Бағдарламасы (Кітапханалық сабақ беру технологиясы бойынша) Бағыты: қоғамдық-гуманитарлық бағыт



бет6/7
Дата11.11.2016
өлшемі0,62 Mb.
#1509
1   2   3   4   5   6   7
Кітапханашы: О. Бөкеев- есімі дүние жүзіне танымал жазушы. Оның шығармалары дүние жүзінің көптеген тілдеріне орыс, ағылшын, неміс, француз, жапон, араб, қытай және басқа да ұлы халықтар тілдерінде аударылған.

О.Бөкеевтің шығармаларынан «Кісікиік» (1985 ж. режиссері М.Самағұлов), «Сайтан көпір» (1986 ж. режиссері Д.Манабаев) көркем фильмдері және «Кербұғы» (1986, балетмейстер Б. Аюханов) балеті қойылды.

1994 жылы О. Бөкеевтің  повестері  « Таңдамалы» 1том  болып шықты, ал  1996 жылы повестері мен романдары «Таңдамалы» 2 том «Жазушы» баспасында  жарық көрді.

О.Бөкеев 1993 жылы 17 мамырда Үндістан жерінде, Делиде қайтыс болды.



Кітапханашы  Бөкеевтың қара сөздің інжу-жақұтымен өрілген жырларынан әмәнда ерлік  рухы атқақтап, шарасына сыймай асып-төгіліп жатқан асқақтық лебі өн-бойыңызды тоқ соққандай  қалшылдатады-ай. Оралхан шығармашылыққа өмірдің өзінен дайын келді деген сөз. Оның әдебиет институты да, аспирантурасы да, академиясы да айналайын ауылы, соның  ақеділ адамдары, Өр Алтайы, оның  табиғаты болатын. Соған тамсануын тауыса алмай, таңырқауын түгесе алмай көз жұмды. Қат-қат сағыныштарын өзімен бірге ала кетті.

Оралханның үлкен, көлемді шығармаларын былай қойғанда, кез келген ұсақ әңгімесінен туған жеріне, тіпті оның әр бұта-қарағанына деген, жалпы адамзат  баласына деген алапат сағынышы аңқылдап тұрады. Сағынышсыз адам – құр тұлып. Ал, Оралхандыкі тым ерекше.

Туған жерінің төсінде ойнақтап жүріп-ақ, әр тал ағашын, әр тал жусанын мың сан еңірей құшады. Сол от жалынға оранған алапат сағынышына тым ерте өртеніп  кетті ме, кім білсін?

Кітапханашы : Оның қазақ әдебиетінде салып кеткен өзіндік жолы бар. Жазушы Алтайды, еңбектің сан түрлі  саласында ерліктің үлгісін көрсетіп жүрген  адамдарын тек өзіне ғана сыйымды, ғажап пейілмен сүйе білді. Олардың  сан салалы,  қилы-қилы тағдырларын өзінің үлкенді-кішілі шығармаларына өзек етті. Жазушының қандай да бір шығармасын қолымызға алып, парақтай бастасақ оның әр бетінен ауыл иісі, ауыл тұрмысы аңқып тұрады.

Асқар Алтайдың кербез табиғатын, тамылжыған сұлулығын О.Бөкейдей сүйіп, жырлаған жазушы әзірге жоқ. Ол табиғаттың асқақ жыршысына айналған  табиғи тума  талант. Оралхан кейіпкерлерінің тағы бір ерекшелігі-олар арманшыл, қияшыл болумен бірге ойшыл, мұңшыл, жан-дүниелерінде сағынышқа толы аңсау,  ынтығу, күрсініс пен өкініш, шексіз ынтызарлық, жұмбақты сыр жатады. Олармен бірге белгісіз бір сағынышқа толы мұңға беріліп кеткеніңді өзің де байқамай қаласың.



Кітапханашы : О.Бокеев халқына адал қызмет етті. Мақсатына өзін-өзі тәрбиелеу, өз бетінше білім алу ізденімпаздығымен жетті, шындық пен образдар қосуын, тұнап жатқан қабілеті мен талантын бағалап әдебиет сүюші қауым, зерттеушілер, қаламдас достары Оралханға Кербұғы, Мұзбалағы, Өр Алтайдың күмбезі деген  атаулар беріп, биікке көтерді.

