Бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) Бастауыш білім беру



бет4/6
Дата01.06.2017
өлшемі0,99 Mb.
#17338
1   2   3   4   5   6

Бөлім

Бөлімше


  1. Қозғалыс әрекеттері

1.1. Негізгі қозғалыс дағдыларын дамыту: тірек-қозғалыс аппараты, денені және объектіні басқара біледі

1.2. Физикалық дамуға ықпал ететін түрлі дене жаттығуларында түйіндес қозғалыстарды жақсартады және орындайды

1.3. Кеңістікті, ағынды, салмақты, уақытты түсінгенін көрсету арқылы кезектілігін сақтап, жаттығуларды дұрыс әрі тиімді орындайды

1.4. Өзінің және басқалардың дене қозғалыстарын, кемшіліктерін және әлеуетін анықтайды

1.5. Өзінің және басқалардың қызметін жақсарту үшін негізгі қозғалыс әрекеттерді бағалау дамыту.

1.6. Қозғалыс қабілеттерін жақсарту үшін оқудың әр кезеңдерінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді

  1. Қозғалыс дағдылары арқылы шығармашылық қасиеттер және сыни ойлау




2.1. Өзгеріп отыратын жағдайларда әрекет ету үшін балама шешімдер арқылы қозғалыспен байланысты жоспарларды, стратегияларды және идеяларды бейімдейді

2.2. Команда жетекшісінің рөлін кезектесіп орындау арқылы мақсаттарға қол жеткізу үшін өз бетімен және бірлесе жұмыс істейді

2.3. Қолайлы оқу ортасын құру үшін бірлесіп жұмыс істеуге дағдыларын білу мен түсіну

2.4. Бірқатар дене жаттығуларында ережелер мен құрылымдық амалдарды пайдаланады, қолданады және жасайды

2.5. Өзінің және басқалардың шығармашылық міндеттеріне сыни қарайды, қажет болған жағдайда, құрылымдық ұсыныстар жасайды

2.6. Эмоциялар, көңіл-күйлер және тақырыптарды көрсету үшін бірқатар құрылымдық идеяларды дамытады

2.7. Физикалық жаттығулар кезінде жеке және топтық тапсырмаларды орындау барысында топпен жұмыс істеп, әділ жарыса біледі, патриоттық сезімін дамыту

2.8. Түрлі қимыл контекстерінен туындаған рөлдерді орындайды және олардың айырмашылықтарын түсінеді

3. Денсаулық және салауатты өмір салты

3.1. Денсаулық пен салауатты өмір салтының дене белсенділігіне маңыздылығын түсіну

3.2. Дене жаттығуларын орындау барысында денені ширату мен босатудың қажеттілігін түсінеді

3.3. Дене жаттығуларын орындау кезінде тыныс алу, жүрек соғысының жиілігі, дене қызуы сияқты ағзадағы физикалық өзгерістерді қалай бақылайтынын біледі

3.4. Денсаулық жағдайын нығайтуға бағытталған бірқатар физикалық жүктемелерге қатысу барысында сәйкес әрекет етіп, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды және оларды жеңе біледі

3.5. Мектептен тыс және мектеп ішіндегі физикалық қызметтерге қатысу үшін мүмкіндіктерін анықтайды және ұсынады

4.3. Оқу мақсаттарының жүйесі


  1. Қозғалыс әрекеттері

Бөлімше

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

1.1. Негізгі қозғалыс дағдыларын дамыту: тірек-қозғалыс аппараты, денені және объектіні басқара біледі

1.1.1.1 Қарапайым дене жаттығуларын орындауда негізгі қимыл-қозғалыс машықтарын біледі, жасай алады

2.1.1.1 Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде негізгі қозғалыс машықтарының сапасын жақсартады

3.1.1.1 Негізгі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыс машықтарын біледі, түсінеді және жақсартып жалғастырады.

