1. Денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмекті ұйымдастыруды зерделеу.
2. Мамандықтың білім беру стандартының біліктілік талаптарына сәйкес базалық және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, дамыту.
3. Теориялық оқытуда алынған практикалық дағдыларды бекіту.
4. Қоғамдық, ұйымдастырушылық және тәрбие жұмысының тәжірибесін алу.
5. Пациенттермен тиімді коммуникация, кәсіби аралық өзара іс-қимыл және командада жұмысты ұйымдастыру дағдыларын жетілдіру.
Клиникалық практиканы игеру деңгейіне қойылатын талаптар Студенттер практиканы Қазақстан Республикасы облыстарының денсаулық сақтау басқармаларымен бекітілген колледждің клиникалық базаларында, дуальдық оқыту туралы шартқа сәйкес өтеді (№1 қосымша).
Студенттер күніне 9 сағаттан жұмыс істейді (5 күндік жұмыс аптасында). Клиникалық практикаға басшылықты тьютор мен ментор жүзеге асырады. Практика бағдарламасының орындалуын бақылау, бағалау сұхбатын өткізу, консультативтік көмек көрсету колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктеледі.
Практика базасына келгеннен кейін студенттерде: практикаға жолдама, жұмыс бағдарламасы/практиканың силлабусы, медициналық киім, ауысымдық аяқ киім, клиникалық практиканың күнделік-есебі болуы тиіс.
Студент-практикантқа медициналық ұйымның ішкі еңбек тәртібінің қағидалары қолданылады. Студенттің практика базасы мен уақытын өз бетінше өзгертуге құқығы жоқ.Студенттердің практика мен жұмыс уақытына баруын ментор бақылайды.
Клиникалық практиканы ұйымдастыру және өткізу
Клиникалық практиканы ұйымдастыруға және өткізуге үш тарап қатысады:
1. тьютор-оқытушы, ол практиканы ұйымдастыруды жүзеге асырады, нұсқаулық береді, бақылайды және ментормен бірге бағалау сұхбатына қатысады;
2. ментор – клиникалық практикадан өту кезеңінде студенттерге теориялық білім мен практикалық дағдыларды клиникалық базада бекітуге ықпал ететін білікті медицина қызметкері.
3. студент.