Кітапханашы: Менің әкем Бокең дүниедегі ең асыл, ең алып жігіттің  марқасқасы болатын, фермада істеген. Анау көрінген  Таңатар тасы... Әкем| Мынау  қара  тастың құпиясын ұлыма айтудың керегі бола, қояр ма екен, біз балалақты тым ерте жоғалттық.

Таңатар ғана емес бүкіл азаматтардың қай-қайсысы да арғы беттен кең сарайдай боз үй табардай, бір-ақ түнде көшіп кеткен. Осы үкіметтің алғашқы ыстығы мен суығына шыдай алмады ма, әлде ертеңіне күдікпен қарады ма, әйтеуір жиырмасыншы жылдарда мынау Алтай ары-бері сабылған елдің өткелі, ұры мен қарының  қанды қақпасы еді ғой.

Таңатарды кім өлтіргенін әкем сезетін, бірақ  өне бойы аузынан шығармайтын еді, тек жарық  дүниемен қоштасар сәтінде ғана маған «Ұлым, Сарқындыдан сақтан»-деп еді. Ана бір жылы, біздің бие егіз қара қасқа құлынын туғанда, қызғаныштан шыдай алмай, әрі шаранасы кеппеген жас құлынның біреуін Мынау менің   бабамның жылқысынан қалған тұяқ, сондықтан менің де малым.

Бие егіз құлындаса, жақсы ырым емес, аяқтанбай тұрғанда,

Бірін өлтіру керек» - деп, сары мойын кездігімен қара қасқа құлынның бірін алқымынан орып жіберді.

Бірақ келесі күні сол мезгілде екіншісі өлді, жарықтық, содан кейін боз бие қайтып құлындамай, бедеу қалды-ау.

Әкем айтатын, соғыстан кейінгі жылдар қандай ауыр еді.

Кітапханашы :  Жаралы ел бірден құлан-таза жазылып кете алды ма. Аққан қан мен төгілген тердің орны әлі де толып болған жоқ, қара жаулығын әлі тастамай  отырған ақ шашты әйелдер қаншама, бес жыл от пен оқтың ортасында жүріп, мамыр заман, бейбіт өмір, қарапайым еңбектің қадіріне қанымызды айырбастап  келгенде, әттең туған жер, өскен ел де көзімізден бұлбұл ұщып келгенде, артымызда ағалап қалған қара домалақ ұлдарды көрер күн туар ма деп сағыныштың  садағасы болып келгенде, көзге шыққан сүйелдей боп, ққыңыратқып тұрған жетесіз ұлды көргендей, әкелер, қайсысың шыдап тұрар едің. Соғыстан біздер  оралғанда осы ауылда дені сау бес-ақ еркек, елу қыз-кліншек бар еді. Соғыс кезінде елге бас көз боп қалғандар мен соғыстан шыбын жаны, қу сүйегін сүйретіп  орадған еркектің бәрін қыз-келіншектерге қырындағаны ұшін жаппай жазғырып жүр.

Бүгін мен Қаршығадан хат алдым, әкемнің боз биесінен қара қасқа құлын туыпты, бірақ,  жануар өз тумасынан өзі жеріп, тартып өлтіріпті.





Оқушы :                                

Оралхан Бөкейге арналған өлең

Ел- ана сені ешқашан ұмытпйды

Жамылып қара бұлтын қасіреттің,

Үзілді ортамыздан қасиетті үн.

Ғұмырын соншалықты қысқа ғылып,

Адалдық, адамдығын басым еттің.

Қиятын жан емес ең кісі өлімге,

Сені ойлап аза-қайғым күшеюде.

Тағдыр-ай, арманына жеткізбедің,

Қырық тоғыз, алып кеттің мүшелінде.

Тербеген құштар жүрек, сонар-таңы,

Үзілді ширатылған ән арқауы.

Ұшырған Ақиығын шындарынан,

Алтайдың сөнді бүгін жанартауы.

Жан едің, жұрт жаудырған шын алғысын

Жан едің, шында өскен шынар-мүсін.

Шырылдап қалды артыңда қос балапан,

Қапыда кеткен қайран, қыран құсым                 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет