Бағдарламасы Кожантаева Жанат Абибуллаева Мухтарова Гульмира Танжарбаевна


Курс бойынша мазмұны мен құрылымы



бет4/32
Дата20.09.2023
өлшемі2,05 Mb.
#181810
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
Математика және логика (1)

Курс бойынша мазмұны мен құрылымы
«Қиял мен зейінге шолу»
Қазіргі білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасына сай спиральды оқыту әдісі бойынша 4 тарау бойынша барлық кластарға бірдей тақырыптармен енгізілді. Әр класқа байланысты тапсырмалар күрделеніп дайындалады.
«Қызықты арифметика» бөлімінде балалардың сабақ үстінде танысқан көптеген ойындары арқылы есептей отырып, кейіннен күнделікті өмірге сіңіп кетеді. Мысалы: математикадан есептер, логикалық тапсырмалар мен логикалық есептер, қызықты есептер, айырмашылығын табу, есте сақтау тренингтері балалармен өткізілетін кез – келген тапсырманы сабақтың үстінде бой жазу ретінде қолдануға болады.
«Ойлауға берілген есептер» бөлімінде бастауыш сынып балалары ,яғни тұлғаның танымы мен интеллектуалды дамуына қажетті тапсырмалармен қамтамасыз етуге бағытталған бағдарлама , математиканың негізін сапалы игеруді қамтамасыз етеді.
«Геометриялық ұғымдар» бөлімінде көрнекі-бейнелі, логикалық жəне абстрактты ойлауды қалыптастыру, негізгі орта білім деңгейіндегі алгебра мен геометрияны игеруге практикалық негіз жасауды көздейді.
«Сөйлеуді қалыптастыруға арналған тапсырмалар» бөлімінде математикалық жұмбақтар мен мақал-мәтелдер алуға және еңбекке бейімдеуге, сондай-ақ ата-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық және ұлттық болмысты жалпы адамзаттың мөдени мұраларымен үндестіру арқылы, баланы түлға ретінде қалыптастыру және оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту.Мектептің негізгі сатысында оқуға, меңгерген математикалық білімін өмірде қолдануға жан-жақты дайыңдауды жүзеге асыру.
Бастауыш класс оқушыларына арналған «Математика және логика » бағдарламасы құрылысы мен мазмұны математика курсының негізгі болып табылады. Мұнда тек қажетті дайындық деңгейі жетістіктерін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар логикалық - математикалық дайындықты күшейтетін терең, әрі жан - жақты математикалық білімді игеруді, математикалық нысандармен жұмыстағы нақты тәжірибені дифференциалдық тәсіл мүмкіндіктерін, оқу қызметінің маңызды элементтерін дамытуға жол ашады. Жаттығулар жинағында сабақтарды белгісіне қарай бөлуге және оларды орындауға, салыстыруға, жүйелеуге, логикалық сөздерді түсінуге және оларды дұрыс қолдануға, талдауға, ұғымды анықтауға, арналған тапсырмалар берілген.
Оқушыларды талқылай білуге, алған білімдерін қолдана білуге, негізделген ауызша есептеудің қызықты тәсілдеріне арналған тапсырмалар енгізілген.
Шығармашылық жаттығулар, геометриялық маңызды жаттығулар, логикалық тапсырмаларды шығару тәсілдерін үйретуді көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет