Бағдарламасы Кожантаева Жанат Абибуллаева Мухтарова Гульмира Танжарбаевна



бет2/32
Дата20.09.2023
өлшемі2,05 Mb.
#181810
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
Математика және логика (1)

Алғы сөз

Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Математика» пәнінің негізгі мақсаты – білім алушылардың логикалық ойлауын дамыту арқылы математикалық білім негіздерін қалыптастыру. Бастауыш білім- жалпы орта білім алудың негізгі базасы.Тек өздігінен оқи алғанда ғана оқушы білімді мақсатты және нәтижелі түрде игеретіні анық. Ол үшін оқушы оқу еңбегінің дағдысы мен икемділігін қалыптастыру керек. Кейбір оқушылар күрделі мәселелер шешімін оңай тауып,ал кейбіреулері күнделікті жәй тапсырмалардың шешуін таппай тығырыққа тіреліп жатады. Бірыңғай дұрыс шешім қабылдау үшін жағдайды дұрыс бағалауды қалай үйренуге болады? Өмірлік жетістіктерге жету үшін адам қандай қасиеттерге ие болуы қажет? Оқушылар ақпаратты қабылдап қана қоймай,оны меңгеру технологиясын игеруі қажет. Бұл үшін "Математика және логика" атты дамыту курсының тигізер көмегі зор.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) басшылыққа ала отырып,1-4 кластарда танымдық қабылеттерін логикалық ойлау тұрғысынана жан- жақты дамыта білім беру мақсатында «Математика және логика» тақырыбымен элективтік курс бағдарламасы дайындалды.
Бұл бағдарламада тапсырмалар мазмұны жағынан бір-біріне ұқсамайды. Әр сабақ сайын қиындайды, көлемі үлкейіп, күрделенеді, сөйтіп балалар жалықпай, тапсырманы орындау жылдамдығы артады. Тапсырма баға қоюға бағытталмаған, керісінше, оқыту мен дамытуды көздейді. Сол себепті логикалық тапсырмалар, жеке тұлғаның өзіндік ойлау қабілетін дамыту мен қалыптастыру болып табылады. Бұл - көңіл бөлу, елестету, есте сақтау мен ойлау. "Бүгін және әрқашан өзің үшін жаса!" -міне, математика және логика курсының негізгі тақырыбы."Матемитика және логика" курсы ойлау, талдау, жинақтау, салыстыру, жүйелеу, шектеу, жіктеу,мойындамау(терістеу), сұрыптау, ой тұжырымы, есте сақтау, зейінді дамыту секілді тапсырмалармен қамтылған.
Вариативтік оқытудың негізгі мақсаты - оқушылардың жалпы білім беру бағдарламасындағы жекелеген пәндерді тереңдетіп оқу мүмкіндігін туғызу.
Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде оқушы шығармашылығын дамытудың қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Оқытудың вариативтік негізінде құрастырылған таңдау курсы бастауыш сынып оқушыларына арналған.1-4 сыныптарда"Математика және логика " курс бағдарлама үлгісі 1-сынып аптасына 1-сағат, жылына 35 сағат ,2- 4 сыныпта аптасына 1 - сағат, жылына 36 сағат жүктеме берілген. Негізгі оқу материалдарын үлгіге ала отырып, оқушылардың алған білім, білік, дағдыларын және пәнге деген қызығушылығын арттырады.
2022-2023 оқу жылындағы ҚР - ның жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы нұсқау хатты негізге ала отырып пәнді оқытуда оқушылардың білімдерін одан әрі жетілдіре түсу мақсатында таңдау пәндері қосымша пайдаланылады.
«Математика және логика» сабақтары жүйесіндегі ұсынылған есептер мен жаттығулар үш түрлі мақсатты көздейді, олар: танымдық, дамытушылық. тәрбиелік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет