ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің
«Ахмер орта мектебі» КММ
Тірі табиғат бұрышының бағдарламасы
Өскемен қаласы, 2018жыл.
Тірі табиғат бұрышында көрсетілетін тәжірибелер бағдарламасы
Жауапты мұғалімдер: Машаева Ж.Т.
Мусаева Қ.Қ.
Қыстаубаева Г.М.
Жүру барысы:
І тәжірибе
1-оқушы:
Қайырлы күн қонақтар! Тірі табиғат бұрышына қош келдіңіздер!
Біз тірі табиғат бұрышында өзімізді қызықтыратын тақырыптарда әр түрлі тәжірибелер, бақылаулар жасаймыз. Табиғатты зерттеуге, танып білуге, қорғауға үйренеміз.
Мен 3 «Б» сыныбы оқушысы Серік Аружанмын, ал досым, сыныптасым Алмасқызы Еркеназ .
Біз сіздерге адам ағзасынан бөлінетін көмірқышқыл газына тәжірбие жасап көрсетпекпіз. Бізде дайын әк суы бар.
2-оқушы:
Әк суы дегеніміз не?
1-оқушы:
Әк суы – аналарымыз үйді ақтағанда қайнататын известканың суы. Осы әк суына түтікше арқылы дем шығарамыз.
2-оқушы:
Өздеріңіз байқағандай судың түсі өзгерді. Бұның себебі әк суының құрамы кальцийден тұрады. Біздің денемізден шыққан көмірқышқыл газы кальциймен әрекеттесіп кальций корбанаты түзілді немесе әк судың түсі өзгерді.
1-оқушы:
Бұл тәжірибеден байқағанымыздай адам дем шығарғанда көмірқышқыл газы бөлініп шығады.
ІІ тәжірибе
3- оқушы:
Құрметті қонақтар, менің атым Сымбатқызы Дина, сыныптасым Бекқалиева Азиза, біз 2 «г» сыныбынд оқимыз бүгін мен сіздерге Ай –Жердің табиғи серігі екендігін және де, ол Жерді айнала қозғалатындығын зерттеп, дәлелдеп береміз.
4- оқушы:
Жер мен айдың ғарышта орналасуының макеттін жасаймыз. Жер планетасының орбитасына айды орналастырып, айналдырып көреміз.
3- оқушы:
Көріп тұрғанымыздай ай біздің ғаламшарымызды айнала қозғалады. Ол Жердің серігі, еш уақытта одан алыстап кетпейді. Адам түнде аспаннан айды көре алады. Ол біздің ғаламшарымыздан кіші.
ІІІ тәжірибе
5-оқушы:
Мен 3 «В» сыныбы оқушысы Адылғазы Бекжанмын, ал досым, сыныптасым Рахымғали Айбын .
Біз сіздерге шыны құты ішінде су қалай пайда болғанын көрсетпекпіз.
6-оқушы:
Бізде балауыз шам және шыны құтты, су құйылған ыдыс бар.
5-оқушы:
Айбын, жанып тұрған шырақты, қауіпсіздік ережесін сақтап, шыны құттымен жауып көрейік. Қандай өзгеріс болар екен ?
6-оқушы:
Бекжан, байқағанымыздай шырақ біраз жанып, сөніп қалды. Бұның себебі, құттының ішіндегі оттегі жанып кетті. Оның орнына вакуум эфектісі пайда болады. Сол құбылыстың арқасында шыны құты суды сорып алады.
5-оқушы:
Ауа құрамындағы ең маңызды газ – оттек. Ол тірі ағзалардың тыныс алуына өте қажет екенін білеміз.
Ел болашағы – біздің, ашар жаңалығымыз көп болсын! Мектебімізден білімді жастар өсіп шыға берсін!
Құрметті қонақтар, біздің тәжірбиемізді тамашалағандарыңызға рахмет. Күндеріңіз сәтті өтсін!
1-оқушы:
Қайырлы күн қонақтар! Тірі табиғат бұрышына қош келдіңіздер!
Мен 3 «Б» сыныбы оқушысы Серік Аружанмын.
Біз тірі табиғат бұрышында өзімізді қызықтыратын тақырыптарда әр түрлі тәжірибелер, бақылаулар жасаймыз. Табиғатты зерттеуге, танып білуге, қорғауға үйренеміз.
2- оқушы:
Здравствуйте! Я ученица 3 Д класса Милькова Дарья. У нас в школе непрерывно ведутся уроки исследовательских работ. В классе мы проводим интересные исследовательские работы, где мы наблюдаем, проводим опыты за живой и неживой природой.
1-оқушы:
Мен сіздерге өзімнің зерттеп жүрген балықтарым жайлы айтпақпын. Аквариум адам денсаулығы үшін өте пайдалы. Жатын бөлмесінде аквариумы бар адамдар ұйқысыздыққа ұшырамайды екен. Аквариумның сондай-ақ жиі суықтап қалатындар мен демікпеден (астма) зардап шегетіндерге де пайдасы мол. Өйткені ондағы су булану арқылы бөлме ауасын ылғалдандырады, бұл науқастың тыныс алуын жеңілдетеді.
Мынау қызыл балық меченосец – бұл балықтар аштыққа төзімді келеді.Бір жұмаға дейін шыдайды. Ал, қуйрықтары қызғылт балық –гуппи. Ол аквариум балықтарының ішіндегі ең бірінші ғарыш әлеміне ұшқан балық.
Қара балық – сомики. Арқасымен жатып тамақтанады, уылдырық шашады.
Назарларыңызға рахмет!
2- оқушы:
К вашему вниманию, мне хотелось бы поделиться очень кратко своей исследовательской работой. Я интересуюсь черепахами, они очень интересные.
Черепахи относятся к долгожителям планеты: средиземноморская черепаха доживает до 125 лет; гигантская черепаха – до 152 лет. Большинство черепах не любит холода. черепахи лишены зубов, вместо них имеются острые роговые края на челюстях. Мышцы конечностей чрезвычайно развиты. Летом они ведут активный образ жизни, а зимой впадают в спячку. Моя черепаха зимой тоже спит.
Я очень люблю свою черепашку, ухаживаю за ней. И, вообще, я люблю всех – всех животных.
Достарыңызбен бөлісу: |