4.1.1.1 Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде негізгі қозғалыс машықтарын түсінеді және көрсетеді,

1.2. Физикалық дамуға ықпал ететін түрлі дене жаттығуларында түйіндес қозғалыстарды жақсартады және орындайды

1.1.2.2 Негізгі дене қозғалыстарын және олардың қарапайым дене жаттығуларымен қалай байланысты болатынын біледі

2.1.2.2 Өз бетінше байланыстыруды үйреніп, негізгі қозғалыс машықтарын түсінеді және жақсартады

3.1.2.2 Дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керек екендігін біледі және түсінеді

4.1.2.2 Дене дамуына ықпал ететін түрлі жүйелі жаттығулар мен қозғалыстарды орындау сапасын арттыруды түсінеді және көрсетеді

1.3. Кеңістікті, ағынды, салмақты, уақытты түсінгенін көрсету арқылы кезектілігін сақтап, жаттығуларды дұрыс әрі тиімді орындайды

1.1.3.3 Дене жаттығуларының әр түрінде қозғалыстарды орындау мәнмәтінінде уақыт, кеңістік, салмақ пен бір қалыптылық түсініктері туралы біледі

2.1.3.3 Қарапайым дене жаттығуларын орындау кезінде уақытты, кеңістікті және бірқалыптылықты түсінетінін көрсетеді

3.1.3.3. Уақытты, кеңістікті және бірқалыптылықты түсінетінін көрсететін машықтарды және жүйелілікті дамытады және жетілдіреді

4.1.3.3 Қимылды орындаудың уақыт, кеңістік және бір қалыптылық туралы түсініктерін көрсететін бірқатар тиімді машықтарды және жүйеліліктерді түсінеді және қолдана біледі

1.4. Өзінің және басқалардың дене қозғалыстарын, кемшіліктерін және әлеуетін анықтайды

1.1.4.4. Қозғалыс машықтары бойынша өзінің күшті жақтарын және кемшіліктерін сипаттай біледі

2.1.4.4 Қимыл кемшіліктерін түзету қабілеттілігін дамыту үшін қозғалу машықтары бойынша өзінің күшті жақтарын және кемшіліктерін түсінеді және түсіндіреді

3.1.4.4 Өзінің күшті жақтары мен кемшіліктерін анықтайды және басқалардың жаттығуларды орындау сапасын талқылайды

4.1.4.4. Дене жаттығуларын шебер орындау үшін әлеуетті анықтап, қозғалыстың күшті және әлсіз жақтарын салыстырады

1.5. Өзінің және басқалардың қызметін жақсарту үшін негізгі қозғалыс әрекеттерді бағалау дамыту.

1.1.5.5 Түрлі кеңістіктерде бірқатар қарапайым іс-қимылдарды біледі және орындай алады

2.1.5.5 Кеңістікте және динамикада қарапайым өзгерістермен іс-қимылдарды ұғынады және жеткізе біледі

3.1.5.5 Орындау және бағалау кезінде бірқатар іс-қимылдарды, кеңістікті, динамиканы және байланыстарды көрсетеді және анықтай біледі

4.1.5.5 Қолданылатын бірқатар іс-қимылдарды, кеңістікті, динамиканы және байланыстарды көрсете және түсіндіре отырып, өзінің және басқаларының іс-қимылдарды орындауына ортақтасады

1.6. Қозғалыс қабілеттерін жақсарту үшін оқудың әр кезеңдерінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді

1.1.6.6. Қарапайым, өзгертілген дене жаттығуларын орындау кезінде туындауға мүмкін тәуекелдерді және қиындықтарды біледі

2.1.6.6. Тәуекелдердің туындау мүмкіндігін түсінеді, қарапайым және өзгертілген дене жаттығуларын жетілдіру кезінде машықтар мен шеберлікті нығайтады.

3.1.6.6 Қозғалыс қызметін оқытудың түрлі кезеңдерінде тәуекелдердің туындауын қысқартады және қиындықтарды еңсеру шеберлігі мен машықтарын жетілдіреді

4.1.6.6 Жаттығулардың әр түрін орындау кезінде тәуекелдерді қысқарту және туындайтын қиындықтарды еңсеру қабілеттілігін көрсетіп орындалатын жаттығулардың күрделілігінің деңгейін тани біледі




  1. Қозғалыс дағдылары арқылы шығармашылық қасиеттер және сыни ойлау

Бөлімше

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

2.1. Өзгеріп отыратын жағдайларда әрекет ету үшін балама шешімдер арқылы қозғалыспен байланысты жоспарларды, стратегияларды және идеяларды бейімдейді

1.2.1.1 Дене қызметін орындау және оған қатысу кезінде қозғалыс идеяларын, стратегияларын және жоспарларын білу және түсіну

2.2.1.1 Баламаларды түсінетінін көрсетіп, қозғалыс идеяларын, стратегияларын және жоспарларды талқылайды және көрсетеді


3.2.1.1 Бірқатар қозғалыс идеяларымен, стратегиялармен және жоспарлармен баламаларды талдау үшін проблемаларды жою әдістерін қолданады

4.2.1.1 Баламаларды анықтап және жасап қозғалыс идеяларын, стратегияларды және жоспарларды анықтайды және ұйымдастырады.

2.2. Команда жетекшісінің рөлін кезектесіп орындау арқылы мақсаттарға қол жеткізу үшін өз бетімен және бірлесе жұмыс істейді

1.2.2.2. Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін өз бетінше қалай жұмыс істеу керек екендігін біледі

2.2.2.2 Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін командада жұмыс істей бастайды және өзіндік жұмыс жөніндегі білімді нығайтады

3.2.2.2 Әрекет мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған жұмыс барысында өзіндік және командалық жұмыстың мағынасын түсінеді. Көшбасшылық рөлдерімен алмасып, жұмыс істей бастайды

4.2.2.2 Көшбасшылық рөлдерімен кезектесіп алмасып, әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін өз бетінше және топта жұмыс істей біледі

2.3. Қолайлы оқу ортасын құру үшін бірлесіп жұмыс істеуге дағдыларын білу мен түсіну

1.2.3.3 Түрлі дене жаттығулары орындауда қолайлы оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып, кеңістік, ресурстар мен идеяларды білу және бөлісу

2.2.3.3 Түрлі дене жаттығулары орындауда қолайлы оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып, идеяларды, ресурстар кеңістік, білімін бекіту

3.2.3.3 Түрлі дене жаттығулары орындауда қолайлы оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып, идеяларды, ресурстар кеңістік, білімін қолдану

4.2.3.3 Түрлі дене жаттығулары орындауда қолайлы оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып, идеяларды, ресурстар кеңістік айрмашылығын білу.

2.4. Бірқатар дене жаттығуларында ережелер мен құрылымдық амалдарды пайдаланады, қолданады және жасайды

1.2.4.4 Таңдалған дене жаттығуларын орындау кезінде қарапайым ережелерді және құрылымдық тәсілдерді атап өтеді және пайдаланады

2.2.4.4. Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде ережелерді және құрылымдық тәсілдерді талқылайды және көрсетеді

3.2.4.4. Бірқатар дене жаттығуларына қатысқан кезде ережелерді және құрылымдық тәсілдерді білетінін қолданады және пайдаланады

4.2.4.4 Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде ережелер мен құрылымдық тәсілдерді жасайды және қолданады

2.5. Өзінің және басқалардың шығармашылық міндеттеріне сыни қарайды, қажет болған жағдайда, құрылымдық ұсыныстар жасайды

1.2.5.5. Өзінің шығармашылық тапсырмаларының күшті жақтарын және жақсартуды қажет ететін жақтарын іздейді және бақылайды

2.2.5.5. Өзінің шығармашылық тапсырмалары мен басқаларының тапсырмалары бойынша талқылайды және қорытындылар шығарады, сонымен қатар конструктивті ұсыныс жасайды

3.2.5.5. Өзінің шығармашылық тапсырмаларын және басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау туралы алынған білімді пайдаланады және қолданады

4.2.5.5. Орындаушыларға конструктивтік ұсыныстар жасау үшін шығармашылық тапсырмаларға қатысты өзінің сыни тұрғыдан көзқарасы мен басқаларының көзқарастарын біріктіреді

2.6. Эмоциялар, көңіл-күйлер және тақырыптарды көрсету үшін бірқатар құрылымдық идеяларды дамытады

1.2.6.6 Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жеткізу үшін кейбір композициялық элементтермен танысады және пайдаланады

2.2.6.6. Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жеткізу қабілеттігін көрсетіп, өзінің композициялық идеяларын түсінеді және талқылайды

3.2.6.6. Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жасау үшін композициялық идеялармен эксперимент жасайды


4.2.6.6. Белгілі бір тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жеткізу үшін бірқатар композициялық идеяларды анықтайды және құрайды

2.7. Физикалық жаттығулар кезінде жеке және топтық тапсырмаларды орындау барысында топпен жұмыс істеп, әділ жарыса біледі, патриоттық сезімін дамыту

1.2.7.7 Дербес және топтық қызметті орындау кезінде өзара қалай әрекет етуді біледі. Патриоттықтың неге негізделгенін түсінеді

2.2.7.7. Патриоттық сезімнің не екенін біледі, бір бірімен әрекет ету, адал бәсекелестіктің мағынасын түсінеді

3.2.7.7. Патриотизмнің мағынасын түсіндіреді, топтық және дербес дене қимылдарында өзара іс қимыл мен адал ойын көрсетеді

4.2.7.7. Топтық және дербес дене қимылдарында патриоттық сезімін, өзара іс қимылдар мен адал бәсекелестікті көрсетеді

2.8. Түрлі қимыл контекстерінен туындаған рөлдерді орындайды және олардың айырмашылықтарын түсінеді

1.2.8.8 Түрлі қарапайым әрекеттерді орындау кезінде өзінің рөлін және басқаларының рөлін біледі, тани бастайды, айырмашылықтарды құрметтейді

2.2.8.8 Айырмашылықтарды түсіндіре отырып, қарапайым әрекеттерді орындау кезінде өзінің рөлін және басқаларының рөлін біледі және көрсетеді

3.2.8.8 Түрлі қарапайым әрекеттерді орындау кезінде басқаларының рөлін түсінеді және көрсетеді, олардың айырмашылықтарын ұғынады

4.2.8.8 Түрлі әрекеттерді орындау кезінде түрлі рөлдермен эксперимент жасайды және орындауға кіріседі, олардың айырмашылықтарын бағалайды.




3. Денсаулық және салауатты өмір салты

Бөлімше

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

3.1. Денсаулық пен салауатты өмір салтының дене белсенділігіне маңыздылығын түсіну

1.3.1.1 Денсаулық туралы жалпы түсінік алу, дене белседілігін ұғыну.

2.3.1.1 Дене жаттығулар жасау барысында сауықтыру артықшылығын талқылау және сипаттау.

3.3.1.1 Дене жаттығуларының, сауықтыру пайдасы денсаулықты нығайтуға ықпал ететін көрсете білу және түсіну

4.3.1.1 Дене жаттығулары үшін денсаулық және салауатты өмір салтын маңыздылығын талдау және түсіну

3.2. Дене жаттығуларын орындау барысында денені ширату мен босатудың қажеттілігін түсінеді

1.3.2.2 Жаттығуларды орындау кезінде денені ширатып шынықтырудың маңызын сипаттайды.

2.3.2.2 Дене қызметін орындаған кезде денені қыздыру және босаңсыту үдерісін анықтайды

3.3.2.2 Дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсыту маңызын түсіндіреді

4.3.2.2 Дене қызметімен айналысқан кезде, денені қыздыру және босаңсыту қажеттілігін көрсетеді және талқылайды

3.3. Дене жаттығуларын орындау кезінде тыныс алу, жүрек соғысының жиілігі, дене қызуы сияқты ағзадағы физикалық өзгерістерді қалай бақылайтынын біледі

1.3.3.3 Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы физикалық өзгерістерді анықтайды

2.3.3.3 Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы физикалық өзгерістерді қалай бақылайтынын біледі

3.3.3.3 Дене жаттығуларын орындау кезінде физикалық өзгерістерді анықтау үшін бірқатар бақылау стратегияларын көрсетеді және түсіндіреді

4.3.3.3 Дене қимылдарын орындау кезінде немесе орындағаннан кейін белгілі бір физикалық өзгерістерді көру үшін бірқатар бақылау стратегияларын қолданады

3.4. Денсаулық жағдайын нығайтуға бағытталған бірқатар физикалық жүктемелерге қатысу барысында сәйкес әрекет етіп, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды және оларды жеңе біледі

1.3.4.4. Бірқатар дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды

2.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін аз ғана дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді, оларға жауап қайтарудың кейбір негізгі жолдарын анықтайды

3.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін түсінеді және көрсетеді

4.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеру үшін тиісті реакцияларды таңдайды және қолданады

3.5. Мектептен тыс және мектеп ішіндегі физикалық қызметтерге қатысу үшін мүмкіндіктерін анықтайды және ұсынады

1.3.5.5. Дене қимылдарына қатысу мүмкіндіктерін анықтайды

2. 3.5.5Мектептен тыс және мектеп кезінде дене қимылдарына қатысу мүмкіндігін түсіне бастайды және анықтайды

3. 3.5.5. Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай алу керектігін қарайды және түсіндіреді

4. 3.5.5.Дене қимылдарына қатысудың түрлі мүмкіндіктерін зерттейді және салыстырады, оларға қатысу мүмкіндіктерін алу жолдары

Каталог: uploads -> doc -> 0783
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0783 -> Алматы облысы, Алакөл ауданы, №2 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар мемлекеттік мекемесінің
0783 -> Соғыс қаншалықты керек еді? (дөңгелек үстел) Сұрақтар
0783 -> Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет