Бағдарламасы Кожантаева Жанат Абибуллаева Мухтарова Гульмира Танжарбаевна



бет3/32
Дата20.09.2023
өлшемі2,05 Mb.
#181810
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
Математика және логика (1)

Танымдық мақсаты.
Есте сақтаудың түрлері, қиял мен зейінді қалыптастыру, дамыту.Жаңа шешімдерді іздеу, қажетті нәтижеге жету, ерекше тәсілдерін табу.
Дамытушылық мақсаты.
Ойлау мен тіл бір--бірімен тығыз байланысты. Ойлау қызметі негізінде ойды дамыту, тексеру, салыстыру жіктеу болса, керектісін дәлелдеу, пікірін айту, өзгемен хабарласу, жауап беру тіл арқылы жүзеге асады. Осыған сәйкес сөйлеуді дамыту.Сөздермен, сөз тіркестерімен және сөйлеммен жұмыс істеу барысында тіл дамыту. Қиялдау, елестету және шығармашылық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты.
Тұлғааралық қатынастың тәрбиелік жүйелері. Қоршаған ортаға дұрыс көзқараспен қарым- қатынас жасауға тәрбиелеу.Алған білім-білік дағдыларын өмірде қолдана білуге үйрету, ізденімпаздыққа, өз-өзіне сенімді болуға тәрбиелеу.
Курстың міндетті:
-Курстың басты міндетті- оқушыларға білім жүйесінің негіздерін меңгерту,тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру,оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін молайту.
-Зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру.
-Өзіндік жұмыс жағдаяттарын тиімді шешу.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика, қазақ тілі, дүниетану, логика негіздері, ұлттық дүниетаным.
Ұйымдастыру формалары: топтық жұмыс, зерттеу, бақылау жұмысы, жеке жұмыс, қосымша әдебиетпен жұмыс.
Оқушылар білуі тиіс:
- өз ойларын ауызша және жазбаша еркін жеткізе білуге дағдылану
- теориялық білімдерін практика жүзінде ұштастыра білу
- өз қиялын ұштай отырып, сұрақ қоя білу
- күнделікті өмірінде болып жатқан түрлі іс әрекеттің ерекшелігін бақылау әдісін қолдану арқылы анықтау
Оқушылар істей алуы тиіс:
- өзгеше және шапшаң ойлау
- әрекетті немесе нәтижені сынау
- өз көзқарасын және өз ойын ашық айту
- тірек сөздермен, мұғаліммен және дербес жұмыс жасау
Күтілетін нәтиже:
Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, өз бетімен жұмыстануға, дәлелдеуге, салыстыра отырып пікір айтуға, есте сақтауға, өз-өзіне сеніммен қарауға, жаңа шешімдерді іздей білетін тұлға қалыптастыру.
Сауатты оқуға, түсінуге, ажыратуға, салыстыруға алған білімін күнделікті өмірде қолдануға дағдыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет