдау, дербес ой дағдыларын дамытуға.



Сөйлеу әрекетінің 4 түрі бойынша кәсіби қазақ тілін практикалық тұрғыдан меңгеруге қойылатын талаптар:

Түсіну


Тыңдалым

Жақсы таныс тақырыптар аясында күрделі дәлелдері бар көлемді баяндамалар мен дәрістерді, кейіпкерлері әдеби ауызекі тілде сөйлейтін көптеген фильмдердің мазмұнын түсіну.

Оқылым

Қазіргі заманғы өзекті мәселелер туралы жазылған публицистикалық стильде берілген эссе, мақалалар, хабарламалар авторларының ерекше ұстанымын немесе көзқарасын түсіну.

Айтылым


Диалог

Алдын ала дайындалмаған диалогқа қатысып, өз ойын еркін білдіру, таныс мәселе бойынша пікірталасқа белсенді қатысу, өз көзқарасын негіздеп қорғай білу.

Монолог

Өзін қызықтыратын саладағы түрлі мәселелер бойынша ойын нақты да толық айта білу, өзекті проблема бойынша оң немесе қарсы пікірін жеткізе білу. Оқыған әдеби шығармаларды мазмұндай білу.

Жазылым

Жазылым

Тіл үйренушіні қызықтыратын кең ауқымды мәселелер бойынша өзінің «қарсы» немесе «қарсы емес» екенін дәлелдей отыра толыққанды хабарламалар, эссе немесе баяндамалар жаза білу. Өте маңызды оқиғалар мен әсер қалдырған жағдайларды жазған хатында баяндай білу.Тыңдалған дәрістер бойынша конспект жаза білу. Оқыған әдеби шығармалары бойынша пікір жаза білу. Берілген шығармаға жоспар құрастыру.

Емтиханның мазмұны:

Емтихан кезеңдері

Емтихан уақытының ұзақтығы

Балл түрінде бағалау

Тыңдалым:

Тыңдалған 3-4 мәтін бойынша жауап қайтару. Аудиомәтіндердің жалпы ұзақтығы– 6 минут. Тыңдау – 2 рет.



30 минут

25

Оқылым:

Күнделікті өмірден алынған жағдайларға қатысты 4-5 мәтінді оқу және мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру. Мәтіннің жалпы көлемі: 1200 сөз.



35 минут

25


Жазылым:

Жалпы тақырыптарға, оқиғаларға қатысты өз ойын эссе, мақала түрінде жазу.

Көлемі: 90-100 сөз.


45 минут

25

1

2

3

Сөйлесім:

1-бөлім – әңгіме желісін сақтау;

2-бөлім – белгілі бір құжат бойынша монолог түрінде ойын жеткізу;

3-бөлім – оқиға бойынша диалог құру.



15 минут

25

БАРЛЫҒЫ:

2 сағ. 5мин

100


РЕФЕРАТТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауынан.

2. Туған жер - алтын бесік.

3. Әлеуметтік жұмыс және қоғам.

4. Адам және мәдени орта.

5. Жастар және әлеуметтік жұмыс.

6. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты.

7. Тәртіп пен еңбек денсаулықтың кепілі.

8. Ғылым – жастар азығы.

9. Мінез және келбет.

10. Мағжан Жұмабаев ұлы педагог.

11. Тәрбие және әлеуметтік жұмыс.

12. Абай Құнанбаевтың қарасөздерінен.

13. Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

14. Ата-ана қадірін білмеген – халық қадірін білмес.

15. Шындық шырағы дауыл соқса да өшпейді.

16. Өмір және психология.

17. Міндетті әлеуметтік сақтандыру.

18. Халықты әлеуметтік қорғау.

19. Халықтық педагогика.

20. Ұлылардан ұлағат.



СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАР ТІЗІМІ
1. Тілдік стильдердің қолданылуы аясы мен ерекшеліктері.

2. Нақыл сөздер.

3. Халық педагогикасы

4. Публицистикалық стиль.

5. Ресми ісқағаздар стилі.

6. Көркем әдебиет стилі.

7. Ісқағаздарының түрлері.

8. Мамандық тілі. Кәсіби терминология.

9. Мен таңдаған мамандық.

10. Ел болам десең, бесігіңді түзе.

11. Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе.

12. Жақсылардың жаны – мәңгі нұр сәуле.

13. Қайырымдылық қоры.

14. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау.

15. Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақылар.

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
1. Стиль түрлеріне газеттен, журналдан, кітаптан мысалдар жазу.

2.Ауызекі сөйлеу стилі мен ғылыми стильді салыстырып, айырмашылықтарын жазу.

3. Публицистикалық стиль мен көркем әдебиет стилін салыстырып, ұқсастықтарын жазу, мысалдар келтіру.

4..Газет-журнал материалдарынан.

5. Әлеуметтік педагог келбеті.

6. Мейірімділік. Қайырымдылық. Меценат.

7. Өтініш, жеке іс парағы түрлері туралы газеттен, журналдан, кітаптан мысалдар жазу.

8..ҚР Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасы.

9. Мамандық әлемінде.

10..Кәсіби саланың атақты тұлғалары.



ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы (27 қаңтар, 2012 жыл)

2.ҚР Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасы.(11 шілде 2012 жыл)

3.Абдрахманова Г.Х. «Қазақ тілі» әлеуметтік факультеттің мамандықтарына арналған электронды оқулық (27.01.2009. куәлік №523).

4. Абдрахманова Г.Х. «Қазақ тілі» оқу құралы. - Қарағанды. ҚарМУ баспасы, 2007. – 105 б.

5.Әлметова Ә.С. Қазақ тілі сабағында студенттердің сұхбаттастық тілдесім мәдениетін қалыптастырудың ғылыми әдістемелік негіздері. Алматы, 2007.

6.Н.Ергалиева. Іс-қағаздарының орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 1993.

7..Қадашева Қ. Қазақша жаңғыртып оқытулың әдістемелік негіздері, өзге тілді дәрісханалардағы қазақ тілі. Алматы, 2001.

8.Қадашева Қ. Күзекова З. Іскери қазақ тілі.Астана, 2000.

9..Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 2005.

10..Құрман Н.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар жүйесіндегі қазақ тілінен сабақ үлгілері. Астана, 2008.

11..Құрман Ж.Н. Қазақ тілін оқытудың әдістемелік негіздері. Алматы, 2009.

12. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі. www. enbek.gov. kz.

13. «Жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңы.

14. «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңы.



Авторлары: ф.ғ.к.доцент Айтбаева Б.М., аға оқытушы Г.Х. Абдрахманова.



Каталог: file -> univer -> umo -> tupr
univer -> Пән атауы/юнит Азаматтық қоғам дамуының басты бағыттары Пәннің коды
tupr -> БАҒдарламасы кәсіби қазақ тілі 5В074800- фармацевтикалық өндіріс технологиясы
univer -> Жеке пәндердің (курстардың, юниттардың) сипаттамасы «5В050600 –Экономика» мамандығы
univer -> Жеке пәндердің (курстардың, юниттердің) сипаттамасы Мамандығы «5В050600 Экономика»
univer -> Жеке пәндердің (курстардың, юниттардың) сипаттамасы
univer -> Жеке пәндердің мазмұны курстар, юнит
univer -> Жеке пәндердің мазмұны курстар
univer -> Пән атауы/юнит Мемлекет және құқық теориясы Пәннің коды
univer -> Жеке пәндердің сипаттамасы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет