2 Емтиханды өткізу нысаны мен ұйымдастыру
Түсу емтиханы белгіленген кестеге сәйкес ҚР БҒМ бекітілген мерзімде өткізіледі. Мамандық бойынша түсу емтиханы кешендік емтихан (КЕ) болып табылады және біріктірілген түрде (компьютерлік тестілеу + жазбаша (эссе) немесе компьютерлік тестілеу + питч) көптілділік білім концепциясын іске асыру шеңберінде үш тілдің (қазақша,орысша, ағылшын) бірінде өткізіледі.
Емтиханды өткізудің барлық үрдістері бейнекамерада тіркеледі.
Емтиханды өткізуге бағытталған уақыт:
- компьютерлік тестілеу - 45 минут (30 сұрақ 1 сұраққа 1,5 минуттан);
- жазбаша емтихан – эссе (30 мин);
Компьютерлік тестілеуден докторантураға түсетін барлық үміткерлер өтеді, емтиханның екінші бөлігі модульдік білім беру бағдарламасында жоспарланған әр білім беру траекториясы бойынша өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |