«Сұрақ-қорытынды» кері байланыс әдісі: Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту мақсатымен жүргізіледі. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді.
-Сабақ не туралы болды?
-Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?
-Бұл сабақта мен үшін не қиын болды?
-Бұл мен үшін неге қиын болды?
Сабақтың тақырыбы: Өлеңді жаттау.Қ.Баянбаев Суықторғай
Сабақтың мақсаты: тілдің ырғақтық мәнерлігін дамыту; балаларға жаңа тақпақты жаттауға көмектесу.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
Тілек шоғы..
Әдеби калейдоскоп:
Оқушылармен аңдар тақырыбында жазылған ертегілерін еске түсіру Бұл шығармалардың негізгі ойын анықтату. «Түлкі мен қоян» атты шығармамен кешенді талдау арқылы жұмыс жүргізу.
Дидактикалық ойын «Актерлер»
Мұғалім кімді, нені бейнелеу керектігін ұсынады:
-күзгі бұлт
-ренжіген адам
-күнге ұараған мысық
-айлакер түлкі
-балмұздағын жерге түсіріп алған бала
-көпірдегі екі ешкі
-ауыр жүк көтерген бала
-осы кейіпкерлер өздерін қалай сезінді?
Өлеңді жаттау.Қ.Баянбаев Суықторғай .
Болмастай құс шыдауға,
Қыстың көзі қырауда
Суықторғай қаптайды,
Менен жәрдем сұрауға.
Сонда аулаға шығам да,
Жем шашамын бұларға.
Туған жерін қимайтын
Құстарымды қуам ба?
Достарыңызбен бөлісу: |