11.Жарық сөнгенде Қыста қатты суықта саяжайдағы үйіне түн ортасында жеткен үй иесі келсе жарық сөніп қалыпты. Үйде керосин шам, асханада тамақ дайындайтын газ баллонды пеш және өзі алдын-ала көмір ағаш дайындап кеткен үй жылытатын пеш бар. Қорапта 1 ғана сіріңке талы қалыпты. Үй иесі жоғарыда аталған заттардың қайсысын бірінші жағуы тиіс?
Жауабы: Үй иесі ең бірінші шырпыны жағады.
12. Көлікте Үлкен қаланың әр қиылысындағы бағдаршамдар мен "көлік тығынынан" шаршаған жүргізуші жұмысына 80 минутта келді. Қайтар жолда 1 сағ 20 минут жүріп үйінде болды? Неге?
Жауабы: Барлық жолдар мен қайтар жол бірдей екеуі де 80 минут немесе 1 сағ 20 минуттан .
13.Талдағы жұмыртқа Алма ағашында жұмыртқа болуы мүмкін бе?
Жауабы: Иә.Егер ол ағашқа құс ұя салса,ұяда құстың жұмыртқасы болуы мүмкін.
14. Қай дөңгелек. Ақауы жоқ көлік қалай бұрылса дөңгелектері де солай бұрылуы керек.Бірақ бір дөңгелегі қандай жағдайда да бұрылмайды. Қай дөңгелек?
Жауабы: Қосымша дөңгелек.
15. Шөлдегенде Қатты шөлдеген адам ыдыстағы сұйықтан ыдыстың да, ішіндегі сұйықтың да түріне қарамай ішіп қоюы мүмкін. Дегенмен қандай ыдыстан су ішуге болмайды?
Жауабы: Бос ыдыстан
Пайымдап, есептің дұрыс шешімін тап. Мақсаты: құрама есептердің шешу жолдарымен таныстыру, есептеу дағдыларын жетілдіру.
51т астықты тасу керек еді. Астықты 2 прицепті машинамен тасыды. Егер машинаға 4т 800кг-нан, ал принцепке 2т700кг-нан астық тиелсе, астықты тасып бітіру үшін қанша рет қатынайды. 3 балл
Ұзындығы 50м алаңды қоршау үшін қанша бөрене тұрғызылу керек, егер әр бөрененің арасы 2 метрден болса? 2 балл
Тауықтан 3 күнде 12 жұмыртқа алынады. 12 тауықтан 12 күнде қанша жұмыртқа алынды. (егер сол күндердегі жұмыртқа саны сақталса)3 балл
Үш он алты қабатты үй салынды. Әр қабатта 20 пәтерден бар. Барлық 1 бөлмелі пәтер – 270, 2 бөлмелі пәтер-540, қалғандары 3 бөлмелі пәтерлер. Осы үйлерде барлығы неше 3 бөлмелі пәтер бар? 2балл
Кинотеатрда 2 көрермендер залы бар. 1-ші залда 19 қатар, 2-ші залда 24 қатардан , 2-ші залда 130 орындық артық. Егер әр қатардағы орындықтар саны бірдей болса, әр залда неше орындықтан болады? 3балл__Үш_жәшікте_90кг_шие_бар._Бірінші,_екінші_жәшіктегі_шиені_қосқанда_60кг,_екінші,_үшінші_жәшіктегіні_қосқанда_52_кг_болды._Әр_жәшікте_неше_кг_шие_бар_3балл'>3балл
Үш жәшікте 90кг шие бар. Бірінші, екінші жәшіктегі шиені қосқанда 60кг, екінші, үшінші жәшіктегіні қосқанда 52 кг болды. Әр жәшікте неше кг шие бар? 3балл
100кг қызылшаны өңдегенде 16кг көмір алынады. 1т қызылшадан қанша кг шекер алынады? 2балл
Ерлан мен Нұрлан бір –біріне қарама – қарсы шықты. Ерлан минутына 32м жүрді. Ерлан мен бірге иті ақтөсте жүгірді. Иті минутына 3 есе артық жүгірді. Ақтөс екеуінің ортасында кездескенше жүгіріп отырады. Балалар 5 минуттан кейін кездесті. Осы уақыт ішінде ақтөс қанша м жүгірген? 4балл
20кг және 30кг картоп тұқымын 5 жәшікке тең бөліп салды. Әр жәшікте неше картоп тұқымы салынды? 2балл
Кітаптың 62 беті бар еді. Жұлдыз 1-ші күні 25 бетін, 2-ші күні 28 бетін, ал қалғанын 3-ші күні оқып бітірді. Жұлдыз 3-ші күні кітаптың неше бетін оқыды?3балл
2 қайықта 12 адам отырды. 1-ші қайыққа қарағанда, 2 есе аз. Әр қайықта қанша адам бар? 2балл
Жол бойына 4 бөрене қойды. Әрбір екі бөрененің арақашықтығы 5 м ден. Бірінші бөрене мен соңғы бөрененің арақашықтығы қанша метр? 3балл
Сурет үйірмесіндегі қыздардың саны, ұлдардың санынан 2 есе аз. Үйірмеде 5 қыз қосылған уақытта олар теңесті. Үйірмеде барлығы қанша қыз болды?